Здавалка
Главная | Обратная связь

Жазуда ескерілетін емле ережелер 6 страница



ЕМЛЕ-ТЕСТ

Que: Қабылданған шартты қысқартулардың қайсысы дұрыс?

Ans: д.- даңғыл;

Ans: дғ.- даңғыл;

Ans: даң.- даңғыл;

Ans: даңғ.- даңғыл.

Que: Қабылданған шартты қысқартулардың қайсысы дұрыс?

Ans: к. – көше

Ans: кн. – көше

Ans: көш. – көше

Ans: кшн. – көше

Que: Қабылданған шартты қысқартулардың қайсысы дұрыс?

Ans: тг- теңге

Ans: тн- теңге

Ans: тгн- теңге

Ans: тен- теңге

Que: Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

Ans: Ерегес

Ans: Ерегіс

Ans: Ерігіс

Ans: Ерігес

Que: Қазақша орфографиялық дұрыс жазылған текті табыңыз.

Ans: Тәжібаевқа, Мәметовке, Жүнісовке, Текебаевқа, Айғалиевқа.

Ans: Тәжібаевке, Мәметовқа, Жүнісовқа, Текебаевке, Айғалиевке

Ans: Тажибаевқа, Маметовқа, Жунисовке, Текибаевқа, Аигалиевқа

Ans: Тажибаиевқа, Маметовке, Жунисовқа, Текибаевке, Аигалиевке

Que: Қазақ тіліндегі -ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша қалай жалғанады?

Ans: тек жіңішке

Ans: тек қана жуан;

Ans: соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай;

Ans: бастапқы түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай.

Que: Қазақ тіліндегі -мен (-пен, -бен), -паз, -қор, -қой, -нікі, -тікі, -гер, -кеш, -гөй, -хана, -тал, -дар қосымшалары қалай жалғанады?

Ans: тек жіңішке

Ans: тек қана жуан;

Ans: соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай;

Ans: бастапқы түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай.

Que: Дұрыс қосымша жалғаңыз.

Мақтам ..., өнер ..., әсем..., жеңім... .

Ans: -паз

Ans: -шы, - ші.

Ans: -паз, -пез

Ans: -мен, -пен, -бен, кен

Que: Қазақ тілінде Ә әрпіне аяқталған немесе соңғы буынында ә әрпі жазылған сөздерге қосымша қалай жалғанады (кінә..., күнәс...з, күнә+Б.с., күмәнд...ну, Күлән+Б.с.)?

Ans: Жуан

Ans: Жіңішке

Ans: Үндестік заңына орай

Ans: Еш жалғау жалғанбайды

Que: Дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз.

Ans: орнады, ойнады, ойыным, ойыны, қырқыншы, айрықша

Ans: орынады, ойынады, ойыным, ойыны, қырықыншы, айырықша

Ans: орынады, ойнады, ойыным, ойыны, қырқыншы, айрықша

Ans: орнады, ойнады, ойным, ойыны, қырқыншы, айрықша

11. Que: Тәуелденгенде соңғы қатаң дауыссыз дыбысы ұяңдап кететін көрік, білік, бауыр секілді сөздерде ы, і әріптері қалай жазылады?

Ans: Түсіріліп жазылады

Ans: Түсірілмей жазылады

Ans: Жуан жалғау жалғанады

Ans: Үндестік заңына қарай жазылады

12. Que: Мына сияқты сөздерде бөрік, көрі (ажар, келбеті), халқы, еркі, -әрпі т.т, яғни соңғы буынындағы қысаң ы, і дыбыстары үнді дыбыс пен қатаң дыбыстың ортасында келген сөздерді тәуелдегенде, қысаң дыбыстар қалай жазылады?

Ans: Түсіріліп жазылады

Ans: Түсірілмей жазылады

Ans: Жуан жалғау жалғанады

Ans: Үндестік заңына қарай жазылады

Que: Орыс тілінен енген к, г дыбыстарына аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары қалай жалғанады?

