Здавалка
Главная | Обратная связь

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар,



Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар!? /Мағжан/

теңеу

портрет

мінездеу

сипаттау

балау (метафора)

 

13 Әдеби стильде ғана кезігетін сөз тұлғасын белгілеңіз

қолдау

көлбеңде

рұқсат бер

тексерілген

болыпты мыс.

 

14 Әдеби стильдің жанрын анықтаңыз.

Эпилог

Реплика

Аннотация

Аппеляция

Сыни мақала

 

15 Әдеби стильде терминдер–

қолданылады

қолданылмайды

арнайы мақсатта

мүлде кездеспейді

ішнара қолданылады

11-АПТА. ТАҚЫРЫП:

Қазақ тіліндегі ғылыми стиль және ҒС лексикасы. Қазақ ғылымының алыптары

 

Ғылыми стиль – функционалдық стильдің тілдік белгілерімен сараланатын айрықша бір түрі.Ғылыми стиль (ҒС) жазба стильге жатады, оған әр ғылым саласында жазылған ғылыми еңбектер, зерттеулер, оқулықтар кіреді. Ғылыми стильдің ірі және шағын жанрлары болады. Ірі жанрларына жеке автордың және ұжымдық ғылыми еңбектер жатады: диссертация, монография, энциклопедия, сөздік, оқулық, оқу құралы. Ғылыми стильдің ұсақ жанрларына мақала, реферат, тезис, рецензия, аннотация жатады.

Ғылыми стильде тілдік нормадан тыс тұратын сөздер қолданылмайды. Сөздер дәл заттық мағыналарында жұмсалады. Бұл стильде ғылыми терминдердің, оның ішінде мамандық терминдерінің қолданылуы ғылыми мәтіннің стильдік белгісі әрі стилистикалық нормасы болып табылады.

ҒС сыртқы элементтері қалыптасқан арнайы тақырыптан тұрады. Онда ғылыми еңбектің жалпы мақсаты, негізгі идеясы, ғылыми пікірдің негізі көрініп тұруы тиіс. Мәселен атауы, яғни тақырыбы хабарлама түрінде беріледі. Мысалы, «Стиль табиғаты», «Стиль мәселесінің зерттелу жайы» т.б.

Ғылыми стильдің кіріспе бөлімінде ғылыми зерттеудің тарихын, жазылу себептерін, жаңалығын қысқаша баяндап береді. ҒС негізгі тарауы зерттеу нысанымен тікелей қарым-қатынасқа түседі. Бұл стильде жазылатын еңбек өзінің мағлұматтарын ғылыми тәжірибеден алады. Мағлұматтарды салыстырады, талдауға алады, бір тұжырымға келтіреді. ҒС-ге мәтіннің сыртқы элементтерінің бірі – қорытынды. Қорытынды бөлімде зерттеудің толық сипатын жан-жақты қорытындылап, зерттеудің негізгі мақсат-міндеттерінің нақты мәнін қысқаша мазмұндайды.

ҒС метафоралар да кездеседі, алайда оның бейнелік, көркемдік қасиеті төмен болады. Мысалы, Франция – көне мәдениет ошағы, философия – барлық ғылымдардың түп атасы. Әдеби тілді байытып, қорландырып отыратын нәрлі бастаудың бірі – халық тілі.

ҒС зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу секілді сөз таптарының барлығы дерлік қолданылғанмен одағай сөздер, демеулік шылаулар (кейбіреуі болмаса) қолданылмайды. Мысалы, көлем, мөлшер, санат, жұп, жүз, елу, жақсы, жаман, үлкен, кіші, үдеу т.б.

ҒС-де кейбір етістіктер байланыс қызметін атқарып келеді: сәйкес келеді (сәйкес сөзінің орнына), көруге болады (көреміздің орнына), сөз қозғайды (айттының орнына), толық жауап береді (іс-әрекеттің жүзеге асқандын білдіреді) т.с.с.

ҒС-де есімді сөйлемдер жиі кездеседі. Олардың қолданысы ықшамдылық пен дәлдікке, нақтылық пен деректілікке әкеледі. Мысалы, бірқатар ғалымдар көрсеткендей, мәтін – тілдік қарым-қатынасты іске асырудың құралы әрі соның туындысы т.б. ҒС-дегі жай сөйлемнің күрделенген түрі бағалаушы сөздер ретінде қолданылатын анықтайтын, бағалайтын, сипаттайтын, толықтыратын деген сөздер жиі қолданылады. Жай сөйлеммен құрмалас сөйлемдерді байланытыруда шылаулар жиі қолднылады: себебі, бірақ, дегенмен т.б. Сөз сабақтауда, тізбектеп көрсетуде біріншіден, екіншіден, сонымен, соған байланысты, бір жағынан секілді қыстырма сөздер де қолданылады. ҒС-де рай категориясы да стильдік мәнде жиі қолданылады.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР:

 

1-ТАПСЫРМА.Мәтінді 3-жақтан баяндалған ғылыми стильдегі мәлімдемеге айналдырыңыз.

Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы біздің еліміздің кен қойнауында бар. 70 элементтің қоры барланып-зерттелген. Ал өндіріске 60-тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күні минерал шикі затының 1225 түрі бар. 493 кен орны белгілі.

Пайдалы қазбалар қорының көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында. Күміс, хромит, қорғасын мен мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай, көмір, мыс, никель мен фосфат шикізатын өндіру бойынша екінші, алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр.

Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, олар, негізінен, еліміздің батыс бөлігінде орналасқан. Жыл сайын мұнда 32 миллион тонна мұнай өндіріледі. Әрине, бұл республикамызды әлемдегі ірі мұнай өндіруші мемлекеттер қатарына қояды.

2-ТАПСЫРМА..Сөйлемдерді стильдік жағынан жетілдіріңіз, қазақ тіліне аударып жазыңыз.

Уральск один из старинных городов Казахстана.

Сейчас г.Уральск – прекрасный город с развитой инфраструктурой.

Протяженность города с юга на север более 8 км, с запада на восток 12 км.

Здесь дружно проживают более 100 представители разных национальностей.

Более 10 исторические и культурные памятники оставлены будущему поколению как бесценное наследие.

3-ТАПСЫРМА.Сөздердің аудармасын кестеге орналастырыңыз, сөздердің стильдік қолданысын анықтаңыз.

Подвиг, видный, свобода, формироваться, наследие, бессмертное, подвергаться, , главный, превратился, герой, крупная, начали заселяться

Не? Қандай? Не істеу?
     
     
     
     

4-ТАПСЫРМА..Төмендегі сөздерді пайдаланып сөйлемдер жазыңыз:деп атаймыз, пікірінше, қарастырсақ, біріншіден, қорыта айтсақ, өзекті болып отыр.

