Здавалка
Главная | Обратная связь

Сурет, ЦА-320М агрегаты



Цементтеу агрегаты сипаттамасының параметрлеріне жататындар; тампонаж ертіндісін шектік айдау қысымы, өнімділігі. Айдау қысымы әрбір жұмыс режимі кезінде транспорттық қозғалтқыштың жетек қорабы білігінің айналыс санына және сорап төлкесінің диаметріне байланысты анықталады. Агрегаттың шектік қысым көрсеткіші маркасы белгіленген тақтайшасындағы (мысалға ЦА-320М агрегатында шектік қысым 32 МПа) жазуларда болады.

 

15.1- кестесі, ЦА-320М цементтеу агрегатының сораптың толу коэффициенті 0,9 тең болғандағы жұмыс жасау режимі сипаттамасы

Сипаттама атауы Әрбір беріліске сәйкес параметрлер
Қосулы беріліс II III IV V
Сораптың негізгі білігінің айналыс саны, айн/мин
Сораптың цилиндр төлкесінің диаметрі, мм 100; 115; 127 100; 115; 127 100; 115; 127 100; 115; 127
Өнімділік, л/с 2,9; 4,0; 4,9 5,2; 7,0; 8,7 7,9; 10,7; 13,3 11,9;16,1; 20,0
Айдау қысымы, МПа 32; 23; 18,5 18; 13,4; 10,7 11,7; 8,7; 7,0 7,8; 5,8; 4,7
           

 

Цементтеу жұмыстарын ерекше жағдайларда жүргізу үшін (жолы қиын аймақтар, таулы жерлер және т.б.) 5ЦА-320С маркалы шана табанды, 5ЦА-320ГБ шынжыр табанды, 5ЦА-320 рамада орналасқан агрегаттар шығарылады. Соңғы рамадағы агрегатты тікұшақпен іліп алып тасымалдауға болады. Тампонаж дайындайтын мекемелердің қарауында өзі жүретін 4АН-700 маркалы, плунжерлі сорабы бар, айдау қысымы 70 МПа дейін көтерілетін сорапты агрегаттар болады. Бұндай агрегаттар қабатты гидравликалық жару, гидроперфорация, тұтылған тізбектерді босату үшін, кейбір жағдайда тампонаж ертіндісін сығымдап айдау үшін қолданылады.

Болашақта цементтеу агрегаттарын жетілдіру оның барлық қосылған бөлшектері мен агрегаттарының сенімділігін арттыруға, тампонаж ертіндісін айдау біркелкілігін арттыруға бағытталған, өйткені біркелкі берілмеген ертінді шегендеу құбыры сыртындағы сұйықтың түгел ауыспауына, қуаттың жоғалуына, бос жүрістердің көбеюіне әкеліп соғады.

МЕСТ 20725-75 бойынша платформада жабық кабинада барлық жұмысты бақылау жасайтын аспаптарымен машинистің орны бар, өлшем ыдыстары бар цементтеу агрегаттарының бес түрі қарастырылған.

15.2 Цемент араластырғыш машиналар

Цементтік ерітіндіні дайныдау үшін арнайы аралсатырғыш ЦСМ және СМН (15.2-сурет) маркалы машиналарды қолданады. Цемент аралстырғыш машина автомобильге немесе тіркемеге орнатылған және жақтаулық қабырғалары 53º бұрышпен орналасқан 20 тонналық сыйымдылық бункер болып келеді. Бункердің астында цементті құйғышқа беретін екі шнек болады. Құйғыштан цемент тік қалақшалы шнекпен араластырғыш құрылғыға беріледі.

Тампонажды ертіндіні дайындау үшін бункердің артқы жақ астында, консолды рамада қабылдау камерасы және ваккумды гидравликалық араластырғыш орналасқан. Дайындалған тампонаж ертіндісі соған арналған немесе орташаландырғыш ыдыстарға құйылып одан цементтеу агрегатына сорып алынады.

15.2-сурет, Цемент араластырғыш машина

Қалыпты жағдайда бір цемент араластырғыш машинаға екі цементтеу агрегаты жұмыс жасайды, өйткені оның бірі езу сұйығын гидроараластырғышқа беруге арналған. Цементтеу жұмыстары басталуға жақындағанда ұңғы жанына, цементтеу жұмысын аз мезгілде өткізуге мүмкіндік беретін біраз агрегаттар мен машиналар топтастырылады.

Барлық жабдықтарды жалғап байланыстыру 1БМ-700 өзі жүретін манифольд блогын (15.3-сурет) қолданған кезде өте оңайланады. Манифольд блогы тампонаж ертіндісін басқа бірнеше цементтеу агрегаттарынан ұңғы сағасымен байланысқан екі айдау құбырларына жинауға, одан басқа айдау сұйығын агрегаттарға бөлуге арналған. Ол ЗИЛ-131 автомашинасының шассиіне орнатылған және цементтеу агрегаттарының алты желісіне дейін қоса алады. Қондырғы құрамындағы екі аша қосқыштар көмегімен қосылатын цементтеу агрегаттарының санын екі еселеуге (12 агрегатқа жеткізуге) болады. Кернеулік коллектор 70 МПа дейінгі қысымға есептелген, үлестіргіштер 25 МПа дейін.

СКМ-2М цементтеу процесін бақылау станциясы бір мезетте автоматты түрде цементтеу процесінің технологиялық параметрлерін: айдау қысымын, ұңғыға берілетін сұйықтың тығыздығын, цементтеу агрегаттарының қосынды өнімділігін және айдалатын сұйықтың көлемін өлшеуге және тіркеуге арналған.

Көрсеткіш және тіркеуші сұйықтың тығыздығын, айдау қысымын, және өнімділігін өлшейтін аспаптар басқару пултінде орналасқан. Станцияның датчиктері 1БМ-700 манифольд блогында орналастырылған. Станция құрамына сыртқа алып жүріп, агрегаттың қызметтерін басқаратын операторлармен жұмыс жетекшісі арасындағы байланысты ұстап тұратын басқару блогы кіреді.

 

15.3-сурет, Цементтеу кезінде агрегаттар мен машиналарды байланыстыру сұлбасы

1, 2 - цементтеу агрегаты; 3- манифольд блогы; 4- ұңғы сағасы; 5-бақылау станциясы; I-жоғары қысымдағы жүйе; II- төменгі қысымдағы жүйе; III- сору жүйесі; IV- байланыс жүйесі.

 

Мұнай және газ ұңғыларын жуу, цементтеу үшін цементтеу басы қолданылады. Ұңғыға түсірілген шегеңдеу тізбегіне арнайы цементтеу басы қойылып, цементтеу агрегаттары манифольдымен жалғастырылады.

Қазіргі кезде цементтеу бастарының ЦГЗ, ГЦК, ГЦК-150, СНПУ, 2ГУЦ-400, тағы да басқа түрлері қолданылады. Бұл аталған құрылғылар конструкциялық жағынан ұқсас келеді. Сондықтан да мысал ретінде 2ГУЦ-400 (15.4-сурет) құрылғысын қарастырамыз.

Цементтеу басы бақылау манометрімен жабдықталған және онда қауіпсіздік клапаны мен ағызу түтігі болуы мүмкін.

Қазіргі заманда, тампонаж ертіндісін айдау кезінде, шегендеу құбырлар тізбегін айналдыруға мүмкіндік беретін цементтеу бастары құрастырылып, қолданыс тапқан. Бұл шегендеу тізбегі сыртындағы бұрғылау ертіндісін тампонаж ертіндісімен толық алмастыруға мүмкіншілік беріп, цементтеу сапасын арттырады.

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.