Здавалка
Главная | Обратная связь

АСПЕКТНОСТЬ И КОМПЛЕКСНОСТЬ КАК КОНЦЕПТУАЛЬНАЯ СИСТЕМА ОБУЧЕНИЯ РУССКОМУ ЯЗЫКУ



КАЗАХСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ

ЖЕНСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

 

ХАБАРШЫ

ВЕСТНИК

 

 

ФИЛОЛОГИЯ СЕРИЯСЫ

 

СЕРИЯ ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ


ХАБАРШЫ / ВЕСТНИК

ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ

ҒАЛЫМ ХАТШЫ

 

О Қ Ы Т У Ә Д І С Т Е М Е С І

ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІН ІРІЛЕНДІРІП ОҚЫТУ

 

Балабекова Қ. – оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)

 

Дидактикалық бірліктерді ірілендіруге байланысты ғылыми еңбектерді талдай, саралай келе, біз П. Эрдниевтің теориясының үлгісіне сүйене отырып, лингвистика саласында мамандыққа бағыттап окытуда: «Өзара бір-бірімен байланысты, ұқсас лексика-грамматикалық единицаларды бір мезгілде оқытып үйретуді -дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп атаймыз.

Жай сөйлемді ірілендіріп оқыту барысында мына жоба – конструкцияны пайдалануға болады.

 

Хабарлы, Атаулы сөйлем Толымды,

бұйрықты толымсыз

сұраулы, лепті

 

               
   
   
   
 
 

 


Жақты, Күрделенген Жалаң, жайылма

Жақсыз жай сөйлем

 

Адам сөйлегенде, біреумен сөйлескенде тыңдаушыға белгілі ойды білдіру үшін, я одан бір нәрсе туралы білу үшін сөйлеседі. Сондықтан сөйлеу айналадағы заттар, құбылыстар, адам өміріндегі әрекет, тіршілік, өндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат. Адыр. Қайсыбірінің басында ала тұлымшақтай болып, өскен шоқ – шоқ ағаш. Осы бұйрат, адырлардың арасы – қолдан ойып алғандай кең алқап. Алқапты қақ жарып өзен ағады.

Мұнда жазушы өзі көріп тұрған бұйрат, адыр, адырлардың арасындағы алқап, ондағы өзен туралы оқырманға білдіргісі келген. Заттарды, жаратылыстағы, қоғам өміріндегі құбылыстарды, оқиғаларды, адам өміріндегі әрекет, тіршілікті білу, білдіру туралы айтылған сөйлемдер тобы сөйлеу болады. Сөйлеу бірнеше сөйлемдерден құралады: Әрі-беріден соң жел бәсеңдеп, жаңбыр шелектеп құя бастады. Тақтай суланып қалатын болды-ау, қап! Япырмай, бір сәтте-ақ қақ қылып кетті-ау жер бетін! Көресің бе, Бұршақбай? Па, шіркін, неткен күш! Шіркін жазғы жаңбыр соңынан бұлттан шыққан күн қандай!

Бұл сөйлеуде бірнеше сөйлем бар. Олардың әрқайсысы айрықша интонациямен айтылып, жеке-жеке ойды тиянақтап білдіріп тұр. Жазушының әуелі хабарламасы, сосын өкініші, таңданысы, сұрағы, соңында ризашылығы жеке-жеке сөйлемдер арқылы берілген. Айтылу түрлеріне қарай, яғни айтылу мақсаты мен сазына қарай сөйлемдер төрт түрлі болады: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты.

 

Хабарлау, баяндау, суреттеу мәнінде айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлем іс-әрекеттің болғандығын, белгілі бір шақта (өткен шақ, осы шақ, келер шақ) жүзеге асқандығын білдіреді. Мысалы: Ойпаттар дегдіп, кебе бастады. Хабарлы сөйлем бір нәрсе жайында хабарлап қана қоймайды, айтушының іс-әрекетке деген көзқарасын да, ой-пікірлерін де білдіреді. Ақ сүтін беріп, аялаған анаңды қадірлеу – қасиетті парызың.

Хабарлы сөйлемнің интонациялық ерекшеліктерін З. Базарбаева былай көрсетеді.

 

Демалыс күні еді Күн жаңа ғана шыға бастады

Хабарлы сөйлемнің интонациялық әуені басында аздап көтеріліп, негізгі тон жиілігі сөйлемнің мағыналық өзегінде молайып барып, содан кейін жайбарақат төмен түсіп тынады. Ой екпіні түскен сөз басқа сөздермен салыстырғанда молырақ, ұзақтықпен айтылады.

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты болып бөлінеді. Бір нәрсе туралы мәлімет алу мақсатында айтылған сұраулы сөйлем негізгі сұрақты сұраулы сөйлем деп аталады. Мысалы: Сен тамақ іштің бе?

Негізгі сұраққа жауап алу мақсатында қосымша туған сұрақты жетек сұрақ дейміз. Мысалы:

Кеше кімдер өлең айтты?

Ұлдар өлең айтты.

Қыздар ше?

Екінші жақтың сөзін анықтап алу мақсатында қойылатын сұрақты анықтауыш сұрақ дейміз.

Бұл кісілер қай жақтікі?

Жетісудікі

Жетісудікі

Иә, Жетісудікі.

Сұраулы сөйлемдерден кейін сұрақ белгісі қойылады. Сұраулы сөйлемдердің өзіне тән интонациясы болады, бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы онша бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен тынады. Оны сызба арқылы былай көрсетуге болады:

Жақсы хабар бар ма? Қашан келетін еді?

 

Қарсы сұрақ сызбасы Күманды сұрақ сызбасы

Бармағанда қайтем? Ол бүгін келер ме екен?

Айтушының түрлі көңіл күйін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.Лепті сөйлемдер былай жасалады:

1. Сөйлемнің етістік формалары арқылы. Ол жетіп келмесі бар ма!

2. Сөйлемде ақ, ай, ғой шылауларының қатысуы арқылы жасалады. Аты ат-ақ екен! Үйіңе бара ғой!

3. Одағай сөздердің қатысуы арқылы. Па, шіркіннің сөзі!

4. Көтеріңкі дауыс ырғағы арқылы. Жау жойылды!

Лепті сөйлемнің интонациялық ерекшеліктері жасалу тәсіліне қарай ажыратылады.

А) Ешбір грамматикалық тәсілсіз, интонация арқылы жасалған лепті сөйлем.

Ғажап құбылыс екен!

 

Ә) Грамматикалық тәсілдер арқылы жасалған лепті сөйлемнің сызығы

 

Неткен айтқыш тіл!

