Здавалка
Главная | Обратная связь

Репликация. Транскрипция 3 страница



- сабаққа 15 минуттан артық кешіккенде;

- сабақта халатсыз отырғанда;

- альбомы жоқ.

 

АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ:

құзыреттіліктің арифметикалық орта бағасы ретінде бағаланады

1 кезең – тестілеу

2 кезең – тәжірибелік дағдылар

Тәжірибелік дағдыларды бағалау шарттары:

1. Репликация, транскрипция, трансляция, репарация, гендер экспрессиясының реттелуінің және т.б.сызбасын дұрыс сызып түсіндіру.

2.Аллельді және аллельді емес гендердің хромосомада дұрыс орналасуының сызбасын сызып түсіндіру. Тәуелсіз және тіркес тұқым қуалаудың механизмдерін, мутация типтерін және олардың пайда болу механизмдерін көрсету.

3.Аутосомды және гоносомды хромосомалық синдромдардың кариотиптерін жазу және негізгі клиникалық белгілерін көрсету.

4.Шежіре құру және тұқым қуалау типтерін, генотиптерін және ауру балалардың туылу қаупін анықтау.

Коммуникативтік дағды құзыреттілігін бағалау шарттары:

1. Ойын дұрыс құрастыру және өз көзқарасын дәлелдеу.

2. Өз іс-әрекетін және эмоциялық жағдайын талдай алу қабілеттілігі.

3. Көкейкесті сұрақтарды ашық түрде талдауға қабілеттілігі.

 

Аралық бақылау

Баға Білім –тест жүргізу Макс. 100 б. Тәжірибелік дағды Макс. 100 б. Коммуникативтік дағды Макс. 100 б.
90-100 б.   10 дұрыс жауап   1. Студент сызбаны дұрыс сызады, билеттің екі сұрағында түсіндіреді және сипаттайды. 2. Есептерді дұрыс шығарады. 3.Барлық сұраққа терең жауап береді. 4. Дұрыс қорытынды жасайды, түсіндіреді. 1. Студент емтихан алушыға өзінің ойын еркін, дұрыс және нанымды жеткізеді. 2. Ескертулерді дұрыс қабылдайды. 3. Тартыс сұрақтарды талдауға қабілетті.
  80-89 б.     9 дұрыс жауап     1.Студент сызбаны дұрыс сызады, билеттің екі сұрағында түсіндіреді және сипаттайды. 2. Есептерді дұрыс шығарады. 3.Барлық сұраққа жеткілікті жауап береді, бірақ аздаған қателіктермен. 4. Дұрыс қорытынды жасайды, түсіндіреді. 1. Студент емтихан алушыға өзінің ойын еркін, дұрыс және нанымды жеткізеді. 2. Ескертулерді дұрыс қабылдайды. 3. Тартыс сұрақтарды талдауға қабілетті.  
70-79 б. 8 дұрыс жауап   1. Студент сызбаны дұрыс сызады,билеттің екі сұрағында 70-79 %.түсіндіреді және сипаттайды. 2. Есептерді толық шешпейді. 3. Барлық сұраққа жеткіліксіз жауап береді. 1. Студент өзінің ойын емтихан алушының бағыттық сұрақтарынан кейін жеткізе алады. 2. Ескертулерді дұрыс қабылдайды. 3. Тартыс сұрақтарды талдауға дайын емес.  
60-69 б. 7 дұрыс жауап     1. Студент сызбаны толық сызабайды,билеттің екі сұрағын да түсндіреді және сипаттайды. 2. Есептерді толық шешпейді. 3. Барлық сұраққа жеткіліксіз жауап береді. 4.Оқытушының бағыттық сұрақтарынан кейін дұрыс қорытынды жасайды, түсіндіреді. 1. Студент өзінің ойын нашар құрастырады. 2. Ескертулерді дұрыс қабылдамайды. 3. Тартыс сұрақтарды талдауға дайын емес.  
50-59 б. 6 дұрыс жауап     1. Студент сызбаны толық сызабайды,билеттің екі сұрағында 50-59% түсндіреді және сипаттайды. 2. Есептерді толық шешпейді. 3. Барлық сұраққа жеткіліксіз жауап береді. 4. Дұрыс қорытынды жасалынбады, оқытушының бағыттық сұрақтарынан кейін қорытындыны түсіндіреді. 1. Студент өзінің ойын нашар құрастырады. 2. Жіберген қателіктерінің мәнін түсінбейді, ескертулерді дұрыс қабылдайды. 3. Тартыс сұрақтарды талдауға дайын емес.
40-49 б. 5 дұрыс жауап   1. Студент сызбаны сызады, билеттің екі сұрағын да түсндірмеді және сипаттамады. 2. Есепті қателіктермен шығарады. 3. Бір сұраққа ғана жауап береді. 1.Студент өзінің ойын нашар құрастырады. 2. Жіберген қателіктерінің мәнін түсінбейді, ескертулерді дұрыс қабылдай алмайды. 3. Тартыс сұрақтарды талдауға дайын емес.
30-39 б. 4 дұрыс жауап   1. Студент сызбаны қателіктермен сызады, билеттің екі сұрағында түсіндірмеді және сипаттамады. 2. Есепті қателіктермен шығарады. 3. Барлық сұрақтарға да жауап жоқ. Студенттің коммуникативтік дағдыға қабілеттілігі төмен.
20-29 б. 3 дұрыс жауап   1. Студент сызбаны сызбады, билеттің екі сұрағында түсіндірмеді және сипаттамады. 2. Есепті қателіктермен шығарады. 3.Барлық сұрақтарға да жауап жоқ. Коммуникативтік дағды дамымаған.
10-19 б. 2 дұрыс жауап     1. Студент сызбаны сызбады,билеттің екі сұрағында түсіндірмеді және сипаттамады. 2. Есептер шығарылмады. 3.Барлық сұрақтарға да жауап жоқ. Коммуникативтік дағды дамымаған.
9-0 б. 0-1 дұрыс жауап Студент жауап беруден бас тартты. Альбомы жоқ. Коммуникативтік дағды дамымаған.
Бж Аралық бақылауда болмады. Аралық бақылауда болмады. Аралық бақылауда болмады.

