Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 7 страница



 

1014. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған былай деп айтқанын жеткізді:

Сен, бүгінгі түнде түскен аяттардай аяттардың болмағанын, көрмей тұрсың ба? Бұлар – “Қул аъузу би-Робиль фалақ…” және “Қул аъузу би-Робин-нас…”[564]. Муслим.

 

1015. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, екі қорғаушы сүре[565] түскенше, Аллаһқа жындар мен жаман көздің кесірінен дұға жасап сыйынатын, ал осы екі сүре түсісімен басқа сздердің бәрін қойып, соларды ғана оқитын болды.Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

1016. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Құранда отыз аяттан тұратын, адам үшін оның күнәләрі кешірілгенше шапағатшы болатын[566], сүре бар, ол сүре – «Сондай бүкіл әкімшілік қолында болған Аллаһ, аса ұлы…» /Тәбәрәкәлләзи…/[567]Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

1017. Хабар бойынша,Абу Масъуд аль-Бадри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Бақара» сүресінің соңғы екі аятын оқушыға, ол жеткілікті болады[568]. Аль-Бухари, Муслим.

 

1018. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар[569], расында шайтан “Бақара” сүресі оқылған үйден қашады. Муслим.

 

1019. Хабар бойынша,Убайй бин Қаъаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менен: “Иә Абуль-Мунзир, Аллаһтың Кітаббіндағы қайсы аят ұлық болып саналады, сен білесің бе?”, - деп сұрады. Мен: “Бұл: “Аллаһу лә илаһа иләһу аль-Хаййуль, Қаййум…”[570], - деп айтылған аят”, - деп жауап бердім, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолымен мені кеудемнен қақты да: “Іліміңде бақытты бол /Лә-йахникә-ль-ъильму/, иә Абуль-Мунзир!”, - деді. Муслим.

 

1020. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған Рамаданда жиылған зекетті тапсырды, ал арада шамалы уақыт өтісімен маған бір адам келді де, өзіне уыстап тамақ жинай бастады. Мен оны ұстап алып: “Расында, мен сені Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алып барамын!”, - дедім. Ол: “Расында, менің балаларым көп, сондай-ақ мен өте мұқтажбын!”, - деді. Сонда мен оны жібердім, ал таң ертең Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Абу Хурайра, сенің кешегі тұтқының не істеді?”, - деді. Мен: “Иә Аллаһтың елшісі, ол маған мұқтаждығына шағынып, балаларының көп екендігін айтты, сондықтан мен оны аяп босатып жібердім”, - дедім. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, ол саған өтірік айтты және саған бүгін тағы келеді”, - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, ол бүгін тағы келеді”, - деп айтқан соң мен оның келетінін алдын ала білдім, сондықтан оны күттім. Біраз уақыт өтісімен, шынымен-ақ ол келді де, өзіне уыстап тамақ жинай бастады. Мен оны ұстап алып: “Расында, мен сені Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алып барамын!”, - дедім. Ол: “Расында, менің балаларым көп, сондай-ақ мен өте мұқтажбын!”, - деді. Сонда мен оны жібердім, ал таң ертең Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Абу Хурайра, сенің кешегі тұтқының не істеді?”, - деді. Мен: “Иә Аллаһтың елшісі, ол маған мұқтаждығына шағынып, балаларының көп екендігін айтты, сондықтан мен оны аяп босатып жібердім”, - дедім. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, ол саған өтірік айтты және саған бүгін тағы келеді”, - деді. Сонымен мен оның үшінші келуін күтіпп, ол расында, келіп уыстап тамақты жинай бастаған кезде оны ұстап алдымда: “Расында, енді сені шынымен ақ Аллаһтың елшісіне, алып барамын, өйткені сен осымен үшінші рет келмеймін, дейсің де, келуіңді қоймайсың!”, - дедім. Сонда ол адам: “Егер мені жіберсең, мен саған Аллаһ сен үшін пайдалы қылатын сөздер үйрітімін!”, - деді. Мен: “Ол қандай сөздер?”, - деп сұрадым. Ол: “Жатар кезіңде аятуль-Курсиді: “Аллаһу лә иләһә иләһу аль-Хайиуль, Қйиум…”, - деп басынан аяғына дейін оқып шық, сонда сенің жаныңда Аллаһтан қорғаушы болып, таң атқанша саған шайтан жолай алмайды!”, - деді. Таң ертең Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Абу Хурайра, сенің кешегі тұтқының не істеді?”, - деді. Мен: “Иә Аллаһтың елшісі, ол маған пайдалы сөздер үйретемін, деді де, мен оны босатып жібердім”, - дедім. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ол қандай сөздер?”, - деді. Мен: “Ол маған: “Жатар алдында аятуль-Курсиді: “Аллаһу лә иләһә иләһуаль-Хайиуль, Қайиум…”, - деп, басынан аяғын дейін оқып шық”, - деді, сосын маған: “Сенімен бірге Аллаһтан қорғаушы болады, ал шайтан саған жолай алмайды”, - деді”, - дедім. Менің айтқандарымды тыңдап болған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ол өзі – нағыз суайттың өзі болса да, саған шындықты айтты! Сенмен үш күн бойына кім әңгімелескенін білесің бе, иә Абу Хурайра!”, - деді. Мен: “Жоқ”, - дедім. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ол болған шайтан”, - деді. Аль-Бухари.