Лепті сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылады. Кейбір сөйлемдер әрі лепті, әрі сұраулы мәнде болады.Мұндай сөйлемнің соңына сұрау белгісі мен леп белгісі қатар қойылады. Жанып тұрған от! Жібермесем сағы сынады-ау! Тәуекел, жіберсем бе екен?!

Бұйрықты сөйлем біреуге бұйыру, не бірдеңені талап ету мақсатында айтылатын сөйлемнің түрі. Бұйрықты сөйлемдер төмендегідей жолдармен жасалады.

1. Етістіктің бұйрық райының ІІ жақ жекеше, көпше түрі мен ІІІ жақ түрі. Мысалы дұшпанға тастай қатты бол, досыңа балдай тәтті бол.

2. Бұйрық не шартты райға -шы, -шіжұрнақтарының жалғануы арқылы.

Түндікті жауып қойшы!

Бұйрықты сөйлемнің интонациялық еркшеліктеріне тоқталсақ, сызбасы төмендегідей:

А) қатал бұйрықты сөйлемнің сызбасы:

Құлат мынау үйлерді!

Ә) Сыпайы бұйрықты сөйлемнің сызбасы

Сен бері қарашы!

Жай сөйлемдер бастауыштың қатысына қарай жақты, белгісіз жақты, жақсыз болып бөлінеді. Бастауышы бар сөйлемдер жақты сөйлемдер деп аталады. Аға сұлтан Шыңғыс төре Құсмұрындағы қыстауына жеткенше асықты... Көп кешікпей әйелі босанды. Зейнептің бұл тұла бойы тұңғышы еді. Жас нәрестені әжесі Айғаным бауырына салды.

Бастауышы жасырын тұратын сөйлемдер белгісіз жақты деп аталады. Кейде қолыма домбыра алып, ән саламын. Қайтқанда арбаға отырды. Бірінші сөйлемде мен сөзі, екінші сөйлемде ол сөзі жасырын тұр. Мүлдем бастауышы жоқ сөйлем жақсыз деп аталады.Уақыт қадіріне жетпегендерді көргенде жылағым келеді. Жастығыңды, мөлдір шағыңды босқа өткізгенің жарамайды.

Тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жай сөйлемдер жалаң, жайылма болып бөлінеді. Тек бастауыш пен баяндауыштан тұратын жай сөйлем жалаң деп аталады. Беті дуылдап кетті. Ол шошып оянды. Қар кетіпті. Бұл сөйлемдер тек бастауыш пен баяндауыштан тұратындықтан, жалаң деп аталады.

Тұрлауыз мүше қатысқан сөйлем жайылма деп аталады.

Шоқан әңгімесін қайта жалғастырды. Тау-тасқа, өзен-суға ат қоюда қазақ ежелден шебер елдің бірі. Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы. Ал бұл сөйлемдердің құрамында тұрлаусыз мүшелер бар болғандықтан жайылма деп аталады. Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлемді толымды сөйлем дейміз. Шашубай мерген еді. Толымсыз сөйлем деп ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалған сөйлемді айтамыз.

Сенің атың кім?

Болат.

Кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды, тек заттың, құбылыстың, мезгілдің мекеннің атауын ғана білдіреді. Мысалы Дала. Егін даласы. Мұндай сөйлемдер атаулы сөйлемдер деп аталады.

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне байланысты мынадай жаттығу жұмыстарын жүргіземіз:

Төменде берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай талдаңдар. Сұраулы өйлемдерді лепті, хабарлы, бұйрықты сөйлемдерге немесе керісінше бірімен бірін алмастырып, айтыңдар. Айту барысында интонация өзгерісне көңіл бөліңдер.

Қайран, Базекем! – Асыл ағекем!

Ардақты арысым! – Қош келіпсің еліңе!

Келісің құтты болсын! – деседі.

Сөзге сеніп, осы қадамды жасауға тура келді. Әйтпесе патша әйел Балу жайлы біліп қояды.

Мейлі, мен-ақ құрбаның болайын!

Оның әскері көп пе?

Тамаша! Құдай берді , сарбаздарым!

Тұрлаулы мүшелерге байланысты мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады:

Көп нүктенің орнына ойдан баяндауыштар құрап, сөйлемдерді аяқтаңдар.

Қазақ халқында есімі елеусіз қалған азаматтар ... Соның бірі – ... Ол өлең – жыр ... Сонымен қатар ауыз әдебиетінің үлгілерін жинады. Қаламгер заңсыз ... Оның мұрағатта көптеген еңбектері ... Ол әжесінің қамқорлығында ... Тоғыз жасында оқуды, жазуды ... Домбыра мен сырнайға қослып ән ... Ол өнерлі қауымның ортасында

Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемдерге айналдыр.

Олар дос еді. Жұптары жазылмайтын. Орман іші тыныш еді. Сендер орындайсыңдар.

Жай сөйлемнің түрлерін өтпей тұрып, мұғалім алдымен жай сөйлем дегеннің не екені жайында, оның өзіндік қандай белгілері бар екендігін түсіндіру үшін тақтаға құрамындағы сөз саны әртүрлі мынандай үш сөйлемді жазып қоюы керек:

Білдім. Бір ғана баяндауыш сөйлем бола алады. Тұрлаулы мүшелер және анықтауыш, толықтауыш пен пысықтауыш қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Сонан кейін осыларды сөйлем деп тануға болатын-болмайтыны, сөйлемдердің құрамына қарай қандай сөйлем екені, әр сөйлемнің неше сөзден жасалғаны, ол сөздердің сөйлемнің қандай мүшесінің қызметін атқарып тұрғаны оқушылардан сұрастырылады. Жоғарыда келтірілген мысалдардың жай сөйлем болып тұрғандығына көз жеткізу үшін мұғалім мынандай түсінік береді. Үш сөйлемде бір нәрсе жайында тиянақты ой айтылған.

Жай ғана ойды білдіретіндіктен, олар жай сөйлем деп аталады. Бірінші сөйлем – Білдім. Ол бір ғана баяндауыштан (білдім) жасалып тұр. Екінші сөйлем – Бір ғана баяндауыш сөйлем бола алады, бұл сөйлем бастауыштан (баяндауыш), баяндауыштан (сөйлем бола алады) және анықтауыштан (бір ғана) құрылған. Үшінші сөйлем – Тұрлаулы мүшелер және анақтауыш, толықтауыш пен пысықтауыш қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Бұл сөйлем баяндауыштан (сөйлем дейміз), анықтауыштан (жайылма), толықтауыштан (сөйлемді), үйірлі анықтауыштан (тұрлаулы мүшелер және анықтауыш, толықтауыш пен пысықтауыш) жасалып тұр. Қатысқан сөздер саны көп болғанмен, бұл – жай сөйлем, себебі бірыңғай заттардың бір ғана әрекетін (сөйлем құрау) білдіріп тұр.

