Здавалка
Главная | Обратная связь

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша



 

Ғ) Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті септік жалғауын жалғаңыз.

Ø Инфекция жұқтырғандар... бәрі бірдей ауырмайды.

Ø Туберкулезбен ауырған адам... дене қызуы 37,4-37,6 градус... жоғары болады.

Ø Ағза... енген туберкулез таяқшасы өкпе... мекендейді.

Ø Туберкулез... ашық формасымен ауыратындар өзгелер... өте қауіпті.

Ø Адам ауырмаса да дәрігер... барып тексерілегені дұрыс.

Ø Туберкулез... сақтану үшін оның алдын алу керек.

Ø Бұл – туберкулез... қарсы егу болып табылады.

Ø мдеу... ең негізгі түрі – емдік дәрілер... дұрыс пайдалану.

Ø Қазіргі уақытта бұл ауру ... емдеп жазуға болады.

Д) Берілген сөйлемдердің мағынасына сәйкес құрамындағы баяндауыштарды қажетті формаға қою.

Ø Ауруды дер кезінде анықта... үшін туберкулезге күмəн тудыратын белгілер байқал... , кідірместен дəрігерге қаралу қажет.

Ø Ағзаға туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші бол... , оның толық дамуы үшін жеткіліксіз.

Ø Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясын жұқтыр... , жыл сайын шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады.

Ø Адамдар бұл сырқатпен ағзаның иммунитеті төменде... , дұрыс тамақтанба... , санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталма... ауырады.

Ø Туберкулезбен ауырып емдел..., ауырмайтын жол ізде..., салауатты өмір салтын қалыптастыруға тырысуымыз қажет!

 

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

Е) Мәтінде сіз үшін жаңа ақпарат бар ма? Мәтін мазмұнына өзіңіз білетін осы тақырыпқа қатысы бар мәліметті қосыңыз.

Ж) Берілген суреттерге төмендегі мәтіндердің қайсысы мағынасы жағынан сәйкес келеді?

А) Ауруды уақытылы анықтау үшін, туберкулезге күмəн тудыратын белгілер байқалған мезетте, кідірместен дəрігерге қаралу қажет. Тұрғындардың барлығы туберкулез белгілері жайлы толық хабардар болулары керек жəне сол белгілер пайда болған жағдайда, денсаулықтарын тексеру мақсатында, емханаға қаралулары қажет.

Ә) Қазіргі кезде туберкулездіңкең таралуы бүкіл елімізді қатты алаңдатып отыр. Туберкулез ауруы анықталған адам ең басты екі мәселені – санитарлық және емдік шараларды мұқият орындап отыруы керек. Санитарлық шараларға тазалық, жеке бастың гигиенасын сақтау жатады.

Б) Туберкулезді жетік емдеудің ең басты шарты, ауруды дер кезінде анықтау болып табылады. Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды: туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі. Сондай-ақ, халықты жаппай флюорографиялық жолмен тексереді.

В) Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды, 5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін. Көптеген адамдардың иммундық қорғаныс жүйелері туберкулез ауруына қарсы тұра алады. Ал денесі шынықпаған, аурушаң, үнемі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады.

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.