Здавалка
Главная | Обратная связь

Тесттік тапсырмалар



1.Препаратты анықта: бета-адреноблокатор, жүректің жиырылу жиілігі мен күшін төмендетеді, миокардтың оттегіне қажеттілігін азайтады, автоматизмді, атриовентрикулярлы өткізгіштікті тежейді. АҚ біртіндеп және тұрақты төмендеуін шақырады, рениннің өндірілуін тежейді. Стенокардия, артериялық гипертензия, тахикардияда қолданылады. Жанама әсерлері: бронхтың тонусын жоғарылатады,

бронхоспазм шақырады.

1. Каптоприл

2. Эналаприл

3. Адреналин

4. Пропранолол

5. Метопролол

2. Буын қапшығының эластикалылығының қалыптасуына әсер ететін препарат:

1. Мелоксикам

2. Диклофенак натрий

3. Ибупрофен

4. Хондроитин сульфаты

5. Напроксен

3.Затты анықта: қантамырларын тарылтады, АҚ жоғарылатады. Бронх бұлшықетінің тонусына мүлдем әсер етпейді. Альфа-адреноблокаторлармен прессорлық әсері «бұрмаланбайды». Гипотензия, коллапс кезінде қолданылады:

1. Адреналин

2. Пропранолол

3. Галазолин

4. Изадрин

5. Мезатон

4.Бензогексонийдің гипертензияға қарсы әсері байланысты:

1. Миотропты спазмолитикалық әсерімен

2. Кальций каналдарының тежелуімен

3. Симпатикалық ганглийлердің тежелуімен

4. Ангиотензинайналдырушы ферменттің тежелуімен

5. Тамырқозғалтқыш орталықтың тежелуімен

5. Артериялық қысымның жедел (жарақат, хирургиялық араласулар, улану кезінде) төмендеуінде аталғандардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Адреналин

2. Ангиотензинамид

3. Мезатон

4. Норадреналин

5. Добутамин

6.Препаратты анықта: алмастырылған амидтерге жатады, анестезияның барлық түрінде және қарыншалық аритмияда қолданылады:

1. Новокаинамид

2. Хинидин

3. Лидокаин

4. Дифенин

5. Адреналин

7.Асқазан бездерінің секрециясын төмендету үшін қолданылады:

1. Пирензепин

2. Адреналин

3. Ипратропий бромиді

4. Норадреналин

5. Мезатон

8.Сальбутамолды қолдану көрсеткіштері:

1. Артериялық гипотензия

2. Артериялық гипертензия

3. Жүректік тахиаритмиялар

4. Ашық бұрышты глаукома

5. Бронх демікпесі

9.Нитроглицеринді қолдану көрсеткіштері:

1. Артериялық гипертензия

2. Стенокардия

3. Жыбырлағыш аритмия

4. Атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылысы, брадикардия

5. Тиреотоксикоз кезіндегі тахикардия

10.Пирензепиннің негізгі қолдану көрсеткіштері:

1. Бронхоспазмды жою

2. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, гиперацидті гастрит

3. Бауырлық, ішектік шаншу

4. Наркозға арналған эфирді қолдануға дейін рефлекторлы жүрек тоқтауының алдын алу үшін

5.Брадикардияны жою үшін

11.Қайтымсыз әсерлі холинэстеразаға қарсы заттар:

1. Галантамин

2. Прозерин

3. Дипироксим

4. Армин

5. Изонитрозин

12.Ипратропиум бромиді қолданылады:

1. Бронхоспазмның алдын алу үшін

2. наркоз кезінде рефлекторлы жүрек тоқтауының алдын алу үшін

3. Парез, салданулар кезінде

4. Глаукомада

5. Асқазанның ойық жарасында

13.Эпилепсияның фокалды формасында төменде аталғандардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Карбамазепиннен

2. Дифениннен

3. Ламотриджиннен

4. Фенобарбиталдан

5. Этосуксимидтен

14.Эпилепсияның кіші ұстамаларының алдын алу үшін қолданылатын препарат:

1. Топирамат

2. Фенобарбитал

3. Натрий вальпроаты

4. Дифенин

5. Карбамазепин

15.Эпилепсияға қарсы заттарға жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Этосуксимид

2. Фенобарбитал

3. Карбамазепин

4. Левадопа

5. Дифенин

16. Эпилепсияға қарсы заттарға жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Левадопа

2. Фенобарбитал

3. Карбамазепин

4. Дифенин

5. Этосуксимид

17.Препаратты анықта: эпилепсияға қарсы, ұйықтатқыш, орталық миорелаксациялық және анксиолитикалық қасиеттерге ие, мидағы ГАМҚ-ергиялық үрдістерді ынталандырады, эпилептикалық статусты жою үшін қолданылады:

1. Дифенин

2. Этосуксимид

3. Диазепам

4. Ламотриджин

5. Левадопа

18.Препаратты анықта: эпилепсияға қарсы, ұйықтатқыш, орталық миорелаксациялық және анксиолитикалық қасиеттерге ие, мидағы ГАМҚ-ергиялық үрдістерді ынталандырады, бауыр микросомалық ферменттерінің индукциясын шақырады:

1. Ламотриджин

2. Дифенин

3. Карбамазепин

4. Фенобарбитал

5. Натрий вальпроаты

19.Эпилептикалық статуста қолданылады:

1. Этосуксимид

2. Натрий вальпроаты

3. Диазепам

4. Ламотриджи

5. Тиагабин

20.Эпилепсияға қарсы заттардың әсер ету механизмінің негізінде жатыр:

1. ГАМҚ-ергиялық жүйенің белсенденуі

2. Натрий үшін мембрана өткізгіштігінің артуы және жүйке жасушалары қозғыштығының төмендеуі

3. Орталық холинорецепторлардың тежелуі

4. Дофаминдік рецепторлардың қозуы

5. Қаңқа бұлшықеттері Н–холинорецепторларының тежелуі

21.Эпилепсияға қарсы заттар::

1. Фенобарбитал, леводопа

2. Фенобарбитал, дифенин, бромокриптин

3. Фенобарбитал, дифенин, селегилин, этосуксимид

4. Фенобарбитал, дифенин, этосуксимид, карбамазепин

5. Левадопа, дифенин

22.Ламотриджин төменде аталғандардың барлығында тағайындалады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Эпилепсияның кіші ұстамаларында

2. Эпилепсияның үлкен ұстамаларында

3. Эпилепсияның фокалды формаларында

4. Миоклонус эпилепсияда

5. Эпилептикалық статуста

23. ГАМҚ-ергиялық жүйені белсендіретін эпилепсияға қарсы препараттарға төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Дифенин

2. Натрий вальпроат

3. Фенобарбитал

4. Клоназепам

5. Диазепам

24.Эпилепсияның үлкен ұстамаларының алдын алу үшін қолданылатын заттар:

