Здавалка
Главная | Обратная связь

Репликация. Транскрипция 8 страница



Қосымша:

6.10. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. М., 2003. 11-14 б.

6.11. Щипков В.П., Кривошеина Г.Н. Общая и медицинская генетика. М., 2003. 7-11 б.

6.12. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под. ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. С. 19-20.

 

7. Бақылау:

7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:

7.1.1. Тақырып сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

7.1.2. Тест бақылау – 4 нұсқа 10 сұрақтан.

.

7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:

7.2.1. Нуклеотидтің құрылысының сызбасын сызу және түсіндіру.

 

7.2.2. РНҚ мен ДНҚ молекуласының сызбасының бөліктеріне нуклеотидтерді құрайтын қосылыстарының алғашқы әріптерін қойыңыз:

А-аденин, Г-гуанин, Ц-цитозин, Т-тимин, У-урацил, Ф-фосфат, Р-рибоза, Д-дезоксирибоза. Сызбада белгілеңіз: нуклеотидті, триплетті, фосфо-диэфирлі және сутекті байланыстарды.

РНҚ молекуласының құрылысының сызбасы


ДНК молекуласының құрылысының сызбасы

       
   


7.2.3. Кесте толтыру:

ДНҚ және РНҚ-ның салыстырмалы сипаттамасы

 

Белгілері ДНҚ РНҚ
Макромолекуланың құрылысы    
Монөмерлері    
Нуклеотидтертің құрамы    
Қасиеттері    
Жасушадағы орны    
Қызметі    

 

7.2.4. Нуклеотидтердің жалпы санының ішінен ДНҚ молекуласында тиминдік нуклеотидтері16% тұрады. Қалған түрлі нуклеотидтердің санын (пайызбен) анықтаңыз.

 

7.2.5. Прокариот және эукариот генінің құрылысының сызбасын сызу және қызметтерін түсіндіру.

 

7.2.6. Про- және эукариотты гендерінің реттеуші қатарлар жүйесінің қызметіне кесте толтыру.

.

Түрлері Қызметі Эукариоттар Прокариоттар
1. Промоторлар      
  -35 қатарлар      
  Прибнов-бокс      
  Голдберга-Хогнесс боксы немесе ТАТА-бокс      
  ЦААТ-бокс      
  ГЦ-бокс      
2. Операторлар      
3. Транскрипцияның басталу нүктесі немесе «О» сайты      
4. Энхансерлер      
5. Сайленсерлер      
6. Аттенуаторлар      

 

7.3. Бақылау сұрақтары :

7.3.1. ДНҚ-ның тұқымқуалаушылықтың негізгі материалы ретіндегі рөлін алғаш рет кім

және қалай дәлелдеді?

7.3.2. ДНҚ–ның РНҚ құрылысынан қалай ажыратылады? ДНҚ қызметтері қандай?

7.3.3. а-РНҚ, р-РНҚ және т-РНҚ қызметтері қандай?

7.3.4. Прокариоттар және эукариоттар ген құрылысының ерекшеліктері.

7.3.5. Кодтаушы және реттеуші қатарлар, анықтамасы, қызметтері.

7.3.6. Неліктен ХХІ ғасыр медицинасын молекулалық медицина деп атайды ?

