Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 9 страница



 

1083. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адамдар азан шақырғанның және намазда бірінші сапта тұрғанның қадірін білсе еді, онда кім азан шақырып, кім бірінші сапқа тұратындығын шешуге садақтың оғымен жеребе тартқаннан басқа жол таппаса, соны істер еді! Егер олар намазға бірінші келгеннің сауабын білсе еді, онда олар оған келуге жарысар еді! Егер олар жамағатпен оқылған таң намазы мен түнгі намазға қатынасудың сауабын білсе еді, онда оған қатынасу үшін мешітке еңбектеп болса да міндетті түрде келер еді! аль-Бухари, Муслим.

 

1084. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Намаз уақытында ерлер үшін саптардың ең жақсысы бірінші, ал ең жаманы – соңғысы саналады, әйелдер үшін саптардың ең жақсысы соңғысы, ал ең жаманы – біріншісі саналады[598]. Муслим.

 

1085. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кейбір сахабаларының артқы жақта тұруды қалайтынын көрген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оларға: “Алдыға жылжып, менен үлгі алыңдар, ал сендердің артыңдағылар үлгіні сендерден алсын, өйткені адамдар артта тұруды[599], Аллаһ оларды соңына ығыстырғанша жалғастырады![600]”, - деді. Муслим.

 

1086. Хабар бойынша,Абу Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Жамағатпен оқылатын намаздың алдында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте бізді иығымыздан ұстап[601] былай дейтін: «Түзеліңдер, араларыңда өзгешелік болмасын, олай істемесеңдер жүректерің бірлікті білмейтін болады және менің артымнан ақылы кірген үлкендерің тұрыңдар одан соң - кейінгілерің, одан соң – кейінгілерің.»[602] Муслим.

1087. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Саптарыңды түзеңдер, өйткені, расында, сапты түзеу намаздың кәмілдігінің белгілерінің бірі болады. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің аль-Бухари келтірген нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

…өйткені, расында, саптарды түзеу намаз оқудың бөлігі саналады.

 

1088. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде, қамат түсіріліп болғн соң Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге бұрылып: “Саптарыңды түзеп, бір-біріңе тығыз тұрыңдар, өйткені, расында, мен артымда не болып жатқанын көремін!”, - деді. Осы күйінде бұл хадисті аль-Бухари келтіреді, ал Муслим бұның мағынасын келтіреді.

Бұл хадистің аль-Бухари келтірген тағы бір нұсқасында, Анастың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Сонда біздің әр қайсысымыз, иығымыз көршісінің иығына тиіп, ал табандарының (шеті) көршісінің табанының (шетіне) тиіп тұратын.

 

1089. Хабар бойынша,ан-Нуъман бин Башир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен бірде, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: “Ант етемін, сендер саптарыңды түзеулерің керек, не болмаса Аллаһ міндетті түрде жүздеріңді өзгертеді![603]” Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында ан-Нуъман бин Баширдің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дегені келтіріледі:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның бізден не талап етіп жатқанын түсінгенімізше біздің сабымызды, садақ оғының түзулігін тексермекші болғандай тәптіштеп туралайтын. Бірде ол біздің алдымызға шығып өзінің орнынан енді “Аллаһу акбар”, деп такбір айтайын деп жатқанда, бір бәдәуидің кеудесінің алдыға шығып тұрғанын көріп: “Аллаһтың құлдары, сендер міндетті түрде саптарыңды түзеулерің керек, олай істемесеңдер Аллаһ сендердің жүздеріңді өзгертеді», - деді.

 

1090. Хабар бойынша,Аль-Бара бин Азиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, саптың бір шетінен екінші шетіне шығып, бізді иығымыздан ұстап және кеудемізге қолдарын тигізіп, сосын: “Біркелкілікті бұзбаңдар, олай істемесеңдер жүректерің бірлікті білмейтін болады”, - дейтін. Сондай-ақ ол жиі: “Расында, Аллаһ және Оның періштелері бірінші сапты игіліктейді!”, - дейтін. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1091. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Саптарыңда мұқият болыңдар, бір-біріңе иқтарыңды тигізіп тұрыңдар, араларыңда (бос орын болмасын) толтырыңдар, бауырларыңның қолдарына жол беріңдер[604]. Кім сапты толтырса[605], Аллаһ оған сауап жазады, ал кім сапты үзсе, онымен Аллаһ үзеді[606]. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1092. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Саптарыңды біріктіріп бір-бірімен жақындатыңдар[607] да мойындарыңды бір түзудің бойында ұстаңдар[608], өйткені жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, мен араларыңдағы қуыстарға шайтан кішігірім қой секілді өтіп кеткенін көремін.Бұл хадисті Муслимді қанағаттандыратын иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1093. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірінші сапты толтырыңдар, одан кейін келесісін солай бүкіл жетіспеушілік соңғы сапқа жеткенше әр-бір келесі сапты толтырып отырыңдар.Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1094. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ және періштелер саптың оң жағында тұрғандарды игіліктейді. Бұл хадисті Муслимді қанағаттандыратын иснадпен Абу Дауд келтіреді, дегенмен арасындағы бір жеткізушінің сенімділігіне бәрі келіспейді.[609]

 

1095. Хабар бойынша,Аль Бара, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Біз Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, артында намаз оқығанымызда, ол намаз біткенде бірінші бізге бұрылуы үшін, оның оң жағына отыратынбыз, сонда мен оның: “Раббым менің, Өзіңнің құлдарыңды тірілтетін /не: …тірілтетін/ Күні, мені Өзіңнің азабыңнан құтқар!” /Рабби, қына ъазабакә йаума табъасу (ау:…тажамаъу) ъибадакә!/, - деп айтқанын естігенмін. Муслим.