Осы түсініктен оқушылар жай сөйлемнің мынандай белгілері жайында қорытынды шығаруы керек:

Жай сөйлемнің бір я бірнеше сөйлем мүшелерінен жасалуы – екінші белгісі.

Жай сөйлемде дара, күрделі мүше де және үйірлі мүше де кездеседі. Бұны оның үшінші өзіндік белгісі деп тануға болады.

Осындай ой қорытындысынан кейін барып, жай сөйлем тұрлаулы мүшелердің қатысына қарай толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, атаулы сөйлем болып беске, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң, жайылма болып екіге бөлінеді деп, жай сөйлемнің түрлерін оқытуды бастау керек. Жай сөйлемді меңгерту үшін төмендегідей жаттығу жұмыстарын орындауға болады:

а) Сөйлемдерді көшіріңдер. Жай сөйлемдерді тауып, құрылысына қарай ажыратыңдар:

Бесінші сыныптың оқушысы Ермектің әке-шешесі құс фермасының құс өсірушісі еді. Фермада әзірге бір-ақ үйлі жан істейтін. Толып жатқан тауық. Түйетауық және үйрек, қаздарға жем-су беру, олардың астын тазалау, жұмыыртқаларын жинап, орталыққа апарып өткізу, тағы сондай-ақ толып жатқан шаруалардан олар үйлеріне түн ішінде ғана қалжырап оралатын. Содан соң асығыс тамақтарын ішеді де, қылжиып ұйықтауға жатады. Таң қараңғысында қайта тұрады.

Жай сөйлемге байланысты мәтінмен талдау жұмыстары жүргізіледі: Оны көптен бері көргім келіп жүр (Хабарлы, жайылма, жақсыз, толымсыз).

Сонымен қатар қазір кеңінен қолданылып жүрген Н. Оразақынованың«Сатылай кешенді талдауын» пайдалануға болады. Жай сөйлемге байланысты мәтінмен талдау жұмыстары жүргізіледі: Оны көптен бері көргім келіп жүр. (Хабарлы, жайылма, жақсыз, толымсыз). Оны көптен бері көргім келіп жүр.

Құрылысына қарай: жай сөйлем.

Айтылу мақсатына қарай: хабарлы.

Тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай: жайылма.

Бастауыштың қатысына қарай: жақсыз.

Ойға қатысты мүшелердің толық қатсуына қарай:

толымсыз.

Сөйлем мүшелері: баяндауыш (көргім келіп жүр),

толықтауыш (оны), пысықтауыш (көптен бері),

Екінші тіркес: 1. Оны көргім келіп жүр – меңгеру, толықтауыштық қатынас, жалғау арқылы байланысқан.

2. Көптен бері көргім келіп жүр – жанасу, толықтауыштық қатынас.

Мұндай талдау жұмыстары оқушылардың жай сөйлемдер түрлерін қаншалықты білетінін көрсетеді, әрі ойын жүйелеп, білгенін түрлендіріп, ауызша да, жазбаша да жеткізе білуге дағдыландырады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

 

1 П.М. Эрдниев. Укрупнение дидактических единиц в обучении математике.– М.,1986.

2 Микерова Г.Ж. Лингводидактические основы обучения русскому языку по технологии укрупненных дидактических единиц в начальных классах.– Краснодар, 2008.

3 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: «Мектеп», 1978.

4 Махмұдов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. – Алматы.

 

ТҮЙІНДЕМЕ

 

Мақалада өзара бір-бірімен байланысты, ұқсас лексика-грамматикалық бірліктерді ірілендіре оқыту технологиясы қарастырылады.

 

РЕЗЮМЕ

 

В статье рассматривается характер технологии обучения взаимосвязанных лексико-грамматических дидактических единиц.

 

 

ШЕТЕЛ ТІЛІНЕ ОҚЫТУДА МОНОЛОГТЫҚ СӨЙЛЕУ ІСКЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Даниярова Г.Д. – оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)

 

Ауызша сөйлеудің екінші түрі – монолог. Монологты бір адам ғана сөйлейді, ол бір немесе бірнеше тыңдарманға айтылады. Ол: мұғалімнің әңгімесі, студенттің толық жауабы, баяндама т.с. Құрылым жағынан монолог өте күрделі және грамматикалық ережелерді қатаң сақтауды, ой ұшқырлығын, логикалық тұрғысынан жақсы құрылған және жүйелі әңгімені талап етеді.

Монолог диалог сөзге қарағанда кешірек дамиды, сондықтан алғашқы сатыда студенттерге монологтық сөзге үйретуде педагогтар көп жылдар бойы осы проблеманы шешуге ұмтылуда.

Ауызша сөйлеуде монологты оқытудың әдістемесін көптеген ғалымдар зерттеген. Солардың ішінде атап өтетініміз: тілдік жоғарғы оқу орнындағы төменгі курс студенттерінің ауызша сөйлеуді оқытудығ негізін салушылар: Н.И.Гез, А.А.Миролюбов, П.Б.Гурвич болған. Сонымен қатар В.В.Виноградов монолог-суреттеу, монолог-сендіру, монолог-әңгімелеу, монолог-пікір сияқты монологтың түрлі модельдерін топтастырды /3/.

Қазіргі кезде шетел тілін оқыту әдістемесінің жаңашыл жұмыстарында «үлгі» терминімен жиі кездесеміз. Бұл терминге қазіргі ғылым саласында нақты берілген анықтама жоқ, әр ғалым түрлі мағынада қолданады. Жоғарғы оқу орнының алғашқы сатысынан бастап, шетел тілін монологты сөйлеуге оқытудың әдістемелік үлгісін құрастыруда ғылыми-зерттеу жұмысының құралы ретінде жалпы ғылыми түсініктердің талаптарындағы үлгіге сай сипаттаймыз.

«Үлгі» жалпы мағынасында арнайы зерттеумен құрылған объектінің сапалылығын, тұрақтылығын көрсететін қосалқы бөлшектері болып табылады.