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Молекулалық биология -нуклеин қышқылдарының қызметі мен құрылысын зерттейтін биология бөлімі Молекулярная биология – часть биологии, изучающая строение и функции нуклеиновых кислот Molecular biology – part of biology studying structure and functions of nucleic acids.
Нуклеин қышқылдары– тұқым қуалау ақпаратын іске асыратын және генетикалық ақпаратты тасымалдау рөлін атқаратын, полинуклеотидтер Нуклеиновые кислоты – полинуклеотиды, выполняющие роль носителей генетической информации и участвующие в реализации наследственной информации Nucleic acids – polinucleotides, carriers of genetic information taking part in realization of genetic information
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – тұқым қуалау ақпаратын тасымалдайтын, антипараллельді, комплементарлы құрылысындағы 4 азотты негіздері: аденин, гуанин, тимин, цитозин өзара сутекті байланыспен (А-Т, Ц-Г) байланысқан қос тізбек Дезоксирибонуклеиновая кислота (ДНК) –cтруктура, состоящая из двух антипараллельных, комплементарных цепей, состояшая из 4 азотистых оснований: аденин, гуанин, тимин, цитозин, связанных между собой водородными связями (А-Т, Г-Ц), носитель наследственной информации   Desoxyribonucleic acid (DNA) – structure, consisting from two antiparallel, complementary chains, including 4 nitrogenic bases; adenin, guanin, thymin, cytosin connecting with hydrogen bonds (A-T, G-C), carrier of genetic information
Рибонуклеин қышқылдары –тұқым қуалау ақпаратының іске асырылуына қатысатын, құрылысы төрт азотты негіздерден: аденин, гуанин, урацил, цитозиннен тұратын бір тізбекті нуклеин қышқылы Рибонуклеиновые кислоты (РНК) –структуры, состояшие из одной цепи, включающей 4 азотистых основания: аденин, гуанин, урацил, цитозин; участвуют в процессе реализации наследственной информации Ribоnucleic acids (RNA) – structures, consisting from four single chains, including 4 nitrogenic bases: adenin, guanin, uracil, cytosin: taking part in process of realization of genetic information
Нуклеотидтер – азотты негіз, қант және фосфор қышқылының қалдығынан тұратын нуклеин қышқылдарының монөмерлері Нуклеотид – монөмеры нуклеиновых кислот, состоящие из азотистого основания, сахара и остатков фосфорной кислоты Nucleotide– monomers of nucleic acids, consisting from four nitrogenic bases, sugar and phosphoric acid
Ген –бір белгінің дамуын бақылайтын, тұқымқуалаушылықтың құрылымдық-функциональдық бірлігі; бір полипептидтік тізбектің (ақуыз молекуласы) синтезін бақылайтын ДНҚ молекуласының кесіндісі Ген -структурно-функциональная единица наследственности, контролирующая развитие одного признака; отрезок молекулы ДНК, контролирующий синтез одной полипептидной цепи (молекулы белка)   Gene – structural and functional unit of heredity, which controls the development of one of trait; segment of DNA that controls the synthesis of a single polypeptide chain (protein molecules)
Промотор –РНК-полимеразамен байланысып, геннің транскрипциясын бастайтын геннің (ДНК молекуласының) құрамындағы реттеуші геннің ( нуклеотидтердің) арнайы қатары Промоторы – специфическая регуляторная последовательность (нуклеотидов) гена (молекулы ДНК) с которой связывается РНК – полимераза для его последующей транскрипции Promoters – specific regulatory sequence (nucleotides) of gene (DNA molecule) which binds to RNA-polymerase for subsequent transcription
Оператор –геннің реттеуші бөлігінде орналасқан, геннің белсенділігін (транскрипциясын) реттейтін арнайы нуклеотидтер қатары Оператор – специфическая последовательность нуклеотидов в регуляторной части гена, регулирующая активность (транскрипцию) гена Operator– specific sequence of nucleotides in the regulatory part of gene that regulates the activity (transcription ) of gene
Энхансерлер –арнайы транскрипциялық факторларымен байланысу арқылы гендер транскрипциясының үдерісін жылдамдататын реттеуші қатарлары Энхансеры -регуляторные последовательности, ускоряющие процесс транскрипции генов путем взаимодействия со специфическими факторами транскрипции Enhancers – regulatory sequence accelerating process of gene transcription by interacting with specific transcription factors
Құрылымдық гендер –құрылымдық ақуыздар мен ферменттер синтезін бақылайтын гендер Структурные гены – гены,контролирующие синтез структурных белков и ферментов Structural genes – genes controlling synthesis of structural proteins and enzymes

Құрастырушы: Аға оқыт. И.К. Нурпеисова

 

 

