Здавалка
Главная | Обратная связь

Илья Ильич Мечников (1845-1916) 5 страница



Құрал-жабдықтар. Микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, заттық шыны, жабын әйнек, ине, қандауыр, кыскыш, тамшуыр, йод ерітіндісі, көксия кұйылған ыдыс, сүзгі қағаз, таза су құйылған ыдыс, шыныларды жууға арналған ыдыс, өсімдіктер мен жануарлардың ұлпалары мен бір жасушалы организмдердің микропрепараттары, пияз, картоп, элодея жапырақтары, сілекей қабыкшасының эпителий жасушаларынан жасалған микропрепараттар және т.б.

Жұмыс барысы. Сыныптың даярлығына және орындауға бөлінген уақытқа карай жұмысты әр түрлі нұсқада жүргізуге болады.

Пияздың жұқа қкабыщиасынан препарат даярлау. Пиязды кішкентай төрт бұрыш етіл кесіп, онын зпидермисінің бір бөлігін қысқышпен сыдырып алындар. Содан кейін оны заттық шыныдағы боялған суға салындар. Эпидермисті инемен жазып, жабын әйнекпен жауып, артық суын сүзгі қағазбен сорғызып алындар. Дайын болған преларатты алдымен азырақ, содан соң көбірек үлкейтіп қараңдар.

Мынадай сұрақтарға жауап беріндер. 1. Жасуша құрылысының қандай екенін байқадыңдар ма?

2. Пияз жасушасы құрылысының айырмашылығы неде?

Бір жасушалы организмдердің және өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларының дайын микропрепараттарын микроскоп арқылы қарау:

а) бір жасушалы организмдердін (амеба, кірпікшелі кебісше, эвглена) микропрепараттарын микроскоппен қарандар. Бір жасушалы организмдердің жасуша құрылымындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын аныктаңдар; ә) эпителийдің, сүйек және ет ұлпаларының микропрепараттарын микроскоп арқылы қараңдар. Бұлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

Бақылау қорытындыларын кестеге жазында

Зерттелетін зат Ерекшеліктері Белгілер Қорытындылар
        ұқсастықтары айырмашылығы Құрылысымен қызметінің өзара байланысы Кұрылыстарының ұқсастығы
           

 

Биология 10-сынып

Cабақтытың тақырыбы. Вирустар.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды вирустар құрылысымен таныстыру.

2.Дүниетанымынын арттыра отырып,оқу материалдарын толық меңгеру

қабілетін дамыту.

3.Ұйымшылдыққа тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, сызбанұсқа,портреттер

Сабақтың пәнаралық байланысы:тарих.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, кесте толтыру. .

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

VII. Үй тапсырмасын тексеру

VIII. Бағалау.

І. Амандасу,сабаққа әзірлеу,сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Вирустар-тірішліктің жасушасыз түрі

Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д.И.Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XIX гасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д.И.Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У.Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты.XIX ғасырдың соңында Д.И.Ивановский ашқан оте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дөлелденді. Вирус (латынша «virus» — у) — тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, ж\е нәруызбен қапталған қабықшадан — капсидтерден тұрады.

Темекі теңбілінің вирусы ж\е оның кұрылысының

Тенбіл ауруымеи зақым

жапырақ жасушасындағы

темекі жапырағы

(ақтандақтанған бөлігі)

виpvc кристалы

Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан кқрғайды. Кейбір вирустардың кұрамында нуклеин қышкыл-дарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоп-пен оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардын жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгигі болып отыр.

Дмитрий Иосифович Ивановский(1864-1920)

Орыс физиологі әрі микробиологі. Виру-сологияның негізін қалаушылардың бірі.

1892 жылы ең алғаш темекі теңбілі ауруының қоздырғышын тапты

Темекі теңбілі вирусы темекі жапырақтарындағы хлоропластарды закымдайды. жапырак тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді.Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9—11 күннен кейін сарғая бастайды

1). У.Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.