 

1021. Хабар бойынша,Абу Дарда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

“Қеһф” сүресінің бірінші он аятын жаттап алған Даджалдан қорғалынады.

Бұл хадистің басқа нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

“Қеһф” сүресінің соңғы он аятын… Осы екі нұсқаны да Муслим келтіреді.

 

1022. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Жебірейіл, оған Аллаһтың сәлемі болсын, Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, отырғанда, ол жоғарыдан шыққан бір дауысты естіп, басын көтерді де: “Бұл дауыс, бүгін ашылған төменгі көктегі ашылған қақпадан шықты, ал бүгінгі күнге дейін ешқашан ашылмаған болатын, сондай-ақ ол қақпадан бүгінгі күнге дейін жерге түспеген періште түсті. Ол сәлем сөздерін айтты да: “Саған дейін ешбір пайғамбарға сыйланбаған екі нұр сыйланды, оларға қуана бер! Бұл “Фатиха” сүресі мен “Бқара” сүресінің аяқтаушы бөлігі, сондай-ақ олрадың қайсысын оқысаңда, саған ондағы сыйланады!”, - деді. Муслим.

 

 

ТАРАУ

Құранды бірге оқуға жиналудың

жақсылығы жайлы.

 

1023. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қай уақытта болмасын, адамдар Аллаһтың үйлерінің бірінде жиналып, онда Аллаһтың Кітабін оқыса, оларға әлбетте тыныштық түседі (орнайды), сондай-ақ оларды мейірім орайды, сондай-ақ оларды періштелер қоршайды және Аллаһ оларды, Өзінің алдарындағылардың ішінде еске алады[571]. Муслим.

 

 

ТАРАУ

Дәрет алудың қасиеттері жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“Иә мүминдер! Қашан намазға тұрсаңдар, жүздеріңді және шынтақтарыңа дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа масих тартыңдар. Және екі тобықтарыңа дейін аяқтарыңды жуыңдар. Егер де жүніп болсаңдар (бой дәретсіз болсаңдар), толық тазаланыңдар (шомылыңдар). Егер науқас не сапарда болсаңдар немесе сендерден біреу түзге отырып келсе не әйелге жақындассаңдар, сонда су таба алмасаңдар таза жерге таяммум соғыңдар; онымен бет-қолдарыңды сипаңдар. Өйткені Аллаһ сендерге ауыршылық қаламайды. Бірақ сендерді тазартуды сондай-ақ шүкірлік етулерің үшін сендерге нығметтерін тамамдауды қалайды.” “Мәида” сүресі 6 аят.

1024. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Ахіретте менің ұмметімнің мүшелеріне, олардың дәрет алған іздерінің себебінен “гурран мухаджалинна”[572], деп атайтын болады, сондықтан кім жұлдызын үлкейткісі келсе, оны істесін. Аль-Бухари, Муслим.

 

1025. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен сүйікті досымның[573], оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім:

Жәннәтта мүминнің әшекейлері оның дәрет алған жерлерін жабады. Муслим.

 

1026. Хабар бойынша,Усман бин Аффан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім дәретті дұрыстап алса, онда оның денесінен күнәләрі кетеді, керек десеңіз тырнақтың астынын болса да кетеді. Муслим.

 

1027. Хабар бойынша,Усман бин Аффан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тура осылай мен дәрет алғандай дәрет алғанын көрдім, сонда ол (дәрет алып болған соң): “Кімде-кім осылай дәрет алатын болса, оның өткен күнәләрі кешіріледі[574], ал оның намазы мен мешітке барғанына қосымша сауап табады. Муслим.