 

3. СӨЖ – барлығы 100 балл, бұл 100% -ке сәйкес келеді.

СӨЖ әрбір түрінің бағалау шарттары СӨЖ-дің әдістемелік нұсқауларында беріледі.

 

3.1. Реферат

Баға Реферат мазмұның тақырыбына және қойылған міндеттерге сәйкестігі Тақырыпты ашу және логикалық толықтығы   Материалды қорыту, қорытынды жасау   Ақпарат көздерімен жұмыс жасау қабілеті   Реферат бойынша сұрақтарға жауап беру қабілеті   Рәсімдеу талаптарына сәйкестігі  
90-100 б. Реферат мазмұны толығымен тақырыпқа және қойылған міндетке сәйкес келеді Тақырып мазмұны толығымен ашылған, материал сауатты жазылған, бағдарламада қарастырылған арнаулы терминология мен символдардың логикалық жүйелігін сақтай отырып теориялық ережелерді дәлелдейтін сапалы иллюстрациялар (кесте, сұлба, сызба) бар Материалға шолу жасалынған, нақты анық және қорытынды бар Заманауи ақпарат көздері жеткілікті мөлшерде пайдаланылған, библиографиялық сілтемелер сауатты берілген Студент тақырып материалдарын еркін игерген, қойылған сұрақтардың барлығына негізді әрі дұрыс жауап береді Рефератты рәсімдеу толығымен кафедра қойған талаптарға толығымен сәйкес келеді  
80-89 б. Реферат мазмұны толығымен тақырыпқа және қойылған міндетке сәйкес келеді Тақырып мазмұны толығымен ашылған, материал бағдарламада қарастырылған көлемді қамтиды, логикалық жүйелігінде аздаған кемшіліктер бар, теориялық ережелерді дәлелдейтін сапалы иллюстрациялар (кесте, сұлба, сызба) бар Материалға шолу жасалынған, дұрыс қорытынды бар Заманауи ақпарат көздері пайдаланылған, библиографиялық сілтемелер сауатты берілген Студент тақырып материалдарын жақсы игерген, қойылған сұрақтарға әрі дұрыс жауап береді Рефератты рәсімдеу кафедра қойған талаптарға толығымен сәйкес келеді  
70-79 б. Реферат мазмұны толығымен тақырыпқа және қойылған міндетке сәйкес келеді Тақырып мазмұны толығымен ашылған, материал бағдарламада қарастырылған көлемді қамтиды, логикалық жүйелігінде аздаған кемшіліктер бар сақталынған, теориялық ережелерді дәлелдейтін сапалы иллюстрациялар (кесте, сызба) бар Материалға шолу жасалынған, қорытынды нақты емес жасалынған Заманауи ақпарат көздері берілген Студент тақырып материалдарын игерген, қойылған сұрақтарға әрі дұрыс жауап береді Рефератты рәсімдеу кафедра қойған талаптарға толығымен сәйкес келеді  
60-69 б. Реферат мазмұны тақырыпқа және қойылған міндетке сәйкестілігі толық емес Тақырып мазмұны толығымен ашылмаған, иллюстрациялар кестелер, сызбалар ақпараттылығы аз Материалға шолу жасалынған, қорытынды нақты емес қателіктермен жасалынған Ақпарат көздері аз пайдаланылған, көбі ескірген Студент тақырып материалдарын нашар игерген, жеңіл сұрақтарға жауап береді Рефератты рәсімдеу кафедра қойған талаптарға сәйкес келемейді  
50-59 б.   Реферат мазмұны тақырыпқа және қойылған міндетке сәйкестілігі толық емес Тақырып мазмұны толығымен ашылмаған, иллюстрациялар кестелер, сызбалар ақпараттылығы аз, сапасы төмен Материалға шолу жасалынбаған, қорытынды жоқ Ақпарат көздері берілмеген Студент тақырып материалдарын нашар игерген, тек оңай сұрақтарға жауап береді Рефератты рәсімдеу кафедра қойған талаптарға сәйкес келемейді  
0 б. Реферат жоқ

