Здавалка
Главная | Обратная связь

ОБ ЭМОТИВНОСТИ ПОЭЗИИ Н. РУБЦОВА 5 страница



Алғашқы драмасын жазбастан бұрын-ақ Ғ. Мүсіреповтің ертеректе жазылған шығармаларында тартысқа құрылған сюжеттер, тереңінен сезімге құрылған адамның жан-дүниесінің сыртқы-ішкі келбеті, бітім-болмысы, сөзі, қимыл-әрекет, ым-ишрат характері оның болашақ драмалық шығармаларында тереңінен көрініс табуға тікелей ықпал етті. Автордың драмалық шығармаларындағы сөз сөйлеу сипаты жаңа сапалық деңгейде көрінген, адам характерінің жан-жақты ашылуы басқа да тілдік және тілдік емес факторлармен ортақ бірлесе отырып толығымен ашылады: сюжетті әрекет, кейіпкердің өзін-өзі танытуы, шығарманың композициясы, жеке эпизодтар т.б.

Драмадағы көрінетін жан-жақты тартыс, кейіпкерлердің іс-әрекетінің шиеленісуі, характердің жан-жақты қамтылуы өмір шындығының тереңінен алынған суреткерлікті Ғ. Мүсіреповке ғана тән ерекше драма поэтикасымен бейнелеуіне тәнті етеді. Ғ. Мүсіреповтің драматургиясында әлеуметтік тартыс өмірдің ортасынан ойып алынған шындыққа құрылған сюжетті оқиғалар өз дамуында белгілі бір логикаға бағынып отырады.

Ғ. Мүсірепов драмасының орталық кейіпкерлерінің характері, мінезі, бітім-болмысы белгілі бір тарихи дәуірдің алдыңғы қатарлы үздік тұлғалардың барлық типтік белгілерін бойларына жинақтай отырып, болашақ адамының рухани гүлденуіне зор ықпал етеді. Бұл Ғ. Мүсіреповтің жеке көркем фантазиясынан ғана туындаған жоқ, социализм дәуірінің суреткеріне тән ерекшелік еді.

ХХ ғасыр ұлттық рухани мәдениеттің даму тарихында зор табыстарға қол жеткізді. Бір ұрпақтың көз алдында реалистік бағыттағы жоғарғы көркем әдебиеттің, соның ішінде роман мен драма жанры ерекше табыстарға қол жеткізді.

Бұл шын мәнінде жаңа дәуір жеңісі мен тынысы болатын, Ғ. Мүсірепов шығармашылықтағы жаңа жанрлардың әр түрлілігі дәстүрлі жалғасын таба отырып, “жан диалектикасынан”, “іс-әрекет диалектикасына”, “тарих диалектикасына” қарай бетбұрыс жасады. Шығармашылықтағы ізденістер, жаңа әлем, жаңа адам туралы прагматизм эстетикалық критерилерге қарай ойысты.

1958 жылы М. Әуезов былай деп жазды: “Қазақ көркем прозасы революциядан бұрынғы кезде үлкен дәстүр жетпегеніне қарамастан 40 жыл ішінде анық зор өріске жетті. Осы аталған санаулы жылдар ішінде біздің көркем прозамыз оқушысына сан алуан үлгі, өрнектер әкелді. Бұл қатарда: терең драмалық құрылысы бар сюжетті қызықты құрылған немесе психологиялық әңгімелер баяндайтын, болмаса тарихтық жағдайларды баяндайтын өмірбаяндық, қызықты оқиғалы романдар туды… Дүниежүзілік әдебиеттің барша мәдениеттік дәуіріне сүйенетін реалистік прозаларда жасаған жазушылар” /1, 36/.

ХХ ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық рухани мәдениеттің бір бөлігі болып саналатын реалистік және көркем көп жанрлы, көп құрамды әдебиетке айнала отырып үлкен табыстарға қол жеткізді. Әрі әлемдік әдеби процесске де өз үлесін қосты, әдебиет жанрларының барлық саласындағы Ғ. Мүсіреповтің ролін айырықша атап өтуге болады.