9-тәжірибелік сабақ

1. Тақырыбы: Прокариот және эукариот гендерінің транскрипциясы

2. Мақсаты: студенттерде прокариот және эукариоттардыңтранскрипция деңгейіндегі тұқым қуалау ақпаратының іске асырылуының молекулалық механизмі жайлы білімдерін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

- студенттерде транскрипцияның маңызы туралы білім қалыптастыру;

- транскрипцияның әр кезеңінің молекулалық механизмі мен маңызын оқыту;

- транскрипция үдерісіне қатысатын негізгі ферменттердің рөлін оқыту;

- прокариот және эукариотағзаларындағы транскрипцияның ерекшелігін түсіну және оқыту;

- тірі ағзаның тіршілігін қамтамасыз етудегі транскрипция рөлін оқыту.

- эукариот организміндегі а-РНҚ-ң процессингі мен сплайсингының маңызын түсіну және үйрену;

- патологиялық үрдістерде (ауруларда) транскрипцияның бұзылуының маңызын түсіну және үйрену.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

4.1. Транскрипция, анықтамасы, кезеңдері.

4.2. а-РНҚ синтезделуіндегі матрицалық принцип, репликациядан транскрипцияның

айырмашылығы.

4.3. Транскрипция үдерісіне қатысатын ферменттер.

4.4. Прокариот және эукариотгендеріндегі транскрипцияның механизмі:

1) инициация

2) элонгация

3) терминация.

5. Оқыту әдістері:студенттердің сабақтың мәнін, мақсатын және міндеттерін; түсінгенін қысқа, анық, ойын жүйелі жеткізу және түсінген материалын сызба нұсқа, кесте, сурет түрінде көрсету; тест қателіктерімен топпен жұмыс; есептер шығаруды көрсету және түсіндіру, сызбалар толтыруға бағыттай отырып ауызша сұрау; тақырып бойынша бейнефильмдер көру, Интерактивті оқыту тәсілі - рөлдік ойын (сценариі 2-ші қосымшада).

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. б. 54, 201-210.

6.2. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003. б. 35-46.

6.3. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. б. 85-148.

6.4. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2008. б.40-62.

6.5. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықовтың ред. Алматы, 2004. б. 30-43.

6.6. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012.

 

Қосымша:

6.7. Коничев А.С., Севастьянова Г.А. Молекулярная биология. М., 2005. б. 243-295.

6.8. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск, Сиб.унив. изд-во, 2007. С. 123-126, 172-196.

6.9. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р. Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова. М., ГЭОТАР-Медиа, 2010.

 

7. Бақылау

7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:

7.1.1. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

7.1.2. Тест бақылау – 10 сұрақтан 3 нұсқа.

7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:

7.2.1.Транскрипция үдерісінің кезеңдерінің сызбасын сызу және транскрипцияға қатысатын ферменттерді сипаттау.

 

7.2.2. Есеп шығару. РНҚ молекуласының нуклеотидтік қатары берілген. ДНҚ молекуласының матрицалық және кодтаушы тізбегін ажыратыңыз. ДНҚ мен РНҚ молекуласының 5'-3' ұшын табыңыз.

а-РНҚ 7 met- G-AUGUUUCUACACACGGUAGACGCCGGCUGGCGAUAG – (A)

 

7.2.3. Есеп шығару. ДНҚ молекуласының матрицалық тізбегінің нуклеотидтік қатары берілген, а-РНҚ молекуласының құрылысын анықтаңыз. РНҚ молекуласының 5'-3' ұшын көрсетіңіз.

ДНҚ 5' ATGGACGAAAATCCGGATCGCCAAGGTATTTTGA3'

 

7.2.4. Альтернативті сплайсингтің мүмкін болатын нұсқа қатарының сызбасын жасау (Қуандықов Е.Ө. , Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері, б.60, сурет 36);

 

7.2.5. Суреттегі геннен А, В, С ақуызының мүмкін нұсқасын жасаңыз :

 

Э1 Э2 Э3 Э4 Э5 Э6 Э7 Т

 

7.2.6. а-РНК процессингінің механизмін сызу және түсіндіру.

