Здавалка
Главная | Обратная связь

Есепті тапсырыс бойынша шешу 1 страница



БИЗНЕС – ШЕШІМДЕРДІ МОДЕЛЬДЕУ

 

Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық

 

Алматы, 2014

УДК 004.422.636.7

ББК 32.973:26-018.5

А69

Ахметов Қ.А.

А69 Бизнес-шешімдерді модельдеу: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының техникалық, аграрлық, инженерлік және экономикалық бағыттағы мамандықтарына арналған оқулық/2-басылымы. – Алматы: 2010, 317 б.

 

ISBN 978-601-241-087-7

 

Кітапта алғашқы мәселені формалдаудан бастап, оның математикалық моделін құру және шешу, шешім нәтижесін талдау арқылы басқару шешімі қалыптасқанға дейін, барлық шешім қабылдау кезеңдері қысқа нақтылы жазылған. Шешім қабылдау үрдісінің, математикалық моделін құру, шешу, сонымен қатар шешім нәтжелерін MS Excel –де «Поиск решения» құралы және Excel сценариялары көмегімен талдау жүргізуге үлкен көңіл бөлінген. Шешімдер қабылдауда өндірістік, транспорттық және қаржылық есептердің модельдері, шешімдер қабылдау теориясының элементтері және нақтылы тәжірибелік есептерді MS Excel-де шешу алгоритмдері қарастырылған. Сонымен қатар көптеген тәжірибеде кездесетін есептерге жақындатқан, оқушулардың өзіндік жұмыстарын орындауға арналған мысалдар мен есептер ұсынылған.

Оқулық жоғары оқу орындарында даярланатын халық шаруашылығы салаларының барлық, оның ішінде техникалық, аграрлық, инженерлік, эконо-микалық бағыттағы мамандықтар студенттеріне, магистранттарға, аспирант-тарға, осы оқу орындарының оқытушыларына және ғылыми жұмыспен айналысатын ізденушілерге арналған

УДК 004.422.636.7

ББК 32.973:26-018.5

Пікір жазғандар:

Р.У. Рахметова, э.ғ.д., профессор,Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ

“Қолданбалы математика” кафедрасының меңгерушісі.

Е.К. Қадыржанов, Халықаралық бизнес университеті “Менджмент”

кафедрасының профессоры, э.ғ.д.

Ж.Ж. Сулейменов, э.ғ.д., профессор, ҚазҰАУ “Экономика”

кафедрасының меңгерушісі

 

ISBN 978-601-241-087-7 © Қ.А. Ахметов, 2010

© “Агроуниверситет” баспасы, 2010


М А З М Ұ Н Ы

 

