Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 6 страница



 

 

ТАРАУ

Жолаушыға тауға көтерілгенде «Аллаһу акбар!», деп, ал төмен тұскенде «Субхана-Ллаһи!», деген сөздерді айтуы және «Аллаһу акбар!», деген сөзді тым қатты айтуға болмайтындығы жайлы.

,

975. Хабар бойынша,Жәбір бин Абдуллаһ, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Біз (тауға) көтерілген кезде: “Аллаһ Ұлы!”, - деп айтатынбыз да, ал төмен түскен кезде: “Аллаһқа мадақ!”, - деп айтатынбыз. Аль-Бухари.

 

976. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Тауға көтерілгенде, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның сарбаздары: “Аллаһ Ұлы”, - дейтін, - ал төмен түскенде: “Аллаһқа мадақ!”, - дейтін. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

977. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Хажден, не Умрадан Мединаға оралып келе жатқан кезінде тауға /…не болмаса төбешіктерге/ көтерілген кезде: “Аллаһ Ұлы!”, - дейтін де, сосын: “Өзінен басқа серігі болмаған Аллаһтан басқа құдай жоқ, бүкіл үстемдік оған тән, Оған мадақ, Ол бәрін істей алады! Біз ораламыз, тәубе келтіреміз, Раббымыздың алдында жерге дейін иілеміз және Оған Мақтаулар айтамыз! Аллаһ Өзінің уәдесін орындап Өзінің құлына көмектесті және жалғыз Өзі рулардың күл-талқанын шығарды!» /Лә иләһә иллә-Лаһу уахдаһу лә шарикә ләһу, ләһул-мульку, уә ләһуль-хамду уә һуә ъаля кулли шаййъин қадирун! Аййибуна. Таъибуна, ъабидуна, сжидуна ли-Раббина хамидуна! Садака-Ллаһу уаъдаһу, уә насара ъабдаһу уа хазамаль-ахзаба уахдаһу!/ Аль-Бухари, Муслим.

Хадистің Муслим келтірген нұсқасында Ибно Омардың, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, (Мединаға әскери жорықтан) әскердің /… не жасақты /басқарып, Хажден не Умрадан оралған кезде…

 

978. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам: “Иә Аллаһтың елшісі, мен сапарға аттанғалы жатырмын, маған кеңес берші!”, - деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Саған Аллаһтан қорқу керек те, әрбір төбеге көтерілгенде “Аллаһ ұлы”, деген сөзді айту керек”, - деді, ал ол адам кеткен соң, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһ, оған жолдың ұзақтығын қысқарт және сапарын жеңілдет!” /Аллаһумма-туи ләһуль-буъда уә хаууин ъаләйһис-сафара!/, - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

979. Хабар бойынша,Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жорықтардың бірінде бірге болып, біз: “Лә иләһа илла-Ллаһ!”, - және әрбір төбенің үстіне көтерілгенде “Аллаһу акбар”, деп айқайлап отырдық, сонда шамалы уақыт өтісімен Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә адамдар, өздеріңді аяңдар, сендер керең мен мұнда жоққа айтып жатқан жоқсыңдар, расында, Ол сендермен бірге, расында, Ол – Естуші, Жақын!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Аллаһқа сапарда жалбарыну жайлы.

 

980. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Үш түрлі дұғаның қабыл болатындығында шек жоқ: “Қыспақтағының дұғасы, жолаушының дұғасы және ата-ананың баласына айтқан қарғысы. Бұл хадисті Абу Дад пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді. Абу Даудтың келтірген нұсқасында:“баласына айтқан”, - деген сөздері жоқ.

 

 

ТАРАУ

Адамнан, не басқа бір нәрседен қорыққан адамға, Аллаһқа қалай жалбарыну керектігі жайлы.

 

981. Хабар бойынша,Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісіні, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, егер адамдардың бірінен сескенсе, былай деп айтатынын жеткізді:

Иә Аллаһ, оларға қарсы Өзіңді көмекке шақырамыз және олардың залымдығынан Өзіңе сыйынамыз! /Аллаһумма, инна аджаъалюка фи нухриһим уә наъузу бика мин шуруриһим!/ Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд және ан-Насаи келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Қайсы бір үйде тоқтаған адамға не деу керектігі жайлы.