7.3. Бақылау сұрақтары:

7.3.1. Тірі ағзалардың (жасушалардың) тіршілігіндегі транскрипцияның рөлі мен маңызы.

7.3.2. Эукариот гендеріндегі транскрипция.

7.3.3. Транскрипциялық факторлардың маңызы.

7.3.4. Эукариоттардағы ядролық а-РНҚ посттранскрипциялық модификациясы. Ядролық РНҚ-ның пісіп жетілуі (процессинг). Сплайсинг.

7.3.5. Альтернативті сплайсинг, генетикалық маңызы.

7.3.6.Адамның тұқым қуалайтын патологиялық аурулардың дамуындағы транскрипцияның бұзылуының рөлін түсіну.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Транскрипция – тұқым қуалау ақпаратының ДНҚ-дан а-РНҚ-ға көшірілу үдерісі Транскрипция – процесс переписывания генетической информации с ДНК на и-РНК Тranscription - process of rewriting of genetic information from DNA to RNA
РНҚ полимераза - а-РНҚ молекуласын ситездейтін фермент РНК-полимераза — фермент, осуществляющий синтез молекул и - РНК RNA-polymerase -enzyme taking part on synthesis of m-RNA molecules
Прибнов-бокс –промотор құрамындағы реттеуші қатар Прибнов-бокс –регуляторная последовательность в составе промотора Pribnov-box –regulatorysequence inside of promotоr
Транскриптомика– гендердің экспрессиясын (транскрипциясын) және ядролық а-РНҚ пісіп жетілу үдерістерін зерттейтін геномиканың бір бағыты Транскриптомика – одно из направлений геномики, изучающее экспрессию (транскрипцию) генов и процессы созревания ядерных и – РНК Transcriptomics – science studying gene expression and processing  
Транскриптосома – жалпы транскрипциялық факторлар (50 дейін) және РНҚ–полимераза кешені Транскриптосома – комплекс общих факторов транскрипции (до 50) и РНК-полимеразы Transcriptosoma – complex structure consisting from general factors of transcription and RNA- polymerase
Процессинг – алғашқы ядролық эукариотты а–РНҚ пісіп– жетілуі үдерісі Процессинг – процесс созревания первичной ядерной эукариотической и-РНК Processing –process of maturation of primary eukaryotic m-RNA
Сплайсинг –жетілгенэукариотты а–РНҚға экзондардың тігілу үдерісі Сплайсинг –процесс сшивания экзонов в зрелой эукариотической и-РНК Splicing –process of joining of exons in mature eukaryotic m-RNA
Альтернативный сплайсинг – жетілгенэукариотты а–РНҚ–ға экзондардың әртүрлі үйлесімде тігілу үдерісі Альтернативный сплайсинг –процесс сшивания экзонов в различной комбинации в зрелой эукариотической и-РНК Alternative splicing –process of joining of exons in various combinations during processing of m-RNA
Интрон –ақуыз биосинтезіне қатыспайтын, ядролық а–РНҚ–ның пісіп жетілу үдерісінде қырқылып және алынылып тасталынатын нуклеотидтер қатары Интрон –последовательность нуклеотидов, вырезаемая и удаляемая в процессе созревания ядерной и-РНК, не принимает участие в биосинтезе белка Intron –sequence of nucleotides cutting and removing during processing of nucleic m-RNA, doesn’t take part in translation
Экзон – ақуыз биосинтезіне қатысатын, жетілгена–РНҚ қалып қоятын нуклеотидтер қатары Экзон –последовательность нуклеотидов, остающаяся в зрелой и-РНК и принимающая участие в биосинтезе белка Exon –sequence of nucleotides remaining in mature m-RNA and taking part in translation

 

 

Құрастырушы: оқыт. Какишева Г.Т.