12-АПТА. ТАҚЫРЫП:

Қазақ тіліндегі ғылыми стиль және стильдердегі морфологиялық ерекшеліктері. Заң ғылымының заңғары (Салық Зиманов –жайында)

Зиманов Салық Зиманұлы — заңгер, заң ғылымының докторы (1961), профессор (1963), Қазақстан Республикасы Ұлттық ҒА-ның академигі (1967). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Ғылыми қайраткері (1971). 3иманов өзінің «Қазақтардың 19 ғ-дың 1-жартысындағы қоғамдық құрылысы», «Қазақстанның 18 ғасырдың соңы мен 19-дың алғашқы жартысындағы саяси құрылысы» атты еңбектерінде және «Абай ережелері»атты Ғылыми мақаласында (ҚазақССР, қысқаша энциклопедия. 1 т., - А., 1984) Абайдың қазақ тарихындағы алатын орнына жоғары баға беріп, қазақтардың әдет-ғұрып заңдарын жетілдіруге қосқан үлесі мен праволық көзқарастарын саралады. Зиманов Салық 1990–95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесіне халық депутаты болып сайланып, Жоғарғы Кеңес Төралқасының, Сыртқы қарым-қатынастар мен парламентаралық байланыстар к-тінің мүшесі, Ардагерлер мен мүгедектер жөніндегі к-т төрағасы болды. Білікті заңгер маман ретінде егемендік, тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастарын заңдастырып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру, президенттік басқару институтын енгізу, құқықтық-демокр. реформаларды жүргізу ісіне, т. б. белсене араласты. Ол 1992–93 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Консультативтік кеңестің, мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі болды. зауытың ғылыми-зерттеу еңбектері, негізінен, мемлекет және құқық тарихы мен теориясына, Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да аймақтарында ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігіне, т. б. өзекті мәселелерге арналған. Сондай-ақ зауытың құқық теориясына, қазақтың дәстүрлі құқықтық мәдениетіне, шариғат заңдарына қатысты бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрді. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде де ол азаматтық ерлік көрсетті. Империялық орталықтың үлкен лауазымды өкілдерінің қазақ халқы атына айтқан астам пікірлеріне тайсалмай қарсы шығып, ұлт намысын, ел абыройын нақты да кесімді дәлелдермен қорғап қалды. Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін зауытың ғылыми және қоғами-саяси қызметінің жаңа, жемісті кезеңі басталды. Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі көптеген жаңа заңдарды қабылдауға тиіс болды. Осы жауапты тарихи кезеңде Зиманов Салық білімділік, қайраткерлік қырымен танылды. Қазақ мемлекеттігі мен қазақ халқының тарихында шешуші рөл атқарған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» (25.10.1990) жобасын дайындау жөніндегі комиссияны басқарды. Ел тарихындағы екінші бір аса маңызды саяси актінің – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның (16.12.1991) жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі болды. Ол Жоғарғы Кеңестегі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын әзірлеу жөніндегі Конституциялық комиссияның мүшесі болды, мұнда ол сарапшылар тобын басқарды. зауытың «КСРО-дағы автономиялау теориясы мен практикасы» (1998) атты зерттеу еңбегі ТМД мемлекеттерінің ғылыми жұртшылығының арасында зор серпіліс туғызды. Онда алпауыт держава – КСРО-ның ыдырауының көрінісі және оның бұрынғы автономиялық аумақтары негізінде жаңа тәуелсіз республикалардың құрылуы нақты да талдамалы тұжырымдарға сүйене отырып дәлелденген. Зиманов Салық 10 томдық «Қазақтың ата заңдары» энциклопедиясына ғылыми жетекшілік жасауда. Зиманов Салық Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығы (1993), Қазақстан мемлекеттік сыйлығы (2002) лауреаты. «Парасат» орденімен (2002), екі рет Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Ғылыми-стиль – стильдің ғылым саласында қолданылатын бір түрі. Ғылыми-стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет. Ғылыми-стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады. Ғылыми-стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады. Тіліміздегі сөздердің кейбір топтары белгілі бір стильдік салаға (мейлі ол жазба стиль болсын, әлде сөйлеу стилі формасы болсын) тән болып, қалыптасқан жүйеде ғана қолданылатыны тәрізді, кейбір морфологиялық тұлғалардың да бір жүйеде ғана, бір ыңғайда ғана қолдануға бейімділігі көзге түседі. Әрине, морфологиялық тұлғаның бір ғана стиль құрамында жиі жұмсалуы оның әдеби тілдің басқа бір саласында кездеспейтіндігін дәлелдемейді. Ол тұлға басқадан гөрі сол стильде жиі қолданылады, сол мән-мағынада біршама қалыптасқан деп қана түсінілгені мақұл. Сондықтан да әдеби тілдің тек бір ғана саласында морфологиялық тұлғалардың қолданылып, басқа ыңғайда кездеспейтін түрлері аса сирек. Өйткені морфологиялық категориялар, жеке сөздердей емес, сөйлемнің субъективтік мәнеріне тікелей қатысты бола бермейді. Қебіне ойдың, хабардың объективтік мазмұнымен тікелей байланысты болып келеді.Сонымен, әдеби тілдің белгілі бір стильдік саласында жиі қолданылуға бейім морфологиялық тұлғалар бар.Қазақ әдеби тілінің құрамындағы стильдік салалар морфоло-гиялық құрамы жағынан бір-бірінен соншама алшақтап кетпейді. Кұрамында жиі жұмсалатын морфологиялық тұлғалардың сипатына қарай, жазба стильдерді негізінен екі топқа бөлуге болады. Морфологиялық құрамы тұрғысынан кеңсе стилі мен ғылыми стиль бір-біріне жақын, бір-бірімен орайлас. Сол сияқты публицистика-лық стиль мен көркем әдебиет стилі бір-бірімен үндесіп жатады. Соған орай публицистикалық стильде жиі кездесетін морфоло-гиялық тұлғалар көркем әдебиет тілінде де біршама жиі қолда-нылады.