1930 жылдардан бастап Ғ. Мүсірепов әдебиеттің нағыз белсенді қайраткеріне айналды, Ж. Аймауытов, Г. Жомартбаев, С. Көбеев және басқа прозаиктермен қатарласа жазған шығармашылық әлемі жаңа тақырыпқа жаңашыл сипатымен ерекшеленеді. Жазушы бұл кезде жаңа өмір құрылысына өзі белсене ат салыса отырып, Кеңес үкіметі мен партияның басқаруындағы идеялар мен көзқарастарды толық үгіттеуге белсене араласты, сондықтан да шығармашылығын кеңестік дәуірдің көз алдында өтіп жатқан шындығын бейнелеуді өз суреттемесіне арқау етті. Бұл үрдіс романдарында, әсіресе шағын прозасында, әңгімелері мен очерктерінде айқын көрінеді.

Адамдардың белсенді қызметі әлемді жаңартуға негізделді. Бұндай әңгімелерінің қатарына “Тарландар”, “Талпақ танау”, “Қымызхана” сияқты туындыларын жатқызуға болады. Көркем әдебиеттің аты – көркем әдебиет. Көркем әдебиет ресми идеялогиямен конъюнктураға толығымен бағынбайды. Қандайда болмасын идеялогиялық бағыт-бағдар кеңес дәуірінің шындығын суреттеуді талап еткенмен, автордың шығармаларында бұл талапқа қатысы жоқ туындылар да жарық көрді. Бұл туындылардың қатарына Ғ. Мүсіреповтің “Қыз Жібек”, “Қозы-Көрпеш Баян Сұлу” сияқты пъесалары “Оянған өлке”, “Жат қолында” романдарын, “Ұлпан” сияқты повестерімен қатар көптеген үлкенді-кішілі шығармаларын жатқызуға болады.

ХХ ғасырдың І жартысындағы өнер туындылары жаңа қоғам құру үшін күресті халыққа адамзаттың жаңа тарихи кезеңі ретінде қабылдалар қараңғылық пен аласапыраннан арылған жаңа әлемді құру міндетін көздеді. Бұл үрдіс ең алдымен дәуірлік жағдаят әрі халық пен мемлекеттің біртұтас этикалық ақиқат уақтысымен әдебиетте өз көрінісін тапты. Осының бәрі кеңес әдебиетінің барлық кезеңіне тән болып келді. Осы мәселеге байланысты қазақ совет әдебиетінде шығармалар жазыла бастады. Бұлардың қатарына Ғ. Мүсіреповтің “Амангелді” пьесасын жатқызуға болады.

Қоғамдық-экономикалық жағдаяттар әдебиет пен өнерді түбегейлі өзгерістерге түсіреді, олардың идеологиялық әрі эстетикалық сипаты үстемдік құрған идеологияға қызмет етеді.

Кеңес дәуіріндегі әдебиет пен өнерде де осы картина толығымен көрініс тапты. Барлығына мәлім, кеңес дәуірінде әдебиет жартылай ресми түрде партиямен мемлекеттің идеялогиясының бір бөлігі ретінде саналды әрі шын мәнінде әдебиет мемлекеттің қызметшісіне айналды.

Ғ. Мүсірепов шығармасында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің барлық белгілері қамтылған. Қазақ халқының сан ғасырлық фольклорлық дәстүрі және орыс, европа әдебиетінің үлгілері, барлық классикалық әдебиет жанрларының драматургиямен байланысы қатарласа қамтыла отырып, орыс және европа классиктерінің киносценарий мен операларға арналған либреттолдарының қазақша аударылуы да жаңа туындылар жазылуына үлкен ықпал етті.

Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы жоғарғы көркемдік тақырып деңгейлері, өмір шындығынан туындаған шынайы болмыс кейде партиялық-мемлекеттік идеологиямен астаса отырып өмірді суреттейді. Шығармашылық шындық социалистік реализм әдісімен де қатарласа бейнеленеді: әдебиет ресми идеялогияның қаруы болғандықтан, ғылым да партияға қызмет етті. Сондықтан әдебиетшілер жазушы туындыларынан партияның мүддесін іздеуді өздеріне талап етті. Совет өмірін, еңбекшілердің бейнесін, социалистік қоғамда бақытты өмір сүрген жандардың коммунизмге өту сенімділігін де көрсететін шығармалар жазылуы керек болды.

Ғ. Мүсіреповтің роман мен драма жанрларын зерттеу ол туралы білімді жетілдіру, сондай-ақ этикалық жанрлар саласындағы туындыларын зерттеу түйінді тұжырымдар жасау әлі толық ашыла қойған жоқ. Роман жанрларын зерттеуге деген қызығушылық – өте күрделі әрі көкейкесті. Драматургия және оның поэтикасының теориялық мәселелері соңғы онжылдықтар ішінде елімізде өтіп жатқан қоғамдық-мәдени өзгерістерге байланысты әдебиет теориясының талаптарына сай жанр мәселесі, теориясы, нысаны роман мен драма біртұтас көркем туындының барлық формасының сипатын жаңаша ғылыми зерделеуге нысан болып отыр. Бүгінгі таңда қазақ драматургиясының жетістіктерін жаңа ізденіс пен аса маңызды ғылыми көзқарас тұрғысынан қарастыруды талап етеді. Әрі әдебиеттану тұрғысынан жаңаша бағалану міндетін жүктейді.

Соңғы онжылдықта еліміздің тәуелсіздік алуы, жаңа мемлекет құру, өмірдің барлық саласындағы түбегейлі өзгерістер. Отанымыздың өткен тарихына, халықтық мәдениеттің қайнар бұлағына үңілу, сондай-ақ эпикалық дүниенің барлығына қызығушылықты тудырады. Қоғамдағы үлкен өзгерістерден тарихи романдардың бағы жанады. Л.Н. Толстой “как реакция художника не современность” деп бағалаған еді.

Жаңа қоғам, мемлекет құрылысы, әлемдегі түрлі өзгерістер, ұлттық сана сезімнің әсері сөзсіз жаңа тарихи және әлеуметтік-философиялық романдардың тууына ерекше ықпал етеді.

Ғ. Мүсірепов тұсында совет дәуірінде қазақ әдебиеті үшін балаң кез еді, қоғам адамнан белсенді де іс-әрекеттерді талап еткен болатын. Сондықтан бұл кездері адам рухани қызметке көп көңіл бөле алмады, себебі адам материалдық жағынан өмір сүруі мүмкін емес еді. Қоғамға селқос қарауға, үміт етушілік совет қоғамына жат қылық болып табылады.

Ғ. Мүсірепов шығармаларының кейіпкерлері белсенді де батыл, өжет болып келді, ол тіпті “капиталист” Игілік, революцияға атсалысқан Еркебұлан, өз Отанын қорғаушы Қайрош, халық қамқоршысы батыр Аманкелді... Олар өмірдің талас-тартысында өмір сүргендіктен белсенді де жігерлі еді, онсыз олардың өмірінің мағынасы болмаса керек. Өмірдің қат-қабат тартысындағы қайнаған өмір, әлемдегі оқиғалар тартысын халықтық масштабтағы деңгейде оларға да зор ықпал етті. Әрине, бұл кейіпкерлер бір-бірімен ұқсас та емес, бірақ әрқайсысы автордың әр шығармасының орталық кейіпкері бола отырып, әлемді өзгертуге өз тарапынан саналы түрде ат салысады.