 

10-тәжірибелік сабақ

1. Тақырыбы: Прокариоттар және эукариоттар гендері экспрессиясының реттелуі

2. Мақсаты: Студенттерде гендер экспрессиясының мәні, гендер белсенділігінің реттелуінің молекулалық механизмдері және гендер экспрессиясының бұзылуында патологиялық жағдайлардың дамуы мен пайда болу рөлі жайлы білімін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

- студенттерде гендер белсенділігінің реттелуінің мәні жайлы түсінігін және білімін

қалыптастыру

- гендер белсенділігінің реттелуінің молекулалық механизмін білу

- про- және эукариоттық гендер белсенділігінің ерекшелігін білу

- ағзалар тіршілігінде фундаменталдық процессте әр түрлі гендер белсенділігінің рөлін білу:

онтогенез, морфогенез, гистогенез

- студенттерде тірі ағза мен жасушаларда гендер белсенділігінің реттелуінің бұзылуына

байланысты патологиялық өзгерістердің пайда болу маңызы жайлы түсінікті қалыптастыру

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

4.1. Гендер белсенділігінің реттелуі, анықтамасы, маңызы, тірі ағзалардың (жасуша) тіршілігіндегі мәні.

4.2. Прокариот гендер белсенділігінің реттелуінің оперондық моделі.

4.3. Гендер белсенділігінің реттелуінің типтері (негативті және позитивті, репрессибелді).

4.4. Гендер белсенділігінің реттелуінің деңгейлері, сипаттамалары:

- геномдық деңгейде

- транскрипциялық деңгейде

- посттранскрипциялық деңгейде

- трансляциялық деңгейде

- посттрансляциялық деңгейде

4.5. Эукариоттар гендерінің белсенділігінің реттелуінің ерекшеліктері.

4.6. Гендер белсенділігінің реттелуінің бұзылуы және оның патологиялық процестермен байланысы.

 

5. Оқыту әдістері:студенттердің сабақтың мәнін, мақсатын және міндеттерін; түсінгенін қысқа, анық, ойын жүйелі жеткізу және түсінген материалын сызба нұсқа, кесте, сурет түрінде көрсету; тест қателіктерімен топпен жұмыс; есептер шығаруды көрсету және түсіндіру, сызбалар толтыруға бағыттай отырып ауызша сұрау; тақырып бойынша бейнефильмдер көру.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.1 Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2008. 84-97.

6.2. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006. б. 47-54.

6.3. Генетика. Под ред. Иванова В. И..М.: Академкнига, 2006.

6.4. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. С. 107-196.

6.5. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003.

6.6. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002. б. 71-82.

6.7. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. б. 62-67

6.8. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

Қосымша:

6.9. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р. Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад.РАМН Н. П. Бочкова. М., ГЭОТАР-Медиа, 2010.

7. Бақылау

7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:

7.1.1. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

7.1.2. Тест бақылау – 10 сұрақтан 3 нұсқа.

7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:

7.2.1.Гендер экспрессиясы механизмдерінің сызбасын салу және түсіндіру.

7.2.2.Триптофан опероның құрамына кіретін элементтерді және оның типі мен белсенділігін анықтаңыз.

 

7.2.3. Сызба нұсқалардың суреттерін салу:

- оперонның моделі (Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері.б. 85, сурет 43, бірінші қатары);

 

7.2.4. Есеп шығару. РНҚ полимеразаны танитын сайты- ТАТААТ, -35 жүйелік ТТ ГАЦ А,

репрессор – ақуызының оперондағы танитын сайты (оператор)-АТТТТАТ, құрылымдық гендер ТАЦ кодондарымен басталып АТЦ кодондарымен аяқталады. Гендер аралығында спейсерлік ТТТТ бөліктер орналасқан.

а) осы ақпаратты пайдалана отырып, 3 құрылымдық геннен тұратын Lac–оперонының моделін құрастырыңыз: құрылымдық ген Z- 5 кодоннан тұрады, құрылымдық гендер Y және A - 4 кодоннан тұрады.

б) транскрипция жүргізіңіз, қанша а –РНҚ түзіледі?

в) трансляция жүргізіңіз, ДНҚ-ң осы бөлігінде қанша ақуыз кодталған? Олардың құрамын анықтаңыз.

7.2.5. Кесте толтыру: Эукариот гендерінің реттелу деңгейлері

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.