 

982. Хабар бойынша,Хаулә бинт Хаким, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам қай бір үйде қалып: “Аллаһтың кәміл сөздерімен жаратқан мақұлықтарының кесірінен оған сыйынамын” /Аъузу би-кәлимәти-Ллаһит-таммати мин шарри мә халәка!/[541], - десе, ол үйден кеткенше оған еш нәрсенің жамандығы тимейді. Муслим.

 

983. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Сапарда жүргенде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түннің түсуі жақындағанда былай деп жиі айтатын: “Иә Жер, менің де Раббым, сенің де Раббың – Аллаһ; сенің зұлымдығыңнан, сондай-ақ сенде жаралғандардың зұлымдығынан және сенің үстіңде жылжитындардың зұлымдығынан Аллаһқа сыйынамын! Сондай-ақ арыстаннан және қара жыланнан, жәй жылан мен шаяннан, осы жердің тұрғындарынан[542], сондай-ақ әкесі мен оның тұқымдарынан[543], Өзіңе сыйынамын!” /Иә арду, Рабби уә Раббуки-Ллаһу, аъузу би-Ллаһи мин шаррикә, уә шарри-ма фики, уә шарри мә хуликә фики уа шарри ма йадиббу ъалейки! Уә аъузу бика мин шарри асадин уа асуада, уа мин аль-хаййати уаль-акраби, уә мин сакиниль-бәләди уа мин уалидин уа ма уаладә!/ Абу Дауд.[544]

 

 

ТАРАУ

Жолаушы өзіне керектің бәрін орындаған соң тезірек үйіне оралуы жайлы.

 

984. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Азаптың бөліктерінің бірі, сапар болып табылады, өйткені ол сендерге тамақтың, судың, ұйқының (толық рахатынан) айырады, сондықтан сендерден кім көздеген мақсатын орындап болса, өзінің жанұясына жетуге асықсын. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Үйге күндіз оралу керектігі және түнде оралудың жақсы еместігі жайлы.

 

985. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім көп уақыт үйінде болмаса, онда қандай себеп болмасын үйіне түнделетіп оралмасын!

Бұл хадистің басқа нұсқасындаАллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға үйлеріне түнделетіп оралуға тыйым салатындығы хабарланады. Аль-Бухари, Муслим.

 

986. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйіне түнделетіп оралмайтын, әдетте таңертең не кешке оралатын. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Оралғанда және өзінің қаласын көргенде не деу керектігі жайында.

 

Бұл тарауға Ибн Омардың “Жолаушыға тауға көтерілгенде «Аллаһу акбар!“, деп, ал төмен тұскенде «Сабхуна-Ллаһи!», деген сөздерді айтуы жайлы…» тарауда айтылған хадисті келтіруге болады[545].

 

987. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге оралып, Медина көрінетін жерге жеткен кезімізде, ол: ”Біз Раббымызға тәубе етіп, құлшылық жасап, әрі Оған мадақ айтып келе жатырмыз” /Аййибуна, таһибуна, ъабидуна, ли-Раббина хамидуна!/, - деді де, осы айтуын Мединаға жаткенше қайталап отырды. Муслим.

 

 

ТАРАУ

Оралған адамға жақын жердегі мешітке кіріп намаз оқудың жақсы екендігі жайлы.

 

988. Хабар бойынша,Қаъб бин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кай бір сапардан оралмасын алдымен мешітке кіріп екі ракат намаз оқитын. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Әйел баласына жалғыз сапарға шығуға рұқсаттың жоқтығы жайында.

 

989. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұзақтығы күн мен түнге созылатын сапарға әйел баласына туысқанысыз аттануға рұқсат жоқ[546]. Аль-Бухари, Муслим.

 

990. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

“Ер кісіге ешбір жағдайда бөтен әйелмен, егер жанында жақын туысқаны болмаса жеке қалуға болмайды, сондай-ақ әйел баласына жақын туысқанысыз сапарға шығуға болмайды!”, - бұны естіген біреу, оған: “Иә Аллаһтың елшісі, менің әйелім Хаж жасауға дайындалып жатыр, ал мен болсам пәлен жорыққа қатысу үшін әскерге жазылдым”, - деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Барда әйеліңмен бірге Хаж жаса”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ҚАСИЕТТЕР КІТАБІ

 

ТАРАУ

Құран оқудың қасиеті жайлы.