Міне, Қайроштың өмірін алып қаралық. Оның балалық шағынан есейген өмірі күнделікті тұрмыстан басталады. Қайрош өмірі әлемдік әдебиет пен қазақ әдебиетінде бар жеке тұлғаның қалыптасып өсуін көрсетуге арналады. Бұл тек адамның қалыптасып есеюі ғана емес, белсенді азамат ретінде өсуі, әр кезеңде Қайроштың өсуінің өзіндік қыр-сыры, сенімділіктен өмірге аяқ басуы аса маңызды күйде суреттеледі. Қайроштың ірі адами тұлғаға айналуындағы әрбір кезең, әрбір іс-әрекет – бұл кейіпкердің өз тағдыры үшін күресі, өсіп жету жолындағы шынығуы, нағыз адам болып қалыптасудағы бітім-болмысы. Романның алғашқы бетінен-ақ батыл бала Қайрошты көреміз, қорқыныш пен абыржып сасқан ол өзі үшін күреседі, сол үшін ауылдан қалаға жаңа өмір үшін қашып келеді. Сырттай қарағанда бұзаудың жоғалуы қамауға себепкер болғанымен, негізгі себеп – Қарамұртты председатель Ащығали. Бұл туралы Қайрош былай дейді. “Мүмкін менің алдымда сағым теңізіндей құлпырып, алыстан қол бұлғап жаңа бір өмір жатқан шығар. Мүмкін, шарасы шайқалмаған ескі ауылдың ескі өміріне қанағат етпеген бала ойы осындай бір себепті бұрыннан іздеп жүрген шығар... О да мүмкін, бұл да мүмкін... Әйтеуір, қалаға қарай сызып келемін” /5, 131/.

Қайроштың сөзінен біз өз ауылына үстемдік жүргізген Қарамұртты бейнені көреміз. Бұзауды жоғалтқан Қайрош жазадан ғана қашып келе жатқан жоқ, ол жетімдіктен, әділетсіздіктен, жетімдік өмірінен қашып келе жатыр. Бұл қашу – Қарамұрттыға көрсетілген кек. Осы көріністен-ақ ескі мен жаңа тартысы, жас пен егде айқасы, таза бала жалшының қатыгез үлкенге деген ниеті байқалады. “Қазақ солдаты” романы балалық шақтан басталған есейген жанның өмірлік жолын әңгімелейді, ол қалай отырып, өз қадірін арттырады, бұл әрине фольклорлық дәстүрге ден қою деген сөз емес. Керісінше, бұл жерде романның эпикалық табиғаты ашыла түседі. Бұл деген бір жағынан романның эпикалық мәнін бекіту, орнықтыру сияқты. Бұл үрдісті қазақ романының соның ішінде М. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясын қоса есептегенде кездестіруге болады. Роман өзінің ерекше белгілерін жоғалтпайды, қайта ол эпикалық масштабын кеңейте түседі. Ғ.Мүсірепов экстремальды ситуацияларды көп қолданады.

Ғ. Мүсірепов өз кейіпкерлерін әр уақытта өзгеше жағдайларға тап келтіреді. Әр түрлі қиын-қыстау жағдаяттардан шыға білетін өз жолын таба білетін жандар ретінде суреттейді (“Екі тарлан”, Еркебұлан, аналар ...). Сөзсіз, кейіпкерлердің белсенділігі, батылдығы іс-әрекеті романның композициясымен сюжет құру ерекшелігімен бейнелілік пен ырғақ т.б. барлық жанр поэтикасымен сәйкес келіп отырады. Сюжет идеяны ашуға тырысады. Сондықтан кейіпкерлерді тосын жағдайларға тап келтіреді де олар барлық күш-жігерін, білімін соған арнауға тура келтіріп іс-әрекеттерге барғызады. Мына пікір осының айғағы: “сводит и сталкивает его с другими людьми при необычных и неожиданных обстоятельствах именно в целях испытания идеи и человека идеи, то есть “человека в человеке” /6, 177/.