Кеңсе және ғылыми әдебиеттер тілінін, басты бір ерекшелігі олардың құрамында автордың субъективтік көзқарасы, қатынасы көрінбейді. Соған орай кеңсе қағаздарының (куәліктер, ақпарлар, қаулы-қарарлар, қатынас қағаздар т. б.) тілінде, сондай-ақ ғылыми әдебиеттер тілінде кішірейткіш мәнді аффикстер көп қолданыл-майды. Бұл жерде әсіресе қолданылмайтындар — сын есімнің кіші-рейткіш мәнді жұрнақтары: -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу (ұзын-дау, сұңғақтау, үлкендеу, қисықтау т. б.) -ғыл, -ғылтым, -ғыш, -ілдір (қызғылт, сарғыш, қызғылтым, көкшіл, көгілдір т. б.). Бұ-лардан белгілі бір мағыналық топқа жататын сөздер – ғана жасалады. Соған орай бұл аффикстер арқылы жасалған сөздердің қолданылу өрісі де аса кең емес, -аң, -ең, -қай (босаң, алаң көз, сидаң жігіт т. б.), -ша, -ше (шоқша сақал, биікше) т. б. аффиксті-сын есімдер де сирек ұшырайды. Зат есімге қосылып, кішірейткіш мәнге үстеме экспрессивтік мәнер туғызатын аффикстер де мұндай стильдік салаларда жиі кездесе қсймайды. Олар мына тәрізділер: -тай, -ке, -ш, -жан, -сы-мақ (атеке, ағеке, ағатай, жеңгетай, Дінмұхамет — Димаш, атсы-мақ, адамсымақ), -ша, -ше, -шақ, -шек, -шық,- шік, -қан, (бұзау-қан, үстелше, бақыршық,). Мысалы, кісінің жеке портретін айтып, түстеме жасалатын кеңсе қағазына “бойы ұзьмша, өңі ақ құбаша” деп жазудың ешбір қажеті жоқ. Немесе қатынастар мен ақпар қағаздарында, мал шаруашылығы жайлы статистикалық мәлімет-терде “эрбір 100 сиырдан 100 бұзауқан алды” деп жазуға болмайды. Дегенмен, бұл ыңғайда мынадай жайларды да ескеру қажет. Әдетте сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері сөз қолданудың тарихи — дәстүрлік ерекшеліктерімен астасып, сонымен ұштасып жатады. Әдеби тіл дамуының бір кезендеріңде әр түрлі тарихи жағдайлардың ықпалымен жеке туынды сөздір өздершің семантикалық және экспрессивтік ерекшеліктеріне қарамай, басқа бір мәнде, қолданыста қалыптасып отырады. Мысалы, кішірейткіш мәнді аффикстер арқылы жасалған сөздердің кейбірі кеңсе стилінде, әсіресе ғылыми әдебиеттер тілінде жиі қолданылады. Мысалы: кітапша, бұтақша, жақша, бозша (торғай), жарғақша, қараша тәрізді сөздер кеңсе қағаздары тілінде де, ғылыми әдебиет тілінде де жиі қолданылатын сөздердің қатарына жатады. Себебі бұлар белгілі бір салаға қатысты термин сөздер болып калыптасқан. Соның салдарынан сөз құрамындағы аффикстерге тән экспрессия жоғалып, тура мәнінде ғана ұғынылады. Егер ботаника ғылымы саласында жазылған ғылыми еңбектің тілінде бұтақша сөзі кездессе, оқушы сөз құрамындағы -ша аффиксінен туар экспрессияны байқамас еді. Ал психология жөнінде жазылган еңбекте мишық терминінің қолданылуы әбден орынды, егер ол айтылмай басқа бір сөз қолданылса, оқушы ұғымында қалыптасқан түсінік шатасар еді. Әрине, бұдан басқа ыңғайда айтылатын мишық сөзі жағымды мағына бермейді. Сондай-ақ қараша сөзі астрономиялық мәнде жұмсалғанда қара да емес, қызыл да емес, қоспа түс дейтін мән туғызбаса керек. Әр жыл сайын белгілі бір мезгілде қайталанып отыратын табиғи құбылысты ғана білдіреді. Ғылыми стиль мен кеңсе стилінде аса сирек, кейде тіпті кез-деспейтін морфологиялық тұлғалардың бірі сын есімнін, салыстыр-малы, күшейтпелі шырай түрлері. Әдетте автордың іске, ойға, қи-мылға субъективтік қатынасын білдіретін грамматикалық тәсілдер болып саналатын бұл тұлғалар мынадай: а) сын есімнің салыстырма түрлерін жасайтын аффикстер: -рақ, -рек (үлкенірек, қызылырақ, сарырақ); ә) -қып-қызыл, сап-сары түрінде, яғни толық мәнді сөздің алғашқы буыны қайталану арқылы, сондай-ақ, өте, аса, тым, тіпті, шым сөздерінің негізгі сын есімдерге тіркесіп келуі арқылы (өте қызыл, өте жақсы, тым жақсы, шым қызыл т. б.) жасалатын күшейтпелі шырай түрлері. Іс қағаздарында, ғылыми әдебиеттер тілінде -рақ, -рек тұлғалы сын есімдердің орнына заттың, әлде сапаның бір-бірінен проценттік айырмашылыгын көбірек айтады. Сондықтан “Заводтың бірінші цехы айлық, жоспарды 12°/0 артық орындады” дейтін сөйлемді “Заводтың бірінші цехы айлық, жоспарды артығырак, орындады” деп жазу кеңсе стиліне тән емес. Өйткені кеңсе стилінің негізгі ерекшелігі — іс-әрекетті болған күйінде, қалпында, аумақ-шеңберінде дәл де айқын жеткізу. Бұл іспеттес сөз қолданыс публицистикалык әдебиеттер тіліне тән. Сын есімнің күшейтпелі, асырмалы түрлері кісі ойының әсерлілігін, эмоциясын білдірудің құралы. Өз ойын әсерлі де әдемі жеткізуді ойласа, сөйлеуші жап-жақсы, тап-тамаша, қып-қызыл, шымқай аппақ тәрізді әсіре мәнді сын есімдерді жиі де үстемелей қолдана-ды. Ал кеңсе қағаздары мен ғылыми әдебиеттерде олардың орнына заттың, әлде сапаның бір-бірінен айрықша артықшылығы сан мөлшерімен ғана айтылады, не синтаксистік конструкциялар ар-қылы беріледі. Кеңсе және ғылыми әдебиет стиліне ортақ морфологиялық тұл-ғалар деп мына төмендегілерді көрсетуге болар еді: Зат есімдік және сын есімдік түбірден зат есім тудыратын -лық, -лік (-дық, -дік, -тық, -тік) жұрнағы. Бұл арқылы әр түрлі мағына-лық топтарға жататын сөздер жасалады. Ондай сөздердің бірсылы-расы азаматтық, дұшпандық,, үстемдік тәрізді абстракт ұғымдарды білдірсе, бірсыпырасы тереңдік, жуандық, қалыңдық, жылдамдық, ауырлық тәрізді зат пен құбылыстың әр түрлі қалыбы мен күйін, жағдайын білдіреді. Бұлардың басым көпшілігі терминдік мән алып, нормаға айналған қалыптасқан атаулар болып кетті. Мысалы,бейтараптық, серпімділік, оқулық, сөздік, жылылық, дымқылдық т. б. Бұлар — бүгінгі тілімізде ғылым мен шаруашылықтың әр саласында қолданылатын қалыптасқан атаулар. -лық аффиксі арқылы нақтылы зат атауы да жасалады. Мысалы: белдік, ауыздық, егіндік. Халық тіліндегі осы ізбен қазіргі әдеби тілімізде орталық, сөздік, өсімдік, оқулық тәрізді жаңа сөздер пайда болды. Жеке ғылым салалары мен шаруашылықтың, техниканың