«Үлгі» – зерттеудің құрал-жабдықтары тәрізді деп те сипаттайды С.И.Архангельский /2/. Бұл нақты сараптама мен тұжырым, қорытынды жасауға қолайлы. Байланыстырушы белгіленген бөліктің қарапайым немесе көркем түрінде берілген фактілер, белгілер, яғни кез-келген үлгіде құрылған құрылымның шектелген көрінісі, сол объектінің атқаратын қызметін бейнелейді. Үлгі құру талабының тағы бір маңызды мәселесі, оның бір жақты болуы. Объектіні елестеткенде оның белгілі қасиеттеріне көңіл аудару қажет.

Монологты оқыту үлгісімен біз студенттердің танымдық, шығармашылық әрекетінің қалыптастыру жолын түсінеміз.

Үлгілендіру негізгі назарға алынып отырған зерттеу объектісінің үлгісін құруда іске асу жолының ерекшелігін бейнелейді. Және құрылған объектінің үлгіленуінің қызметін суреттеуде, түсінуде зерттеу нәтижесінде нағыз объектіге немесе үрдіске айналады. Осылайша үлгілендіру объект пен үрдісті түсінудегі тәсіл болып табылады. Зерттеу бөлігін суреттейтін, оның заңдылықтары мен принциптері, дәлелдер, тәжірибелер үлгілендіру кезінде ғылыми теориясын береді.

Ғылыми әдіс сияқты үлгілендіру бақылаудың өткізілуін қарастырады. Өте жақсы құрылған үлгінің өзі зерттеудің толық мәні мен маңызын, сипатын ашпайды. Үлгілендіру тек объектінің шектеулі жақтары мен ғана байланыстырады. Ол үлгілендіріп, зерттеудің белгіленген талаптары заңдылықтарына сүйенеді. Оларға: үлгінің көрнектілігі, айқындылығы, бейнелілігі және дәл бөлшектенген зерттеуші объектінің анықтылылығы, объектілігі зерттеу жұмысын жүргізудегі тәуелсіздігі жатады.

Кез-елген пәнді оқытудың жеке процесін жаңадан қарастыру үшін, бүгінгі құрылған негізіне сүйенбестен жаңа байланыс құру мүмкін емес. Ағылшын тілін оқыту процесінің үлгіленуі үнемі алдын ала шешілген мәселелер мен міндеттер арқылы құрылады. Ізденушінің алдын-ала қойылған міндеттерді түсінуге, нақты жағдайдағы жаңа тәсілдер анықталады. Ағылшын тілін оқытуда жинақталған тәжірибелердің жиынтығы, нақты мәліметтері, оның сараптамалары, тек ғылыми тұжырымдалған түсініктердің дәлелі ғана емес, шетел тілін оқыту процесінің стратегиясын дұрыс дамытуды құрудың көзі болып табылады. Және бұл шетел тілінде сөйлеуге үйрету әдістемесінің негізгі бір бағыттарының сараптамасы ретінде қарастырылып, қарапайым логикалық байланысып, бейнеленеді.

Теориялық тұжырымдарды ескере отырып, методологиялық жағдайда жаңа білім берудің талаптарына сай ағылшын тілі сабағында интерактивті тәсілді қолдана отырып, монологты сөз іскерлігін қалыптастыру өңделеді. Жеке тұлғаны дамыта оқытудың теориялары мен заңдылықтарына сәйкес ұйымдастырылуы, үлгіленуі студенттің жеке танымдық белсенділігі шығармашылық кезеңінде қалыптасады. Танымдық қабілеттері дамиды, студенттер мәселені бақылау, сараптау барысында нысананы белгілейді. Мәселені шешуде ұсынылған шешімін таңдайды. Оның шешілу жолдары алынған ақпаратқа сын көзбен қарау, өз пікірін сараптап құрай алу, ақпаратты өңдеу алғашқы кезеңінде жүзеге асырылады. Жеке тұлға алдында монлогтық сөзді дайындауда білім, өздік шығармашылық мақсаттарды дамыту қойылады.

Ю.Н. Колюткин психологиялық жұмыстарды қорытындылй келе, сөйлеу мәдениетіне байланысты мынадай талаптарға сүйенеді:

1) студент ойды еркін ойлауға, өз шешімін, нысананы ұсынуға, қатесін түзетуге, әріптесінің пікірін тыңдап, сыйлауға, басқаның ойын тыңдауға, оны түсінугі құқылы;

2) Сынға шыдамдылық, тек өзінің айтқанын дұрыс деп түсіну, басқаның айтқан сынын еркін де дұрыс қабылдау, сапалы шешім қабылдауға көмектеседі /1/.

Бұл психологтың айтқан талаптарын ескере отырып, жоғарғы оқу орнының алғашқы сатысындағы студенттерді шетел тілінде монолгты сөз түріне сөйлеуге үйретуде жоғарғы оқу орнының студенттерінің өздік қабілеттері мен іскерліктерін дамыту үшін кітаппен жұмыс жасаудың үлгісімен таныстырамыз.

Студенттерді сөйлеуге үйрету нәтижесі қатысымдық қабілеттің жалпы, арнайы, жеке іскерліктерін дамыту бағытында құрылады. Ал, монолог бір адамға бағытталғандықтан, студенттің жеке іскерлігін дамыту мақсат етеміз.

Жалпы қабілеттерге: студенттің жалпы оқытуда кілт сөздермен, түрлі ақпарат құрылымдарымен жұмыс істей алуы, әңгіме құруда себеп- слдарын құрастыра білуі, ойлаған ойын қысқаша жаазба сөздермен түсіндіруі, сараптай және қорытындылай бәлуә жатады.

Арнайы қабілеттерге: студенттің түрлі анықтама сөздікпен жұмыс жасауы, әртүрлі сөз әрекеттерін құрастыруда жаза алуы, оқи алуы, айта алуы, сөйлеу лексикасын, өз әңгімесін құруға қолдана алуы жатады.

Жеке қабілеттерге: студенттің өз қызығушылығын арттыруы, өз мақсаты мен міндетін белгілей алуы, болжап, жоспарлай алуы және өзін-өзі болжап түзетуі, оны іс жүзінде көрсете алуы, түсінігін көрініспен елестетуі, ойын қабылдап қорытуы, түйінін дәлелдеуі кіреді.

Студенттің сөйлеу іскерлігі мен қабілеті негізінен жалпы, жеке және арнайы әрекеттерін қалыптастыруға бағытталады. Бұл қабілеттердің ішінде біз студенттің қабілеті мен іскерлігін дамытуда ауызша коммуникативті жаттығу түрі монолог болып табылады.

ӘДЕБИЕТТЕР

 

1 Колюткин Ю.Н. «Психологические особенности». – М., 1989.

2 Архангельский С.И. «Развитие устной речи». – М., 1999.