Ans: буын үндестігіне қарай

Ans: үнемі жуан жалғау жалғанады

Ans: үнемі жіңішке жалғау жалғанады

Ans: г-ден соң жіңішке, к-ден соң жуан

Que: Орыс тілінен енген ог, уг дыбыстарына аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары қалай жалғанады?

Ans: буын үндестігіне қарай

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: жіңішке жалғау жалғанады

Ans: уг-ден соң жіңішке, ог-ден соң жуан

15. Que: Орыс тілінен енген рк, рг, ск, кт, кс, нк, лк, нкт деген дыбыстар тізбегіне қазақ тілінің қосымшалары қалай жалғанады?

Ans: буын үндестігіне қарай

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: жіңішке жалғау жалғанады

Ans: уг-ден соң жіңішке, ог-ден соң жуан

16. Que: Жіңішкелік белгісіне аяқталған көп буынды сөздерге қазақ тілі қосымшалары (тәуелдік жалғаудан басқалары) қалай жалғанады?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: жіңішке жалғау жалғанады

Ans: уг-ден соң жіңішке, ог-ден соң жуан

Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады

17. Que: Жіңішке ль дыбысына аяқталатын сөздерге (дизель, феестиваль) тәуелдік жалғаулары (яғни дауыстыдан басталатын қосымшалар) қалай жалғанады?

Ans: Ь түсіріліп, тек қана жіңішке жалғанады

Ans: Ь түсірілмей-ақ жіңішке жалғау жалғанады

Ans: Ь түсірілмей-ақ жуан жалғау жалғанады

Ans: Ь түсіріліп, буын үндестігі бойынша жалғанады

18. Que: Соңғы екі дауыссыздың арасында жіңішкелік белгісі бар сөздерге вальс, асфальт, рельс қазақ тілі қосымшалары қалай жалғанады?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: жіңішке жалғау жалғанады

Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады

Ans: Ь түсіріліп, буын үндестігі бойынша жалғанады

19. Que: кль, брь, бль тәрізді дауыссыз дыбыстар мен жіңішкелік белгісіне аяқталған сөздерге және жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір буынды сөздерге қазақ тілі қосымшалары қалай жалғанады?

Ans: әрдайым жіңішке жалғанады

Ans: Ь түсіріліп, жіңішке жалғанады

Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады

Ans: Ь түсіріліп, буын үндестігі бойынша жалғанады

20. Que: Орыс тілінде сөз түбірінде л-дан кейін жіңішкелік белгісі жазылатын сөздер (мораль, артель, акварель) қазақ тіліне калькаланғанда қалай жазылады?

Ans: Ь белгісі сақталады

Ans: Ь белгісі сақталынбайды

Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады

Ans: Ь түсіріліп, буын үндестігі бойынша жалғанады

6-АПТА. ТАҚЫРЫП:

Қазақ тілінің шақ категориясы Қалып етістіктердің түрлі мәнмәтіндегі қолданысы

Етістіктің шақ категориясы —іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”. Осы шақтың 2 түрі бар: 1)Ауыспалы осы шақ. 2) Нақ осы шақ. Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”. “Сіз жүзесіз, оқисыз”. “Ол жүзеді, оқиды”). Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”. Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады. Нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады (“Мен отырмын, жазып отырмын”. “Сен отырсың, жазып отырсың”. “Сіз отырсыз, жазып отырсыз”. “Ол отыр, жазып отыр”). Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі. Оның мәні қалып етістіктердің қазіргі тұлғалары түбір емес: “отыр” — “ол турур”, “тұр” — “тұрұр”, “жүр” — “Жүрүр”, “жат” — “жатыр”, яғни болып жатқан қимылды білдіретін “ур”, “ұр”, “үр”, “р” қосымшаларының кірігуінен жасалған. Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі. Өткен шақ 3 топқа бөлінеді: 1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”. 2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”. 3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы. Келер шақтың негізгі 3 түрі бар: 1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: “-атын”, “-етін” есімше тұлғалы етістікке “шығар”, “секілді”, “тәрізді” сөздері тіркесуі мен “-і” тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септік формасына “мүмкін”, “тиіс”, “қажет”, “керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. 2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”. 3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады, оқиды”.