Аса шебер лирик Ғ. Мүсірепов өз кейіпкерлерінің рухани бітім-болмысының мәнін ашуда олардың шындыққа қатысымен, Отан және халыққа адами қарым қатынасымен айқындап отырады. Егер “Оянған өлке” қазақ даласындағы өзгерістерді көрсетсе, “Қазақ солдатындағы” кейіпкерлер Отан азаттығы үшін майдан даласында, Отан алдындағы борышын таза өтеу сезімімен көрінеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Ауезов М. Мысли разных лет. – А-Ата, 1961.

2 Мусрепов Г. Автобиографический рассказ // Г.М. Рассказы разных лет.–А-Ата, 1979.

3 История казахской литературы. В 3-х т. – А-Ата, 1971. – Т. 3. (Глава “Габит Мусрепов”. Автор Адибаев Х.)

4 Мүсірепов Ғ. Шығармалар жинағы. 5 томдық. – А., 1976. – 5 Т.

5 Бахтин М. Проблемы поэтики Достоевского. – М., 1972.

6 Толстой Л.Н. Толстой о литературе. – М., 1955.

 

РЕЗЮМЕ

Статья посвящена рассмотрению художественного мастерства Г. Мусрепова и основные аспекты его драматургии.

 

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада Ғ. Мүсірепов шығармалары мен драматургиясының көркемдік ерекшелігі қарастырылады.

ТӨЛЕН ӘБДІКОВТІҢ «ӘКЕ» ПОВЕСІНДЕГІ АЗАЛАУ ДӘСТҮРІНІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМА ӨЗЕГІНДЕГІ ОРНЫ

Таңжарықова А.В. – ф.ғ.к. (Алматы қ-сы, Абай атындағы ҚазҰПУ)

Көркем туындылардағы марқұмды аттандыру, азалау шараларының ұлттық ұғымға сай өрнектерін Т. Әбдіков сынды қаламгерлер кеңестік әдебиет тұсында да жан-жақты көрсете білген. Науқас адамның көңілін сұрау өмірге үміттендіріп, көңілін аулаудан бастап, жерлеуге дейінгі аралықтағы дәстүрлі рәсімдер жүйесін қаламгерлік шеберлікпен қиюластырған Т. Әбдіковтің «Әке» повесі. Шығармадағы әке жайлы толғаныстар перзент ой-көзқарасымен беріледі. Халі ауырлаған қарт әкені қаумалаған ауыл адамдарының жанашыр пейілі мен ықыласы біраз үміт отын жаққандай болғанмен, науқастың есін жиып, ел-жұртымен араздасуы оқиғаның мұнан арғы өрбуінің кілті.

Ал, әр шығармада әр белесінен көрінер, тағдыр жолы бұралаң бір адамның тіршілік соқпақтарын сабақтастырып жатқан сыршылдық желісін сүйсіне мойындамасқа болмайды. Және әр әңгіме өз алдына басы бүтін дүние ретінде қабылдана береді.

Қартайып, кемел жасына жеткен, сырқат меңдетіп, ата қонысында ақтық демі үзілер сәтін жан сарайымен сезініп үлгерген адамның көз алдынан ат жалына жармасқан естияр шағынан бастап, шырғалаңда сыналған бүкіл ғұмыры өтеді. Өмір естелігін қайта қорытып, адамның өзін-өзі іштей саралайтын бір кезеңі осы. Жаныңның адалдығы мен ақжүрегін ғана жұбаныш еткен, бір пендедей несібемді таттым деп өзіне шүкіршілік жасаған қоңыржай, қарапайым көптің бірі қарап отырса өмір бойы өмір үшін күресіп, сүрініп те, сілкініп те, адасып та, арылып та көрер қиыншылығын көріп, жарық дүниеге сенімінен өз ошағының шырағын жағыпты, өз түндігінің тірегін тауып, елі үшін елеулі іс істей алдым ба деген сауалмен бетпе-бет келеді.