2). Бактерияларды закымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пііпіні итшабаққа ұқсайды, оны 55-суреттен көруге болады. Олардың денесі — басы, қүйрығы жөне іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20— 22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы — нәруыз мол-н тұратын куыс түтік. Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф.Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірак бүл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топаланды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н.Ф.Гамалея алгаш рет анықтаған. Іні сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д'Эрелль (Ф. д' Эрелль) байқаған.Зерттеушілер осындай көзге көрінбейтін бактериялардың паразитін егжей-тегжей зерттеп жазды да, оларды бактерия «жеушілер» немесе «жалмаушылар» деп атады.Олар ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жоймай, пайдалы түрлерін де жояды. Бактериофагтар өндіріске, тамақ өнеркәсібіне және т.б. көп зиян келтіреді. Мысалы, олар пайдалы сүт қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынған сүт тағамдарының сапасын темендетеді.

 

Вирустың құрылысы және онын көбеюі

Оралма тәрізді РНҚ

Нәруыз молекул-н құралған қабықша

10 минБактериофагтың құрылысы мен іс-әрекеттері

. Фагтар (бактериофагтар) өз бұтақшасымен бактерия жасушасына бекінеді. Іле-шала бактерия жасушасының қабыкдіасын ерітетін «лизоцим» деп аталатын фермент бөліп шығарады. Қабықша ерігеннен кейін (55-сурет, Б., 2 мин.) фаг ішіндегі заттар (хромосома, т.б.) бактерия жасушасына енеді де, оның бұтақшасы мен сыртқы қабыкшасы бактерия жасушасының сыртында қалып қояды.

Фаг (бактериофаг) жасуша ішіне енісімен көбейіп, Б., 5—30 мин.) өзінің зиянды әсерін тигізе бастайды (бактерия хромосомасының белсенділігін төмендетеді). Бактерия жасушасы бұдан кейін ісініп, жарылады да, одан жаңадан пайда болған фаг бөлініп шығып, ол келесі жасушаны зақымдауга кіріседі.

Фагтың көбею сатысының ұзақтығы 30 минуттан 90 минутқа дейін созылады. Олар құрғақшылыққа, төменгі температураға ж\е көптеген химиялық уларға төзімді. Бірак 50%-дық глицерин ерітіндісінде, сол сиякты температура +100°С-қа көтерілгенде бактериофагтар тіршілігін жояды. Олар табиғатта өте көп таралған. Кейде фагтар бактерия жасушасында тіршілік етсе де, онын жасушасы ерімейді. Тек көбейген кезде ғана олардың зақымдаушы әрекеттері біліне бастайды.

Мұндай бактериофагтарды бір калыпты фагтар деп, ал бактерияларды, яғни осы фагтарды тасымалдаушыларды «лизогенді» бактерия лар деп атайды.

Қорыта айтқанда, вирустар ауру коздыріыштарын тудырушы ғана емес, бір түр мен екінші түрдің арасында инфекция тасымалдаушы болып табылады. Сондыктан олармен үнемі күресудің жолдарын білу кажет.

Вирустар арқылы таралатын кейбір аурулардың түрлері. Өсімдіктерде болатын вирусты аурулардан темекі, асбұршақ ж\е басқа дақылдардың теңбіл ауруы белгілі. Мұнда, вирустар ауру өсімдіктердің хлоропластарын бүлдіреді де, жапырактардын закымданған жерлері түссізденіп қалады. Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген кауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл, кұтыру жөне т.б. аурулар вирус арқылы таралады.

Тұмаудың нағыз қоздырғышы 1933 жылы табылды. Тұмау індеті адам баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918—1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып, оның 20 миллиондайы қайтыс болған.