 

2. Презентация

Баға Тақырыпты ашудың толықтығы мен логикалығы   Ақпарат көзімен жұмыс жасау қабілеті Материалды қорыту, қорытынды жасау қабілеті   Презентацияны ұсыну және сұраққа жауап беру қабілеті   Рәсімдеу талаптарына сәйкестігі  
90-100 б. Презентация мазмұны тақырып пен қойылған міндеттерге сай. Тақырып толығымен ашылды, слайдтар арнаулы терминология мен символдарды орынды қолданып логикалық тізбек бойынша құрастырылған. Слайд мәтіні мәнді, идеялар нақты түсіндірілген, құрылымдық формада қысқа түсіндірілген   Заманауи ақпарат көздері жеткілікті мөлшерде қолданылған, библиографиялық сілтемелер сауатты берілген   Материал қорытылған, нақты әрі түсінікті қорытынды жасалынған Студент презентация материалдарын еркін игерген, ғылыми терминдерді пайдалана отырып анық, нақты ретімен баяндайды. Қойылған сұрақтардың барлығынада өз ұстанымын ұстайды,сынды дұрыс қабылдайды Слайдты рәсімдеу толығымен кафедра қойған талаптарға толығымен сәйкес келеді.Титульдік слайд   атуы,презентация жоспарымен пайдаланған әдебиеттер тізімі және интернет көздері көрсетілген барлық слайдтар көркемделген, мәтіні шағын, сауатты әзірленген. Слайд мәтіні аудиторияның кез келген бұрышынан анық көрінеді
80-89 б. Презентация мазмұны тақырып пен қойылған міндеттерге сай. Тақырып толығымен ашылды, слайдтар арнаулы терминология мен символдарды орынды қолданып логикалық тізбек бойынша құрастырылған. Слайд мәтіні мазмұнды, идеялар нақты түсіндірілген, құрылымдық формада қысқа түсіндірілген   Заманауи ақпарат көздері жеткілікті мөлшерде қолданылған, библиографиялық сілтемелер сауатты берілген Материал қорытылған, нақты әрі түсінікті қорытынды жасалынған Студент презентация материалдарын еркін игерген, еркін баяндай алады, сұрақтарға дұрыс жауап береді Слайдты рәсімдеу кафедра қойған талаптарға толығымен сәйкес келеді  
70-79 б. Презентация мазмұны тақырып пен қойылған міндеттерге сай. Тақырып толығымен ашылмады, слайдтардың логикалық реті сақталынбаған Заманауи негізгі ақпараттық көздері қолданылған Материал қорытындысы толық емес қателіктермен жасалынған Студент презентация материалдарын игерген, баяндай алады, берілген сұрақтардың көбіне дұрыс жауап береді Слайдты рәсімдеу барысында аздаған қателіктері бар
60-69 б. Тақырып толығымен ашылмады, слайдтардың логикалық реті сақталынбаған, слайдтар мәтінмен толтырылған Ақпарат көздері аз пайдаланылған, көбі ескірген Материал қорытындыланбаған, қорытындыда қателіктер бар Студент презентация материалдарын игермеген, баяндау барысында презентация мәтінін оқып береді, берілген сұрақтардың көбіне жауап бере алмайды Слайдтар көркемділігі әртүрлі стилде қателіктермен жасалынған
50-59 б. Тақырып ашылмады Ақпарат көздері ретінде тек интернет ресурстары ғана пайдаланылған Материал қорытындыланбаған, қорытынды жоқ Студент презентация материалдарын нашар игерген, берілген сұрақтарға қиналып жауап береді Слайдтар көркемділігі қойылған талаптарға сай емес
0 б. Презентация жоқ