Кешке әкем жиен ағам мен жаны ашиды деп жүрген жамағайын Смағұлды шақыртты. Олар келгеннен кейін, жастығын тіктетіп, көтеріліп отырды.

– Сендердің не ойларың бар, – деді жиен ағама қарап. – Құдай өзі берген жанын өзі алады. Мен ризашылығымды беріп отырған адаммын. Енді маған тек өлімнің абыройы қымбат. Дос бар, дұшпан бар. Барлық сын сендерге түседі. Е-е-е, өлімге қайда барасың десе, «бардың малын шашамын, жоқтың артын ашамын» деген ғой. Сондықтан басқаны қоя тұрып, не істеп, не қою керегін ақылдасқанның артықтығы болмас.

– Ол дұрыс қой, – деді Смағұл ілгері жылжып.

Екі жылқы бар, – деді әкем баяу үнмен сөзін жалғай. – Біреуі – құлынды бие, екіншісі – байтал. Сосын өзім әдейі сақтап жүрген 5-6 ұсақ бар. Байтал мен ұсақтарды сойғандарың дұрыс болар. Ағайынның көңілін көре жатарсыңдар.

Иә, оны көре жатармыз ғой, тіпті кейінге де артықтығы жоқ, – деді жиен ағам күмілжіп /1, 15/.

Мәйітті алып шығар алдында басқа да дәстүрлі әдет-гұрыптар сақталады. Мәселен, киім үлестіру рәсімі. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарына дейін марқұмның киімдерін (аяқ киімі, костюм, плащ, пальто, жейде және т.б., тек шалбар, іш киімі емес) бірінші кезекте, сүйекке түсушілерге берген. Кейде сүйекшілерге дененің қай тұсын жуса, сол тұсының киімдерін берген. Қазір сүйекшілер өз «жұмыстарына» жаңадан сатып алынған киімдер алады (сырт киімдер, жейделер). Ал марқұмның киімдерін туыстары мен жақындарына береді. Берілген «иісі бар» киімді киіп тоздыру керек. Бұны сауап болады деп есептеген. Өйткені киім аяғына дейін киілсе, марқұмға жеңіл болады деп сенеді. Қазақтарда жаңа киім кигенге: «Өзің киіп, өзің тоздыр», – деген тілек айтылады. Бұл сөздің бойында адамға ұзақ гұмыр сүріп, киімін басқа біреудің киюіне тура келмеуіне деген тілеу байқалады.

Әр түрлі аймақтың қазақтарында бұдан басқа жерлеу ғұрыптарында ата жолы (атасының киіті) деп аталатын әр түрлі заттар мен мата қиындыларын тарататын рәсім кездеседі. Бұрын өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін бұл дәстүр жерлеуге катысушы рулардың өкілдеріне бір-бір шапан беруге байланысты шыққан. Қазіргі күнде бұл әдет-ғұрып «шапаны» деген жолмен сатып алынған мата қиындыларынан тұрады. «Ата жолын» сақтаушылардың негізінен тек қазақ тұрғындарынан тұратын ауылдар екенін атай кеткеніміз жөн. Бірақ оны беру отбасының материалдық мүмкіндігіне байланысты.

Сүйекке салатын киімдерді бөлек салдырып қойғанмын. Былтыр Хасеннен келген саптама етік бар, оны да салыңдар. Өткен айда магазиннен алдырып қойған екі пальто, бір плащь бар...

Жетпесе, тағы да магазиннен аламыз ғой, – деді жиен ағам.

Бір айтарым – Айтбай өлгеніндей жұрттан жылу сұраушы болмаңдар. Сандықта 600 сом ақша бар. Жетпей бара жатса, сиырды саларсыңдар.

Жылуы құрысын, – деді Смағұл апама қарап. – Бірақ енді өзіміз қарап қалмаймыз ғой.

– Қамбардағы ұсақтарды қайтесің? – деді апам. Әкем есіне жаңа түскендей ойланып қалды.