Полиомиелит — тез таралатын індет. Полиомиелит вирусы тұмау вирусымен салыстырганда өте кішкентай болады. 1916 жылы Нью-Йоркте полиомиелиттен 2 мындай адам қайтыс болып, 7 мыңдай адам сал ауруына шалдыккан. Бүл ауру, әсіресе балалар арасында кен, таралған. Оның қоздыргышы — су, тағам жене ауа арқылы таралады. Полиомиелит індеті Қазақстанда, әсіресе 1961 жылы кең өріс алды. Бұл аурудың қоздырғыштары жүйке жасушаларына еніп, адам қозғалысын басқаратын жүйкелерді бұзып, жансыздандырады.

ІІІ. Зертханалық жұмыс №4

ІV. Үйге §21

V. Сұрақтар. 1. Прокаридтар құрылысы қандай ?

2. Прокаридтарды зерттеген ғалымдардың еңбегі қандай?

3. Прокаридтарға қандай организдер жатады?

 

10-сынып

Cабақтытың тақырыбы.Клеткадағы зат алмасу.АТФ

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды клеткадағы зат алмасу процесімен таныстыру.

2.Дүниетанымынын арттыра отырып,оқу материалдарын толық меңгеру

қабілетін дамыту.

3.Ұйымшылдыққа тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, сызбанұсқа,портреттер

Сабақтың пәнаралық байланысы: Физика,химия.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, кесте толтыру. .

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Үй тапсырмасын тексеру

VІ Бағалау.

І. Амандасу,сабаққа әзірлеу,сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ.Зат алмасу процесі дегеніміз — тірі организмдегі белгілі бір тәртіппен кезектесіп жүретін әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Тірі клеткадағы зат алмасу процесі үздіксіз жүріп жатады. Орыстың ұлы физиологы И.М.Сеченов “Өзіне қуат беріп тұрған сыртқы орта болмаса, организм тіршілік ете алмайды” деген болатын. Организм мен оны қоршаған сыртқы орта арасында үздіксіз зат пен энергия алмасып отырады. Зат пен энергияның алмасуы сыртқы ортадан организмге энергиясы мол органикалық заттардың келуінен басталады. Ол органикалық заттар ас қорыту жолына түсіп, ферменттердің жәрдемімен қарапайым заттарға ыдырайды. Қарапайым заттар қанмен бірге клеткаға барып, түрлі химиялық өзгерістерге ұшырайды. Демек, сыртқы ортадан заттардың организмге енуінен бастап, ыдырау өнімдерін қайта тысқа шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін — зат алмасу деп атайды. Зат алмасу немесе метаболизм екі сатыдан — катаболизм мен анаболизмнен тұрады.

Катаболизм. Клетка сыртқы ортадан энергиясы мол органикалық заттарды қабылдайды. Олар ферменттердің жәрдемімен тотыға отырып, энергиясы аз қарапайым заттарға ыдырайды. Мысалы, белоктар — аминқышқылдарына, майлар — май қышқылдары мен глицеринге, ал көмірсулар — моносахаридтерге ыдырайды. Бұл қарапайым заттардың ең соңғы өнімі — СО2 мен Н2О. Аминқышқылдары ыдырағанда оның құрамынан аммиак NH3 бөлініп шығады (1-сызбанұсқа).Энергиясы мол органикалық заттардың ыдырауын катаболизм (ажырау) деп атайды.Катаболизм реакциясы кезінде бөлініп шыққан энергияның бір бөлігі еркін энергия, яғни АТФ түрінде сақталады. Екініші бөлігі энергияға бай сутек атомын қосып алған “кофермент” НАДФ-Н түрінде сақталады. НАДФ (никотинамиддинуклеотидфосфат) клеткада тұрақты болатын тасымалдаушы молекула, ол энергияға бай сутек атомын үнемі тасымалдайды.