3 Виноградов В.В. «Психология». – М., 2001.

 

ТҮЙІНДЕМЕ

 

Мақалада монологті сөйлеу тілінің ерекшеліктері айқындалып, оны оқыту жолдары қарастырылған.

 

РЕЗЮМЕ

 

В этой статье рассматриваются особенности монологической речи при обучении иностранному языку.


ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН (ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ)

БАЙЛАНЫСТЫРА ОҚЫТУ

 

Есімболова М.К. – ф.ғ.к., доцент (Алматы қ-сы, Азаматтық авиация академиясы)

Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика, психология, әдістемеге, логикаға байланысты. Әдістеменің негізгі тірегі – қазақ тілінің фактілері. Онсыз әдістеменің түрлі мәселелерін бөліп қарауға болмайды. Сондықтан, әдістеме қазақ тілі фактілерімен тығыз байланысып жатады. Әдістеме қазақ тілінен берілетін мәліметтерді орыс студенттердің ойына лайықтап оқыту қағидаларын қарастырады. Бұл білім беру заңдылықтары лексиканың, фонетиканың, грамматиканың, орфография мен пунктуацияның заңдылықтарымен үндеседі. Негізгі тілдік фактілер бойынша білім берудің теориясы мен практикасы қарастырылады. Орыс тілді студенттерге қазақ тілінен берілетін мәліметтер көлемі жағынан ықшамдалады. Яғни, тілдік фактілердің қорытылып, шешілген мәселелері орыс тілді студенттерге жеткізіледі.

Орыс тілді студенттерге қазақ тілінен берілетін тілдік фактілердің өзіндік белгілері (жасалу жолдары) лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, белгілері, анықтамалары студенттердің ерекшелігіне, олардың ой-өрісі білім дәрежесіне лайықталады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогикаға тікелей байланысты. Педагогиканың дидактикалық саласы жалпы дидактикалық принциптерін қарастырады. Ал әдістеме әрбір жеке пәнді оқытудың теориясы мен практикасын қарастырады. Сондықтан, әдістеме жалпы педагогикалық қағидаларға негізделе отырып, қазақ тілі фактілерінен білім алудың заңдылықтары мен әдістерін тікелей қарастырып, педагогикалық дидактикалық принциптерді қазақ тілінен білім беруде қалай іске асыру жолдарын ойластырады.

Педагогика – негізінен тәлім-тәрбие берудің заңдарын, оларды іске асырудың жұмыс жүйесін белгілейді. Тәлім – студенттерге берілетін теориялық білім мен дағды. Ал тәрбие – қазақ тілінен білім беруде мәтіндер, сөйлемдер, мысалдар арқылы және түрлі жаттығулар бойынша жүргізілетін жұмыс. Қазақ тілінен білім беруде тәрбие жұмысын қоса жүргізген дұрыс. Тәрбиелік мәні күшті сөйлемдер мен мәтіндерді ұсынамыз. Қазақ тілін оқыту әдістемесі психология ғылымына да тікелей байланысты. Тілдік материалдың толық қалыптасуында түсінік, ой-түйсік, сезім және сигнал жүйелері үлкен рол атқарады. Бұл психологиялық категориялар мен функциялар білім мен дағдыны меңгертуде айрықша қызмет атқарады. Студенттерге тілдік материалдарды толық игертуде сабақ процестерінің мәні зор.

1. Жаңа материалды таныту процесі. Мұнда жаңа материал студенттерге хабарланады. Мұның өзіндік белгілері айтылады. Оны студенттер естиді. Материалды толық игертудің негізгі кепілі дағдылар арқылы іске асырылады.

2. Материалды қайталау процесі. Қазақ тіліне, өтілген барлық материалдар еске түсіріліп пысықталады. Студенттер қазақ тілінен алған теориялық білімі мен практикалық дағдысы пысықталып, нығыздала түседі. Жұмыстардың барлығы психикалық ұғымдарымен байланысып келеді. Қазақ тілінен берілетін білімді оқушылардың ойында қалыптастыруда киноэстетикалық түйсік маңызды рол атқарады. Бұл түйсік көру мен жазуға тікелей байланысты.

3. Материалды дағдыландыру процесі. Онда тақырыптың өзіндік ерекшеліктеріне қарай түрлі психикалық жұмыстар ескеріледі. Бұл жұмыс әр тақырыптың психикасы болып табылады.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі логикаға да тікелей байланысты. Логика ғылыми дәл ойлау, дұрыс пікірлесу заңдылықтарын үйретеді. Сөйлемнің дұрыс құрылуын ойластырады. Түрлі тілдік фактілердің дәл болуын қарастырады, студент пен оқытушының сөзінің анық болуын қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламасы бойынша құрастырылған оқулықтағы әр тақырыптың өзіндік белгілерінің және анықтама, ережелерінің дәл болуын ойластырады. Сондықтан, қазақ тілін оқыту төмендегі міндеттерді, тілдік фактілерді түсіндіру мен жеткізуде логика ғылымындағы жаңалықтарға сүйенеді.

Қазақ тілін оқыту төмендегі міндеттерді қамтиды:

1. Жоғарғы оқу орнында оқытылатын қазақ тілінің мазмұның анықтайды.

2. Студенттерге берілетін білімнің көлемін анықтайды.

3. Жоғарғы оқу орнында оқытылатын қазақ тілі оқыту жүйесін анықтайды.

4. Білім беру әдістерін топтастырып, құрылымдық ерекшеліктерін белгілейді.

5. Сабақты топтастыра отырып, олардың түрлерін құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды. Зерттеу әдістері теориялық әдістемені жасауда жиі қолданылады. Зерттеу әдісі мен білім беру әдісінің объектілері әр түрлі. Білім беру әдістері жоғарғы оқу орнында қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдыны қалыптастыруда іске асырылады. Ал, зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту туралы ғылыми әдістемелік еңбектер және практикалық әдістемені жасау үшін қолданылады.

Зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық жағынан байытуда пайдаланылады. Бұл ретте мынандай тәсілдер жүзеге асырылады:

1. Бақылау әдісі. Бұл әдіс қазақ тілінен білім беру және оны практикалық дағдылар арқылы іске асыруда қолданылады. Қазақ тілінен теориялық білімді студенттерге меңгертуде түрліше психикалық дағды жұмыстары жүргізіледі. Олардың негізгі түрлері сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар болып табылады. Олар мыналар: тапсырманың мақсаты, шартты түрде үйге тапсырылатын жұмыстың көлемі, оларды орындаудың әдістемелік жүйесі. Мұны тәжірибе жасаушы, оқытушы сабақта және сабақтан тыс уақытта бақылау жасайды.