  Алғы сөз ............................................................................................ Кіріспе ................................................................................................
Сызықтық модельдер және әдістер........................................
  1.1 Оңтайлы шешім деген не, оңтайлау есептерінің жіктелу принциптері ....................................................... 1.2 Модель және модельдеу туралы негізгі түсінік ............................... 1.3 MS Excel - де оңтайластыру есептерін шығарудағы алғашқы қадамдар ........................................................ 1.4 Модельдер шешімін талдаудың өзектілігі және тәжірибеде керекті нақтылы көрсеткіштер ...................................... 1.4.1 Шешімнің сезімталдылығын талдау ............................................ 1.4.2 Нұсқалық талдау ............................................................................ 1.4.3 Қосалқылық теориясын қолдану арқылы есепті талдау ............ 1.5 Өндірістік қорларды оңтайлы қолдану .............................................. 1.5.1 Шешім нәтижесін графикпен бейнелеу ....................................... 1.5.2 Жүйеде шектеулер бірікпеген немесе мақсат фукция шектелмеген жағдайларда жасалынатын әрекеттер ................... 1.5.3 Оңтайлы шешімді талдау .............................................................. 1.5.4 Шектеулерді талдау ....................................................................... 1.5.5 Мақсаттық коэффициенттерді талдау ......................................... 1.5.6 Параметрлік талдау ........................................................................ 1.5.7 Бірнеше мақсат функция бойынша шешім ................................. 1.5.8 Есепті тапсырыс бойынша шешу ................................................. 1.5.9 Алғашқы мәліметтері шартты есептерді шешу .........................          
Бүтін санды және сызықты емес модельдер .......................
  2.1 Бүтін санды модельдер ........................................................................ 2.1.1 Бұтақ және шекара әдісі туралы қысқаша түсінік ..................... 2.1.2 Бүтін санды модельдерді MS Excel көмегімен шешу алгоритмі .............................................................................. 2.1.3 Бульдік айнымалылармен есептер ............................................... 2.1.4 Дискреттік программалау модельдері ......................................... 2.2 Сызықты емес модель ......................................................................... 2.2.1 Сызықты емес модельдердің шешімін талдау ............................  
Транспорттық типтес модельдер ...........................................
  3.1 Транспорттық модельдердің жалпы құрамы ................................... 3.2 Транспорттық модельдерді шешу әдістеріне қысқаша шолу ........ 3.3 Транспорттық модельдерді компьютерде шешу тәсілдері .............. 3.4 Тапшысымен тасымалдау есебі ......................................................... 3.5 Тағайындау туралы есептер ................................................................ 3.5.1 Балансталған «Тағайындау» есебін MS Excel көмегімен шешу тәсілі ................................................................... 3.5.2 Балансталмаған «Тағайындау» есебін MS Excel көмегімен шешу тәсілі ..................................................................        
Агроөнеркәсіп кешенінің маңызды есептері .......................
  4.1 Көпкезеңді жарым-жартылай бүтін санды модель ........................... 4.1.1 Шаруа қожалығының бизнес жоспарын модельдеу ................... 4.2 Кәсіпорынды оңтайлы орналастыру моделі ...................................... 4.2.1 Кәсіпорынды оңтайлы орналастырудың өзектілігі .................... 4.2.2 Оңтайлы орналастыру жоспарының моделі және оның тәжірибеде қолданылуы ...................................................... 4.3 Өндірістің жоспарын оңтайластыру .................................................. 4.4 «Қоспа» есебінің моделі ...................................................................... 4.4.1 Агробизнесте «Қоспа» есептері ...................................................      
Қаржылық есептердің модельдері .........................................
  5.1 Шығынсыздықты (зиянсыздықты) талдау ........................................ 5.1.1 Жаңа ұйымдастырылып жатқан нақтылы өндірістің шығынсыздығын (зиянсыздығын) талдау ................................... 5.2 Инвестициялық жобаларды таңдау есебі .......................................... 5.2.1 Қаржылық қорларды активтендіру үшін инвестициялық жобаларды таңдау есептерін MS Excel-де шығару тәсілдері .... 5.2.2 Тапқан пайда арқылы инвестициялау .......................................... 5.3 Мақсаттық қаржылық қорды құру есебі ........................................... 5.4 Нақтылы кәсіпорын мен қаржылық институт арасындағы несиелік байланыс желісін модельдеу .............................................. 5.5 Банктің несие беру саясатын модельдеу ...........................................          
Шешімдер қабылдау теориясының негізі ............................
  6.1 Шешімдер қабылдау модельдері ....................................................... 6.1.1 Толық анықталған жағдайларда шешімдер қабылдау ............... 6.1.2 Тәуекелдік жағдайларда шешімдер қабылдау ............................ 6.1.3 Анықталмаған жағдайда шешімдер қабылдау ...........................
     
Оқушылардың өзіндік жұмыстарына арналған есептермен тапсырмалар.............................................  
  7.1 Сызықты модельдерге есептер............................................................ 7.2 Транспорттық типтес модельдерге есептер....................................... 7.3 Сызықты емес модельдерге есептер................................................... 7.4 Бүтін санды және бульдік айнымалы модельдерге есептер............. 7.5 Қаржылық модельдерге есептер......................................................... 7.6 Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар.............................................
     
  Әдебиеттер ..................................................................................