1028. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың Ислам дінін ұстанатын құлы дәрет алып бетін жуғанда, оның бетінен сумен бірге /…не судың соңғы тамшысымен/ бүкіл көзімен көрген (жасаған) күнәләрі кетеді, қолын жуғанда сумен бірге /…не судың соңғы тамшысымен/ бүкіл қолымен істеген күнәләрі кетеді, аяғын жуғанда сумен бірге /…не судың соңғы тамшысымен/ бүкіл аяғымен барған күнәләрі кетеді, осылай ол бүкіл күнәләрінен босап шыққанша жалғасады. Муслим.

 

1029. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде молаға келген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сәлем сендерге, иә имандылар тұрағындағылар, ал біз Аллаһ қаласа, сендерге қосыламыз /Ас-саләму ъалейкум, дара каумин муъминина, уә инна ин шаъа-Ллаһу бикум ләхикуна/, сондай-ақ, мен бауырларымызды көрсек, деп қалар едім!”, - деді. Адамдар: “Біз сенің бауырларың саналмаймыз ба, иә Аллаһтың елшісі?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сендер – менің сахабаларымсыңдар, ал менің бауырларым болып, әлі туылмағандар саналады”, - деді. Олар: “Сенің бұл дүниеге келмеген уметтеріңді біз қалай танимыз, иә Аллаһтың елшісі?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Маған айтыңдаршы ешқандай дағы жоқ қара түсті жылқылардың ішінде, маңдайларында жарқыраған жұлдызы бар және аяқтарында ақ сақиналары бар жылқыларын танып айырып алуға бола ма?”, - деп сұрады. Олар: “Әрине таниды, иә Аллаһтың елшісі!”, - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, дәрет алғанның арқасында, олар маңдайларында жарқыраған жұлдыздарымен, ал аяқтары мен қолдарында ақ сақиналарымен келеді, ал мен болсам оларды көлдің жанында күтіп тұрамын”, - деді. Муслим.

 

1030. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларынан: “Сендерге не арқылы Аллаһ күнәләрді кешіріп, дәрежелерді көтеретінін айтайын ба?”, - деп сұрады. Олар. “Әрина, иә Аллаһтың елшісі!”, - деді. Ол: “Бұл – қиындықтарына қарамай толығымен алынған дәрет[575], мешітке қарай жүрілген көп қадамдар, сондай-ақ намаздан кейін келесі намазды күту, және бұл сендер үшін рибат[576]”, - деді. Муслим.

 

1031. Хабар бойынша,Абу Малик аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Тазалық – діннің жартысы. Муслим.

Хадис толығымен, “Шыдамдылық жайлы” тарауда келтіріледі.

Бұл тарауға және Амр бин Аббастың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткізген, “Үміт жайлы” тараудың соңында келтірілген хадис жатады. Ол хадис игіліктің бірнеше түрін қамтитын, ұлы хадис саналады.(№ 438 хадис)

 

1032. Хабар бойынша,Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендердің кез-келгенің дұрыстап дәрет алып, сосын: “Серігі болмған Аллаһтан басқа құдайдың жоқтығына куәмін және Мухаммад – оның құлы және Оның елшісі екендігіне куәмін” /Әшһаду әллә иләһә иллә-Лаһу ухдаһу лә шарикә ләһу уә әшһәду әннә Мухаммадан ъабдуһу уә расулюһу/, - десе, оның алдынан міндетті түрде Жәннәттің сегіз қақпасы ашылып, ол оның қалағанынан кіреді. Муслим.

Бұл хадистің ат-Тирмизи келтірген нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай деп айтқаны келтіріледі:

Иә Аллаһ мені тәубеге келушелердің бірі және тазарушылардың бірі қыл. /Аллаһумма джаъальни мин ат-тауабина уә джаъальни мин аль-мутаттаһһарина/[577].

 

 

ТАРАУ

Азанның қасиеттері жайлы.

 

1033. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адамдар азан шақырғанның және намазда бірінші сапта тұрғанның қадірін білсе еді, онда кім азан айтып, кім бірінші сапқа тұратындығын шешуге садақтың оғымен жеребе тартқаннан басқа жол таппаса, соны істер еді! Егер олар намазға бірінші келгеннің сауабын білсе еді, онда олар оған келуге жарысар еді! Егер олар жамағатпен оқылған таң намазы мен түнгі намазға қатынасудың сауабын білсе еді, онда оған қатынасу үшін мешітке еңбектеп болса да міндетті түрде келер еді! аль-Бухари, Муслим.

 

1034. Хабар бойынша,Муъауйа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахіретте мойындардың ең ұзыны азаншыларда болады.[578] Муслим.