Етістіктің түбірі глагол Лексикалық мағынасы Лексическое значение Осы шақта қолданудағы мағынасы Временное значение
  Отыр   Сидеть, сиди, сидит, сять   Вырожает действие происходящее в данное время. Действие моментальное. При употреблении данного глагола для вырожения ностоящего времени учитывается его прямое лексическое значение.
  Тұр     Стоять, встань стоит При употреблении данного глагола для вырожения ностоящего времени учитывается его прямое лексическое значение. Вырожает действие происходящее в данное время. Выражает работу механизмов, электроники и автоматики в данное время. Например: магнитофон істеп тұр (работает).
  Жүр     Ходит, ходи. При употреблении данного глагола для вырожения ностоящего времени не учитывается его лексическое значение. Вырожает действие происходящее в промежуток времени. Начало действия было в прошедшом, а конец будет в будущем. Например: Оқып жүр (учиться)
  (Жат)ыр     Лежить, лежать, ложись При употреблении данного глагола для вырожения ностоящего времени не учитывается его лексическое значение. Вырожает действие происходящее в промежуток времени. Начало действия было в прошедшом, а конец будет в ностоящем. Например: Жазып жатыр

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Етістіктің неше шағы бар?
  2. Келер шақ қалай жасалынады?
  3. Өткен жақтағы етістіктерді жіктегенде қандай жалғаулар жалғанады?
  4. Осы шақтың қандай түрлері бар?
  5. Қалып етістіктің шақтық мағыналары қандай?
  6. Қалып етістіктердің тура мағынадағы қолданысы мен шақтық мағынасының ерекшеліктері қандай?
  7. Қалып етістікерінің ресми құжаттарда қолданылу ерекшеліктері қандай?

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР:

1-ТАПСЫРМА.Өзініңздің бір күндік жоспарыңызды келер шақта жазып шығыңыз (7 сөйлем).

Мысал, мен ертең кинотеатрға барамын. Біз дүйсенбіде тауға шығамыз.

2-ТАПСЫРМА.Өз басыңыздан өткерген күніңізді, іс-әрекеттеріңізді тізбектеп жазыңыз (7 сөйлем).

Мысал, кеше мен кинотеатрға бардым, Біз семинарға қатынастық.

3-ТАПСЫРМА.Модельдерді оқып танысыңыз, қалып етістіктің қолданысына талдау жасаңыз, мағынасын, функциональдық қызметін ажыратыңыз.

 

ОТЫР – КИІНІП ОТЫР – ТҰР – КИІНІП ТҰР

Бұл баланың аты – Боря.

Ол футбол ойнын жақсы көреді.

Суретте Боря аяқ киімін киіп отыр.

Боряның үстінде жеңіл жейде, қысқа шорты бар.

Жейдесінің түсі ақ, ал шортысының түсі қара. Аяғында тарғыл шұлық және спортқа арналған кеді бар.

Боря орташа бойлы, қою, сары шашты бала.

Ол арықша келген, сымбатты. Қыр мырынды, көк көзді болуы мүмкін.

 

Боря аулада достарымен футбол ойнап жүр. Допты ширатып тепкілеп тұр.

Оның достары допқа таласып жүр. Қақпашы допты қағып алуға даяндалып тұр.

4-ТАПСЫРМА.Сұрақ формасына сай жауап жазыңыздар.

… адамдар не істеп отыр? ... олар не істеп жатыр? ... ол /олар/ не істеп жүр?