 

 

Алғы сөз

Қазіргі нарық жағдайларында өндірісте көптеген сұрақтарды шешуде математикалық әдістер мен ақпараттық технология-ларды қолдану қажеттігі даусыз бола бастады. Бірақ, осы аталған ғылымдағы, білімдегі XXI ғасырдың ғылыми-техникалық иннова-циялық жетістіктерге әліде болса мемлекетімізде айтарлықтай мән берілмеуде. Білім саласында, ғылыми жұмыстарда, ертеден қалып-тасқан көзқарастар, баяғы XIX-шы ғасырда ұсынылған әдіснамалық нұсқаулар мен жуықталған әлсіз, дәйексіз әдістемелерді қолдану бүгінге дейін жалғасуда. Демек, қазірден бастап бұл мәселелерге ұлттық деңгейде нақтылы мән берілмесе және мемлекетімізде халық шаруашылығы салаларының мамандарын даярлайтын бар-лық жоғары оқу орындарына, ақпараттық технологиялармен мате-матикалық модельдеу әдіс-тәсілдерін оқытып, үйреттетін арнайы курстарды оқу жүйесіне енгізу міндеттелмесе, ғылымда үлкен жетістікке жетеміз, ұтымды нарық жүйесін құрамыз деп үміттену әркезде қисынды бола бермейтініне көз жеткізу онша қиын емес. Оны әлемдік тәжірибеден де байқауға болады.

Қазiргi ақпараттық технология дамыған заманда өндірістің экономикалық көрсеткіштеріне сандық талдаулар жүргізуде, XIX ғасырда ұсынылған есептеу әрекеттерін жеңілдету мақсатта жуықталған әдістерді қолдануды жалғастыру, өндiрiстi сапалы басқаруда дәстүрлі әдіс-тәсілдерге сүйену жеткілiксiз екеніне көңіл аударатын уақыт жетті.

Қоғамда барлық салаға ақпараттық технологиялардың терең енуiне байланысты, басқару принциптерiн қайта қарап, қазiргi жағдайда жаңа құралды –компьютердi қолдану арқылы басқару шешімдерін қабылдаудың жаңа технологияларын қалыптастыру қажеттiгi осыдан онбес жыл бұрын «Жаппай компьютерлендіру» заманынан-ақ басталған. Өкінішке орай елімізде бұл мәселе бойынша да айтарлықтай жеттістікке жеттік деп айтаалмаймыз.

Бүгінгі таңда мемiлекеттiк-әкімшілікте және шаруашылықты ұйымдастыру iс-әрекеттерiнде басқару жүйесiн жетiлдiру үшiн осы орындарда сапалы жұмыс iстей алатын, өзiнiң күнделiктi әрбір iсiнде қазiргi ақпараттар технологиялар аясында математикалық модельдеу әдiстерiн пайдаланып, оңтайлы шешiм қабылдайтындай кәсiптiк деңгейге жеткен мамандар қажет.

Біздің ойымызша мұндай талап халық шаруашылығының барлық салаларының мамандарына да бірдей жүктелуге тиіс. Себебі қазіргі жоғары білімді кез-келген маман (мал дәрігерінен бастап заңгерге дейін) нарық жүйесінде, бірінші кезекте, ол кәсіпкер.

Сонымен, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында қарасты-рылып отырған мәселелердi оқытып, үйрететiн мемлекеттік тілде жазылған пән ауадай қажет. Осы тұрғыдан қарағанда ұсынылып отырған «Бизнес-шешімдерді модельдеу» курсы республикамыздың жоғары оқу орындары оқу үрдістерінің инновациялық дамыуына бағытталған өзекті мәселені шешуге арналған бірінші мемлекеттік тілдегі оқулық. Аталған курс Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (ҚазҰАУ) оқу үрдісінде күрделі сынақтан және жан-жақтты сараптаудан өткеннен кейін, оқушылардың сұранысы бойынша осы университеттің Ғылыми Кеңесі (хаттама №7, 14.12.2009 ж.) оны оқулық ретінде бекітіп, екінші рет жарыққа шығаруға ұсынды.