 

991. Хабар бойынша,Абу Умама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: “Құран оқыңдар, өйткені, расында, Ахірет күні ол өзін оқығанға шапағатшы ретінде келеді[547]”. Муслим.

 

992. Хабар бойынша,ан-Наууас бин Самъан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім:

Ахірет күні Құранды және осы дүниеде оның бекіміне сай амал еткендерді алып келдіреді, ал сонда олардың алдында, өздерін ұстанғандардың пайдасына дәлелдерін айтып[548] “Бақара” және “Аль-Имран” сүрелері болады[549]. Муслим.

 

993. Хабар бойынша,Усман бин Аффан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Құран үренушілер мен оны үйретушілер, сендердің араларыңдағы жақсыларың болып табылады. Аль-Бухари.

 

994. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім Құран оқудың шебері болып,(оны әдемілеп) оқыса, ол абыройлы және бойұсынушы жазғыштармен бірге болады[550], ал кім Құранды ежелеп оқып, сонысымен қиналатын болса, онда оған екі сауап бар[551]. Муслим.

 

995. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Құран оқушы мүмин, тамаша иісті және дәмді, тәтті лимон секілді, ал құран оқымайтын мүмин, иісі жоқ, бірақ дәмді, құрма секілді. Құран оқитын екіжүзді хош иісті, бірақ дәмі ащы райхан секілді, ал Құран оқымайтын екіжүзді, иісі де жоқ дәмі де ащы колоквинт[552] секілді. Аль-Бухари, Муслим.

996. Хабар бойынша,Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, осы Кітап арқылы Аллаһ адамдардың бірін жоғарылатса, ал енді бірін - төмендетеді[553]. Муслим.

 

997. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Екі түрлі қасиеті бар адамнан басқа ешкімге қызығуға болмайды, (олар): Аллаһ оған Құран білімін нәсіп етіп, оны күндіз-түні оқыған адам және Аллаһ оған байлық нәсіп етіп, ал ол оны күндіз-түні (игілікке) жұмсаған адам. Аль-Бухари, Муслим.

 

998. Хабар бойынша,аль-Бара бин Азиб, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам "Қеһф" сүресін оқып жатты, ал жанында екі жіппен байланған жылқысы тұрды, кенеттен оған қарай жылжыған бір бұлт пайда болып, ал оны көрген жылқы болса үрке бастады. Таң ертең ол адам болған жайды Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп айтып берді, ал Пайғамбар оған: “Бұл Құран оқығаныңның себебінен жоғарыдан саған түскен тыныштық (сакина) еді”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

999. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім Құраннан бір әріп оқыса оған бір жақсы амал жазылады, ал әр бір жақсы амал үшін он сауаб жазылады, мен: “Алиф, Ләм, Мим”, - бір әріп деп айтпаймын, жоқ, “Алиф” – (бір) әріп, “Ләм” – (бір) әріп және “Мим” – (бір) әріп, (деймін). Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

1000. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ішінде Құраннан еш нәрсе болмаған кісі, қираған үй секілді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.[554]

 

1001. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Құран білушіге былай деп, айтылады: “Оқы да, көтеріл[555] және жердегі өміріңде қалай оқысаң солай әр сөзді анақ айтып оқы /раттиль/[556], расында сенің орның, соңғы оқылған аятыңа сәйкес болады.Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

ТАРАУ

Құранды әрдайым оқу керектігі және оны ұмытудан сақтану керектігі жайлы.

 

1002. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Құранды әрдайым оқып отырыңдар, Мухаммадтың жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, өйткені ол аяқтарын ораған жібінен құтылған түйелерден де тез сыдырылады[557]. Аль-Бухари, Муслим.