– Қамбарда екі қой бар екен ғой, – деді содан кейін. – Оны да алдырарсыңдар.

Жылымды өздерің ақылдасасыңдар, – деді әкем тап бір басқа біреудің жылын өткізгелі отырғандай еш уайымсыз, салмақты үнмен. – Биенің жабағысы да жылға дейін құнан шығады. Соған ана тайын-қосып көріңдер... Әкем, есіне тағы бірдеңе түскендей, жастығының астына қол жүгіртіп, мүйізден күмістеп жасаған шақшасын алып, ойланып отырды да:

– Мә, – деді жиен ағама қарап. – Шақшаны сен алшы...

Жиен ағам шақшаны алып жатып, шыдай алмай жылап жіберді. Менің де алқымыма бір түйіншек келіп қалды. Қалтамнан орамалымды алып, көзімнен сорғалаған жасты сүрте бердім. Әкем қолымен ымдап, мені қасына шақырды. Жанына барып отырдым.

– Қалқам, – деді даусы дірілдеп. – Жылама, қалқам... Жылама. Жармағамбеттен үш қыз, бес ұл туып, содан жалғыз мен қалдым... Ел ортасында, ұрпағының алдында иманын жолдас қылып, дүниеден ризашылықпен аттануды ешқайсысының маңдайына құдай жазбады. Бәрі де көлденең ажалдан кетті... Солармен бірге кетсем, қайсысынан жаным артық еді. Шүкір, заман тыныш, ел аман... Артымда қарасын қалса, құдайдан мені шайтан қыл деп тілемесем, басқа не арман бар… /1, 37/.

Мен басымды көтеріп, әкемнің, аурудан қанша азап шексе де, сабырын жоғалтпаған байсалды жүзіне қарадым. Төніп келген өлімге осыншалық қалтырамай, қорықпай, саналы бәтуәмен қалай қарауға болатындығына таң қалдым.

– Сүйегімді өзіміздің ескі қорымға қойыңдар деген сөзім бар еді... – деді әкем ауыр күрсініп. – Оған енді әуре болып қайтесіңдер... Шалғай жер... Елдің жиналуына қиын болар. Осында-ақ қоя беріңдер... /1, 38/. Өмірден өтер алдындағы аманат киелі саналып, ол міндетті түрде орындалған.

Өмір секілді өлімді де ұзақ процесс деп түсініп өлген адам жанының өзгерісі мен оның мәңгілік мекенге жол шегуі, жетуі, орнығуы туралы түрлі сенімдер мен рәсімдер бөлек жүйе құрайды.

Бұл сенім бойынша денеден шыққан жан белгілі бір уақыт аралығында ғана белгілі бір қалып (форма) иемендене алады. Бұл – өте баяу жүретін процесс.

Аталар аруағына дейінгі жан әлсіз, әрекеті шектеулі деп ұғынылса, аталар аруағы белсенді әрекет пен күш иеленіп, екі түрлі жағдайда көрсетілді: жақын-жуығын қолдап, қамқорлық көрсетеді, я болмаса, өштесіп, залал келтіреді. Мұның барлығы тірілердің оған деген қарым-қатынасының сипатына байланысты деп түсіндірілді.

Ең алдымен, салт бойынша өлім халіне жақындаған жасы келген я сырқат адамның алыс-жақын ағайын-туғандарына хабар беріліп, көзі тірісінде арыздасып, қоштасуға мүмкіндік тудыру, оның соңғы тілегін, тірілерге айтар аманатын естіп қалу парыз саналған. Осы сәттен бастап, адамды о дүниеге жөнелтудің дәстүрлі шарттары қатаң сақталып, бұлжытпай орындалуы қадағаланған. Ең алдымен, иман калималары айтқызылып, жанның тәннен шығуы үшін қолайлы жағдайлар жасалған (аузына су тамызу, жастығын алу, көзін жабу, оқшаулау, т.б.).







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.