Зат алмасудың негізгі қызметтерінің бірі — клетканы энергиямен қамтамасыз ету. Өлі табиғатта энергия алуан түрлі болып кездеседі: жылу, электр, күн сәулесі, химиялық жанармай және т.б. Ал тірі организмдегі жағдай басқаша. Организмдер негізінен катаболизм кезінде бөлініп шыққан энергияны пайдаланады. Демек, ыдырау реакциясы кезінде бөлініп шыққан энергия заттарды белсенді тасымалдауға, синтез реакциясына, қозғалуға, бұлшық еттің жұмысына, клетканың бөлінуіне және т.б. тіршілік әрекеттеріне жұмсалады.Өсімдіктекті және жануартекті қорекпен қоректенетін организмдер сыртқы ортадан энергиясы мол органикалық заттарды — глюкоза, аминқышқылдарды, витаминдер және т.б. түрінде қабылдайды. Бұлардан қабылданған энергия бір түрден екінші түрге айналады. Энергияның өзгеруі термодинамика заңдарына бағынады. Термодинамиканың бірінші заңы бойынша энергия жойылмайды және жоқтан пайда болмайды, ол — бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Термодинамиканың екінші заңы бойынша энергия бір түрден екінші түрге ауысқанда, ол энергияның бір бөлігін пайдалы қызметке жұмсаса, қалған бөлігі пайдасыз жылуға айналады. Пайдалы жұмысқа жарамайтын энергия — энтропия деген өлшеммен сипатталады, энергия өзгерген сайын энтропия көбейеді.Пайдасыз жылуға айналған энергия салқын кезде организмдердің денесін жылытуға, ал ыстықта дененің тұрақты температурасын сақтау үшін жұмсалады. Организмдегі пайдалы энергия АТФ түрінде сақталады. 16-сурет. АТФ-тің құрылымы. АТФ-тің АДФ-ке өзгеруі. ~ – макроэргиялық байланыс

 

ІІІ.1. Клеткадағы зат алмасу. Ф Сұрақтар мен тапсырмалар Кестені толтырыңдар.

Зат пен энергияның алмасуы Реакцияға түсетін заттар Реакцияның нәтижесі Зат алмасу сатылары
1.Катабализм (ажырау). 2. Анабализм (биосинтез)      

2. Метаболизм ____________ болып ___________ бөлінеді.

Катаболизм процесі кезінде ___________ заттар түзіледі, ал анаболизм процесі кезінде ___________ синтезделеді.

3. Энергияның өзгеруі қандай заңдылыққа негізделген? Түсініктеме беріңдер.

 

ІV. Үйге §22

V. Сұрақтар.

1.Ивановский нені зерттеді? Тәжірибесі?

2.Вирус қандай мағананы білдіреді,оның құрылысы пішіні қанда

3.Темекі вирусы теңбілі вирусы жапыраққа қандай әсерін тигізеді?

4. Н.Ф. Гамелея, Д.Эелль вирусология саласында қандай еңбектер сіңірді?

5. Бактериофак дегеніміз не,ол жасушада қандай әрекеттер жасайды?

6.У.Стенли вирусты қалай сипаттаған?

7.Вируспен таралатын қандай ауруларды білесіздер,оларды қысқаша сипатаңыздар.

 

 

АТФ қышқылының молекуласы азотты негіз — аденин, рибоза және үш фосфор қышқылының қалдығынан тұрады . АТФ-тің молекуласы тұрақсыз. Егер ферменттердің әсерінен фосфор қышқылының бір молекуласы гидролизденсе 40 кДж/моль энергия бөлініп шығады. Нәтижесінде, АТФ молекуласы АДФ-ке (аденозиндифосфор) айналады. Егер фосфор қышқылының екі молекуласы гидролизденсе АМФ (аденозинмонофосфат) қышқылына айналады. Бұл қайтымды процесс: АМФ АДФ АТФ. 1 моль АТФ-тан 40 кДж-ға жуық энергия босап шықса, 2 моль АТФ-тан 80 кДж энергия бөлінеді. Бұл энергия клеткадағы жүріп жатқан барлық экзотермиялық энергиядан әлдеқайда көп. Сондықтан фосфор қышқылының арасындағы байланыстарды макроэргиялық байланыс деп атайды, оны мынадай ~ белгімен белгілейді.