әңгімелесу

сөйлесу

пікір алысу

ой бөлісу

кеңесу

жаттығу

тойлау

ойлану

тамақтану

тамақ ішу

тапсырма беру

киіну

ойнау

терезе ашу

беру


 

5-ТАПСЫРМА.Сөз тіркестерін пайдаланып сұхбат мәтінін құрастырыңыз / «Сіз жұмыста не істейсіз?», Сіз қазір не істеп жатырсыз?», «Отыр, жүр жатыр, тұр» сөздерін қолданыңыз/


Іс қағаздарын жүргізу.

Құжаттар қабылдау

Құжаттарды тексеру

Сарбаздарға тапсырма беру

Жаттығу жүргізу

Хаттар қабылдау

Кіріс құжаттарды өңдеу

Шығыс құжаттарды тіркеу

Қызметтік жазба жазу

Қызметтік хаттарды жөнелту

Қол қойғызу

Қол қою

Жұмысты қадағалау

Баға беру

Компьютерде мәтін теру

Компьютерді қосу


 

6-ТАПСЫРМА.Сұхбатты жатқа рөлде ойнап, етістіктердің қолданысына назар аударыңыз.

- Саша, сен драма театрда болдың ба?

- Иә, бірнеше рет болдым. Алдыңғы аптада «Ревизор» спектаклін тамашаладым.

- Қалай екен?

- Жақсы, бұл қойылымды мен бұрын да көрген едім. Осында сахна безендірілуі жақсартылып, бейне және дыбыстық эффектілер қолданылған.

- Ал әртістер бұрынғылар ма?

- Негізінен бұрынғы әртістер. Тек басты кейіпкер Хлестаковтың рөлін өзге әртіс ойнады. Дегенмен шебер ойнайды. Тақырыпты ашып, идеяға жету үшін үлкен себептестігін тигізді. Кім екенін танымадым!

- Иә, Гоголь комедия жанрының қас шебері ғой. Шындықты әжуа арқылы жеткізу, меніңше, қазіргі таңда да өз орнын алып жүр. Осы аптада Островскийдің шығармаларынан қойлымдар басталады. Мен сені шақырамын, театрға барайық!

- Жақсы, мен қарсы емеспін!

- Көріскенше

- Көріскенше

 

ЕМЛЕ-ТЕСТ

1. Que: Соңғы буынында ю, е, э дауысты дыбыстар келетін орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары қалай жазылады?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: жіңішке жалғау жалғанады

Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады

Ans: әріп түсіріліп, буын үндестігі бойынша жалғанады

2. Que: нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, ск, вт, фт, пт дыбыстарына аяқталатын орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары қалай жазылады?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: жіңішке жалғау жалғанады

Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады

Ans: ы, і дәнекер дыбыстары (әріптері) арқылы жалғанады

3. Que: Қатар келген дауыссыз дыбыстар тіркесінің қалған түрлеріне (нс, рс, рт, рш, нт, рд, рм, фр т.б.) аяқталған кірме сөздерге қазақ тілі қосымшалары қалай жазылады?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: жіңішке жалғау жалғанады

Ans: ы, і дәнекер дыбыстары (әріптері) арқылы жалғанады

Ans: ы, і дәнекерінсіз, буын үндестігі бойынша жалғанады

4. Que: сс, лл, тт, пп, ст, кст, сть, зд, кк дыбыстарына біткен орыс тілінен енген жалпы есімдер атау күйінде өзгеріссіз жазылады да, оларға қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда қалай жазылады?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады

Ans: соңғы дауыссыз дыбысы түсіріліп жазылады

Ans: соңғы дауыссыз дыбысы түсірілмей жазылады

5. Que: Бірдей қос дыбыстарға аяқталған жалқы есімдерге қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда қалай жазамыз?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады

Ans: соңғы дауыссыз дыбысы түсіріліп жазылады

Ans: қос әріп сақталып жазылады, үш біркелкі әріп жазылмайды

6. Que: Цифрмен, жазылған есептік, бөлшек сан есімдерге дефис арқылы жалғанатын қосымшалардың жуан-жіңішкелігін неге байланысты?

