Здавалка
Главная | Обратная связь

Коммуникативті компетенциябойынша



Е) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

Қай бөлімде науқастың жасы, жынысы анықталады?

Аурудың шағымдары нешеге бөлінеді?

Негізгі шағымда не жазылады?

Қосымша шағымдар нелерді білдіреді?

Аурудың даму тарихы не жайлы?

Науқастың өмірбаянына не кіреді?

Аурудың қазіргі жалпы жағдайы бөлімінде не туралы жазылады?

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

Ж) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Дерттің нашарлауы мен бәсеңсіген кезеңдеріне, жүргізілген тексерулер ауруханаға алғаш түскендегі барлық шағымдары анықталып жазылады.
Асқазанның қатты сыздап, ұдайы ауыруы, тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағаттан кейін және оларға жан-жақты сипаттама беріледі.
Аурудың шағымдары деген бөлімде науқастың және олардың нәтижелері, ауруханада жасалған ем және оның нәтижелері жазылады.
Аурудың жалпы жағдайы деген бөлімде кеселдің ауырлығы орташа, қанағаттанарлық, ауыр (нашар), өте ауыр (өте нашар) деп анықталуы тиіс, олардың нәтижелері, ауруханада жасалған ем және оның нәтижелері жазылады.
Дерттің нашарлауы мен бәсеңсіген кезеңдеріне, жүргізілген тексерулер және сондай-ақ, ақыл-есі, сана-сезімі (есі бар, есін білмейді не есінен танады, сандырақтайды, т. б.) көрсетіледі.
Негізгі шағымдар аурудың пайда болу кезеңіне сәйкес келеді оң жақ белге беріледі, дәрі ішкеннен кейін басылады.

10. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 53-56 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 50-52 беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 67-70 беттер.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№6 Тақырыбы:Жүрек-қан тамырлар жүйесі.

Көмекші есімдер.

 

2013 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Тақырыбы: Жүрек-қан тамырлар жүйесі

Көмекші есімдер

2. Мақсаты:

- жүрек-қан тамырлар жүйесітуралы мағлұмат беру;

- жүрек-қан тамырлар жүйесітуралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- жүрек-қан тамырлар жүйесітуралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- көмекші есімдер туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Жүрек-қан тамырлар жүйесітуралы.

2. Жүрек-қан тамырлар жүйесітуралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

3. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің туралы.

ә) грамматикалық материал бойынша

Көмекші есімдер туралы түсінік.

 

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

- Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).

- Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

7. Көрнекі құралдар:Тақта, ноутбук,жүрек-қан тамырлар жүйесінің суретін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.

 

8. Тапсырмалар:

А) Тақырыбына қарап, мәтіннің не туралы екеніне болжам жасаңыз.

Ә) Егер мәтін адамның жүрегі, қан тамырлары туралы болса, онда қандай мәселелер жөнінде айтылуы мүмкін?

Б) Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз.

Жүрек кеуде қуысының сол жағына жақын орналасады. Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300 г., ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см.Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгеше болады. Жүрек бірнеше қабаттан тұрады. Бірінші қабаты өте жұқа қабықша эпикард деп аталады. Екінші қабаты бұлшық еттен тұрады. Мұны миокард деп атайды. Үшінші қабаты жүректің ішкі жағы, оны эндокард дейді. Бұл қабаттың астында өте көп жүйке талшықтары орналасады.

Адамның жүрегі төрт бөліктен тұрады: екі құлақша, екі қарынша. Құлақша мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, соңдықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.

Жүректің жұмысы өте күрделі. Жүрек жұмысы үш кезеңнен тұрады: құлақшаның жиырылуы, босаңсуы және үзіліс. Жүрек жиырылғанда өзінен қанды айдайды. Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп, оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.

Ересек адамның жүрегі минутына 70-75 рет жиырылып, босаңсиды. Мұны жүректің жұмысы немесе соғуы дейді. Егер жүрек жылдам соқса, онда қан жылдам айналады.

Жүректің соғуы адамның денсаулығына, оның еңбек етуіне, айналадағы жағдайларға және тағы басқа әсерлерге байланысты. Адам ұйықтағанда жүрегі баяу соғады, ал дене еңбегі кезінде жылдам соғады.