 

1003. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Құранды жатқа білген адам, аяқтарын жіппен байлаған түйенің иесі секілді: егер ол түйелерін сол күйде ұстайтын болса, онда ол оларды ұстап қалады, ал егер жіберсе олар қашып кетеді. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Құранды әдемі дауыспен оқудың жақсы екендігі және жақсы оқитын адамдардан Құранды оқуларын сұрау жайлы.

 

 

1004. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ тамаша дауыстыны, ол Құранды ырғағымен оқығанда тыңдағандай, ешкімді тыңдамайды. Аль-Бухари, Муслим.

 

1005. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Абу Муса, саған Абу Даудтың тұқымына берілген сыбызғыларының ішінен бір сыбызғы[558] берілді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Абу Мусаға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Сен кеше (Құран) оқығаныңда, мені көрсең еді![559]

 

1006. Хабар бойынша,аль-Бара бин Азиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кешкі намазда: “Інжірге және зейтінге, Тұр Сина тауына, Осы бейбіт қалаға серт…“[560], - дегенді оқыды, сонда мен оның даусынан көркем дауысты естіп көрген емеспін. Аль-Бухари, Муслим.

 

1007. Хабар бойынша,Абу Любаб Башир бин Абд аль-Мунзир оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Құранды ырғағымен оқымаған бізге жатпайды. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1008. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: “Маған Құран оқышы”, - деді. Мен: “Иә Аллаһтың елшісі, Құран саған түсірілген болса, мен оны өзіңе қалайша оқимын”, - дедім. Ол: “Расында, мен оны басқа біреуден естігім келеді”, - деді. Сонда мен оған “Ниса” сүресін оқи бастадым да: «Әр үмметке бір айғақ келтіріп, сені де оларға куә етіп келтірсек қандай болар еді?»[561], - деген аятқа жеткен кезімде, - ол: «Енді болды», - деді, ал мен оған қарасам, оның көзі жасаурап жылап жатқанын көрдім. Аль-Бухари.

 

ТАРАУ

Бөлек сүрелер мен аяттарды оқуға талпындыру жайлы.

 

1009. Хабар бойынша,Абу Саъид Рафиъ бин аль-Муъаллә, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: “Саған мешіттен шыққаныңша Құранның ұлы сүресін үйретейін бе?”, - деп сұрады. Сосын менің қолымнан ұстады, ал артынан мешіттен шыға бергенде, мен: “Иә Аллаһтың елшісі, сен: “Саған мешіттен шыққаныңша Құранның ұлы сүресін үйретейін бе?”, - деп сұрадың”, - дедім. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Әльхәмдули-Ллаһи Робиль ъаламин…”: бұл - маған сыйланған қайталанатын жетеу және ұлы Құран (“Фатиха” сүресі)”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

1010. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Қульһу-Аллаһу Ахад…”[562] сөздері жайлы былай деді:

Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, расында, бұл Құранның үштен біріне тең!

Бұл хадистің басқа бір нұсқасында,Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің сахабаларынан: “Сендерден қайсы бірің түн ішінде Құранның үштен бірін оқып шыға алады?”, - деп сұрады. Бұл оларға қиын көрінді де, олар: “Бізден кімнің бұған шамасы келеді, иә Аллаһтың елшісі?”, - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Қульһу-Аллаһу Ахад, Аллаһу-с-Сомад…”[563], - осы құранның үштен бірі”, - деді. Аль-Бухари.

 

1011. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам басқа бір адамның: “Қульһу-Аллаһу Ахад…”, - ты жиі қайталай беретінін естіп, таң атысымен, ол адамның оқыған сүресін кішігірім санап, болған жайды Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтып келеді. Оның айтқанын тыңдап болып, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Жаным қолында Болғанның Атымен ант етемін, ол Құранның үштен біріне тең!”, - деді. Аль-Бухари.

 

1012. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, “Қульһу-Аллаһу Ахад…”, сөздері жайлы былай деді: “Расында, олар Құранның үштен біріне тең!” Муслим.

 

1013. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам: “Иә Аллаһтың елшісі, мен “Қульһу-Аллаһу Ахад…”, сүресін жақсы көремін”, - деді. Бұны естіген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, оған деген махаббат, сені Жәннәтқа кіргізеді!”, - деді.Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді. Сондай-ақ бұны Аль-Бухари келтіреді.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.