Оқулық жоғары оқу орындарында даярланатын халық шаруашылығы салаларының барлық, оның ішінде техникалық, аграрлық, инженерлік, экономикалық бағыттағы мамандықтар студенттеріне, магистранттарға, аспиранттарға, осы оқу орындары-ның оқытушыларына және ғылыми жұмыспен айналысатын ізденушілерге үлкен қызығушылық тудыратынына сеніміміз мол.

Оқушыларға ұсынылып отырған оқулықта кемшіліктер кездесіп жатса автор оларды сөзсіз мойындайды. Кез келген конс-труктивтік сын үлкен ризашылықпен қабылданады.

 

 

Кіріспе

Халық шаруашылығының барлық салаларына ақпараттық технологиялардың терең енуiне байланысты өндiрiстi сапалы, ұтымды басқару үшін, жекебастың ұзақ уқыт жинған тәжiрибесiне, болжамға, ұйымдастырушулық қаблеттілікке сүйену жеткілiксiз. Сондықтан басқару принциптерiн қайта қарап, қазiргi жағдайда жаңа құралды – компьютердi қолдану арқылы басқаруда шешімдер қабылдаудың жаңа технологияларын қалыптастыру қажеттiгi туындалды. Шындығында, жетекшiге мүмкiн бола алатын шешiмдердiң iшiнен ең пайдалы, реттелген, өңделген мәлiметтер берiлсе, оған дұрыс шешiм қабылдау қиынға соқпайды.

Жетекшiнің жұмыс iстеуiне жаңа құралдың – компьютердiң пайда болуы оның жұмысын бұрынғыдан жеңiлдетпейдi, ол тек үлкен мәлiметтердi, көп ақпараттар ағымын дер кезiнде өңдеуге, сенiмдi нәтижелерге жетуге көмектеседi. Жаңа ақпараттар ағымы-ның iшiнде жетекші, басқару принциптерiн, әдiстерiн ешқандай өзгертпей, математикалық компьютерлiк модельдеу технологияла-ры арқылы жедел, сенiмдi және оңтайлы нәтижелер алып, өте пайдалы шешiмдер қабылдай алады. Ал кәсіпкер осы тәсілмен өндiрiстiң жағдайларының мүмкiн бола алатын барлық нұсқаларын тексерiп, өзiнiң бизнесiнiң табысты дамуын қамтамасыз етедi.

Кейінгі жылдары Ресейде қазіргі нарық жағдайына қажетті, өндірісте, кәсіпкерлік деңгейде оңтайлы шешімдерді іздеп, тиімді шешімдер қабылдауға және әртүрлі оңтайлау әдістерін оқып, үйренуге арналған, өте мағыналы, орыс тілінде жазылған, көптеген оқу құралдары және оқулықтар шығарылып, қазіргі кезде ТМД елдерінің нарығында ең құнды тауарлардың бірне айналуда. Өкінішке орай, Республикамызда әзірше ауыз толтырып айтар-лықтай компьютер көмегімен кәсіпкерге оңтайлы шешімдер қабылдауға арналған мемлекеттік тілде бірде-бір оқу құралы жоқ.

Аталған талаптарға байланысты ұсынылып отырған «Бизнес- шешімдерді модельдеу» курсы осы өзекті мәселені шешуге арналған бірінші мемлекеттік тілдегі оқулық. Онда нақтылы деректермен құрылған аграрлық өндіріс кешені есептерін MS Excel –де шешу алгоритмдерімен шешім нәтижесі бойынша басқару шешімін қабылдау тәсілі қарастырылған.