Қан тамырларына күретамырлар, көктамырлар, қылтамырлар жатады. Күретамырлар мен көктамырлар аралығында қылтамырлар бар.

Оттегіне қаныққан алқызыл түсті қан күретамырлармен ағады. Жүрек жиырылғанда қанды күретамырларға үлкен қысыммен айдайды. Ең үлкен күретамыр қолқа деп аталады. Күретамыр жүректің сол құлақшасынан басталады. Онда қан жоғары қысыммен ағады. Күретамырдың қабырғасы қалың, мықты және серпімді болады. Күретамырлар бұлшық етке батыңқырап орналасады да, тарамдалып қылтамырларға бөлінеді, қылтамырлары арқылы зат алмасу әрекетіне қатысады. Адам ағзасында 150 млд-тай қылтамыр бар. Қылтамырлардың бәрін қосқанда жалпы ұзындығы 100 000 шақырымға дейін жетеді.Қылтамырлар қабырғасы арқылы оттегін ұлпаға, жасушаларға тасып, олардан көмір қышқыл газын сіңіреді. Сондықтан қанның құрамында оттегі азаяды да, көмір қышқыл газы көбейеді. Қанның түсі өзгеріп, көктамыр қанына айналады. Қан қылтамырдан көктамырға өтеді де, одан соң жүректің оң жақ құлақшасына келіп құяды. Көктамырда қан қысымы төмен болады. Қан айналу жүйесі бір-бірімен байланысты үлкен және кіші қан айналым шеңберінен тұрады. Үлкен қан айналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан қолқа арқылы басталып, бүкіл денеге тарайды, одан көктамыр арқылы келіп оң жүрекшемен аяқталады. Кіші қан айналым шеңбері оң қарыншадан басталады. Ол өкпе күретамыры мен қылтамырлар арқылы өтіп, сол жүрекшемен аяқталады.

Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Онсыз адам өмір сүре алмайды. Қан тамырмен бойлай ағып, көптеген қызмет атқарады. Ол оттегін өкпеден жасушаларға тасып, оның орнына көмір қышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді. Сөйтіп, тыныс алу қызметін атқарады. Ас қорыту мүшелеріндегі қоректік заттарды өзіне сіңіріп, денеге таратады. Бұл —қоректендіру қызметі. Жасушалардағы пайда болған, оның тіршілігіне керексіз заттарды зәр шығару жүйесіне жеткізеді. Сондай-ақ, қан су мен минералды заттардың көлемін және дене қызуының бір қалыпты болуын сақтайды. Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды, мүшелерді өзара байланыстырады. Ол 23 секунд ішінде денені бір рет айналып шығады. Осы уақытта өзінің барлық қызметтерін атқарып үлгереді. Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.

Қанның құрамы сұйық плазмадан және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) тұрады. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады. Мұның 22-60% плазма және 40-45 % қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су, 8-10% минералды және органикалық заттар бар. Минералды заттардың ішінде 1% натрий, калий, кальций, магний, темір және хлор, күкірт, йод, фосфор аниондары болады.

В) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Көлденең, ауыр дене еңбегі, спортпен шұғылданатын, еркін өтуіне мүмкіндік жасау, кері қарай ақпау, алға қарай, жүрек жұмысы немесе жүректің соғуы, тынығу, айналадағы жағдайлар, баяу, үлкен қысыммен, айдау, көмір қышқыл газын сіңіру, қанның түсі өзгеру, қоректендіру қызметі, шақырым, қан айналым шеңбері, өкпеден жасушаларға тасу, бір қалыпты болу, барлық қызметтерін атқарып үлгеру, жұқпалы аурулар.

Г) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.


бұлшық ет – мышцы

талшық – волокно

құлақша – предсердие

қарынша – желудочек

жиырылу – сокращение; сжиматься

босаңсу – расслабление

күретамыр – артерия

көктамыр – вена

қылтамыр – капилляры

қаныққан – насыщенный

алқызыл – алый; румяный

ұлпа – ткань

жасуша – клетка

серпімді – упругий

тарамдалу – разветвление

қолқа – аорта

күкірт – сера

қалқу – всплытие, всплывание


9. Бақылау жұмыстары:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.