1. Фенобарбитал, этосуксимид

2. Фенобарбитал, этосуксимид, дифенин

3. Фенобарбитал, этосуксимид, дифенин, диазепам

4. Фенобарбитал, карбамазепин, натрий вальпроаты

5. Фенобарбитал, левадопа

25.Бір мезгілде ұйықтатқыш, седативті және эпилепсияға қарсы әсерлерге ие:

1. Этосуксимид

2. Фенобарбитал

3. Ламотриджин

4. Карбамазепин

5. Дифенин

26.Дифенин төменде аталған жағдайлардың барлығында қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Эпилепсияның үлкен ұстамаларында

2. Эпилепсияның фокалды формаларында

3. Эпилептикалық статуста

4. Жүректік аритмияларда

5. Атриовентрикулярлы блокада кезінде

27.Миоклонус – эпилепсияда тиімді:

1. Дифенин

2. Этоксуксимид

3. Клоназепам

4. Фенобарбитал

5. Карбамазепин

28.Жүрек гликозидтерімен улану төменде аталған бұзылыстардың барлығымен көрінеді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Аритмия

2. Көрудің төмендеуі

3. Диспепсиялық бұзылыстар

4. Психикалық бұзылыстар

5. Тәбетінің артуы

29.Ангиотензинайналдырушы ферментті тежейтін заттар:

1. Каптоприл

2. Дигоксин

3. Дигитоксин

4. Атропин

5. Верапамил

30.Жүрек гликозидтері келесі әсерлерді шақырады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Веноздық қысымның төмендеуі

2. Айналымдағы қан көлемінің артуы

3. Ісінулердің азаюы

4. Диурездің артуы

5. АҚ қалпына келуі

31.Артериялық қысымды арттыратын заттар:

1. Атропин

2. Мезатон

3. Верапамил

4. Нифедипин

5. Пропранолол

32. Жүректің ишемиялық ауруы кезінде төменде аталғандардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Эналаприл

2. Каптоприл

3. Нитроглицерин

4. Изосорбид динитраты

5. Лозартан

33.Каптоприл жатады:

1. Ганглиоблокаторларға

2. Симпатолитиктерге

3. Жүрек гликозидтеріне

4. Антиангиналды заттарға

5. Ангиотензинайналдырушы фермент тежегіштеріне

34.Натрий нитропруссиді жатады:

1. Вазодилататорларға

2. Симпатолитиктерге

3. Жүрек гликозидтеріне

4. Антиангиналды заттарға

5. Ганглиоблокатораларға

35. Гипертензияға қарсы зат ретінде қолданылатын альфа-1-адреноблокатор, ішке тағайындалады:

1. Празозин

2. Пропранолол

3. Метопролол

4. Мезатон

5. Лабеталол

36.Орталық нейротропты әсерлі антигипертензивті зат:

1. Метопролол

2. Клонидин

3. Эфедрин

4. Пропранолол

5. Адреналин

37.Кардиотоникалық затты анықта: жүрек гликозиді, АІЖ нашар сіңіріледі, қан сарысуы белоктарымен мүлдем байланыспайды, тек көктамырға енгізіледі, көктамырға енгізгенде максималды әсері 30-40 мин кейін дамиды. Зәрмен өзгермеген түрде шығарылады.

1.Дигитоксин

2.Дигоксин

3.Строфантин

4.Добутамин

5.Гидрохлортиазид

38.Адренергиялық әсерлерді күшейтетін аритмияға қарсы затқа жатады:

1. Эфедрин

2. Пропранолол

3. Дигоксин

4. Нифедипин

5. Атропин

39.Бета-адренорецепторларды тежейтін гипертензияға қарсы зат:

1. Клофелин

2. Омапатрилат

3. Дибазол

4. Магний сульфаты

5. Пропранолол

40.Жүректік ишемиялық ауруы кезінде қолданылатын кардиоселективті бета-адреноблокатор:

1. Верапамил

2. Гидралазин

3. Дибазол

4. Дигитоксин

5. Метопролол

41.Форсирленген диурезде қолданылатын диуретик:

1. Индапамид

2. Фуросемид

3. Спиронолактон

4. Триамтерен

5. Гидрохлортиазид

42.Препаратты анықта: бүйрек өзекшелерінің қуысында осмостық қысымды арттырады, көктамырға енгізіледі, форсирленген диурезде зәр айдағыш және ми ісінуінде дегидратациялық зат ретінде қолданылады:

1. Фуросемид

2. Гидрохлотиазид

3. Спиронолактон

4. Маннит

5. Триамтерен

43.Сілтілі жер металының препараты парентералды енгізгенде гипертензияға қарсы, седативті әсерлер көрсетеді, жүйке-бұлшықетті берілуді тежейді. Энтералды енгізгенде – іш айдағыш және өт айдағыш әсер етеді, кальций хлорының антагонисті:

1. Натрий гидрокарбонаты

2. Магний сульфаты

3. Натрий сульфаты

4. Калий маргенец қышқылы

5. Калий хлориді

44. Стенокардия ұстамаларын жою үшін төменде аталған органикалық нитрат препараттарының барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Тіл астына арналған нитроглицерин

2. Ішке қолдануға арналған изосорбид динитраты

3. Мезатон

4. Нитроглицерин эрозолі және изосорбид динитраты

5. Валидол

45.Нитроглицериннің негізгі жанама әсерлеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Бас ауыруы, бас айналуы

2. Коллапс

3. Толеранттылық дамуы

4. Артериялық қысымның төмендеуі, тахикардия

5. Бронх спазмы

46.Валидолдың антиангиналды әсер ету механизмі:

1. Миотропты коронарлы қантамырларын кеңейтуші әсері

2. Рефлекторлы коронарлы қантамырларын кеңейтуші әсері

3. жүректің жұмысын азайту арқылы миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендетеді

4. Жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі

5. Коронарлы қантамырларын тарылтушы рефлекстердің орталық тармақтарының тежелуі

47.Гастропротекторларға төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Сукралфат

2. Висмут трикалий дицитраты

3. Алмагель

4. Мизопростол

5. Натрий гидрокарбонаты

48.Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктерге төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

6. Жанаргүл

7. Строфант

8. Ландыш

9. Оймақгүл

10. Красавка

49. Берілген тұжырымдардан дұрысын таңдаңыз:

1. Коргликон суда және майда жақсы ериді

2. Дигоксин тек ішке қолдануға болады

3. Строфантин ішке тағайындалады

4. салыстырмалы түрде полярлы гликозидтер полярлы еместерге қарағанда жақсы сіңіріледі

5. Дигитоксин тек ішке тағайындалады

50.Көмір қышқыл газын түзбей, асқазан сөлінің НСL-ін бейтараптайтын антацидті затқа жатады:

1. Магний тотығы

2. Омепразол

3. Натрий гидрокарбонаты

4. Сукралфат

5. Мизопростол

51.Омепразолдың әсер ету механизмі негізделген:

1. Асқазанның гистаминдік Н-2 рецепторларының тежелуіне

2. Асқазан сөлінің хлорсутек қышқылын бейтараптауына

3. Асқазанның М-1 холинорецепторларының таңдамалы тежелуіне

4. Асқазанның париеталды жасушаларының мембраналық Na-K-АТФазасының қайтымсыз тежелуіне

5. Ганглийлерді тежеуші әсеріне

52.Өт түзілуін ынталандыруда қолданылатын препарат:

1. «Аллохол» таблеткалары

2. Алюминий гидрототығы

3. Омепразол

4. Папаверин, но-шпа

5. Атропин, пирензепин

53.Бүкіл ішек бойында әсер ететін іш айдағыш заттар:

1. Фенолфталеин, изафенин

2. Магний сульфаты, кастор майы

3. Сыңғақ итшомырт қабығының препараттары, рауғаш түбірі

4. Сенна жапырағының препараттары

5. Мизопростол

54.Жүректің жедел жетіспеушілігінде төменде аталған заттардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Строфантин

2. Коргликон

3. Добутамин

4. Дигоксин

5. Дигитоксин

55.1В топшасындағы натрий каналының тежегішіне жататын аритмияға қарсы зат:

1. Лидокаин

2. Амиодарон

3. Пропранолол

4. Хинидин

5. Новокаинамид

56.Препаратты анықта: кальций каналының тежегішене жататын -

Фенилалкиламин туындысы. Антиангиналды және аритмияға қарсы әсер етеді. Стенокардия ұстамаларының алдын алу үшін, сонымен бірге жүректік тахиаритмияларда қолданылады:

1. Нифедипин

2. Пропранолол

3. Верапамил

4. Дилтиазем

5. Амиодарон

57. Артериялық гипертензияда төменде аталған препараттардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Диуретиктер

2. Бета-адреноблокаторлар

3. ангиотензинайналдырушы фермент ингибиторлары

4. Кальций каналының блокаторлары

5. Адреналин

58. Асқазанның ойық жара ауруында асқазан секрециясын төмендету үшін төменде аталған топ заттарының барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Протондық насос ингибиторлары

2. Гистаминдік Н1-рецепторларының ингибиторлары

3. Гистаминдік Н2-рецепторларының ингибиторлары

4. Простагландиндер және олардың синтетикалық туындылары

5. М-холиноблокаторлар

59.Жүрек гликозидтерімен улану симптомдарына төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Көрудің бұзылысы

2. Жүрекшелік-қарыншалық өткізгіштіктің төмендеуі

3. Диспепсиялық бұзылыстар

4. Экстрасистолия

5. Диурездің артуы

60.Ұзақ уақыт антиангиналды әсер ететін зат ретінде қолданылатын кальций каналы тежегіштері (кальций антагонисттері) тобының препараты:

1. Верапамил

2. Нитроглицерин

3. Винпоцетин

4. Пропранолол

5. Циннаризин

61.Стенокардия ұстамаларының алдын алу үшін қолданылады:

1. Метопролол

2. Верапамил

3. Нитроглицерин

4. Пропранолол

5. Пероралды изосорбид мононитраты

62.Нефронның дисталды өзекшелерінде және жинақтаушы түтікшеде әсер ететін зәр айдағыш зат:

1. Гидрохлортиазид

2. Фуросемид

3. Эналаприл

4. Фазинаприл

5. Нифедипин

63.Әлсіз диуретикалық әсері бар зәр айдағыш зат:

1. Фуросемид

2. Эналаприл

3. Спиронолактон

4. Нифедипин

5. Фазиноприл

64.Тек қана қарыншалық тахиаритмияда қолданылатын затқа жатады:

1. Верапамил

2. Пропраналол

3. Дифенин

4. Амиодарон

5. Дигитоксин

65.Брадиаритмияны жоятын препараттар:

1. Атропин, изадрин, эфедрин

2. Пропранолол, метопролол, атенолол

3. Верапамил, дилтиазем

4. Дигоксин, дигитоксин, строфантин

5. Дизопирамид, новокаинамид, амиодарон

66.Селективті бета-адреноблокаторлар тобына жататын гипотензивті зат:

1. Дихлотиазид

2. Изадрин

3. Мезатон

4. Клофелин

5. Метопролол

67.Кальций антагонисті – дигидропиридин туындысы:

1. Верапамил

2. Нифедипин

3. Нитроглицерин

4. Пропранолол

5. Дилтиазем

68. Антиангиналды зат, сублингвалды қолданғанда әсері 1-3 минуттан кейін дамиды, 15-20 минутқа созылады, стенокардия ұстамасын жою үшін қолданылады, негізгі жанама әсері – бас ауыруы:

1. Нитроглицерин

2. Изосорбид динитраты

3. Изосорбид мононитраты

4. Верапамил

5. Пропранолол

69.Брадиаритмия және жүрекшелік-қарыншалық блокада кезінде қолданылатын заттар:

1. Атропин, изадрин, эфедрин

2. Пропранолол, метопролол, атенолол

3. Верапамил, дилтиазем

4. Дигоксин, дигитоксин

5. Амиодарон, новокаинамид, хингамин

70. Жүрекшелік және қарыншалық тахиаритмия кезінде төменде аталғандардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Новокаинамид

2. Лидокаин

3. Хинидин

4. Амиодарон

5. Пропранолол

71. Магний сульфатын ішке қолданғанда дамитын әсерлер:

1. Ішектегі осмостық қысымды арттырады, іш айдағыш әсер етеді

2. Қақырық түсіретін әсер көрсетеді

3. Гипотензивті және тырысуға қарсы әсер етеді

4. Құсуға қарсы әсер етеді

5. Гпертониялық криз, эклампсияда қолданылады

72.Он екі елі ішекке өттің бөлінуіне әсер ететін заттарға жатады:

1. Магний сульфаты, холецистокинин препараттары

2. «Аллохол» таблеткалары, "Холензим"

3. Магний тотығы

4. Папаверин

5. Атропин, платифиллин

73.Асқазан бездерінің секрециясын төмендету үшін төменде аталғандардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Омепразол

2. Ранитидин

3. Пирензепин

4. Коллоидты висмут субцитраты

5. Фамотидин

74.Жүрек жетіспеушілігі бар науқастарда жүрек гликозидтерінің аурудың динамикасына әсері:

1. Қанның систолалық және минуттық көлемін арттырады

2. Брадикардия

3. Веноздық қысымды арттырады

4. Айналымдағы қан көлемін арттырады

5. Диурездің төмендеуі

75.Органикалық нитраттарға жатады:

1. Триметазидин

2. Изосорбид динитраты

3. Валидол

4. Верапамил

5. Алинидин

76.Миокард инфарктінде қолданылады:

1. Триметазидин

2. Изосорбид динитраты

3. Изосорбид мононитраты

4. Лидокаин

5. Верапамил

77.Ангиотензинайналдырушы фермент тежегіштеріне жатады:

1. Дилтиазем

2. Празозин

3. Верапамил

4. Триметазидин

5. Эналаприл

78.Фуросемидті қолдану көрсеткіштеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Жүрек жетіспеушілігіне байланысты ісінулер

2. Бүйрек жетіспеушілігіне байланысты ісінулер

3. Гипертониялық криз

4. Өкпе ісінуі, ми ісінуі

5. Подагра

79.Бронх демікпесінің ұстамасын жою үшін қолданылатын заттар:

1. Бета-2-адреноблокаторлар

2. Миотропты спазмолитикалық заттар – ксантин туындылары

3. Антихолинестеразды заттар

4. Мес жасушаларынан қабыну және аллергия медиаторларының босауын тежейтін заттар (кетотифен, кромолин натрия)

5. Муколитикалық заттар

80.Тахиаритмияда қолданылатын препараттарға төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Мембранатұрақтандырушы заттар

2. Бета-адреноблокаторлар

3. Кальций каналдарының тежегіштері

4. М-холиноблокаторлар

5. Әрекет потенциалын ұзартатын заттар

81.Антацидті зат, асқазан сөлінің хлорсутегін көмірқышқыл газын түзбей бейтараптайды:

1. Магний тотығы

2. Натрий гидрокарбонаты

3. Алюминий гидрототығы

4. Маалокс

5. Магний трисиликаты

82.Гастропротектор:

1. Магний тотығы

2. Негізгі висмут нитраты

3. Папаверин

4. Алюминий гидрототығы

5. Натрий гидрокарбонаты

83.Өт түзілуін ынталандыруда қолданылатын препараттар:

1. «Аллохол» таблеткалары, "Холензим" таблеткалары

2. Алмагель, магний тотығы

3. Магний сульфаты, натрий гидрокарбонаты

4. Папаверин, но-шпа, эуфиллин

5. Атропин, пирензепин

84.Бүкіл ішек бойында әсер ететін өсімдік тектес іш айдағыш зат:

1. Изафенин

2. Фенолфталеин

3. Сыңғақ итшомырт қабығының препараттары, рауғаш түбірі, сенна жапырақтары

4. Магний сульфаты

5. Кастор майы

85.Төменде келтірілген барлық дұрыс тұжырымдардың ішінен дұрыс емесін таңда:

1. Гепатопротекторлар бауырда метаболизм үрдістерін арттырады, оның патогенді әсерлерге тұрақтылығын жоғарылатады

2. Гепатопротекторлар бауырдың патогенді әсерлерге тұрақтылығын арттырады

3. Гепатопротекторларға эссенциале жатады

4. Омепразол гепатопротекторлы әсерге ие

5. Гепатопротекторларға легалон жатады

86.Ингаляциялық глюкокортикоид бронх демікпесінде қолданылады:

1. Кромолин натрий

2. Кетотифен

3. Беклометазон дипропионаты

4. Ипратропиум бромиді

5. Эуфиллин

87.Генле ілмегінің өрлеуші бөлімінің бүкіл бойында әсер ететін зәрайдағыш зат (ілмектік диуретик):

1. Гидрохлортиазид

2. Фуросемид

3. Триамтерен

4. Спиронолактон

5. Маннит

88.Калийсақтаушы диуретик:

1. Маннит

2. Индапамид

3. Спиронолактон

4. Фуросемид

5. Гидрохлортиазид

89.Маннитке төменде аталған қасиеттердің барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Альдостеронның анагонисті

2. Тек парентералды енгізіледі

3. Бүйрек өзекшелерінің қуысында осмостық қысымды арттырады

4. Дегидратациялық зат ретінде тек токсикалық өкпе ісінуінде қолданылады

5. Форсирленген диурезде зәр айдағыш зат ретінде қолданылады

90.Жүрек гликозидтерімен уланғанда қолданылады:

1. Калий хлориді

2. Кальций хлориді

3. Магний тотығы

4. Верапамил

5. Холестирамин

91.Дәрілік заттармен уланған кезде форсирленген диурез үшін қолданылады:

1. Гидрохлортиазид

2. Строфантин

3. Клофелин

4. Фуросемид

5. Спиронолактон

92.Жүрек гликозидтерімен уланғанда унитиол қолданылады:

1. Арнайы антидене ретінде

2. К,+Na+- АТФазалар үшін сульфгидрилді топтарды арттыру үшін

3. Гиперкалиемияны жою үшін

4. Ағзадан натрийді шығару үшін

5. Гликозидтердің ішектен сіңірілуін төмендету үшін

93.Магния сульфаты энтералды енгізгенде:

1. Кардиотоникалық әсер көрсетеді

2. Гипотензивті әсер етеді

3. Тырысуға қарсы әсер етеді

4. Дене қызуын төмендетеді

5. Іш айдағыш әсер етеді

94.Жүрек гликозидтерінің кардиотоникалық әсері байланысты:

1. Агликонға

2. Гликонға

3. Гликозид молекуласындағы қанттың санына

4. Қантты бөлігіне сірке қышқылы қалдығынгың қосылуына

5. Сульфгидрилды тобының жоқ болуына

95.Салыстырмалы полярлы гликозид:

1. Коргликон

2. Дигоксин

3. Дигитоксин

4. Строфантин

5. Жанаргүл шөбінің тұндырмасы

96. Полярлы гликозид:

1. Коргликон

2. Жанаргүл шөбінің тұндырмасы

3. Дигоксин

4. Дигитоксин

5. Целанид

97.Мүлдем кумуляция шақырмайтын жүрек гликозиді:

1. Строфантин

2. Амринон

3. Дигоксин

4. Дигитоксин

5. Целанид

98.Строфантиннің фармакокинетика көрсеткіштеріне барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Асқазан-ішек жолынан шамамен 5 % сіңіріледі

2. Қан сарысуы белоктарымен мүлдем байланыспайды

3. Элиминация коэффициенті - 40-50 %

4. Өзгермеген түрде бүйрекпен шығарылады

5. Ішке қолданылады

99.Жүрек гликозидтерінің жүрекке негізгі әсерлеріне барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Систолалың күшеюі және ұзаруы

2. Систоланың күшеюі және қысқаруы

3. Диастоланың ұзаруы

4. Жүрек өткізгіштік жүйесі арқылы қозу өту жылдамдығының төмендеуі

5. Емдік дозада автоматизмнің артуы

100. Жүрек жетіспеушілігі бар науқастарда жүрек гликозидтерін қолданған кезді төменде аталғандардың барлығы байқалады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Систолалық және минуттық қан көлемінің артуы

2. Веноздық қысымның төмендеуі

3. Диурездің артуы

4. Артериялық қысым қалпына келеді

5. Тахикардия

101.Жүректің созылмалы жетіспеушілігі бар науқастарды емдеуде қолданылады:

1. Строфантин

2. Амринон

3. Дигоксин көктамырға

4. Дигитоксин

5. Коргликон

102. Дигитоксинмен салыстырғандағы дигоксинді қолдану мен оның әсерлерінің ерекшеліктері төменде аталғандардың барлығы, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Энтералды енгізгенде кардиотоникалық әсері 4 сағаттан кейін көрінеді