2. Эксперимент әдісі. Бұл әдіс те ғылыми-әдістемелік еңбек жасау үшін жүргізіледі. Эксперимент – ғылыми тәжірибе деген сөз. Бұл барлық ғылым саласында, ал қазақ тілін оқыту әдістемесінде жиі қолданылады. Теориялық және практикалық еңбектер сол арқылы жазылады. Эксперимент әдісі қазақ тілін оқыту әдістемесінде, негізінен 1960 жылдан кейін қолданылды. Бұл әдіс бойынша қазақ тілі фонетикасын, синтаксисін, орфографиясын, пунктуациясын оқыту әдістемелері жазылды. Эксперимент өзінің іске асырылу мақсатына қарай төмендегі түрлерге бөлінеді.

а) бақылау эксперименті – кейін жүргізілетін әдістемелік эксперименттер материалын іске асыру үшін жүргізіледі. Алдымен экспериментке қойылатын объектінің жағдайын, мақсатын, мазмұның, түрлерін анықтайды;

ә) дәрісханалық эксперимент – институттың бірнеше дәрісханаларында іске асады. Экспериментке қойылатын жұмыстың барысы мен негізгі нәтижелерін анықтайды;

б) кең таратылған эксперимент. Мұнда дәрісханалық эксперименттің нәтижелері бірнеше топтың сынынан өткізіледі. Дәрісханада эксперимент материалдары іске асырылады.

Негізгі мақсаты: біріншіден, экспериментке қойылатын жұмыстың негізгі мазмұның; екіншіден, студенттерге берілетін білім мен дағдының көлемін; үшіншіден, эксперимент объектісіндегі білім беру әдістерінің түрлері мен құрылымдық элементтерін; төртіншіден экспериментке қойылатын материалдардың сабақ түрлері мен элементтерінде жүзеге асатындығын анықтайды, әдістемелік эксперимент жұмысы төмендегіше өткізіледі:

1) экспериментке қойылатын материалдардың болжалы жасалынады;

2) бұдан кейін үш-төрт топтың дәрісханасы таңдалады;

3) осы таңдалған дәрісханада тәжірибе жасаушы оқытушы сабақ өткізеді. Әдістемелік материалдық нұсқау болжамына сабақтың күрделі жоспары жазылады, онда экспериментке қойылатын объектінің мақсаты және оның мазмұны, оны іске асырудың әдістері, жұмысты жүргізудің жүйесі айтылады;

в) әдістемелік жұмыстын негізгі қорытындылары бірнеше топтарға салынып көріледі;

г) экспериментке қойылатын материалды сынап көру үшін алдымен топтар таңдалады. Жұмыстың барлық түрі эксперимент дәрісханаларда жүргізіледі. Эксперимент дәрісханаларда әдістемелік нұсқау-болжам бойынша оқытылады, оған лайықты материалдың көлемі мен жүйесі таңдалады. Эксперименттің нәтижелері бақылау жұмыстары бойынша өлшенеді. Ол процентпен немесе цифрмен көрсетіледі.

3. Әдістемелік мұраларды үйрену әдісі. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихында Сейіл Жиенбаев, Шамғали Сарыбаев, Қ. Жұбанов, Д. Әлімжановтар елеулі орын алады. Бұлардың әдістемелік көзқарастары, ұсыныстары сабақ беруде үнемі қолданылады. Сондай-ақ осы күнгі әдіскерлеріміз Қ. Жолымбетов, Х. Арғынов т.б. пікірлері, әдістемелік еңбектері зерттеу жұмыстарын жүргізу процесінде ескеріледі. Сондай-ақ әдістеме теориясына арналған қазақ тілі синтаксисі мен қазақ тілі дыбыс жүйесі әдістемесінің негіздері ғылыми-зерттеу жұмыстарына негіз болады.

4. Әдістемелік тәжірибелерді талдау әдісі. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен зерттеу жұмысын жүргізуде оқытушылардың тәжірибесі зор рөл атқарады, сондықтан оқытушылар тәжірибесін жинақтау, олардың практикалық тәжірибелерін теорияға айналдыру. Зерттеу жұмысының басты бағыты болуға тиіс. Оқытушылар мен әдіскерлердің тәжірибелері екі жақты жарияланып отырады. Біріншісі, газет пен әдістемелік журналдарда басылады. Зерттеу жұмысын жүргізуде осыларды ескеруге тура келеді.

Өнердің қай түрі болмасын өмір танытады. Осы тұрғыдан қазақ тілі пәнін басқа пәндермен байланыстыра оқытудың жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы ерекше. Қазақ тілі пәнінің әдебиет, музыкамен байланысы өте күшті. Өйткені әдебиет адам тану ғылымы болса, музыка сол адамның жан азығы. Студенттерге қазақ тілі сабақтарында әдістемелік түрлі мақсаттарда көрнекілік үшін, эмоциялық әсерді күшейту үшін түрлі бейнелеу өнерін (сурет, портрет, иллюстрация, мүсін т.б.) музыкалық шығармалар пайдаланылады.

Қазақ тілі сабағында арнайы шығарылған оқу фильмдерін көрсетіп, кейбір фрагменттерін пайдалануға болады. Мұның өзі пәнаралық байланысы (интеграция) жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте студенттерді қызықтыру үшін ең бастысы – қазақ тілінің кабинетін жасау. Онда қазақ тілінің оқулығы, дидактикалық материалдар, суретті карточкалар, экранды құралдар, компьютер, теледидар т.б. болуы қажет. Ал негізгі жұмыс материалдары – әртүрлі анықтағыштар, сөздіктер (орфографиялық, фразеологиялық, этимологиялық, аударма).

Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаттығулар қолдану, сөздерді синонимдерімен ауыстыру, ойды әртүрлі тәсілмен білдіру, еркін тақырыпқа әңгіме құрау, көрген фильмдері не оқыған кітаптарына талдау жасау сияқты түрлі жаттығу жұмыстарын үйретудің маңызы зор. Әсерлі сабақ – белсенді сабақ. Сабақта ойын элементтерінің болуы тиімді. Мысалы:

«Терминдер табайық» ойыны. Ойынға студенттерді мөлшерлеп қатыстырған жөн. Әр бала «грамматикалық», «математикалық», «физикалық», «географиялық, ауыл шаруашылық» деген сөздер жазылған бірнеше карточкалар дайындайды. Бастаушы ірі етіп жазылған терминдер мәтінін тақтаға іліп қояды да ойын тәртібін түсіндіреді. Студенттер іштерінен мәтінмен танысады. Бастаушы мәтіндегі сөздерді атағанда, студенттер қолдарындағы карточкаларының бірін көтеріп әлгі сөздің қай термин екенін білдіреді. Жаңылысқан студенттердің аттары аталып, тақтаға жазылады. Кейін қорытындысы шығарылады.

