Здавалка
Главная | Обратная связь

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша



К) Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасаңыз.

Ø Адам оттегісіз өмір сүре алмайды. Оттегі жасушалар мен ұлпалардың тыныс алуы мен өз қызметтерін атқаруы үшін қажет.

Ø Мұрын қуысының ішкі қабырғасын шырышты қабықша астарлайды. Онда көптеген қан тамырлары, бездер және түкті эпителий орналасқан.

Ø Әйелдердің дауысы жіңішке болады. Олардың көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа.

Ø Ер адам көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейінің оның орташа ұзындығы 36 мм.

 

Қ) Ауаның қалай жылжитынын(қандай мүшелерден өтетінін) ретімен жазыңыз.

(аңқа, өкпе, бронхы, мұрын қуысы, кеңірдек, мұрын, көмей)

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

 

Л)Мұрынның сипатын білдіретін тіркестердің мағыналарын есте сақтаңыз.

Мұрынның сипатын білдіріретін тіркестер Мағыналары
Қыр мұрын мұрынның қыры түзу, әдемі формасы
Пұшық мұрын мұрынның қысқалау, ұшының көтеріңкі бітуі
Тәмпіш мұрын кішкене мұрын
Пісте мұрын мұрынның ұшының үшкірлеу, көтеріңкі бітуі
Құс мұрын мұрынның үстінің көтеріле бітуі

М) Тыныс алу мүшелеріне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестіріңіз.

  фразалық тіркестер   Білдіретін мағыналары
а Мұрнына су жетпеу дем алуы қиындау
ә Мұрнын шүйіру уақыты болмау, үлгермеу
б Өкпесі аузына тығылу дауысы ерекше әнші
в Күміс көмей менсінбеу

Н) Берілгенсөйлемдерді жоғарыдағы фразалық тіркестерді пайдалана отырып толықтырыңыз.

Ø Былтырдан бері Салтанат екеуіміз бір компанияда жұмыс істегенмен, ол маған әлі ... .

Ø ... жүгіріп жүрген көршімді көріп, қасына жақындадым.

Ø Бала кезінен өнерімен тек ауыл арасында ғана белгілі досым бүгін республика танитын ... әнші.

Ø Мәреге бірінші боп жеткен Санжардың ... .

10. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 22-25 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 20-26 беттер.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№10 тақырыбы:Туберкулез

Зат есімнің тәуелденуі

 

2013 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 

 



1. Тақырыбы: Туберкулез

Зат есімнің тәуелденуі.

2. Мақсаты:

- туберкулез ауруы туралы мағлұмат беру;

- туберкулез ауруы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- туберкулез ауруы туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- зат есімнің тәуелденуі туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Туберкулез ауруы туралы.

2. Туберкулез ауруы туралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

3. Туберкулез ауруының алдын алу туралы.

ә) грамматикалық материал бойынша

Зат есімнің тәуелденуі туралы түсінік.

 

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

- Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).

- Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

7. Көрнекі құралдар:Тақта, ноутбук, туберкулезге қатысты суреттерді, тәуелдік жалғаудың кестесін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.

 

8. Тапсырмалар:

А) Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

денесі шынықпаған –незакаленный

мүгедек – инвалид

ми қабығы – оболочка мозга

 

Ә) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Кох таяқшасы, төмпешік, сәл иіліп келген таяқшалар, аурушаң адам, дұрыс тамақтанбайтын адам, тез жұқтырып алу, салмақ жоғалту, кеуденің ауруы, түнгі терлеу, қан аралас қақырық, уақытылы емделу, тез арада, туберкулезге қарсы.

Б) Мәтінді оқыңыз, мәтін бойынша сұрақтарға дайындалыңыз.

Туберкулез – жұқпалы ауру, бұл адам ағзасына «Кох таяқшасы» деп аталатын қоздырғыш – микобактериясы енгенде пайда болады.Туберкулез латын тілінде tuberculum – төмпешік дегенді білдіреді, қазақтар «құрт ауруы» немесе «көксау» деп атаған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох ашты (1882 ж.). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.Жұғудың негізгі көзі – науқас адамдар. Ауру ауа-тамшы жолымен науқастар түшкіргенде, жөтелгенде беріледі.

Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды, 5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін. Көптеген адамдардың иммундық қорғаныс жүйелері туберкулез ауруына қарсы тұра алады. Ал денесі шынықпаған, аурушаң, үнемі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады. Адамның ішкі құрылысына енген туберкулез таяқшасы көбінесе өкпені мекендейді. Туберкулездің белгілеріне мыналар жатады:

· ұзаққа созылған жөтел;

· салмақ жоғалту;

· кеуде қуысының ауыруы;

· тұрақты дене қызуы;

· түнгі уақыттағы терлеу;

· әлсіздік пайда болу;

· қан аралас қақырық түсу.

· қатты шаршау;

· тəбеттің төмендеуі.

Егер уақытылы емделмесе, мұндай аурудың 50 пайызына жуығы 5 жыл ішінде өліп кетуі, ал қалғандары өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін. Туберкулез адам ағзасының кез келген мүшесін зақымдай алады. Бұның нәтижесінде өкпе, бронх, сүйек-буын, бүйрек және жыныс мүшелерінің туберкулезі пайда болады. Әр түрлі лимфа жолдарына, көз, ми қабығына да зиян келтіруі мүмкін. Туберкулезге шалдыққан адам диагнозы анықталғаннан кейін тез арада емделуі керек. Қазіргі уақытта бұл ауруды емдеп жазуға болады.

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал, жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады.

Ауруды анықтау түрі:

· манту реакциясы,

· тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру;

· қақырықты зерттеу;

· флюорография немесе рентгенография

Қазіргі кезде туберкулездіңкең таралуы бүкіл елімізді қатты алаңдатып отыр. Туберкулез ауруы анықталған адам ең басты екі мәселені – санитарлық және емдік шараларды мұқият орындап отыруы керек.

Санитарлық шараларға тазалық, жеке бастың гигиенасын сақтау жатады. Науқас жататын бөлменің еденін хлорамин ерітіндісі қосылған сумен жуып, шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек. Терезенің желдеткішін жиі-жиі ашып, ауасын тазартып, бөлмеде шаң-тозаң болмауына көңіл аударған жөн. Ауру жататын бөлмеге артық зат, бұйымдар, кілем ілудің қажеті жоқ. Науқастың ыдысын отбасындағылардың ыдысымен араластырмай, бөлек ұстап, қайнатып тұрған дұрыс.

Емдік шаралары аурудың сауығуын қамтамасыз етеді. Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, оған туберкулезге қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектермен ем жүргізіледі.

Тамақтану мәселесіне үлкен мән беру қажет: уақытында құнарлы, витаминдерге бай азық- түліктерді пайдалану керек, ұйқы мен серуендеу арқылы ағзаның сырқатқа қарсыласу күшін нығайтуға болады. Зиянды әдеттер – ішімдік пен темекі, есірткіден аулақ болған жөн.

Профилактикасы:санаторийлерде емделу өте пайдалы. Жеке бас гигиенасын сақтау және уақытында туберкулезге қарсы егулерді қабылдау керек.

 

В) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің синонимдік қатарын есте сақтаңыз.

ену – кіру

үнемі – ылғи – ұдайы

мекендеу – тұрақтану – түрі

уақытылы – уақытымен – мезгілмен – дер кезінде

мүгедек – кемтар

туберкулезге шалдыққан – туберкулезбен ауырған

дәрігердің белгіленуімен – дәрігердің тағайындауымен

тез арада – жылдам – шапшаң


Г) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды, адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады.
Науқас жататын бөлменің еденін хлорамин оған туберкулезге қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектермен ем жүргізіледі.
Тамақтану мәселесіне үлкен мән беру қажет: уақтысында құнарлы, витаминдерге бай азық түліктерді пайдалану керек, қазақтар «құрт ауруы» немесе «көксау» деп атаған созылмалы жұқпалы ауру.
Денесі шынықпаған, аурушаң, үнемі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын 5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін.
Туберкулез латын тілінде tuberculum – төмпешік дегенді білдіреді, ұйқы мен серуендеу, зиянды әдеттер – ішімдік пен темекі пайдаланбау арқылы ағзаның сырқатқа қарсыласу күшін нығайтуға болады.
Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, ерітіндісі қосылған сумен жуып, шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек.

9. Бақылау жұмыстары:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.