Ans: санның құрамына байланысты

Ans: сан есімнің тобына байланысты

Ans: бірінші буынның жуан-жіңішкелігіне

Ans: цифрмен белгіленген санның айтылуына

7. Que: Пайызды (%) градусты ( о) белгілейтін таңбалары бар сөздерге қосымша қалай жалғанады?

Ans: сөздің құрамына байланысты

Ans: сөздердің тіркесіне байланысты

Ans: бірінші буынның жуан-жіңішкелігіне

Ans: сөздердің соңғы буынының әуеніне байланысты

8. Que: см, мм, км, га сияқты қысқарған белгілерге жалғанатын қосымшалар да дефис арқылы жазылып, осы белгілерді таңбалайтын сөздерге қосымша қалай жалғанады?

Ans: сөздің құрамына байланысты

Ans: сөздердің тіркесіне байланысты

Ans: бірінші буынның жуан-жіңішкелігіне

Ans: соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады

9. Que: еш, әр, кей, әлде, бір деген сөздер есімдіктермен, үстеулермен тіркесіп келгенде қалай жазылады?

Ans: бөлек жазылады

Ans: бірігіп жазылады

Ans: тіркесіп жазылады

Ans: сызықша арқылы жазылады

10. Que: Еш, әр, қай қайсы, әлде, бір деген сөздер зат есімдермен келгенде қалай жазылады?

Ans: бөлек жазылады

Ans: бірігіп жазылады

Ans: тіркесіп жазылады

Ans: сызықша арқылы жазылады

11. Que: Бір деген белгісіздік есімдігі бейне, екінші, неше, не сияқты сөздерден кейін келіп тіркескенде қалай жазылады?

Ans: бөлек жазылады

Ans: бірігіп жазылады

Ans: тіркесіп жазылады

Ans: сызықша арқылы жазылады

12. Que: Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда қалай тасымалданады?

Ans: тасымалданбайды

Ans: буын жігіне қарай тасымалданады

Ans: буын үндестігіне қарай тасымалданады

Ans: орыс тілінен енген сөз бөлек тасмалданады

13. Que: Екі, үш кейде төрт-бес дыбыстан тұратын бір буынды (яғни ішінде бір ғана дауысты дыбысы бар) сөздер қалай тасымалданады?

Ans: тасымалданбайды

Ans: буын жігіне қарай тасымалданады

Ans: буын үндестігіне қарай тасымалданады

Ans: орыс тілінен енген сөз бөлек тасымалданады

14. Que: Сан есіммен келетін қысқарған шартты белгілер қалай тасымалданады?

Ans: тасымалданбайды

Ans: буын жігіне қарай тасымалданады

Ans: буын үндестігіне қарай тасымалданады

Ans: цифрдан бөліп тасымалдауға болмайды

15. Que: Әріптерден қысқарған сөздерді қалай тасымалдауға болады?

Ans: тасымалданбайды

Ans: буын жігіне қарай тасымалданады

Ans: буын үндестігіне қарай тасымалданады

Ans: орыс тілінен енген сөз бөлек тасымалданады

16. Que: Төл тілінде дефиспен жазылатын кісі аттары (көбіне тегі) қазақша қалай жазылады?

Ans: буын жігіне қарай

Ans: буын үндестігіне қарай

Ans: дефис арқылы таңбаланады

Ans: біріккен сөз болып жазылады

17. Que: Араб халықтары есімдерінен келетін әл, аш, ар, аз, әд, бен секілді бөлшектер қалай жазылады?

Ans: кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

18. Que: Түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей, бек, заде, оглы сияқты тұлғалар қалай жазылады?

Ans: дефис арқылы, кіші әріппен жазылады

Ans: кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

19. Que: Түркі, монғол хандары есімдерінің соңында келетін хан сөзі қалай жазылады?

Ans: дефиссіз бөлек жазылады

Ans: үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

20. Que: Реттік сан есімдер цифрмен жазылса, өзіне қатысты сөзбен қалай жазылады?

Ans: дефиссіз бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, кіші әріппен жазылады