Терминдер мәтіні.

Агроном, экватор, звено, эквивалент, демеулік, механизация, тепе-теңдік, ойпат, қысым, ауыспалы егіс, витамин, тотық, түбір, абитуриент, қалдық, материк, комбайн, үстеу, қой фермасы, плюс, компас, валенттілік, есімше, автономия, молекула, метталоид, диффузия, анықтауыш, атом, төбе, жұрнақ т.б.

Тапсырма-сұраулар.

1. Қазақ тіліндегі қосымшалар термин сөздердің бәріне де үндестік заңы бойынша жалғана ма?

2. Қай термин сөздерге қосымша тек қатаң дыбыстан басталып жалғанады?

3. Қос дауыссызға аяқталатын 3-4 термин сөз тауып жазыңдар.

4. Әдеби тақырыпқа 10-15 термин тауып жаз.

Бұл ойынды лексикалық тақырыптарда өткенде қолдануға болады. Қазақ тілін әсіресе тарих пәнімен ұштастыра оқыту, халқының өткен тарихынан, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан, мәдениеті мен басқа да ұлттар мен қарым-қатынасынан афоризмдер, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер беру арқылы ақыл-ойын дамытып, тапсырмаларды іздену арқылы өздігінен орындай білуге үйрету қажет.

Студенттер өздігінен жұмыс істеу арқылы басқа пәндермен де байланысын дамытып, білімдерін тереңдетіп, қазақ тілін үйренуге деген ынталары арта түседі деп ойлаймыз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1991. – 12-18; 98-102 б.

2 Қасымбеков Ә. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдірудің кейбір жолдары. – Алматы, 1989. – 31-40 б.

3 Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – Алматы,1993. – 5-10 б.

 

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада қазақ тілін басқа пәндермен байланыстыра оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады.

 

РЕЗЮМЕ

Статья посвящена методике интегрированного обучения казахского языка.

 

 

МЕКТЕПТЕ ПОЭЗИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ

 

Жұмақаева Б.Д. – п.ғ.к., доцент (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)

 

Мектеп практикасында әдеби мәтіндердің ішінде лирикалық шығармаларды талдау мен тану күрделі. Жалпы білім беретін мектептерде әдеби білім мазмұнының төрттен бірін лирикалық шығармалар құрайды. Ү-ІХ сыныптарда жүз қырықтан аса лирикалық шығарма оқытылады. Олай болса, мектепте қалыптастырылатын әдеби білім мазмұны лирикалық шығармаларға да тиесілі. Мектепте оқытылатын лирикалық шығармалар жанры мен тақырыптары жағынан алуан түрлі. Әйтсе де лирикалық шығармаларды талдап танудың, оқытудың жалпыға ортақ заңдылықтары мен белгілі бір әдістемелік жүйесі болуы тиіс.

Лирикалық шығарма табиғаты эпикалық, драмалық шығармалардан өзгеше. Лирикалық шығармалардың жанрлық ерекшелігін сипаттайтын еңбектер көп (М. Бахтин, Л. Тимофеев, Д.С. Лихачев, Г. Поспелов, Н.А. Гуляеев, З. Қабдолов, З. Ахметов т.б.). Лирикалық шығарма көлемі жағынан шағын болып келеді де эмоцияға, сезім күйге құрылады. Лирикалық шығармада ақынның дүниетанымы, сыртқы ортаны, өмір құбылыстарын елестетуі мен сезінуі, өзіндік ой жүйесі образды сөздің қуатымен өрнектеледі.

Лирикалық шығармаға поэтикалық тіл қызмет етеді. Поэтикалық тіл ақынның жан тебіренісін, биік сезімін жарыққа шығарады. Образды ой мен поэтикалық тілдің тереңіне үңіліп, лирикалық қаһарман арқылы жарыққа шығатын авторлық толғанысты, дүниетанымды, ақындық мақсат, мүддені, сезім-күйді тану, оқушыларға ғана емес, ересектер үшін де бір шама күрделі. Авторды жете түсіну үшін дүниетанымдық, тілдік әлеуеттің де жоғары болуы қажет. Ал оқушыларда бұл әлі қалыптасу үстіндегі үдеріс.

Көркем шығарманың тууы мен оқырманын санасына сәулеленуінде үштік одақтың бірлігі болуы керектігі кейінгі зерттеулерде жиі айтылып жүр. Сонда таным, дискурс автор → көркем шығарма → оқушы арасында қалыптасады. Автор өмір сүрген уақыт, орта, кезең, таным-түсінік, құндылықтың көркем шығармадағы бейнесін оқушының қабылдауы, түсінуі, зерделеуі, бағалауы көптеген факторларға қатысты. Мәселен, жыраулық поэзияның дүниеге келген тұсы мен бүгінгі уақытты немесе ХҮІІІ – ХІХ ғасыр туындыларын, тіпті кешегі кеңес кезеңіндегі шығармалардағы уақыт, кезең, құндылық бүгінгі ұрпақ санасында қалай жаңғырығады? Белгілі бір дәрежеде түсіну болғанымен, түйсіну қаншалықты жүзеге асады? Бүгінгі уақыт пен құндылық қандай, оның арақатысы қаншалықты деген мәселелер туындайды.

Көркем шығарманы талдаудағы басты ұстаным мазмұн мен пішінді (форманы) бірлікте қарастыру екендігі белгілі. Көркем мәтінмен алғашқы ұшырасуда көзге көрінетіні оның формасы. В.Г. Белинскийдің айтқанындай «Сөз – ойдың көрінісі», яғни ойдың киімі – сөз. Автор толғанысы мен ой түйінін қандай сөзге орады, қандай сөзді таңдап, талғап алды? Ойды қалай өреді? Бұл өлеңнің алғашқы қалпында көзге ұшырасады. Өлеңнің графикалық формасы көркем шығарманың бейтарап қалпы сияқтанғанымен, мәтінді визуалды қабылдауда, белгілі бір дәрежеде, алғашқы әсерді қалыптастырады. Сондықтан көркем шығарманы талдаудағы көрнекі құралдың бірі көркем мәтіннің өзі болуы заңды.