 

3. Глоссарий

Баға Берілген тақырып бойынша әдебиет көздермен танысу және ақпаратты өңдеу. Глоссарий құрастыру Глоссарийді рәсімдеу
90-100 б. Тапсырылған тақырыпқа ұсынылған әдебиеттер тізімі бойынша оқулықтарды (негізгі және қосымша) оқыған және өңдеген. Өзге де заманауи ақпарат көздері пайдаланылған, оның ішінде отандық және шетелдік ақпарат көздері де бар. Глоссарий соңында ақпарат көздерінің тізімі дұрыс рәсімделген Таңдалынған және студент өз бетімен таңдаған барлық терминдер тақырыпқа толығымен сәйкес келеді, мазмұнды түгел қамтыған Глоссарийді рәсімдеу талаптарға толығымен сәйкес: 50 астам терминдер дұрыс таңдалынған (тақырыпқа сай); қысқа, нақты, түсінікті, қосымша түсініктемелерсіз, анықтама 2-3 сөйлемнен тұрады; терминдер сауатты, нақты мағынасы заманауи түсінікке сәйкес жасалынған; қабылдау мен түсінуді жақсарту қажет болғанда кейбір терминдер иллюстрация түрінде беру
80 - 89 б. Тапсырылған тақырыпқа ұсынылған әдебиеттер тізімі бойынша оқулықтарды (негізгі және қосымша) оқыған және өңдеген. Глоссарий соңында ақпарат көздерінің тізімі дұрыс рәсімделген. Таңдалынған және студент өз бетімен таңдаған барлық терминдер тақырыпқа толығымен сәйкес келеді, мазмұнды түгел қамтыған Глоссарийді рәсімдеу талаптарға сәйкес келеді, аздаған қателіктермен нақты емес, кейбір терминдер түсініктемесінің көлемі көп және артық түсіндірме сөздер кездеседі  
70 – 79 б. Тапсырылған тақырыпқа ұсынылған әдебиеттер тізімі бойынша оқулықтарды (негізгі және қосымша) оқыған және өңдеген. Глоссарий соңында ақпарат көздерінің тізімі рәсімделген. Таңдалынған барлық терминдер тақырыпқа толығымен сәйкес келемейді, мазмұнды түгел қамтымаған Көптеген терминдер заманауи түсініктемелерге сай емес,грамматикалық қателіктермен жасалынған  
60-69 б. Тапсырылған тақырыпқа ұсынылған әдебиеттер тізімі бойынша оқулықтарды (негізгі және қосымша) оқыған және өңдеген. Таңдалынған терминдер тақырып мазмұнын түгел қамтымаған Глоссариды рәсімдеу барысында қателіктер көп
50-59 б. Ақпарат көздерінің тізімі жоқ Таңдалынған терминдер тақырып мазмұнын 50 % қамтыған Глоссариды рәсімдеу барысына қойылған талаптарға сай емес
0 б. Глоссарий жоқ

 

Баға жіктелуінің шкаласы

 

Әріп жүйесі бойынша бағалау: Баллдардың сандық эквиваленті Пайыздық құрамы % Дәстүрлі жүйемен бағалау
А 4,0 95-100   ҮЗДІК
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89   ЖАҚСЫ
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74     ОРТАША
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ

Кеңестер және емтихандар уақыты:

Кеңесті оқытушылар кестеге сай СОЖӨЖ уақытында өткізіледі.

Емтихандар кестеге сай циклды өткеннен кейін жүргізіледі.

 

 

ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА МАМАНДЫҒЫ

МолекулАЛЫҚ биологиЯ ЖӘНЕ

ГенетикА кафедраСы

 

ДӘРІСТІК КЕШЕН

КУРС

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА ПӘНІ

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: кафедра оқытушылары

АЛМАТЫ, 2014 жыл

 

Кафедра отырысында талқыланып бекітілді, «24» мамыр 2014 ж., хаттама № 16 .

 

 

Кафедра меңгерушісі, профессор Куандыков Е. У.