түрлеріне қатысты осындай жаңа сөздер жасау процесі тоқтап қалмай, әрі қарай өрістей бермек.. -шылық, -шілік аффиксі арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіп-тің, шаруашылық түрлерінің немесе әлдебір абстракт күй-қалыптың атауы болып отырады. Мысалы: мақтаншылық, диқаншылық, оқытушылық, ойланушылық, т. б. -шылдық, -шілдік аффиксі арқылы жасалатын төрешілдік, кеңсешілдік, гегельшілдік, кантшылдық, тәрізді сөздер көбінесе саяси әдебиеттер тілінде қолданылады. Абстракт ұғым атауларын немесе зат пен құбылыстың қандай да бір болсын айрықша- белгісінің атауын жасайтын -лылық (-лі-лік, -дылық, -ділік, -тылық, -тілік) аффиксі арқылы жасалған сөв-дер де ғылыми әдебиет тілінде, ішінара кеңсе стилінде де кездесіп отырады. Мысалы: музыкалық, қуаттылық, зетнділік, екпінділік, айнымалылыщ, серіппелілік т. б. Халық тілінде белгілі бір зат атауын жасауда ертеден қалып-тасқан тәсілдің бірі — етістік сөздерден -қыш (-кіш, -рыш, -гіш) аффиксі арқылы жаңа сөздер жасау. Сыпырғыш, жапқыш тәрізді сөздер осы жолмен пайда болған. Кейінгі дәуірлерде бұл ғылым мен техника салаларында жаңа атау жасаудың өнімді тәсілдерінің біріне айналды. Қейінгі кезеңде қалыптасқан жылытқыш, сепкіш, мұздатқыш тәрізді атаулар да осы жолмен пайда болды. Әдетте етістік сөздерден есім жасайтын -ма, -ме, (-ба, -бе, -па,-пе) қосымшылары да әр түрлі документтер атауларын, сондай-ақ жіктелген зат атауларын жасаудың өнімді тәсілі. Қеңсе қағазда-рында қалыптасып кеткен анықтама, жолдама, мінездеме, сипат-тама, хабарлама, ескертпе, сілтеме, жарнама т. б. атауларды немесе тұнба, қоспа, шығарма, тұндырма тэрізді ғылымның әр түрлі са-лаларына қатысты сөздер осы аффикс арқылы жасалып қалып-тасты. Кеңсе қағаздары мен қоғамдық ғылымдар жайындағы әдебиет-терде көп қолданыс табатын аффикстердің бірі — сын есім жасай-тын -лық (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік). 20—30-жылдардағы әдеби тілімізде -лық аффиксі мен оның қыскарған түрі -лы аффиксінің қолданылуында белгілі бір шек болмағандығы мәлім. Ол кездерде ауылдық совет тіркесі ауылды совет, тіпті “Социалистік Қазақстан” газетінің аты “Социалды Қазақстан” түрінде айтылып, жазылып жүрді. Әдеби тіліміздің кейінгі даму барысы -лық аффиксін көбіне ресми атаулар мен термин сөздер құрамына теліді де, -лы аффиксі затқа, құбылысқа тән ерекшелікті білдіретін қарапайым сын есімдер жасайтын тәсіл болып қалды. Бұл аффиксті қолдануда сөз мағынасының мәнері де есте болу керек. Егер айтылатын ой, білдірілуге тиіс мағына бірыңғай ұғымдарды ажыратуға негізделсе, онда -лы аффиксін қолдану әлдеқайда ұтымды. Мысал үшін қалалы жер тіркесін алайық. Осы тіркестің алғашқы компонентіне -лық ’аффиксін қосып қалалық жер деп айту сырт көзге бірдей болғанмен, мағыналық жағынан дәл емес. Мұндай реттердің бәрінде тек қана -лы аффиксі қолданылады Осының ізімен тілімізде колхоздық ауыл, минералдық су делінбей, колхозды ауыл, минералды су деп қана айтылады. Дегенмен, -лык, -лы аффикстерінін, қайсысының қолданылуы сөз мағынасының өзгеруімен ұштасып жататын кездері болады. Айталық, физикада колданылатын космостьқ сәулелер терминін космосты сәулелер деп, математикадагы эвклидтік кеңістік терминін эвклидті кеңістік деп айтуға немесе жазуға болмас еді Өйткені тіркестің алдыңғы компоненттері соңғылардың тәндік белгісін білдірмей, қайта олардың (екінші компоненті білдіретін құбылыстардың) шығу тегін айқындап тұр. Сондықтан мұндай реттерде -лық аффиксінің орнына -лы ны қолдану сөз мағынасын бұрмалау болады. Дегенмен -лық аффиксін терминдік сөз тіркестерінің құрамында қолдануда да сөз қолданыстың қалыптасқан жүйесін және терминдік тіркестің мәнін еске алу керек болады. Мысалы, физикада және техника салаларында жиі айтылатын автогенмен пісіру тіркесін автогендік пісіру деп жазу — сол терминнің мәнін түсінбеушіліктің салдары. Өйткені автоген — дерексіз құбылыс емес, қолға ұстап, көзбен көруге болатын зат. Халық тілінде мұндай реттерде көмектес жалғауын қолданады да,балтамен шапты, пышақпен кесті деп айтады. Жаңағы қисында да автогендік пісіру емес, автогенмен пісіру деп айту әрі сол құбылыстың мәнін түсінгендік, әрі халық тілінің қалыптасқан ізін сақтау болады. Сондай-ақ математикада қолданылатын теңбе-тең ауыстыру (тождественная подстановка) терминін орысша нұсқасына қарап теңбе-теңдік ауыстыру деп өзгерту осы тіркестін, айтылуын, түсініктілігін ауырлату- дан басқа пайда бермейді. -лы аффиксінің қолданылуына байланысты тағы бір ерекшелік -у тұлғалы қимыл есімге жалғанған -лы -ған (есімше тұлғасы) қосымшасына синоним болуы бар. Сөйлеу, жазу тілінде ұшырасатын күзеулі жылқы, жиюлы жүк, тү-рулі есік (киіз үйдің) тәрізді тіркестер құрамындағы -лыаффиксті сөздерді күзелген, жиылран, түрілген деп те өзгертіп айтуға болар еді. Әрине, әрқайсысының өзіне тән қолданыс мәнері бар, бірақ мағыналық алшақтық жоқ. Ал, -лық аффиксті сөздер мұндай сино-нимдік қатар құрай алмайды. Кеңсе стилі мен қоғамдық ғылымдар саласындағы әдебиеттер тілінде халықаралық, көзқарас, еңбеккүн, жалақы тәрізді бірікксн сөздер жиі қолданылады. Іс қағаздарында еңбеккүн орнына еңбек еткен күні деп жазу тән емес, онда әрқашан бір ұғымда қалып-тасқан, жинақы біріккен сөздер көбірек қолданылады. Бұл ойдың айқындығын, сөз жинақылығын, ұғым тұрақтылығын сақтау мак-сатынан туады. Дегенмен, әдеби тілімізде табиғи бірікпеген сөздер-ді әр кез біріктіріп қолдануға әуестік көбінсе осы кеңсе қағазда-рында кездеседі. Әрине тіл заңдылығымен сыйыспайтын ондай сөз қолданыстар ұзақ баяндамай, тұрақтамай қайтадан бұрынғыша өз қалпында айтылатын болады. Әдеби тілімізде ескі кітаби тілден қалған -мыш аффиксі арқылы