Анаболизм (синтез реакциясы). Анаболизм процесі кезінде катаболизм реакциясының нәтижесінде түзілген қарапайым заттар, атап айтқанда, аминқышқылдары, моносахаридтер, май қышқылдары мен азотты негіздер және АТФ пен НАДФѓН энергиясы жұмсалып әр түрлі макромолекула синтезделеді. Анаболизм организмнің тіршілігін жойғанға дейін үздіксіз жүретін күрделі процесс. Биосинтез реакциясы өсіп келе жатқан жас клеткаларда қарқынды түрде жүреді. Алайда клеткалардың химиялық құрамы үнемі жаңарып отыратындықтан, ескірген клеткаларда да заттар ұдайы синтезделеді. Синтезделген белок молекулалары белгілі бір уақыттан кейін ыдырап, оның орнын жаңа молекулалар басып отырады. Сондықтан клетка қызметін және химиялық құрамын тұрақты сақтайды. Бұл тұрақтылық катаболизм және анаболизм процестерінің бір-бірімен үнемі байланыста жүретіндігімен түсіндіріледі.

Катаболизм және анаболизм арасындағы энергия алмасу. Катаболизм реакциясы (1-сызбанұсқа) кезінде АТФ және НАДФѓН түрінде химиялық энергия бөлінеді. Анаболизм процесі бұл энергияны макромолекулаларды синтездеуге жұмсайды. Катаболизм және анаболизм процестері клеткада бір уақытта жүреді, алайда олардың жылдамдығы бір-біріне тәуелсіз реттеледі.

Зат алмасудың сатылары. Зат алмасудың алғашқы сатысында қоректік зат ас қорыту мүшелерінде ферменттердің көмегімен тотыға отырып ыдырайды (катаболизм). Екінші сатысында ыдыраудың нәтижесінде пайда болған қарапайым заттар қанға сіңіріліп, организмдегі клеткаларға таралады. Үшінші сатысы — аралық алмасу клеткаларда жүреді. Бұл сатыда организмді жаңартуға қажетті клеткаларды түзетін энергиясы мол құрылыс материалдары синтезделеді (анаболизм). Сонымен қатар, ыдырау және тотығу реакцияларының нәтижесінде аралық және соңғы өнімдер түзіледі. Төртінші сатысында ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады, яғни зат алмасудың соңғы өнімдері — СО2, Н2О, NН3 және т.б. заттар организмнен шығарылады.

10-сынып

Cабақтытың тақырыбы. АТФ синтезі. Тыныс алу және жану

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды клеткадағы АТФ синтезі , тыныс алу ж\е жану процесімен таныстыру.

2.Дүниетанымынын арттыра отырып,оқу материалдарын толық меңгеру

қабілетін дамыту.

3.Ұйымшылдыққа тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, сызбанұсқа,портреттер

Сабақтың пәнаралық байланысы: химия.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, кесте толтыру. .

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Үй тапсырмасын тексеру

VІ Бағалау.

І. Амандасу,сабаққа әзірлеу,сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Тыныс алу туралы ілімнің негізін қалаушылар — М.В.Ломоносов (1757) және А.Л.Лавуазье (1777) болып саналады. Оттектің қатысында органикалық заттардың жануы табиғатта жүрсе, ал тірі организмдердегі тыныс алу процестері митохондрия органоидында жүзеге асады. Жану кезіндегі энергия жылу түрінде бөлінсе, ал тыныс алу кезіндегі бөлініп шыққан энергия организмдердің бүкіл тіршілік процестеріне және өзінің құрылымын белсенді күйде сақтауға жұмсалады. C6H12O6 + 6O2 = 6CO2 + 6H2O + 2881 кДж/моль

Бұл теңдеуден тыныс алу мен жану процестерінің ұқсастығын және тыныс алудың фотосинтезге қарама-қарсы процесс