 

1035. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Абд ар-Рахман Абу Саъсаъа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Абу Саъид аль-Худридің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, мен сенің шөл дала мен қойларды жақсы көретініңді байқаймын, сонда сен өзіңнің қойларыңмен /…не шөліңде / болған кезде азан шақыратын болсаң, дауыстап шақыр, өйткені, расында, азаншының даусын кім естісе де, ол мейлін жын, адам, не болмаса басқа бір жаратылыс болсын, олар бұл туралы Ахіретте куәлік береді.

Абу Саъид айтты:

Мен бұны Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, естідім.

 

1036. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Азан айтылған уақытта, шайтан азанның даусын естімес үшін дауыстап жел шығарып тұрып қашады, ал азан айтылып болған соң қайтадан келеді. Сондай-ақ ол қамат айтылған уақытта да кетіп, ол бітісімен адам мен оның жанының арасына келіп: “Ананы есіңе ал, мынаны есіңе ал”, - деп ол ойлағысы келмеген нәрселерді есіне салып, ол неше ракағат намаз оқығанын ұмыттыру үшін, қайта оралады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1037. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Азан естігенде азаншы не десе соны қайталаңдар да, содан кейін маған салауат айтыңдар, өйткені мен үшін салауат айтқанға Аллаһ он игілік нәсіп етеді. Содан кейін Аллаһтан мен үшін, Жәннәттағы Аллаһтың жалғыз құлына бұйыратын “аль-Уасиләні” сұраңдар, сол құл мен боламын ба, деген үмітім бар, ал кім мен үшін “аль-Уасиләні” сұрайтын болса, мен оған міндетті түрде шпағатшы боламын. Муслим.

1038. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Азан даусын естігінде азаншының айтқанын қайталап отырыңдар. Аль-Бухари, Муслим.

 

1039. Хабар бойынша,Жәбір бинАбдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Азан сөздерін есітіп былай деп айтқанға, Ахіретте менің шапағатым уәжіп болады: “Иә Аллаһ, осы айтылған кәміл азанның және осы орындалатын намаздың Раббысы, Мухаммадты “аль-уасильге” және жоғары дәрежеге алып кел, әрі оны Өзің уәде еткен мақтулы орынға бағытта!” /Аллаһумма, Рабба һазиһид-даъуатит-тамма уәс-сәләтиль-қаимә, ати Мухаммадан аль-уасилә уәль-фадилә уә-абъасһу мақаман махмудан әлләзи уәъадтаһу!/[579] Аль-Бухари.

 

1040. Хабар бойынша,Саъд бин Абу Уаққас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім азан сөздерін есіген соң: “Аллаһтан басқа құдай жоқ, Ол жалғыз, Оның серігі жоқ екендігіне және Мухаммад Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін. Аллаһты – Раббым, Мухаммадты – Пайғамбарым, Исламды – дінім деп ризалық білдіремін” /Әшһәду әллә иләһа иллә-Ллаһу уахдаһу лә шарикә ләһу уә әшһаду әннә Мухаммадан ъбдуһу уә расулуһу, радыйту би-Лләһи Раббан, уә би Мухаммадин расулән уә би Исләми динән/[580], - деп айтса, оның күнәләрі кешіріледі. Муслим.

 

1041. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Азан мен қаматтың арасында Аллаһтан сұрап жасалынған дұға қайтарылмайды. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Намаздың қасиеттері жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“…Күдіксіз намаз, арсыздықтан, жамандықтан тыяады…” “Ғанкабут” сүресі 45 аят.

1042. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардан: “Айтыңдаршы, егер сендердің біреулеріңнің үйлеріңнің алдынан өзен ағып жатса, ал ол болса онда күніне бес реттен шомылса, осыдан кейін оның үстінде кір қалар ма еді?”, - деп сұрады. Олар: “Кірдің ізі де қалмас еді”, - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ал бұл болса күніне бес рет оқылатын намаз сияқты, ол арқылы Аллаһ кішігірім күнәләрді жуады”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1043. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бес уақыт намаз, күніне бе уақыт шомылатын, кез-келгеніңнің есігіңнің алдында ағып жатқан өзен секілді. Муслим.

 

1044. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам (бөтен) әйелді сүйіп, сосын Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, болған жайдың бәрін айтты, сонда Аллаһ мына аятты түсірді: “Күндіздің екі жағында, түннің күндізге таяау кезінде намазды толық орында. Расында, жақсылықтар, жамандықтарды жояды…”[581]. Ол адам: “Иә Аллаһтың елшісі, бұл маған ғана қатысты ма?”, - деп сұрады. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Бұл – менің үметтімдегілердің бәріне”, - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.