жасалған сөздер аса көп емес. Бірақ сол барының өзі көпшілігінде ғылыми әдебиет тіліне қатысты болып келеді. Болмыс, тұрмыс тәрізді сөздер философия мен тарихқа қатысты әдебиеттер тілінде аса жиі кездеседі. Публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стиліне ғана тәи айрықша морфологиялык тұлғаларды көрсету қиын. Бұл — олар-дың өзіндік ерекшеліктерімен ұштасып жатады. Публицистикада да, көркем әдебиетте де әдеби тілге тэн морфологиялық тұлғалардың барлығы бірдей қолданылады. Кейде тіпті әдеби нормаға жат-пайтын, халық тілінің жергілікті ерекшеліктері деп танылатын грамматикалық тұлғалар да ретіне қарай жұмсалып отырылады. Әсіресе кеңсе стилі мен ғылыми әдебиеттер тілінде ұшыраса қой-майтын экспрессивті-эмоциялық мән туғызатын грамматикалық тұлғалар жиі кездеседі және олар белгілі дәрежеде авторлық өң-деуден өтіп, қосымша сыр-сипат алады. Морфологиялық тұлғалардың қолданылу ерекшеліктеріне қарай жазба тіл мен ауызекі сөйлеу тілін айырып қарау қажет. Сөйлеу формасының бұл екі түрінің айырмашылығы бірінің дауыс ин-тонациясына, ал екіншісішң жазуға негізделуінде ғаыа емес. Ауыз-екі сөйлеу тілінде жеке сөздердің қолданылуының бір ізге түсе бермеуі тәрізді, морфологиялық тұлғалардың қолданылу жүйесі де қатаң сақтала бермейді. Сөйлеудің ол формасында, ең алдымен, күрделі етістіктерді (негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесі) барынша қысқартып, бір сөз есебінде айту басым. Мысалы: бара жатырмын, келе жатырмын, айтып жатырмын тәрізді осы шақ мәнді күрделі етістіктер айтылуда көбінесе ^ баратырмьм, келатырмын, айтыпатырмын болып қысқарып кетеді. Сондай-ақ, жүйеге түсіп қалыптасқан жазба тілде үшырай бермейтін баска да құбылыстар ауызекі сөйлеуде кездесе береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу тілінде сын есімнің шырайлық түрлерінің үстіне -лау, -тау аффикстерін қосарлай айту да бар: үлкеніректеу, молырақтау, жуанырақтау, жіңішкеректеу т. б. Жазба әдеби тілге бұлайша қо-сарлап айту тән емес. Оның себебі мынада: -рақ аффиксі де, сол сияқты -лау, -леу аффиксі де екі заттың бір-бірінен салыстырма артықшылығын не кемдігін ғана білдіреді. Ал жазба әдеби тіл грамматикалық тұлғаларды жіктеп, саралап қолдануға ұмтылады. Сол себептен екі түрлі тұлғанын, бір ғана мәнде қолданылуын қа-жет етпейді. Сөйлеу тіліне тән ерекшеліктің бірі — бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы кұрамында келген соң шылауының қысқартылып, жалғау дәрежесінде айтылуы. Сөйлеуші мен мектепке барған соң… тәрізді бағыныңқы сөйлем баяндауышының құрамындағы негізгі сөз бен шылау сөзді нақтап бөліп жатпай, шылауды жалғауға ай-налдырып, мен мектепке барғасын түрінде айтуы да мүмкін. Ауы-зекі сөйлеу тілін ерекшелейтін кейбір морфологиялық белгілер осындай. Жазба тіл о баста ауызекі сөйлеу тілінің негізінде қалыптасса да байи, дами келе, нормалары қалыптаса келе, ауызекі сөйлеу тіліне қарағанда жүйеленген, құрамындағы грамматикалық тұлғалары қызметі мен мәні жағынан сараланған тіл болды. Жазба тілдің осы ерекшелігі оның болашақта ауызекі сөйлеу тіліне ықпал жасауына мүмкіндік береді. Сондай ықпалдың нәтижесінде сөз бен тұлғаның жазба тіл құрамында қалыптасқан сөз қолдану ерекшелігі ауызекі сөйлеу тіліне де ауысып орнығады. Алайда ауызекі сөйлеу тілі айтылар ойды қосымша эмоциямен, экспрессивтілікпен толықтырып жеткізуде жазба тілде жоқ ерекше тәсілдерді пайдаланады. Айтушы өз ойын айтқанмен, сөзбен жеткізе алмайтын немесе айтқысы келмейтін жерлерін көз бен беттің құбылысы арқылы, не қол қимылы, әлде дауыс интонациясы арқылы аңғартады. Кей реттерде сөздін, қай мән, қай мақсатта айтылып тұрғаны сөйлеушінің дауыс ырғағынан байқалады. Бұлардың барлығын жазу арқылы белгілеу мүмкін емес. Мұндай реттерде жазба тіл грамматикалық тұлғалардың қызметін, мән-мәнерін саралап, жіктеп колданады да, сол арқылы қосымша мән-мәнерді беруге ұмтылады. Жазба тілдін, кейбір морфологиялық ерекшеліктері төменде-гідей:-мақ тұлғалы етістіктердін, жіктеліп те, басқа бір көмекші сөзбен тіркесіп келіп те мақсатты келер шақ мәнінде жұмсалуы… бармақпын, бармақ, едім тәрізді баяндауыштық қызметте жұмса-латын морфологиялық тұлғалар көбіне-көп жазба тілге тән. Ауызекі сөйлеу тілі мұндай ыңғайда көбінесе… барамын деп едім…тәрізді тұлғаларды айтуға бейім. -и жұрнақты сын есімдердің жиі қолданылуы: мэдени, эдеби, ғылыми, т. б. Ауызекі сөйлеуде осы тұлғалы сын есімдер жазба тілдің әсерімен орнықса керек. -с, -ыс, -іс түлғалы қимыл есімдер жазба тілде түбір күйінде де, септеліп әлде басқа бір көмекші сөздермен тіркесіп келіп те сан қилы мағына туғыза алады әрі жиі қолданылады. Ауызекі сөйлеу тілінде ондай мағыналарда көбінесе -ған тұлғалы есімшелер жұм-салады. Жазба тілде, мысалы, іс-қимылдың күй-қалыпқа байла-нысты мезгіл-уақыты жатыс жалғаулы -с қимыл есімі не оның кө-мекші есіммен тіркесі арқылы (қысылыста, қысылыс үстінде) бе-рілсе, ауызекі сөйлеу тілінде -ған есімшелерінің жатыс тұлғасы жұмсалады. Сонымен қатар, жазба тілде керек, тиіс, мэлім, қажет тәрізді модаль сөздер, сондай-ақ болуы мүмкін, болуға міндетті, бармақ керек, баруға тиіс тәрізді модальдық конструкциялар жиі кездеседі.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Ғылыми стиль дегеніміз не?
  2. Стильдік қолданыста қандай морфологиялық ерекшеліктер болады?
  3. Салық Зиманов туралы не білесіз?
  4. С.Зимановтың ел үшін еткен еңбегі қандай?
  5. Морфологиялық ерекшеліктерді қалай топтасақ болады?
  6. Қай стильдер бір-бірімен үндестік не сабақтастық табады?
  7. Стильдік қолданыс кезінде сөз таптары қалай екшеленеді?
  8. Тек жекелеген ғылым салаларында қолданылатын қолданыстар болады ма, олар қандай?