2. Көп кумуляцияланады

3. Жүректің жедел және созылмалы жетіспеушілігінде қолданылады

4. Тек жүректің созылмалы жетіспеушілігінде қолданылады

5. Тек жүректің жедел жетіспеушілігінде қолданылады

103. Адренергиялық типті гликозид емес кардиотоникалық заттарға жатады:

1. Дигитоксин

2. Метопролол

3. Дигоксин

4. Добутамин

5. Коргликон

104.Нитроглицериннің жанама әсерлеріне барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Бас ауыруы

2. Жүрекшелік-қарыншалық өткізгіштіктің бұзылысы, АҚ жоғарылауы

3. Толеранттылықтың дамуы

4. АҚ төмендеуі, тахикардия

5. Бас айналуы

105.Жүрек гликозидтерімен уланумен шақырылған қарыншалық аритмияда қолданылады:

1. Новокаинамид

2. Хинидин

3. Лидокаин

4. Этмозин

5. Дифенин

106.Жүрекшелік-қарыншалық өткізгіштік блокадасында қолданылатын заттар:

1. Пропранолол

2. Эфедрин

3. Новокаинамид

4. Хинидин

5. Верапамил

107.Қарыншалық аритмияларда қолданылады:

1. Верапамил

2. Эналаприл

3. Каптоприл

4. Лозартан

5. Фазиноприл

108.Тахиаритмияларда қолданылады:

1. Мембрана тұрақтандырушы заттар

2. Бета-адреномиметиктер

3. Антихолинестеразды заттар

4. М-холиноблокаторлар

5. Ганглиоблокаторлар

109.Орталық әсерлі нейротропты антигипертензивті заттар:

1. Орталық М- және Н-холиноблокаторлар

2. Орталық альфа-2-адреномиметиктер

3. Симпатолитикитер

4. Ганглиоблокаторлар

5. Бета-адреноблокаторлар

110.Тіл астына қолданылатын нитроглицеринге тән:

1. Әсері 1-3 минуттан кейін дамиды

2. Әсер ету ұзақтығы 4- 5 сағат

3. Әсер ету ұзақтығы 2 – 3 сағат

4. Әсер ету ұзақтығы 3-5 сағат

5. Тахиаритмияда қолданылады

111.Жүректің ишемиялық ауруы дәрілік емінің негізгі бағыттары:

1. Жүрек жұмысының және миокардтың оттегіне қажеттілігінің төмендеуі

2. Жүрек лақтырымының (қанның минуттық көлемінің) артуы

3. Коронарлы қан ағымының төмендеуі

4. Артериялық қысымның артуы

5. Айналымдағы қан көлемінің артуы

112.Миокард инфаркті кезінде ауыру синдромын жою үшін төменде аталғандардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Нитроглицерин (сублингвалды және көктамырға)

2. Валидол (ішке)

3. Трамадол

4. Морфин (көктамырға)

5. Фентанил

113.Нейрондардағы альфа2-адренорецепторларды ынталандыратын орталық әсерлі гипотензивті зат:

1. Пропранолол

2. Дилтиазем

3. Клофелин

4. Натрий нитропруссиді

5. Дибазол

114.Пропранололдың жанама әсеріне барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Жүрек жетіспеушілігі

2. Айқын брадикардия

3. Атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылуы

4. Бронх тонусының артуы

5. Сілекей бездерінің секрециясының артуы

115.Бір мезгілде резистивті және сыйымды тамырларға әсер ететін миотропты гипотензивті заттарға жатады:

1. Нитроглицерин

2. Метопролол

3. Натрий нитропруссиді

4. Нифидипин

5. Каптоприл

116.Препаратты анықта: миотропты әсерлі спазмолитик, қантамырларын кеңейтеді, АҚ төмендетеді. Ішке қолданғанда тиімділігі төмен, көктамырға ауыр емес гипертониялық криздерде қолданылады. Сонымен бірге полиомиелиттен кейінгі өзгерістерде қолданылады. Иммунитетті ынталандырушы әсері бар:

1. Гидралазин

2. Магний сульфаты

3. Дибазол

4. Диазоксид

5. Миноксидил

117.Бронх демікпесінің ұстамасын жою үшін қолданылатын зат:

1. Норадреналин

2. Адреналин гидрохлориді

3. Мезатон

4. Кетотифен

5. Кромолин-натрий

118.бронх демікпесі ұстамасының алдын алу үшін қолданылатын зат:

1. Изадрин

2. Адреналин гидрохлориді

3. Метацин

4. Диазолин

5. Кромолин-натрий

119.Рефлекторлы әсерлі қақырық түсіретін затқа жатады:

1. Калий иодиді

2. Термопсис шөбінің препараттары

3. Натрий гидрокарбонаты

4. Амброксол

5. Бромгексин

120.Бромгексинге төменде аталған қасиеттердің барлығытән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Муколитикалық заттарға жатады

2. Рефлекторлы әсерлі қақырық түсіретін заттарға жатады

3. Ішке қолданылады

4. Сурфактант өндірілуін ынталандырады

5. Бронхит, бронхоэктазия, бронх демікпесінде қолданылады

121.Препаратты анықта: мембрана тұрақтандырушы зат, қарыншалық аритмия мен эпилепсияда қолданылады:

1. Лидокаин

2. Новокаинамид

3. Хинидин

4. Дифенин

5. Пропранолол

122. М-холиноблокатор, М-1-холинорецепторының таңдамалы тежегіші, асқазанның ойық жарасында қолданылады:

1. Пирензепин

2. Платифилин

3. Скополамин

4. Атропин

5. Метацин

123.Артериялық гипертензия емінде аса кең қолданылатын зәр айдағыш зат:

1. Натрий нитропруссиді

2. Маннит

3. Гидрохлортиазид

4. Клофелин

5. Дибазол

124.Жүрек қызметінің бұзылысымен байланысты ісінулерде қолданылатын дуретик:

1. Спиронолактон

2. Питуитрин

3. Пантогам

4. Гидрохлортиазид

5. Маннит

125.Препаратты анықта: ішке енгізгенде іш айдағыш әсер көрсетеді, парентаралды енгізгенде гипотензивті және тырысуға қарсы әсер көрсетеді. Жедел дамитын іш қату, химиялық заттармен улану, эклампсия, гипертониялық кризде қолданылады:

1. Магний тотығы

2. Натрий сульфаты

3. Оксафенамид

4. Магний сульфаты

5. Бисакодил

126.Бронх демікпесінің алдын алуда қолданылатын, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсері бар зат:

1. Ипратропиум бромиді, атропин сульфаты

2. Беклометазон дипропионаты, кромолин-натрий, кетотифен

3. Кетотифен, преднизолон, эуфиллин

4. Эуфиллин, кромолин-натрий

5. Адреналин, ипратропиум бромиді, кетотифен

127.Заттардың тобын анықта: Бауырда метаболизм үрдістерін жақсартады, патогенді әсерлерге тұрақтылығын арттырады, бауырдың залалсыздандырушы әсерін күшейтеді, оның ферменттік жүйесінің белсенділігін арттырады:

1. Гастропротекторлар

2. Н2-гистаминдік рецепторлар тежегіштері

3. Простагландиндер

4. Гепатопротекторлар

5. Протондық насос тежегіштері

128.Жүректің жиырылу жиілігі мен күшін, миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендететін препарат. Емдік дозада бронх тонусына мүлдем әсер етпейді. Артериялық гипертензия, стенокардия, жүректік аритмияларда қолданылады:

1. Верапамил

2. Пропранолол

3. Эналаприл

4. Нифедипин

5. Атенолол

129. Тез және күшті зәр айдағыш қасиетке ие препарат. Гипертониялық криз, өкпе ісінуі, ми ісінуі, химиялық заттармен жедел улануларда қолданылады:

1. Маннит

2. Гидрохлортиазид

3. Фуросемид

4. Диакарб

5. Триамтерен

130. Антиангиналды заттарға жататын препарат.Сублингвалды қолданғанда әсері 1-2 минуттан кейін дамиды және 15-20 минутқа созылады. Стенокардия ұстамаларын жою үшін қолданылады. Негізгі жанама әсері – бас ауыруы::

1. Нифедипин

2. Пропранолол

3. Нитроглицерин

4. Верапамил

5. Амиодарон

131. Күшті диуретик. Ішке, көктамырға және бұлшықетке енгізіледі. Көктамырға енгізгенде әсері 3-4 минуттан кейін дамиды және 1-2 сағатқа созылады. Бүйрек қанағымын күшейтеді, гипертензияға қарсы әсер көрсетеді. Жүрек және бүйрек жетіспеушілігіне байланысты ісінулерде қолданылады:

1. Гидрохлортиазид

2. Индапамид

3. Фуросемид

4. Маннит

5. Спиронолактон

132.Магний тотығы, алюминий гидрототығыжатады:

1. М-холиноблокаторларға

2. Гастропротекторларға

3. Антацидті заттарға

4. Өт айдағыш заттарға

5. Тәбетті төмендететін заттарға

133.Жүйелі антацидті зат:

1. Алюминий гидрототығы

2. Натрий гидрокарбонаты

3. Сукральфат

4. Алмагель

5. Маалокс

134.Жүрек гликозидтерінің қолдану көрсеткіштеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Қарыншаүстілік тахиаритмия

2. Жүректің ишемиялық ауруы

3. Жүректің жедел жетіспеушілігі

4. Жүректің созылмалы жетіспеушілігі

5. Атриовентрикулярлы блокадада

135.Тахиаритмиямен жүретін дигиталисті улануда қолданылады:

1. Верапамил

2. Атропин сульфаты

3. Дифенин

4. Хинидин сульфаты

5. Лидокаин

136.Шеткі әсерлі нейротропты гипертензияға қарсы заттарға төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Симпатолитиктер

2. b-адреноблокаторлар

3. Орталық әсерлі a 2 -адреномиметиктер

4. Ганглиоблокаторлар

5. a1-адреноблокаторлар

137.Фуросемид жатады:

1. Карбоангидраза тежегіштеріне

2. «Ілмектік» диуретиктерге

3. Альдостерон антагонисттеріне

4. Осмоятық диуретиктерге

5. Тиазидті диуретиктерге

138.Фуросемид төменде көрсетілген жағдайлардың барлығында қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Өкпе ісінуі, ми ісінуі

2. Гипертониялық криз

3. Жедел уланулар кезіндегі форсирленген диурезде

4. Подагра ұстамаларының алдын алуда

5. Жүрек жетіспеушілігі кезіндегі ісінуде

139. Фуросемидтің жанама әсерлеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Гипокалиемия

2. Гипомагниемия

3. Гиперкальциемия

4. Ототоксикалық әсері

5. Гипогликемии

140.Антиангиналды заттардың негізгі тобына төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Калий каналының активаторлары

2. b-адреноблокаторлар

3. Органикалық нитраттар

4. Мембрана тұрақтандырушы заттар

5. Кальций каналының тежегіштері

141.Глюкокортикостероидтарға төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Гидрокортизон ацетаты

2. Преднизолон

3. Дексаметазон

4. Ибупрофен

5. Триамцинолон

142.Тері мен шырышты қабаттар арқылы нашар сіңірілетін глюкокортикостероидтар:

1. Беклометазон дипропионаты

2. Преднизолон

3. Дексаметазон

4. Флунизолид

5. Триамцинолон

143.Төменде келтірілген барлық дұрыс тұжырымдардың ішінен дұрыс емесін таңда:

1. Гидрокортизон – пиразолон туындысы

2. Преднизолон –қабынуға қарсы стероидты зат

3. Ибупрофен –қабынуға қарсы стероидты емес препарат

4. Ацетилсалицил қышқылы - стероидты емес қабынуға қарсы зат

5. Парацетамол –наркотикалық емес анальгетик

144.Протромбин мен проконвертин түзілуіне әсер етеді:

1. Неодикумарин

2. Викасол

3. Варфарин

4. Тромбоксан

5. Гепарин

145.Жергілікті қан тоқтату үшін қолданылады:

1. Викасол

2. Фибриноген

3. Гепарин

4. Тромбин

5. Неодикумарин

146.Қан ұюын арттыратын заттар:

1. Гепарин

2. Варфарин

3. Стрептокиназа

4. Аминокапрон қышқылы

5. Неодикумарин

147.Тікелей емес әсерлі антикоагулянттардың әсер ету механизмдері:

1. Бауырда протромбин мен проконвертин синтезін тежейді

2. Тромбин белсенділігін тежейді

3. Протромбиннің тромбинге айналуын бұзады

4. Кальций иондарын байланыстырады

5. Профибринолизиннің фибринолизинге айналуын тежейді

148.Гепаринге тән:

1. Антикоагулянтты әсер

2. Тромбоциттердің агрегациясын шақырады

3. Ішке қолданғанда тиімді

4. Қанда майлардың мөлшерін жоғарылатады

5. Фибринолизді арттыру арқылы қан кетуді тоқтатады

149.Гепарин антагонисті:

1. Ацетилсалицил қышқылы

2. Протамин сульфаты

3. Викасол

4. Фибринолизин

5. Коамид

150.Темір препараттарының жанама әсерлері:

1. Қан кету

2. Ульцерогенді әсері

3. Пирогенді әсер, аллергиялық реакциялар

4. Тістерінде қара жиектің түзілуі, іш қату

5. Невриттер

151.Гиперхромды анемияда қолданылатын заттар:

1. Ферковен

2. Темір фумараты

3. Натрий нуклеинаты, метилурацил

4. Цианокобаламин

5. Темір шала тотығының сульфаты

152.Фибринолиз ингибиторлары:

1. Аминокапрон қышқылы

2. Викасол

3. Дипиридамол, антуран

4. Гепарин, фенилин

5. Ацетилсалицил қышқылы

153.Жүрек гликозидтерімен уланғанда төменде аталғандардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1 Панангин

2. Атропин, холинэстераза реактиваторлары

3. Калий хлориді, унитиол

4. Тетрасірке қышқылының динатрий тұзы

5. Дифенин, лидокаин

154.Препаратты таңда. Адам эритропоэтинінің рекомбинантты препараты. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі, ЖИТС, ревматоидты артрит кездеріндегі гипохромды анемияда қолданылады:

1. Темір лактаты

2. Ферковен

3. Эпоэтин альфа

4. Цианокобаламин

5. Феррум лек

155.Препаратты анықта: профибринолизиннің фибринолизинге айналуын тежейді,

фибринолизді тежейді. Фибринолиз жүйесінің белсенуімен жүретін қан кетулерде қолданылады:

1. Викасол

2. Аминокапрон қышқылы

3. Тромбин

4. Фибриноген

5. Гемостатикалық жөке

156.Викасолдың әсер ету механизмі:

1. Кальций ионын байланыстырады

2. Тромбин белсенділігін төмендетеді

3. Протромбиннің тромбинге айналуына кедергі жасайды

4. Бауырда протромбин синтезін күшейтеді

5. Протеолитикалық ферменттерді тежейді

157.Препаратты оның қасиеттері бойынша анықта: гемостатикалық зат, қанның табиғи құрамдас бөлігі, ұйынды түзілуіне қатысады, массивті қан кетулерде кеңінен қолданылады:

1. Кальций хлориді

2. Викасол

3. Тромбин

4. Фибриноген

5. Аминокапрон қышқылы

158.Микробқа қарсы зат – фторхинолон туындысы:

1. Хиниофон

2. Фуразолидон, фурацилин

3. Нитроксолин

4. Офлоксацин, ципрофлоксацин

5. Хингамин, налидикс қышқылы

159. Зәр шығару жолдарының инфекциясын емдеуде төменде аталған заттардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Нитроксолин

2. Фурагин

3. Хиноксидин

4. Офлоксацин

5. Налидикс қышқылы

160.Препаратты анықта: хинолон туындысы. Әсер ету спектрі грамм теріс бактериялар, бірақ көкірің таяқшасына әсер етпейді. Зәр шығару жолдарының инфекциясы кезінде антибиотиктер мен сульфаниламидтік препараттар тиімсіз болған жағдайда қолданылады:

1. Фуразолидон

2. Диоксидин

3. Нитроксолин

4. Налидикс қышқылы

5. Хиноксидин

161.Бронх демікпесінде қолданылатын заттар:

1. Пропранолол

2. Прозерин

3. Пилокарпин

4. Ипратропицум бромиді

5. Пирензепин

162.Сальбутамол жатады:

1. Симпатолитиктерге

2. Бета-адреномиметиктерге

3. Альфа-адреноблокаторларға

4. Бета-адреноблокаторларға

5. Ганглиоблокаторларға

163. Гипертониялық кризде қолданылады:

1. Жүрек гликозидтері

2. Гликозид емес кардиотониялық заттар

3. Гипотензивті заттар

4. Гиполипидемиялық заттар

5. Аритмияға қарсы заттар

164.Бронх демікпесінде қолданылады:

1. Атенолол

2. Мезатон

3. Норадреналин

4. Пропранолол

5. Адреналин

165.Затты анықта. Шаршаған кезде ақыл-ой жұмысын арттырады, қабылдауды жеңілдетеді. Тамырқозғалтқыш және тыныс ортылығын ынталандырады. Жүрек қантамырларының, көлденең жолақты бұлшықеттердің кеңеюін және құрсақ қуысы мүшелерінің қантамырларының тарылуын шақырады. Жүрек жұмысын күшейтеді. Ксантин туындысы:

1. Бемегрид

2. Кордиамин

3. Этимизол

4. Кофеин

5. Цититон

166.Миокард инфарктінде төменде аталғандардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Наркотикалық анальгетиктер

2. Аритмияға қарсы заттар

3. Фибринолитикалық заттар

4. Гипотензивті заттар

5. Тромб түзілуінің алдын алуға арналған заттар

167.Клодининнің (клофелин) жанама әсерлеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Ауыздың құрғауы

2. Коллапс

3. Натрий ионыдары мен судың ағзада жиналуы

4. Берілу синдромы

5. Диарея

168.Стенокардия ұстамасын жоятын зат:

1. Дофамин

2. Нитроглицерин

3. Пропранолол

4. Норадреналин

5. Антиангиотензинамид

169.Препаратты анықта. Күшті және тез зәр айдағыш әсерге ие, өкпе ісінуі, ми ісінуі, гипертониялық криз, химиялық заттармен жедел улануларда қолданылады:

1. Индапамид

2. Пентамин

3. Фуросемид

4. Спиронолактон

5. Гидрохлортиазид

170. Қантамырлық коллапста қолданылады:

1. Изадрин

2. Мезатон

3. Сальбутамол

4. Нафтизин

5. Атенолол

171.Жүректің жедел жетіспеушілігінде қолданылады:

1. Атенолол

2. Дигоксин (көктамырға енгізгенде)

3. Дигитоксин

4. Жанаргүл шөбінің тұндырмасы

5. Клонидин ( клофелин)

172.Бронх демікпесінде төменде келтірілген препараттардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Ипратропиум бромиді

2. Беклометазон дипропионаты

3. Цититон

4. Сальбутамол

5. Изадрин

173.Тіл астына қолдануға арналған органикалық нитрат:

1. Коргликон

2. Пропранолол

3. Нитроглицерин

4. Верапамил

5. Индапамид

174.Гипертониялық кризде қолданылады:

1. Натрий нитропруссиді

2. Пропранолол

3. Спиронолактон

4. Клонидин (клофелин) (ішке)

5. Празозин

175. Фуросемид төменде аталғандардың барлығында қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Ми мен өкпенің ісінуі

2. Гипертониялық криз

3. Гипокальциемия

4. Жүрек жетіспеушілігімен байланысты ісіну

5. Химиялық заттармен жедел уланулар кезінде форсирленген диурезде

176. Препаратты анықта: орталық әсерлі нейротропты гипотензивті затқа жатады, постсинапстық нейрондардағы альфа-2-адренорецепторларды ынталандырады:

1. Дибазол

2. Нитроглицерин

3. Натрий нитропруссиді

4. Верапамил

5. Клонидин (клофелин)

177. Изосорбид динитраты қолданылады:

1. Жүректің созылмалы жетіспеушілігінде

2. Миокард инфарктінде

3. Коллапста

4. Кардиогенді шокте

5. Стенокардияда (ұстаманың алдын алу үшін)