Эукариоттар және көптеген прокариоттар (бактериялар) АТФ молекуласын синтездеуге қажетті энергияны глюкозаның ыдырауынан алады. Бұл процесс үш сатыға бөлінеді: 1) гликолиз; 2) лимон қышқылының айналымы; 3) электрон тасымалдау тізбегі.Гликолиздің дайындық кезеңі. Гликолиздің дайындық кезеңі ол клетканың цитоплазмасында жүреді. Мұнда арнайы ферменттердің әсерімен энергиясы мол органикалық заттар, энергиясы аз қарапайым заттарға дейін ыдырайды. Мысалы, көмірсулар — моносахаридтерге, майлар — май қышқылы мен глицеринге, нуклеин қышқылдары — нуклеотидтерге, белок — аминқышқылдарына ыдырайды. Бұл заттар келесі жүретін реакциялардың бастамасы ретінде қолданылады.

Гликолиздің оттексіз (анаэробты) ыдырауы. Бұл процесс жануарлар клеткасындағы митохондрияның ішкі мембранасында жүреді. Ол ферменттердің әсерімен бірінен кейін бірі кезектесіп жүретін 13 реакцияның жиынтығынан тұрады. Реакцияға бастапқы зат ретінде 1 моль C6H12O6 (глюкоза) қатысады. Реакция нәтижесінде 2 моль C3H6O3 (сүт қышқылы) және 2 моль АТФ түзіледі. Бұл реакцияға оттек мүлде қатыспайды, C6H12O6 + 2H3PO4 + 2АДФ = 2C3H6O3 + 2АТФ + 2H2O

Спирттік ашу процесі глюкозаның ашуына өте ұқсас көп сатылы ферменттік ыдырау болып табылады. Оның жиынтық теңдеуі мынадай:

C6H12O6 + 2H3PO4 + 2АДФ = 2CO2 + 2C2H5OH + 2АТФ + 2H2O

бір молекула глюкоза ыдырағанда 2 молекула АТФ синтезделеді. Реакция нәтижесінде 200 кДж энергия немесе 40%-ы АДФ-тің АТФ-ке айналуына жұмсалса, ал 120 кДж энергия немесе 60%-ы клеткада АТФ түрінде сақталады.

Гликолиздің оттекті (аэробты) ыдырауы. оттектің қатысымен глюкоза толық ыдырап, соңғы өнім ретінде CO2 және H2O түзіледі. Реакцияның бастапқы заты ретінде 2 моль C3H6O3 (сүт қышқылы) қатысады. Нәтижесінде 36 моль АТФ синтезделеді.

2C3H6O3 + 6O2 + 36H3PO4 + 36АДФ = 6CO2 + 36АТФ + 42H2O

энергияның негізгі көзі — глюкозаның оттекті ыдырауы кезінде (2600 кДж) түзіледі.

Гликолиздің оттекті ыдырауы кезінде түзілген 2600 кДж энергияның 1440 кДж немесе 54%-ы АТФ-тің химиялық байланыс энергиясына айналады.

Глюкозаның оттекті және оттексіз ыдырауының жиынтық теңдеуі мынадай:

C6H12O6 + 6O2 + 38H3PO4 + 38АДФ = 6CO2 + 38АТФ + 44H2O

Глюкозаның оттексіз және оттекті ыдырауы кезінде бөлініп шыққан энергияның 80 кДж + 1440 кДж = 1520 кДж немесе 55%-ы потенциалды энергия түрінде сақталып, клетканың тіршілік процестеріне жұмсалады. Ал 45%-ы жылу энергиясы түрінде пайдаланылады. Қорыта айтқанда, клетканың тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия көзі гликолиз процесі кезінде АТФ түрінде синтезделеді. Сондықтан бұл процесті энергетикалық алмасу дейді..АТФ-тің синтезі гликолиздің бұдан кейінгі сатыларында да үздіксіз жүреді







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.