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР:

1-ТАПСЫРМА.Сөздерді аударыңыз.

Қ документ
а гражданин
з закон
а отчизна, земля отцов
қ право
с бап
т пункт
а комвой
н рынок

2-ТАПСЫРМА.. Аударыңыз.

В Атланте, в Марселе, в Стамбуле, в Тунисе, в Париже, в Копенгагене,

в Китае; у Рональда, у Люсьена, у Каната, у Ибрагима, у Луизы, у Валентины, у учителя, у врача, у сапожника.

3-ТАПСЫРМА.Аударыңыз.

Березовский предложил своему знакомому Аркадьев приобрести у него картину известного мастера. На следующий день направил по факсу ответ, в котором содержалось его согласия приобрести картину с указанием цены покупки. Через пять дней Березовский сообщил Аркадьеву,что готов продатьему картину по цене на 25% выше, нежели, цена предложенная Аркадьевым. Аркадьев не согласия с этим,отметив,что,по его мнению,договор между ними уже был заключен на условиях, содержашихся в его факсимильном сообщении,которое должно считаться акцент.

 

4-ТАПСЫРМА.Аударыңыз. Стильдік ерекшелігіне мән беріңіз.

Я кушал в столовой. В столовой много разнообразных блюд. На первое я взял бульон. На второе взял котлеты с рисом. На третье чай. Блюда в столовой очень вкусные. Столовая чистая и просторная. Приятного аппетита.

5-ТАПСЫРМА.Сөйлемдерді оқыңыз, аударыңыз.

Жиналыстан кейін мерекелік концерт болды. Раушан өткен жылдан бері байқауға әзірленді. Күзден гөрі маған қыс ұнайды. Бізге Астанадан гөрі Қарағанды жақын. Менен бұрын Алмас келді. Сенен басқа ешкім хабарласқан жоқ. Бұдан басқа қандай түрі бар?

6-ТАПСЫРМА.Аударыңыз.

Инспектор Яковлев, управляя автомобилем ГАИ, грубо нарушил правила дорожного движения, в результате чего был причинен вред здоровью Круглова. В соответствии со ст. 1069 суд вынес решение о возмещении вреда за счет казны. Финансовый комитет предъявил к Яковлеву требование о компенсации сумм, выплачиваемых в счет возмещения вреда.

7-ТАПСЫРМА.Аударыңыз.

Я смотрела концерт по телевизору.

В прошлом году он приехал из Италии.

Возьмите документы у секретаря.

Мы приготовили салат из помидоров.

Они прочитали из интернета.

8-ТАПСЫРМА.Аударыңыз.

Писать ручкой. Ехать по широкой улице. Ехать по краю дороги. Привезти на грузовой машине. Отправить по факсу. Посоветоваться с родителями. Обсуждать с руководством. Бороться с курением и наркоманией. Поговорить с родителями учеников. Познакомиться с другими людьми.

9-ТАПСЫРМА.Оқыңыз, аударыңыз.

Бүгін ол аттестациядан өтіп жатыр. Ол сұрақтарға жауап жазып отыр. Ол құжаттарды оқып отыр. Ол құжатты қазақ тіліне аударған жоқ. Ол әріптесін тыңдап отыр. Ол сынақты жақсы тапсырып жатыр.

10-ТАПСЫРМА.Сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырыңыз.

Полиглот

11-ТАПСЫРМА.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Азамат С., бір әмбебап .................ішін аралап жүргенде, онда өз суреті бар жеңіл жейде сатылып ............ көрді. Сурет жақында бір ательеде .............фотоға сәйкес келді. Азамат С. заң .............. жолығып, құқығы бұзылған жоқ па, оның заңмен ...................мүмкіндігі бар ма ................ білуге келді.

12-ТАПСЫРМА.Қазақ тіліне аударыңыз.

1.Если Вы его увидите, пусть он зайдет ко мне. 2. Если ты пойдешь в магазин, скажи мне. 3. Если ты не выучишь стихотворение, получишь «двойку». 4. Если мы посмотрим этот фильм, расскажем тебе. 5. Если сходишь в поликлинику, тебе выпишут лекарство. 7. Если ты будешь смеяться, я тебе больше ничего не скажу. 8. Если пойдет снег, будет холодно. 9. Будет время, подмети пол. 10. Будет свободен, зайди ко мне. 11. Купишь платье, покажи его мне.

13-АПТА. ТАҚЫРЫП:

Ғылыми стильдің кіші-гірім жанрлары: аннотация, реферат, сын-пікір, түйін. Тұңғыш заңгер

