Здавалка
Главная | Обратная связь

Омоним, синоним, антонимдер



2. Мақсаты:

- сырқатнама, оның құрылысы туралы мағлұмат беру;

- сырқатнама, оның құрылысы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- сырқатнама, оның құрылысы туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- омоним, синоним, антонимдерді практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Сырқатнама, оның құрылысы туралы.

2. Төлқұжат бөлімі туралы.

3. Аурудың шағымдары туралы.

4. Қазіргі (осы) аурудың даму тарихы бөлімі туралы.

5. Науқас адамның өмірбаяны бөлімі туралы.

6. Науқастың қазіргі жалпы жағдайы туралы.

ә) грамматикалық материал бойынша

1. Омоним туралы түсінік.

2. Синоним туралы түсінік.

3. Антоним туралы түсінік.

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

- Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).

- Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

7. Көрнекі құралдар:Тақта, ноутбук, сырқатнама кестесін, оқу құралдарын пайдалану.

8. Тапсырмалар:

А) Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен таныстыру.


шағым – жалоба

дел-салдық – состояние апатии; обессилеть

күйгелектік – нервозность; раздражительность

ентігу – одышка

сыздап ауыру – ноющая боль

солқылдап ауыру – пульсирующая боль

шаншып ауыру – колющая боль

бүріп ауыру – сжимающая боль

қуқыл – бледный

қыжылдау – изжога

кекірік – отрыжка


Ә) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру.

Қосалқы, тән, туа біткен кемістіктер, тұқым қуалаушылық, ұйқысыздық, болжама себептері, бәсеңсіген кезеңдері, , ауырудың көрші аумақтарға берілуі, мұңды кескін, немқұрайды кескін, көгеріп кеткен, сарғайған, сұрланған.

Б) Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтарға дайындалу, асты сызылған сөздердіңсинонимін, антонимін, омонимін табу.

Сырқатнама мынандай бөлімдерден тұрады:

· Төлқұжат бөлімі;

· Аурудың шағымдары;

· Қазіргі (осы) аурудың даму тарихы;

· Науқас адамның өмірбаяны;

· Аурудың қазіргі жалпы жағдайы.

Төлқұжат бөлімінде науқас адамның тегі, аты, әкесінің аты, жасы, жынысы, ұлты, кәсіби мамандығы, жұмыс орны және ауруханаға түскен күні анықталады.

Аурудың шағымдары:Бұл бөлімде науқастың ауруханаға алғаш түскендегі барлық шағымдары анықталып жазылады. Шағымдар негізгі және қосымша деп сарапталуы керек.

Негізгі шағым әр мүшенің, не әр жүйенің ауруына тән шағымдар, мысалы, тыныс алу жүйесінің – жөтел, қақырық, ентігу т.б. Негізгі шағымдар аурудың пайда болу кезеңіне сәйкес келеді және оларға жан-жақты сипаттама беріледі. Мысалы, ауырудың сипаты: сыздап, солқылдап, шаншып, батып, бүріп ауыру т. б. Қалай ауыратыны (ұзақтығы) көрсетіледі: ұдайы немесе оқтын-оқтын, ауырудың орналасқан аумағы, ауырудың көрші аумақтарға берілуі, ауырудың күшінің қарқыны: ақырын, орташа, қатты, өте қатты. Мысалы: асқазанның қатты сыздап, ұдайы ауыруы, тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағаттан кейін оң жақ белге берілуі, дәрі ішкеннен кейін басылуы. Кейде асқазанның қыжылдауы, кекірік болуы, т. б.

Қосымша шағымдар ағзаның патологиялық процеске байланысты жалпы ерекше күй-жайын ғана көрсетеді. Қосымша шағымдарға, мысалы, әлсіздік, дел-салдық, терлеу, ұйқысыздық, күйгелектік т.б. жатады. Бұл шағымдардың сипаттамасы әр түрлі ауруларда бірдей болуы мүмкін.

Қазіргі (осы) аурудың даму тарихы.Аурудың даму тарихын зерттегенде анықтау керек жағдайлар: аурудың басталуы (аурудың қашан және қалай басталғаны), оның даму ерекшеліктері, аурудың пайда болуына әсер еткен болжама себептері ( суық тию, ауыр жұмыс істеу, көңіл-күй күйзелістері, жағымсыз тамақ қабылдау), аурудың алғашқы белгілері мұқият анықталуы керек. Дерттің нашарлауы мен бәсеңсіген кезеңдеріне, жүргізілген тексерулер және олардың нәтижелері, ауруханада жасалған ем және оның нәтижелері жазылады. Кейінгі жылдары дерт қайталанды ма, асқыну себептері, қандай жаңа белгілер пайда болды, дәріні көтеру қабілеті және ауруханаға қалай түсті (жедел жәрдем арқылы, әлде өз дәрігерінің жіберуімен бе) осы жағдайлар жазылуы керек.

Ауру адамның өмірбаяны. Ауырған адамның өмірбаяны (қысқаша): туған жері, ата-анасының нешінші баласы, әлеуметтік жағдайы, туа біткен кемістіктері, бұрын сары аурумен, созылмалы аурулармен ауырған-ауырмағаны, мектепке дейін және мектеп жасында ауырған сырқаттары, еңбекке араласуы, мамандығына байланысты, жұмыс орнындағы жайлы-жайсыз жағдайлар, үйленуі, тұрмысқа шығуы жөнінде мәліметтер, тұрмыс жағдайы, тамақтану тәртібі, зиянды әдеттері, алған жарақаттары, осы аурудың пайда болуына себеп болды дейтіндердің бәрі және аллергиялық анамнез – дәріні, тағамдарды, вакциналарды қалай көтеретіні көрсетілуі керек.

Аурудың қазіргі жалпы жағдайы. Аурудың жалпы жағдайы, яғни кеселдің ауырлығы: орташа, қанағаттанарлық, ауыр (нашар), өте ауыр (өте нашар) деп анықталуы тиіс, сондай-ақ, ақыл-есі (есі бар, есін білмейді, не есінен танады, сандырақтайды, т. б.) көрсетіледі.

Науқастың өзі қозғалып жүріп-тұруы, өзі қозғалып жүріп-тұра алмауы, бет-әлпеті (әдеттегідей, мұңды, немқұрайды кескін), бойы, салмағы, дене қызуы, дене терісінің (қуқыл, қызарған, көгеріп кеткен, сарғайған, сұрланған, т. б.) түсі жазылады.

В) Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қою.


ауру... шағымдары

қазір... жағдайы

аурухана... түскен күні

шағымдар... сипаттамасы

асқазан... қатты сыздауы

сол жақ бел... берілуі

дәрі ішкен... кейін

аурухана... жасалған ем

ата-анасының әлеумет... жағдайы

тұрмыс... шығуы туралы

ауру... пайда болуына

кейін... жылдары

асқазан... қыжылдауы

көрші аумақтар... берілуі


 

Г) Төмендегі мақал –мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру, асты сызылған сөздердің синонимін, антонимін, омонимін табу.

Ø Аурубатпандап кіреді,

Мысқалдап шығады.

Ø Жаны ашымастың қасында

Басың ауырмасын.

Ø Тұмау аяғы – құрт,

Тұман аяғы – жұт.

Ø Бас аманда, мал тәтті,

Бас ауырса, жан тәтті.

Ø Ауру – аяқ астында.

9. Бақылау жұмыстары:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.