 

 

1-дәріс

 

1. Тақырыбы: Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері. Нуклеин қышқылдары. Геннің молекулалық биологиясы

2. Мақсаты: студенттерде ағза қызметінің негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері, тұқым қуалау материалының құрылысы,қызметі мен құрылымдарының молекулалық деңгейі (ДНҚ).Геннің құрылысы және қызметі жайлы заманауи көзқарастарды қалыптастыру.

3. Дәріс тезистері:

3.1. Молекулалық биология және генетиканың медицинадағы рөлі және маңызы.

3.2. Нуклеин қышқылдары – жіктелуі, құрылысы, қызметі.

3.3. Геннің анықтамасы, жіктелуі.

3.4. Про- және эукариот гендерінің құрылысы. Геннің реттеуші және кодталатын суббірліктері, құрылысы, қызметі.

3.5. Реттеуші қатарлар, қызметі.

3.6. Кодтаушы қатарлар (кодондар), қызметі.

3.7. Эукариот гендерінің экзон – интрондық құрылысы.

3.8. Мутон, рекон, цистрон жайлы түсініктер.

 

Молекулалық биология және генетика тірі ағзалардың генетикалық материалының (ДНҚ) құрылымы мен қызметін молекулалық, гендік, геномдық, хромосомдық және популяциялық деңгейде зерттейді.

Молекулалық биология – биология ғылымының алдыңғы қатарлы, ең бір қарқынды дамып келе жатқан ғылымдарының бірі.

Тірі ағзалардың барлық жасушаларындағы тұқым қуалау материалын тасымалдаушы нуклеин қышқылдары (НҚ) болып табылады. Бұлар молекулалық массасы өте үлкен күрделі биополимерлер. НҚ монөмерлері нуклеотидтер болып табылатындықтан да НҚ полинуклеотидтік тізбек түзеді. Әрбір нуклеотидтің құрамына: бес көміртекті моносахарид (пентоза), фосфор қышқылының қалдығы және азотты негіздер аденин (А), тимин (Т), гуанин (Г), цитозин (Ц), урацил (У) кіреді. Екі азоттық негіздер пуриндер (А және Г), ал үшеуі (Т,У, және Ц) пиримидиндер класына жатады.

Фосфор қышқылының қалдығы пентозаның 3′-көміртегімен, ал азоттық негіздер көміртегінің 1′ атомымен байланысады. Нуклеотидтер бір-бірімен тізбектеліп бір нуклеотидтің фосфорлық тобы екінші бір нуклеотидтің дезоксирибозасымен ковалентті байланысады. Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі жағынан ажыратылатын екі түрі бар: ДНҚ және РНҚ.

Молекулалық-биологиялық көзқарас бойынша, ген реттеуші және кодтаушы бөлімдерден тұратын ақуыз өнімі - полипептид синтезін бақылайтын құрылысы күрделі ДНК бөлігі болып табылады. Геннің бойында бір полипептидтік тізбектің синтезін бақылайтын және көптеген мутация және рекомбинация (мутон және рекон) сайттарынан тұратын бірнеше функционалдық бірлік – цистрон болады.

Геннің кодталатын бөлігінің функционалдық белсенділігіне әсер ететін реттеуші гендер қатары, эукариоттарда кодталмайтын (интрондар) және мағыналы қатарлар (экзондар) болады.

Гендер құрылымдық және реттеуші деп ажыратады. Құрылымдық гендер құрылымдық ақуыздар мен ферменттердің синтезін бақылайды. Реттеуші гендер құрылымдық гендердің белсенділігіне әсер ететін ақуыздардың синтезін бақылайды.

 

4. Көрнекілік материал:1-мультимедиялық дәріс, тақырып бойынша бейнефильмдер.

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

5.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. 638 с.

5.2. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003. 446 с.

5.3. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықовтың ред. Алматы, 2004. 427 б.

5.4. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы).

Алматы: Эверо 2008. 224 б.

5.5. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы,

2006.

5.6. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002.

5.7. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. 320 б.

5.8. Муминов Т.А., Куандыков Е.У. Основы молекулярной биологии (курс лекций). Алматы: Эверо, 2009. 208 с.

5.9. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. 544 с.

5.10. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. М., 2003. 272 с.

5.11. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

Қосымша:

5.12. Введение в молекулярную медицину. Под ред. Пальцева М.А. М., 2004.

5.13. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад.РАМН Н. П. Бочкова. М.,ГЭОТАР-Медиа, 2010. 620 с.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.