Здавалка
Главная | Обратная связь

Есепті тапсырыс бойынша шешу 8 страница



· шектеулерге қосымша шарттарды енгізу үшін осы қо-сымша сұхбаттасу терезесіндегі Добавить батырмасын іске қосамыз (2.5-сурет).

2.4-сурет. Поиск решения –ның сұхбаттасу терезесі (барлық

шектеулер енгізілгеннен кейінгі бейне)

5. Шектеулер қатарына айнымалылардың мәндері олардан кем болуы мүмкін еместігін білдіретін төменгі шекара шектеулерін және бүтін сан болу шарттарын енгіземіз. Осы мақсат үшін келесі іс-әрекеттер орындалынады:

· қосымша сұхбаттасу Добавление ограничения терезесіне айнымалыларың төменгі шекара шектеулерін екі нұсқада енгізуге болады: біріншісінде,Ссылка на ячейку жазуы астындағы терезеге бірден ұялардың адрес аралығын, мысалға, біздің жағдайда $B$4:$E$4, немесе екінші нұсқада әрбір айнымалыны жеке-жеке B4, C4, D4, E4 енгіземіз;

· түсіп кеткен, көрінбей тұрған белгілер тізімінен кем емес “≥” белгісін таңдаймыз;

· айнымалылардың төменгі шекара шектеулерінің мәндері тұрған бірінші нұсқада Ограничение жазуы астындағы терезеге бірден ұялардың адрес аралығын, біздің мысалда $B$5:$E$5, немесе екіншісінде, әрбір мәндерді жеке-жеке B5, C5, D5, E5енгіземіз;

· қосымша сұхбаттасу Добавление ограничения терезе-сіндегіСсылка на ячейку жазуы астындағы терезеге айнымалылар мәндері алынатын ұялар аралығын $B$4:$E$4жазамыз;

·түсіп кеткен, көрінбей тұрған белгілер тізімінен, бүтін сан шартын білдіретін “цел” жазуын таңдаймыз;

·шектеулердіңоң жақтарының мәндері тұрған ұялардың адрестерін көрсетуге арналған Ограничение жазуы астындағы терезені сол қалпында қалдырамыз, онда Поиск решения «автоматты» түрде «целое» деп жазады (2.5-сурет);

· соңғы шектеуді енгізу үшін ОК батырмасын басамыз.

 

2.5-сурет.Добавление ограничения-қосымша сұхбаттасу терезесі

(соңғы әрекет кезеңі)

6. Поиск решенияПараметрлер арқылы қосымша сұхбаттасу терезесінен Линейная модель, Неотрицательные значенияжәне Автоматическое масштабирование жазуларын белгілейміз (2.6-сурет).

2.6-сурет. Поиск решения параметрлері

 

7. Жоғарыдағы әрекеттерді тиянақты орындағаннан кейін есепті шешуге көшеміз. Ол үшін Выполнить батырмасын іске қосамыз. Оңтайластыру үрдісі орындалғаннан кейін сұхбаттасу терезесі Результаты поиска решенияашылады (2.7-сурет).

2.7-сурет.

 

2.8-сурет. Есептің оңтайлы шешімінің нәтижелері

8. Сохранить найденное решение жазуынбелгілейміз де,ОКбатырмасын шертеміз.Программа MS Excel – де есептеуді аяқтағаннан кейін, есептің 2.8-суретте көрсетілген нәтижесін сандық және графикалық түрде аламыз.

Есептің шешім нәтижесінде ізделініп отырған айнымалы-лардың оңтайлы мәндері анықталынды: х1 = 5; х2 = 2; х3 = 5; х4 = 4 , оларға мақсат функция мәне z =1560 а.б. сәйкес келеді.

Есептің шешімін талдау нәтижесінде, егер бұйымдар мынадай қатынаста: А→ 5 дана, В→ 2 дана, С→ 5 дана және D→4 дана өндірілетін болса, онда максималды пайда табу қамтамасыз етілетіні анықталды. Сонымен қатар, шаруашылықтағы еңбек және қаржы қорлары түгелдей қолданылатыны және 3 ө.б. шикізат қоры қолданылмай қалатыны белгілі болды. Сөйтіп, шаруашылықта шикізат қоры 3 ө.б. артық мөлшерде екені, оны басқа мақсат үшін немесе сыртқа сатуға болатындығы жөнінде шешім қабылданды.

Бүтін сандық және үздіксіз шешімдер нәтижелерін салысты-ру үшін, айнымалылардың бүтін санды болу шартын алып тастап, қарастырылып отырған есеп, Поиск решения құралымен қайта шығарылды. Шешім нәтижелері бойынша 2.3-кестені тұрғыздық.

2.3-кесте

  Шешімдер Х1 Х2 Х3 Х4 МФ S1 S2 S3
Үздіксіз 6,71 2,71 1598,57 1,71
Бүтінсанды

Ескерту: S1, S2 және S3 белгілері, сәйкесінше еңбек, шикізат және қаржы қорларының қолданбай қалған мөлшерлерін көрсетеді.

Кестеден мыналар туындалды:

îүздіксіз шешімдеөндірілетін С(х3) және D(х4) бұйымдар-дың мәндері көп өзгеріске ұшырады. Біріншіден, олар бөлшек сандар, екіншіден, алынған бөлшек сандарды жай қарапайым «дөңгелектеу» арқылы бүтін сандарға айналдырсақ: х3=6,71≈7 және х4=2,71≈3 жүйедегі шектеулер шарттары бұзылады (42>40, 77>75 және 124>120). Сөйтіп, бүтін сандық шешім алу үшін жай қарапайым «дөңгелектеу» тәсілін қолдануға мүлдем болмайды;

îүздіксіз және бүтін сандық шешімдерде мақсат функция бір-біріне өте жақын. Дегенмен де, басқа да шарттар сияқты бүтін сандық шарт мақсат функция мәнін төмендетеді (1598,57– 1560 = =38,57);

îүздіксіз шешімде қаржы қоры 1,71 ө.б. қолданбай қалатыны анықталса, ал бүтін сандық шешімде керісінше шикізат қоры 3 ө.б. артық. Демек, есептің алғашқы мәліметтері бірдей болғанымен, айнымалылардың бүтін санды болу шарты оның нәтижесін айтарлықтай өзгеріске әкелетініне көз жеткіземіз.

 

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.