Здавалка
Главная | Обратная связь

Коммуникативті компетенциябойынша



Е) Сөйлемдердің шын, өтірік екенін анықтаңыз.

Адамның бас мүшесінде жауырын, кеуде, иық, омыртқа, иек, тіс, тіл, таңдай сияқты мүшелер орналасқан.

Көзбен көретін мүшелер бар, оларға асқазан, ішек-қарын, бауыр, бүйрек, жүрек т.б. жатады.

Халқымыз он екі мүше дегенді адамның дене бітіміне байланысты айтқан.

Он екі мүшеге мыналар жатады: бас (біреу), омыртқа (біреу), жамбас (екеу), жауырын (екеу), тоқпан жілік (екеу), асықты жілік (екеу), кәрі жілік (екеу).

Бір жыл 365 күннен тұрса, қытай емшілерінің айтуынша, адамның да буыны соншама.

Мұның бәрі адамның табиғатпен тығыз байланысты екендігін айғақтайды.

Таңғы сағат 3 – 5-тердің шамасында өкпесінің қуаты артады.

Таңғы сағат 5-тен 7-ге дейін бауырдың қуаты күшейеді.

 

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

Ж)Төмендегі фразалық тіркестердің мағынасын табыңыз және солармен сөйлем құрыңыз.

1. Тілінен тапты. 2. Құлағын шулатты. 3. Алақанына салды. 4. Бас десең құлақ дейді. 5. Мойны жар бермеді. 6. Жүрегі қарс айрылды. 7. Тізесін жазбады. 8. Санын соқты. 9. Бауырына басты. 10. Аяғы жерге тимеді.

 

10. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 5-8 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 6-13 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№4 Тақырыбы:Ағзадағы аурулар

Тұрақты сөз тіркестері

 

 

2013 ж.


 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 

 


1. Тақырыбы: Ағзадағы аурулар. Тұрақты сөз тіркестері.

2. Мақсаты:

- ағзадағы аурулар туралы мағлұмат беру;

- ағзадағы аурулар туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- ағзадағы аурулар туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- тұрақты сөз тіркестері туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Адам ағзасындағы аурулар туралы.

2. Адам ағзасындағы аурулар туралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

3. Адам ағзасындағы ауруларды анықтау жолдары туралы.

ә) грамматикалық материал бойынша

Тұрақты сөз тіркестері туралы түсінік.

 

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

- Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).

- Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

7. Көрнекі құралдар:Тақта, ноутбук,адам ауруларын анықтайтын құралдардың суретін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.

 

8. Тапсырмалар:

А) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

жынысы – пол

қақырық – макрота

көкбауыр – селезенка

қуық – мочевой пузырь

қондырғы – установка

ақау – дефект, порок

туа пайда болған – врожденный

жүре пайда болған – приобретенный

кескін – внешний облик; черты лица

Ә)Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Құбылыс, қозғаушы күш, ауруды тудыратын себептер, айтып баяндау, саусағының басымен соғу, толықтыру үшін, болжам, жуық, әуелі, сәуле, рентген сәулесiнiң көмегiмен, қасы, енгізілу, қатерлі, ауытқу.

Б) Мәтінді оқып шығыңыз.

Ауру дегеніміз не? Ол қалай пайда болады, оның себебі неде? Міне, бұл сұрақтар адам баласын ерте кезден мазалап келеді. Ауру дегеніміз – ол анатомиялық және физиологиялық құбылыс. Ауру – микробтар не басқа да аса күшті қозғаушы күштің әсерінен пайда болатын адам ағзасындағы өзгерістер. Ауруды тудыратын себептер көп, дегенмен негізгі себептері мыналар: механикалық, физикалық, биологиялық, химиялық, психикалық, генетикалық, саяси-әлеуметтік және т.б. жағдайлар. Осындай нәрселердің әсерінен ауырған адамда сырқат белгілері пайда болады (яғни симптомдары). Бұл белгілерін ауру айтып баяндайды, кейін дәрігер көзімен көріп (қарау), сипап (пальпация), саусағының басымен соғып (перкуссия), тыңдап (аускультация) анықтайды. Содан кейін алынған мәліметтерді толықтыру үшін қосымша лабораториялық (қанын, зәрін, қақырығын т.б.өткізу) және әртүрлі аспаптық әдістер қолданады. Алынған мәліметтерді жинап, негізгі клиникалық белгілерді айыра отырып, науқас адамның ауруы туралы болжам жасалуы керек. Ол үшін алдыменен сұрап тексеруден алынған мәліметтер, сосын объективті тексерістерден алынған белгілер және тағы лабораториялық, аспаптық тексерістермен дәлелденген мәліметтер болжамдық синдромның негізін құрайды. Алынған мәліметтер науқастың түрін анықтап, диагноз қоюға мүмкіндік береді. Ауруды анықтау үшін дәрігер алдымен аурудың белгілерін білуі тиіс. Қазіргі кезде 10000-ға жуық аурудың түрлері, 1600-ден аса әртүрлі синдромдар белгісі табылып отыр.