Нарық жағдайында өндірілетін өнімдерге сұраныс деңгейі, олардың бағаларына және т.б. өзгерістерге байланысты өзгеретіні сөзсіз, яғни тиянақсыз жағдайда жұмыс істелінеді – жоспарланып отырған аралықта не болатыны да белгісіз. Сөйтіп, жоспарлы экономикадан жедел басқару экономикасына өтудің басты себебі де осымен түсіндіріледі. Жедел басқаруда өндірістік үрдісті күнделікті қамтамасыздандырудан туатын бір шама күрделенген көптеген сұрақтарға жауап табылды. Мысалға, «Не болады, егер…?», «Не істеу керек, ... осындай болу үшін?». Сонымен қатар, жедел оңтайлы шешім қабылдау келесідей қиыншылықтармен тығыз байланысты. Біріншіден, шешім қабылдаушының қажетті білімі болуы міндетті, онсыз оңтайлы шешім қабылдау мүмкін емес, екіншіден, оңтайластыру есептерін шешу үшін тиісті программалар пакеттері жасалынуға тиіс. Кейінгі жылдарға дейін екінші талап тиянақты шешімін тапай келді. Қазіргі кезде ақпараттық жүйедегі өте қуатты құрал офистік электрондық кесте MS Excel пайда болуына байланысты бұл талап, яғни тиісті программалармен қамтамасыздандыру шешілді деп есептелінеді және оған қызығушылық даму үстінде. Өйткені, қазірде және келешекте адам өмірінде, әртүрлі салада, барлық жағдайда MS Excel мүмкіншілігін пайдалану арқылы шешілетін есептердің өрістері өсетініне дау жоқ.

Сөйтіп, қолданбалы математиканың негізінен құралған «Бизнес – шешімдерді модельдеу» курсын оқу нәтижесінде, ондағы әдістемелерді тек халық шаруашылығы салаларында қолдануды базалық тиянақты дағдыға айналдырумен шектелмей, сонымен қатар өзіңіздің біліміңізді, ой жүйеңізді, сауаттылық деңгейіңізді, көзқарасыңызды және мәдениетіңізді жоғары деңгейде қалыптастырасыз.

Бүгін математикалық әдістер және ақпараттық технология-лармен қаруланған мамандарды даярламайынша нарық жүйесіне табысты өту мүмкін еместігі айдан анық және бәрімізге белгілі. Қазір бүкіл әлемдік экономиканың дамуына жаңа пікірлер туында-луда, онда күштінің хұқығына қарағанда білімді, ақылды адамның хұқығына үлкен мән берілмекші; «Бір орында пайдалы, өйткені басқа орында шығынды» дегенпринцип емес, принцип «Атқарған үлесі бойынша әділетті даму»; бұрын болған және бүгінде сондай «Егер алдай алсаң, ұтасың» деген жабайы нарық принципі емес, принцип «Егер жедел, дұрыс есептеп, тиімді шешім қабылдай алсаң, ұтасың».

Осы жерде, Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев 2006 жылы 26 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы Евра-зиялық ұлттық университетте жасаған дәрісінде: “Математи-калық әдістермен мәліметтерді талдауды бәрі де – инженерлер, эко­номистер, заңгерлер, құрылысшылар, мемлекет қайраткерлері меңгеруі тиіс.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кадрлардың математи-калық әзірлігінің жоғары деңгейі, барлық салаларда сапалы өсу қарқынын қамтамасыз етеді” – деп өте сәтті және дер кезінде атап өткені, назарларыңызға ұсынылып отырған оқулықтың өзектілігінің айрықша дәлелі.

Өкінішке орай, елімізде жоғары оқу орындарында ел басының осы қанатты сөзіне қазірге дейін дұрыс мән берілмеуде.

Өндірісте оңтайлы шешімдер қабылдауға экономикалық-математикалық әдістер және компьютерлік техниканы кеңінен енгізу қарастырылуына байланысты, «Бизнес – шешімдерді модельдеу» курсы қазіргі кезде халық шаруашылық мамандары үшін ерекше маңызды және оны оқып, үйрену өте өзекті мәселеге айналды.

Онда шешімдер қабылдау теориясы (математикалық негізі), әрекеттерді зерттеулердің (шешімдер қабылдау теориясының тәжірибелік алгоритмдерінің негізін құрайтын) математикалық әдістері қарастырылмайды, алғашқы деректерді жинау және өңдеу жұмыстарын орындау тәсілдері және алгоритмдері(сапалы шешімдер қабылдауда жиі керек) келтірілмейді және шешім қабылдау жұмысына қолдау көрсететін арнайы программалармен қамтамасыздандыру үрдісі жазылмайды.