Ans: үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

7-АПТА. ТАҚЫРЫП:

Қазақ тіліндегі стиль түрлері, сала тіліндегі қолданысы. Қазақ тіліндегі ауызекі сөйлеу стилі, қолданыс аясы Қазақ жерінде өткен әлемдік маңызы бар кездесулер мен басқосулар

 

Қазақ тілінде бес стилдің түрі бар: ауызекі сөйлеу стилі, публистицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль, ресми стиль. Олардың әр қайсысының қолданылу ортасы, ерекшеліктері бар. Стильдерді жіктеген кезде олардың қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы, публицистикалық, ғылыми стильдердің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетеді. Бұл функционалдық стильдің экстралигвистикалық факторларға да тәуелді екендігін айғақтайды. Стиль – тілдік құралдардың реттеле отырып, белгілі бір жүйеге келтірілген, шартты түрде тұйықталған тобы.

Ауызекі сөйлеу стилі: негізінен ауызша тілде қолданылады. Диалог түрінде кездеседі. Эмоция мен экспрессияға қанық болып келеді. Ауызекі сөйлеу стилі бейресми қарым-қатынаста қолданылады. Оның өзіне тән фонетикалық, лексикалық, морфологиялық,синтаксистік ерекшеліктері бар. Стильдің басты ерекшелігі – алдын-ала дайындықты қажет етпейді, еркін қолданысқа түседі. Фонетикалық ерекшелігі: мысалы, [қазыр], [келатыр], [оқыпатыр], [барып келт], [саумаликум] т.б. Лексикалық ерекшелігі: ауыспалы мәнде, астарлап, мақамдап айтылуынан айқын көрінеді. Мәселен, қоянның суретін салу, қораға тығып кету, әңкі-тәңкісін шығару, аяғын тырпылдату, мықты әдемі, жынды сұлу, өтірікті соғу, өтірікті құю, дәу, нән, алақанын жайып қалу, қақым бар, жаңағы, нақақ, не зат, быт-шыт болу, білдіңіз бе, бошқа бардым т.б. Морфологиялық ерекшеліктері: кешкісін, кештетіп, кешкілік, кешкісін жолығармын, таң азанда, таңертеңгілік, әңкі-тәңкі, аңырайып-саңырайып, ауан-тауандылық, гүжбиген, гүжбандай, шынашақтай, кеп қалдық (келіп қалдықтың орнына) біз ожақта болғамбыз (ол жақта болдықтың орнына) т.б. Синтаксистік ерекшелітерінің бірі ретінде сөйлем ішінен сөз тастап қолдануды мысалға ала аламыз: Астанаға екі билет, бір кісілік, екеу бере салыңыз («беріңізші» мағынасында), біз оқып көргембіз («мен оқыдым» деген мағынада) т.б. ақпарат беруде ең маңыздысы сөйлем алдына қоюды да мысалға алға болады. Мәселен, компьютер алдым (дұрысы – сатып алдым) немесе сіз домбырада тамаша ойнадыңыз деген сөйлемнің орнына жағдайға орай тамаша!, ғажап!, бәрекелді! Ой, бәлі! деп тыңдаушылар өз сезімдерін білдірулері мүмкін. Сонымен қоса, ауызекі сөйлеу тілінде орыс-қазақ сөздерін араластыра сөйлеу үрдісі де соңғы кезде жиі кездеседі. Тіпті орыс сөздеріне қазақ тілінің қосымшаларын жалғап қолданған сөздерді де кезіктіреміз.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.