Өлеңнің дискурстық формасы оқушының көркем шығарманы көркем қабылдауын ұйымдастыру міндетіне қызмет етеді. Көркем қабылдауды ұйымдастырудың көптеген амал-тәсілдері бар. Соның бастысы – өлеңді мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу көркем мәтінді аудиалды қабылдаудың тетігі. Автордың ой-пайымымен көркем шығарманы сөйлету күрделі әрекеттің бірі. Көркем мәтіннің болмысына терең бойлап, жете меңгермейінше оны сөйлету қиын. Өлеңдегі әр сөз, бунақ белгілі ой ағымын ұсынады.Оны дәл сол мәнінде тиісті ырғағымен оқу үлкен шеберлікті талап етеді. Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымында классикалық әдістердің бірі саналатын шығармашылық оқыту әдісінің бір тәсілі – көркем мәтінді мәнерлеп оқу болып есептеледі. Әдіскер-ғалым З.Я. Рез шығармашылық әдістің бірнеше тәсілдерін ұсынады. Көркем мәтінді мәнерлеп оқу, сахна шеберлерінің оқуы т.б. Көркем мәтінді мәнерлеп оқуда дауыс ырғағы, әуезі, қарқыны, екпіні – барлығы да өлеңді қабылдауда жағымды жағдай туғызушы компоненттер болып есептеледі. Өлеңдегі ой кідірістері, психологиялық кідірістердің де өзіндік ықпалы болады.

Мәтіннің мағыналық фонының құрылымы –көркем мәтіннің пішінінен мазмұнына қадам жасауды нұсқайтын нысан. Егер әр сөзді таңба деп қарастыратын болсақ, әр таңба бір ойдың бейнесі. Поэтикалық өлең мәтіні тарихи-мәдени, рухани болмыстың, автордың шығармашылық әлемінің құрылымы мен жүйесін танытатын көптеген таңбалардың құрылымы болып есептеледі. 5-сыныпта оқылатын М. Мақатаевтың «Мен таулықпын» өлеңінде тау заттық ұғымнан символдық белгіге айналған. Тау – өрліктің, биіктіктің, тазалықтың, даралықтың белгісі. Өлеңдегі мағыналық фонды құрайтын заттық ұғымдарда «тау», «бұлт», «қыран», «жай оғы», «асқар шың» – таудың символдық бейнесін айқындайтын бірліктер. «Тау – дәу бесік» – қолданысы ұлттық болмысқа қатысты концепт. Ал, «Асқар шыңдар желпиді бесігімді, Бір орамын ағытып сәлдесінің» – деген тармақтардан таудың көркем бейнесінің ақын қиялымен астасып, көркем образды қолданыс тапқанын көреміз. Бұл қолданыста «тау» – «асқар шын» – «бұлт» образдары айқындалады. Сонда ақын қиялында «тау – бесігін» асқар шыңдар ағытқан «бұлт – сәлдесімен» желпиді. Өлеңде мекеншақты танытатын «Күн алғашқы сәулесін маған шашып, Маған келіп түнейді қара тұман» –сияқты тармақтар бар. Екі тармақта антитезалық қолданыстар арқылы күн мен түн, ақ пен қара, жарық сәуле мен қараңғы түнек ұғымдарын туындата отырып, уақытты да, кеңістікті де қамтыған.

Өлеңде тау сияқты басқа да табиғат перзенттері: «киік» пен «қыран» таңбаланады. «Киіктің сүтін еміп ер жетуі» ақынның табиғаттың киелі кәусарынан сусындап, арман-қиялының асқақтығына «қыранның қанатынан қуат алуы» жеткізгені өрнектеледі. Мұнда да жер мен көк мекеншақ ұғымын тудырады. Табиғат – биологиялық, рухани қуат көзі ретінде таңбаланады.

Ақын да тау кейіптес, тау мінездес, «бұлт бүркенеді», «жай отын ала туады». Ақынның «мені» мәтінде тау ұғымымен қабаттасады («Күн алғашқы саулесін маған шашып, Маған келіп түнейді қара тұман»). Өлеңде ақынның эмоциялық күйін танытатын пофосты сөз қолданыстары – «таудан мен жаратылғам», «Тауға барып, Көкке ұшып кетсем бе екен, Ұстап алып қыранның қанатынан...» ұшырасады. Биіктен биікке өрлеу, қиялдың қанат қағып, өрге самғауы осы шумақтарда еркін танылады. Өлеңнің ассоциативті-мағыналық фоны «Тау деген Ана туған, дара тұлғам» тармағында бейнеленген. Ана → Тау → дара → тұлға немесе

 

Cонымен қатар табиғат-Ана тау-перзент ұғымдары өріледі. Автордың ассоциативті-психологиялық күйі өлең мәтінінде еркін танылады. Мәселен, ақын таулық, тау мен ол бір-бірінің иелігінде. Ақын мен тау егіз ұғым ретінде ұсыналады.

мекен,

Тау жаратылыс негізі.

Ой қайталана отырып өрбиді.

 

Өлеңнің тілдік формасын (поэтикалық мәтіндегі тіл бірліктері өрнегінің жиынтық жоспарын) зерделеу жекелеген тіл бірліктерінің жүйесін, өлеңнің композициялық құрылымын тануға жол ашады.

Өлеңдегі тіл бірліктерінің семантикалық мәнін айқындағаннан кейін олардың өлеңдегі құрылымы мен жүйесін аңғаруға болады. Өлеңнің композициялық құрылымы қайталаулар арқылы шеңбер түзеді. Курсивпен берілген сөздер әр шумақтағы мағыналық фонды, экспресивті-эмоциялық күйді танытады.

Әрине, 5-сыныптың оқушысына өлең мәтінін дәл осы теориялық ұғымдар арқылы түсіндіру немесе сипаттату орынсыз. Тиімді әдіс-тәсілдерді, бағыттаушы сұрақ-тапсырмаларды пайдалана отырып сөздің мәнін ашу, кей сөздердің символдық белгі екендігін таныту қажет. Өлең мағынасының таянышы болып тұрған сөздерді белгілеу, олардың мәнін әркімнің өз ұғым-түсінігі бойынша пайымдату, өлеңдегі ерекше мәнді танытатын сөздерді саралау, жүйелеу, кластер түздіру, өлең құрылымын таныту оқушылардың ой белсенділігін арттыратын тапсырмалар болып есептеледі. Бұндай тапсырмалар оқушылардың танымдық белсенділігімен қатар, шығармашылық мүмкіндігін дамыта түседі. Сонда ғана оқушы білімді түсіну арқылы талдау, қорыту, өз білімін бағалау кезеңдеріне өте алады. &







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.