Бақытжан Қаратаев- халқымыздың бостандығы мен ұлттық тәуелсіздігі, оның жарқын болашағы үшін аянбай күрескен ұлы даланың дарынды перзенті. Бар ғұмырын халқының мүддесі үшін сарп еткен ол өмірінің соңында болашақ ұрпақ үшін туған халқының басынан өткерген тарихын жазып, артына мол мұра қалдырды.
1931 жылы 16 тамызда Б. Қаратаев Орталық архив басқармасының ғылыми қызметкері болып тағайындалады [1, 55п]. Басқарма Б.Қаратаевты, арнайы бағдарламасы бойынша, Қазақстанның 1916-1919 жылдар аралығындағы тарихын зерттеу мақсатында, Ақтөбе, Орал, Саратов, Орынбор қалаларына іссапарға жібереді. Ол іссапарда жүріп мұрағат, кітапхана қорларымен жұмыс жасап, халқымыздың тарихына қатысты құнды деректер жинайды.
Б. Қаратаевтың жан-жақты зерттеліп жазылған құнды еңбегі-«Обзор материалов из истории колонизации казахского края в связи с восстанием казахов Оренбургского края в 1869 году и в начале 1870-х годов». Патша өкіметінің саясатын әшкерелей жазған бұл еңбегін жазбас бұрын Халық ағарту комиссарының атына: «Восстание казахов в Уральской и Тургайской областях и адаевцев Мангишлакского полуострова в 1869 и в 1870 гг возникшее на почве недовольства введением тогда в действие царским правительством Временным положением 21 октября 1868г. В виде опыта сроком на 2 года, составляет в глубокой степени скорбные и печальные страницы истории казахского народа. Этим восстанием была охвачена почти вся Малая Орда, распространяясь на казахов даже Сыр-Дарьинской области и продолжаясь, как видно из данных Каз.Центрархива, вплоть до 1875 года. Поэтому оно представляет большой интерес для современного казахского поколения. Казахи поняли , что царское правительство, вводя Временное положение в степных областях, под лицемерной и лживой маской любви к казахскому народу, приступает к интенсивному угнетению их, к насильственному обезземлению их, к нарушению всяких общественных отношений и общественной жизни, к подавлению самодеятельности и самостоятельности их. Поэтому, в процессе своей работы по собиранию материалов по истории казахского народа, я пришел к мысли, что я бы не прочь и даже желал бы составить попутно особую брошюру о восстании казахов в 1869 и1870 годах........и т.к некоторые моменты восстания известны мне, как очевидцу, а некоторые моменты его известны мне по моему знакомству с вождями мятежа и из беседы с ними»- деп, осы кезең тарихын жазу маңыздылығын баяндайды. Жалпы, патша өкіметінің Х1Х ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы озбырлық әрекеттері туралы сол замандағы көзі ашық, көкірегі ояу А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Сералин, М.Дулатов, М.Тышпаев, М.Шоқай, Ғ.Қарашев сияқты ұлт болашағы үшін, туған елінің, халқының азаттығы мен бостандығы үшін күрескен көптеген қазақ зиялылары империяның «солақай» саясатын ашық сынға ала баяндайтын өшпес мұралары көп. Солардың қатарындағы есімі қазақ тарихында ерекше орын алатын, сөзі өткір, батыл мінезді Б. Қаратаев та еңбегінде «Уақытша ереженің» енгізілуін: «Вдруг Временное положение обьявило казахам, что земли занимаемые казахскими кочевьями, признаются государственными и предоставляются в общественное пользование казахов. Это было для них ударом молнии в ясный день………Сразу же почувстовалось, что они теперь как будьто на чужой земле» - деп баға бере отырып, қазақ даласына әкелген зардаптары мен жерінен айырылған қазақтардың басына төнген ауыр жағдай мен шеккен қайғы-қасіретін ашық жазады [3, 18б]. Бұл еңбегінде өзінің жастайында куә болған мына оқиғаны: «Қазақтар неліктен орыс шенеуніктері мен мекемелеріне келгенде жалған сөйлеуге және алдауға бейім деген сұраққа Арғын руындағы кішкене Шекті бөлімінің беделді қазағы, Шеген батырдың немересі Қорғанбек Бірімжанов 1886 жылы, менің Петербург университетінің студенті кезімде, Торғай облысының әскери губернаторы генерал-лейтенант Барабашқа менің көз алдымда былай деді: «Қазақ халқының даналығы айтады-егер сен орыс шенеунігіне шын көңілден, жүрегіңмен ақтарылып шындықты айтсаң-ол саған сенбейді, ал егер сен оған қиыстырып тұрып, шебер тілмен өтірік айтсаң-құлай сенеді»-деп есіне ала отырып, «Қорғанбек Бірімжановтың бұл сөздері ақиқат болғандықтан да, патша шенеунігінің бетіне түкірілген терең де ащы әжуаға толы қақырық еді»-деп империяға өшпенділігін білдіреді [4, 177б]. Ежелден қазақ халқының меншігінде болған жерлерді күштеп Ресей империясының мемлекеттік меншігіне айналдыру Қазақстандағы аграрлық қатынастардың шиеленісіп, халық көтерілісіне әкеп соқтырғандығын атап көрсетті.Бұл еңбегінде XIX ғасырдағы Қаратай ұрпақтарының тыныс-тіршілігі сөз болады. Ал, Батыс Алаш зиялылары мен Алашорда үкіметін сыңға ала жазған «Из истории Алаш-Орды» еңбегінен, кеңестік тұрғыда жазылса да, алаш қайраткерлерінің сол кезеңдегі қоғамдық-саяси қызметтері, іс-әрекеттері туралы танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Б.Қаратаевтың артында қалған шығармашылық мұрасының біразын өзі көріп куә болған және өзі қатынасқан революциялық-саяси оқиғалар, яғни «К истории революционного движения в Уральской губернии», 1905-1907 жылғы бірінші орыс революциясы тұсындағы Орал қаласындағы астыртын ұйымдардың қызметін баяндайтын бұл еңбекті зерттеуші М.Ысмағұлов Б.Қаратаевтың жазғандығын айтады[2, 70б], 1919 жылы Торғайдағы Ә.Жангельдиннің екінші жорығын бейнелейтін «Первый полководец казахских частей - А.Джангельдин», Орал қаласын орыс-казактардан азат етілуі туралы «Взятие города Уральска», «Гибель Чапаева» және т.б жөніндегі естелік жазбалар құрайды. Б.Қаратаев ғылыми жұмыспен өмірінің соңында, яғни 70 жастан асқан шағында айналысты. Денесін ауру меңзеп, төсек тартып жатса да, «біздің ұзақ өмірден көргеніміз, естігеніміз, тарихи әдебиеттерден кейбір білгеніміз қағазға түсе берсе игі еді деген мақсат» санаған Б. Қаратаев өз естеліктерін, көзқарастарын парақтарға жазып қалдырған. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Биыл туғанына 150 жыл толатын қазақтың тұңғыш заңгері, қоғам қайраткері Бақытжан Қаратаевтың ел тарихында алар орны үлкен. Алаштың ардақты ұлдарының бірі, қазақтан шыққан тұңғыш заңгер, императорлық Санкт-Петербург университетінің заң факультетін 1890 жылы алтын медальмен бітірген
Бақытжан Бисәліұлы Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметін көрсететін Алматы, Орынбор, Мәскеу, Орал, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау қалаларындағы мұрағаттарда біраз тарихи құжаттар сақталған.