Медицина саласында ауру түрін анықтау үшін қолданылатын тәсілдердің бірі – рентген тәсілі. Рентген сәулесін 1895 жылы неміс физигі Вильгельм Конрад Рентген ашқан. Ол әуелі әйелі Бертаның колын рентгенге түсірген. Сол замананнан бері «Берта қолы» деп аталған рентген суреті бүкіл әлемге таныс. 1901 жылы Рентгенге осы сәуленi ашқаны үшiн физиктердiң арасында бiрiншi болып Нобель сыйлығы берiлдi. Медицинада рентген сәулесiнiң көмегiмен мүшелер мен олардың жүйелерiнiң құрамын, қызметiн зерттеп, аурудың рентгендiк диагностикасын қояды. Негізгі рентген тәсілдері:

· рентгеноскопия – рентген сәулесi арқылы айнада қарау;

· рентгенография – рентген суретiне түсiру;

· флюорография – фотографиялық пленкаға флюоресценттік (сәулелендіруші) экраннан зерттелетін нысанның рентгендік кескінін алу.

Кейінгі жылдары медицина саласында дерт түрін анықтау үшін ультрадыбыс тәсілін жиі қолданып жүр. Оған себеп:

· біріншіден, тәсілдің қарапайымдылығы;

· екіншіден, қортындысының дәлдігі;

· үшіншіден, мамандарға, зерттеліп жүрген адамдарға тәсілдің қауіпсіздігі.

 

Осыған байланысты зерттеу жұмысын керек болса бірнеше рет қайталауға да болады. Ультрадыбыс аспаптары күн санап жаңарып жетілдіруде, яғни оларға ұдайы техникалық жаңалықтар енгізіліп тұрады. Бұның барлығы зерттеу тәсілінің сапасын арттырып, алатын мәліметтерді тереңдете, толықтыра түседі. Бүгінгі күні дәрігерлік салада УД тәсілін қолданбайтын мамандық жоқтың қасы. Мысалы, ультрадыбыс тәсілімен жүрек дерттерін анықтау кезінде оның ішкі бөлшектерін, ақауларын көріп, іштен туа, не жүре пайда болған жүрек дерттері екенін анықтайды. Сол сияқты бауырдың, көкбауырдың, бүйректің, қуықтың, т.б. мүшелерді көзбен көріп, дерттерін зерттеп, сырқат түрін анықтауға болады. УД тәсілін нейрохирургия, акушерия және гинекологияда, онкологияда жиі қолданып өте маңызды деректер алады. Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар — қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады.

Компьютерлiк томография – компьютердi қолданып мүшенi, дертті бөлшектеп

рентген суретiне түсiру. Компьютерлiк томография ағзаның кез-келген жерiн, барлық мүшелердi, олардың орналасқан орнын, пiшiнiн, көлемiн, құрамын, қызметiн жан-жақты зерттеп, толық анықтауға болады. Рентген түтiгi шеңбер тәрiздi қондырғыштың бойымен айналып жылжиды. Шеңбер бойында түгел қабылдағыштар орнатылған (1000, не одан да көп болуы мүмкiн). Қондырғыштың ортасында адам жататын орын бар. Дәрiгер мүшелердiң суретiн айнадан көре алады.

В) «Ауру» сөзінің синонимдерін есіңізде сақтаңыз.

9. Бақылау жұмыстары:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.