Бірақ, оқулықта өте қарапайым тілде: біріншіден, өмірдегі нақтылы ситуацияларды бір ретке келтіріу және «математизация-лау» жұмысы, екіншіден, MS Excel-дің көмегімен математикалық модельдерді шешу жұмысы, үшіншіден, математикалық модельдер-дің шешу нәтижелерін талдау және интерпретациялау жұмысы (яғни математикалық модельден керісінше нақтылы ситуацияға өту жұмысы) келтірілген. Аталған жұмыстар, арнайы ұғымды жазылған бірнеше кітаптарды оқып, үйреніп алатындай қарапайым техни-калық нұсқаулар емес, нақтылы айтқанда, олар авторлардың көп жылдық тәжірибе және өнер туындылары.

Оқулықтың негізгі мақсаты бизнесте оңтайлы шешім қабыл-дау болғандықтан, өндірістің нақтылы жағдайларының әртүрлі математикалық модельдерін жазуға және шешуге, сонымен қатар шешім нәтижелерін талдауға үлкен мән берілген.

Бірінші бөлімде алғашқы мәселені формалдаудан бастап, оның математикалық моделін құру және шешу, шешім нәтижесін талдау арқылы басқару шешімі қалыптасқанға дейінгі барлық шешім қабылдау үрдісі көрсетілген. Сөйтіп, шешім қабылдау үрді-сінің, математикалық модельді құру, шешу, және осы шешім нәтжелерін талдау кезеңдеріне көп көңіл бөлінген. Келесі бөлім-дерде шешімдер қабылдауда қолданылатын өндірістік, транс-порттық және қаржылық есептердің модельдері, шешімдер қабыл-дау теориясының элементтері және нақтылы тәжірибелік есептерді шешу арқылы олардың барлық технологиялары жан-жақты баян-далған. Сөзсіз, қарастырылып отырған модельдер шешім қабыл-дауға керекті барлық модельдер алқасын қамтымайды, бірақ нақ-тылы жағдайда сіздердің өз еріктеріңізбен оңтайластыру шешімін іздеу жұмыстарына көп көмек көрсетеді. Кітаптың соңында әрбір бөлімдер бойынша қалыпты жағдайға жақындастырылып құрылған тәжірибелік есептер жиыны берілген.

Курсты оқып зерделеу, кез келген жоғары оқу орындарында өтетін жоғары математика курсы көлемінен тыс, арнайы матема-тикалық дайындықты қажет етпейді. Дегенмен де, MS Excel элек-трондық кестеде жұмыс жасау негізімен оқушы жалпы таныс, кем дегенде онда, ол деректерді енгізіп және түзетулер жүргізу, форму-лаларды құрастыру, функцияларды қолдану, жұмысшы бетті қа-лыптастыру, сонымен қатар басқада қарапайым әрекеттерді жасай алады деп есептеледі. MS Excel-де жасалатын аталған әрекеттер, кез келген бағыттағы жоғары оқу орындарында информатика пәнін-де өткен, оқушының қалыптасқан дағдысына айналған, оның қарапайым базалық тәжірибесі болуға тиіс.

Сонымен, бүгiнгi кезде кәсіпкердің жаңа ақпараттыққұжырыныңтехникалық және методологиялық негiзi, жетекшiнiң жұмыс құралы болып есептелетiн, керектi программа құрлымдары-мен қамтамасыздандырған компьютер, сонымен қатар шешiм қабылдауға арналған әдiстемелермен математикалық модельдер кешенi болмақ. Демек, еліміздің индустриальдық-инновациялық дамуын қамтамасыздандыру үшін келешек жас маман өндiрiстi басқару жүйесiнде жаңа құралдармен әдiстердi, оның iшiнде ақпараттық технологиялар аясында математикалық модельдеу әдiстерiн пайдаланып шешiм қабылдайтындай кәсiптiк деңгейге жетуге мiндеттi.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.