Бақытжан Қаратаевтың атасы - өз заманында патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісті басқарған Қаратай сұлтан Нұралыұлы.
Б.Қаратаев аталмыш университетті бітіргеннен кейін патшаның Әділет министрлігінің бұйрығымен Грузияның Кутаиси қаласына тергеуші болып барған. Бір қызығы, онымен бірге Гурьев уезі қараған Орал облысынан он сегіз қазақ отбасы бірге барады. Сол алыс грузин жерінде жүріп-ақ ол туған елінен қол үзбей хат-хабар алып, тыныс тіршілігінен хабардар болып отырады. 1894 жылы орыс зерттеушісі П.Юдиннің «Тургайские областные ведомости» газетінде жарық көрген мақаласында бабасы Қаратай сұлтанды «қарақшы» деп бағалауына қарсы орнықты жауап беріп, орыс зерттеушісіне белгісіз, соны мәліметтерді хабарлап, ата-бабаларының шежіресін терең білетіндігін айғақтады.
1897 жылы ол туған еліне оралып, адвокаттық қызмет атқарды.
Заңгер Б.Қаратаев - 1907 жылы ақпанның 20-сында шақырылған ІІ Мемлекеттік Думаға Орал облысынан депутат болып сайланып, І және ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттарының арасынан патша үкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған аграрлық саясатының отарлық астарын ашық сынға алып, сөз сөйлеген жалғыз депутат. Б.Қаратаев 1907 жылы ІІ Думада сөйлеген сөзінде: «Қырғыз-қайсақ (қазақ) халқының атынан бұл мінбеден ешкім сөйлеген жоқ. Біз, қырғыз-қайсақтар, Россияда қатты ушығып отырған аграрлық мәселе шұғыл шешім қабылдауды талап ететінін терең түсінеміз. Біздің шаруа бауырларымыздың жерге мұқтаждығын жақсы сеземіз, егер басы артық басқа жеріміз болса, оларға біз ризашылығымызбен ығысып орын беруге әзірміз, біз оң жақ қатарда шаруалардың жерге деген мұқтажын жою үшін олардың иелігі мен пайдалануындағы жер көлемін кеңейту қажеттігі туралы жақ ашпай отырған жолдастарымыздың жолын мүлде қуғымыз келмейді. Қоныс аудару бүгінде топырағы құнарлы уездерінде жайлаған, яғни, отырықшылыққа ден қойып, егін салумен айналысып жатқан қырғыз-қайсақ халқын ығыстырумен, халықты өздері тұрған үйлері мен деревняларынан қуып шығумен қат-қабат жүріп жатыр. Мен мұны ресми деректермен дәлелдей аламын. Осы кезге дейін бәрі қырғыздар көшіп-қонып жүреді-міс деген түсінікпен келеді. Жоқ, мырзалар, қырғыздардың көшпелілері де, отырықшылары да бар. Орыстың қарапайым еңбекшілері мен зиялылар қауымы жерімен қора-қопсысынан қуылып жатқан сорлы қырғыз-қайсақтарды жәбірлеп жатқандарға қарсы шығып, қамқор қолұштарын береді деп сенемін. Менің қолымда мұны дәлелдейтін қыруар деректер тұр, бірақ өкінішке қарай, сөзімді аяқтай алмадым». Міне, патша үкіметі тарапына айшықтай сын, бетке баса айту осындай-ақ болар.
Сонау 1908 жылғы маусымның 15-і күнгі «Тургайская газетаның» №24 санында «К изданию киргизской газеты» атты мақала жарық көрді. Аталған мақалада Санкт-Петерборда қазақ тілінде газет, журнал және брошюралар шығару үшін қоғам ұйымдастырылғаны жазылады. Бұл қоғамды құруды қолға алған белгі И.Жаманшалов пен Рамьевтер болды. Империя астанасынан шығарылатын болашақ «Алаш» газетінің редакторлығына Б.Б.Қаратаев шақырылады.
Қазақ зиялылары «Алаш» атауының түп-төркіні еркіндікті білдіретін қасиетті ұғым екендігін тамыршыдай тап басқан және редакторлыққа елге белгілі қайраткерді шақыруы да біраз жәйтті аңғартса керек. Газет ұжымы егер болашақта шығарылатын газетке Б. Қаратаев редактор болса, жұмыстың өрге басатындығын, Бақытжан Бисәліұлын жалпақ алаш жұртының жақсы білетіндігін жаза келіп, алдағы жұмысына табыс тілеген. Өкінішке қарай, газет жарыққа шықпаған сияқты.
Б.Қаратаев 1908-1916 жылдары алаштың зиялылары Ә.Оразбаев, А.Жанталин, С.Лапиндермен бірге қазақтарды жерге орналастыру жөнінде заң жобасын дайындап, халықты отырықшылыққа шақырса, ал Ғ.Қараш, Ш.Бөкеев және Е.Бұйриндермен бүгінгі «Егемен Қазақстанның» бастауында тұрған «Қазақстан» газетін шығару жұмысын қолға алды. 1914 жылы Қазан қаласында шыққан «Үлгі» атты поэманың авторы Садыр Ғалиұлы Бақытжан Қаратаевтың қазақ елі үшін еткен еңбегін, ағартушылық жұмысын, үлгілі өнегелі істерін өлеңге де қосқан.
1916 жылғы зобалаң жылдары Б.Қаратаев қазақ даласындағы тыл жұмыстарына жастарды алу шараларын тоқтату жөнінде Ж.Досмұхамедов, Ж.Сейдалиндермен бірігіп дайындаған «Қазақтар туралы естелік жазбаны» патша әкімшілігіне тапсыру туралы да біраз еңбектенген.
Кеңес үкіметі орнаған тұста Б.Қаратаев зор саяси оқиғалардың бел ортасынан табыла білді. Халықтың мұң-мұқтажын, қайғы-қасіретін түсінген ол өз келісімі бойынша әділет комиссары болды. 1918 жылы Орал қаласындағы ақ гвардияшылардың тұтқынында отырған тұста ол: «Большевизм үкімет басында тұра алар ма екен? Меніңше, ол жалған атақты үкіметтердің тіршілігі жойылғанға дейін тұрады. Большевизм өтпелі кезең, өз орнын бейбітшіл, жасампаз социалистік сипаттағы десе де болады, үкіметке қалдырып «сахнадан» кетеді. Әзірше большевизм барлық ескі және іріп-шірігендерді күйретуші мәнге ие. Жасампаздар басқа адамдар болады», - деп большевиктер турасында көзқарасын білдіруі бүгінгі күннің сипаттамасы деуге тұрарлық. Ал қазіргі Қазақстанның бейбітшіл, жасампаз саясат ұстанып отырғаны көпке мәлім.
Азамат соғысының отты жылдарында Б.Қаратаев алғаш қазақ атты әскер жасағын құру ісіне де үлесін қосты. Ол 1919 жылғы Қазақ өлкесін басқару жөнінде революциялық комитетінің алғашқы құрамына Ә.Жангелдин, С.Меңдешев, А.Байтұрсынов, М.Тұнғашиндермен бірге мүшесі болды. Осы жылдары сот-тергеу, әкімшілік-шаруашылық, заңнамалық болжам, жаңа сот ұйымдарын ашу және олардың қызметтерін жандандыру жұмыстарын белсене жүргізді. Алашорда үкіметінің қатарында болған азаматтарды қорғауда заңгер Б.Қаратаевтың ерекше белсенділік көрсетуін мұрағат қорларында сақталған құжаттар толық дәлелдей алады. Б.Қаратаевтың балалары да саяси қызметтерге белсене араласқаны мәлім. Мысалы, Шәмілі Қазақтың 1-атты әскер дивизионының комиссары, ал Мұраты Алаш жасағының сарбазы болды.
Дегенмен Кеңес үкіметі органдары тарапынан Б.Қаратаевтың саяси қызметіне бақылау орнатылғаны және қызметінен шеттетілгені де - тарихи шындық. Бірегей тұлғаның ұлт-азаттық көтерілістер және Қазақстандағы азамат соғысы тарихы туралы еңбектері әлі құндылығын жойған жоқ. Оның тұңғыш қазақ заңгері екендігін ескере отырып, республиканың ірі қалаларындағы заң саласы бойынша білім беретін оқу орындарына немесе колледж, мектептерге есімін берсе нұр үстіне нұр болар еді.

Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті та&#







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.