178.Бета-адренорецепторларды тежейтін антигипертензивті зат:

1. Клонидин (клофелин)

2. Верапамил

3. Каптоприл

4. Магний сульфаты

5. Пропранолол

179. Жүректің ишемиялық ауруында қолданылатын кардиоселективті b1-адреноблокатор:

1. Верапамил

2. Нитроглицерин

3. Пропранолол

4. Дигитоксин

5. Метопролол

180..Өкпе ісінуінде төменде аталған заттардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Көбікбасушылар

2. Зәр айдағыштар

3. Наркотикалық анальгетиктер

4. Глюкокортикостероидтар

5. Антигипертензивті заттар

181.Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктерге төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Жанаргүл

2. Строфанта

3. Термопсис

4. Оймақгүл

5. Меруертгүл

182.Іш айдағыш заттар :

1. Магний сульфаты, кастор майы, фенолфталеин

2. Атропин, ипратропиум бромиді

3. Құмдық салаубас препараттары, холензим

4. Сасық меңдуана препараттары, атропин

5. Темір препараттары, мырыш тотығы

183. Артериялық гипертензия кезінде қолданылмайтын препараттар:

1. Диуретиктер

2. Бета-адреноблокаторлар

3. Ангиотензинайналдырушы фермент тежегіштері

4. Кальций каналының блокаторлары

5. Альфа-адреномиметиктер

184.Стенокардия ұстамаларының алдын алу үшін қолданылады:

1. Метопролол

2. Изадрин

3. Изосорбид динитраты

4. Пропранолол

5. Нитроглицерин

185. Бета-адреноблокаторлар тобына жататын антигипертензивті зат:

1. Дихлотиазид

2. Празозин

3. Пропранолол

4. Метацин

5. Лозартан

186. Антигипертензивті зат - азот тотығының донаторы:

1. Натрий нитропрусиді

2. Пропранолол

3. Атенолол

4. Омапатрилат

5. Индапамид

187.Жүректің созылмалы жетіспеушілігінде қолданылатын жүрек гликозидтеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Дигоксина (реr os қабылдағанда)

2. Дигитоксин

3. Целанид

4. Строфантин

5. Жанаргүл шөбінің тұндырмасы

188. Ингаляциялық глюкокортикоид, бронх демікпесінде қолданылады:

1. Адреналин

2. Сальбутамол

3. Ипратропиум бромиді

4. Беклометазон дипропионаты

5. Эуфиллин

189. Өкпе ісінуінде ингаляция түрінде қолданылатын көбік басушы зат:

1. Беклометазон дипропионаты

2. Ипратропиум бромиді

3. Азоттың шала тотығы

4. Этил спирті

5. Сальбутамол

190. Магний сульфаты парентералды енгізгенде әсер етеді:

1. Іш айдағыш

2. Антигипертензивті

3. Тырысуға қарсы

4. Дене қызуын төмендететін

5. Кардиотоникалық

191.Жүрекке әсер еткен кездегі жүрек гликозидтерінің негізгі әсерлеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Систоланың күшеюі мен ұзаруы

2. Систоланың күшеюі мен қысқаруы

3. Диастоланың ұзаруы

4. Жүрек өткізгіштік жүйесі бойынша қозу өту жылдамдығының төмендеуі

5. Оң батмотропты әсері

192. Дигитоксин жатады:

1. Органикалық нитраттарға

2. Альфа-адреноблокаторларға

3. Бета-адреноблокаторларға

4. Антигипертензивті заттарға

5. Жүрек гликозидтеріне

193.Антиангиналды заттардың негізгі тобына жатады:

1. Калий каналдарының активаторлары

2. Органикалық нитраттар

3. Бета-адреноблокаторлар

4. Кальций антагонисттері

5. Мембрана тұрақтандырушы заттар

194.Миотропты антигипертензивті заттарға төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Каптоприл

2. Эналаприл

3. Натрий нитропруссиді

4. Пропранолол

5. Гидрохлортиазид

.195.Антиангиналды заттарға жатады:

1. Клофелин

2. Атропин

3. Лозартан

4. Нитроглицерин

5. Мезатон.

196.Кардиотоникалық заттарға төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Дигоксин

2. Дигитоксин

3. Строфантин

4. Пропранолол

5. Коргликон

197. Антигипертензивті зат:

1. Омапатрилат

2. Мезатон

3. Адреналин

4. Верапамил

5. Валидол

198.Бронхолитикалық заттарға төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Сальбутамол

2. Фенотерол

3. Ипратропиум бромиді

4. Беклометазон дипропионаты

5. Бемегрид

199.Препарат альфа-1-адреноблокаторларға жатады, антигипертензивті зат ретінде қолданылады, негізінен ішке тағайындалады:

1. Празозин

2. Пропранолол

3. Метопролол

4. Мезатон

5. Лабеталол

200.Гипертониялық ауру емінде кең қолданылатын зәр айдағыш зат:

1. Гидрохлортиазид

2. Верапамил

3. Нифедипин

4. Пропранолол

5. Празозин

201. Қалқанша безінің қызметі төмендегенде қолданылатын препарат:

1. Мерказолил

2. Трийодтиронин

3. Иод препараттары үлкен дозада

4. Паратиреоидин

5. Кальцитрин

202. Қалқанша безінің гиперфункциясында қолданылатын зат:

1. Иод препараттары аз дозада

2. Кальцитрин

3. Трийодтиронин

4. Паратиреоидин

5. Мерказолил

203. Мерказолил:

1. Қалқанша безінің гормоны

2. Қалқанша маңы безінің гормоны

3. Антитиреоидты зат

4. Ұйқы безінің гормоны

5. Гипофиздің алдыңғы бөлімінің гормоны

204.Пропранололдың әсер ету механизмі:

1. Альфа-1 және альфа-2 адренорецепторларды тежейді

2. Негізінен бета-1 адренорецепторларды тежейді

3. Бета-1 және бета-2 адренорецепторларды тежейді

4. Негізінен бета-2 адренорецепторларды тежейді

5. Альфа және бета адренорецепторларды тежейді

205. Дибазолдың антигипертензивті әсері төменде көрсетілгендердің барлығымен байланысты, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Миотропты спазмолитикалық әсерімен

2. Кальций каналдарының тежелуімен

3. Симпатикалық ганглий тежелуімен

4. Ангиотензинайналдырушы ферменттің тежелуімен

5. Тамырқозғалтқыш орталықтың тежелуімен

206.Бұл препарат алмастырылған амидтерге жатады, анестезияның барлық түрінде және қарыншалық аритмияда қолданылады:

1. Новокаин

2. Анестезин

3. Лидокаин

4. Дикаин

5. Бупивакаин

207.Пирензепиннің негізгі қолдану көрсеткіштері:

1. Бронхоспазмды жою

2. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, гиперацидті гастрит

3. Бауырлық, ішектік шаншу

4. наркозға арналған эфирді қолдану алдында жүректің рефлекторлы тоқтауыныv







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.