 

1096. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Имамды ортаға алыңдар да[610], араларыңды толтырыңдар. Абу Дауд.

 

 

ТАРАУ

Парыз намаздарының алдында және одан кейін оқылатын бекітілген қосымша намаздардың (сүннет намаздары)

қасиеттері және олардың сандарының

ең көбі, азы және орташасы қанша болуы керектігі жайлы.

 

1097. Хабар бойынша,діндарлардың анасы Умм Хабиба Рамлә бинт Абу Суфиан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ислам дінін ұстанатын кез-келген Аллаһтың құлы парыз намаздарына қосымша өз еркімен он екі ракат намаз оқып Аллаһ Тағалаға құлшылық жасайтын болса[611], Аллаһ ол үшін міндетті түрде Жәннәтта үй салып береді /не: …ол үшін Жәннәтта міндетті түрде үй салынады/. Муслим.

 

1098. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге менің бесін намазының парызына дейін екі ракат және одан кейін екі ракат, сондай-ақ жұма намазынан кейін екі ракат, сондай-ақ ақашам намазынан кейін екі ракат және құтпан намазынан кейін екі ракат намаз оқыған кездерім болды. Аль-Бухари, Муслим.

 

1099.Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Муғаффаль, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Әр-бір екі шақырудың арасында[612] – намаз, әр-бір екі шақырудың арасында – намаз, әр-бір екі шақырудың арасында – намаз”, - деді де, үшінші айтқанына: “егер қаласаңдар”, - деп қосты. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте таң ертең екі ракат қосымша намаз оқитындығы жайлы.

 

1100. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бесін намазының парызының алдында әрдайым төрт ракат намаз оқитын және әрдайым таң намазының парызының алдында ек ракат намаз оқитын. Аль-Бухари.

1101. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң намазының екі ракат қосымша намазындай, еш-бір басқа намазды соншалық бұлжытпай орындамайтын. Аль-Бухари, Муслим.

 

1102. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Таң намазының екі ракаты осы дүние мен осы дүнеде бардың бәрінен артық. Муслим.

Бұл хадистің басқа нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

Расында, мен оны бүкіл осы дүниеден артық жақсы көремін!

 

1103. Хабар бойынша,Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, азаншысы Абу Абдуллаһ Биләль бин Рабаха, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде, ол Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң намазының уақытының кіргенін (азан айтып) хабарлайын, деп келген кезінде, оны Айша өзінің сұрақтарымен күн арайланып жарық болып кеткенше бөгеп қалды. Сонда Биляль орнынан тұрып намазға (азан айтып) шақыра бастады, ал Аллаһтың елшісі болса, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, азан сөздерін қайталап отырды, бірақ шықпады. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шығып адамдармен намаз оқығаннан кейін, Биляль өзін Айша сұрақтарымен жарық болып кеткенше бөгеп қалғанын айтып, сөзінің арасында оның намазға тез шыға қоймағаны жайлы сұрап өтті. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, мен таң намазының екі ракатын орындап жаттым”, - деп жауап берді. Биләль: “Иә Аллаһтың елшісі, сен тым жарық болып кеткенше шықпадың ғой?”, - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Егер маған одан да көп бөгелу керек болса, мен ол намазды жақсылап оқу үшін бөгелер едім!”, - деп жауап берді. Бұл хадисті Абу Дауд жақсы иснадпаен келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Таң намазының парызының алдындағы оқылатын екі ракат намазды жеңілдету[613], сондай-ақ сол екі ракатта не оқылатындығы және қай уақытта оқылатындығы жайлы.

 

1104. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Азан мен қаматтың арасында Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, екі ракат жеңіл намаз оқитын. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хаистің аль-Бухари мен Муслим келтірген тағы бір нұсқасында, Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Әдетте ол таң намазының парызының алдында екі ракат намазды қысқартып оқитыны соншлық мен өз-өзіме: “Ол “Фтиханы” оқыды ма екен?”, - дейтінмін.

Бұл хаистің тек Муслим келтірген тағы бір нұсқасында, Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Азан естісімен жеңілдетіп екі ракаттан тұратын намаз оқитын.

Бұл хаистің тағы бір нұсқасында, Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

…таң арайланған уақытта.

 

1105. Хабар бойынша,Хафса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Азаншы таң намазына азан шақырып болып, ал далада жарық бола бастаған кезде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеңіл екі ракаттан тұратын намаз оқитын.Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хаистің тек Муслим келтірген нұсқасында, Хафсаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Таң арайланып келе жатқан кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлмі болсын, екі жеңіл ракаттан тұратын намаздан басқа ешқандай қосымша намаз оқымайтын.

 

1106. Хабар бойынша,Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде намаз оқыған кезінде белгіленген мөлшердегі екі ракат намаздар болатын, ал ол намазын бір ракат намазбен аяқтайтын[614], ал таң ертеңгі өз еркімен оқитын (сүннәт) екі ракат намазды, азан (қамат) сөздерін естіп (асыққан адам) секілді тез оқитын. Аль-Бухари, Муслим.

 

1107. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, таң намазының қосымша оқылатын екі ракат намазының бірінші ракатында “Бақара” сүресіндегі: “Және оларға: “Біз Аллаһқа бізге түсірілген Құранға әрі Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Яқұптарға ұрпақтарына тағы Мұса, Исаға берілген нәрселерге, сондай-ақ Раббылыры тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын айырмаймыз. Және біздер Оған (Аллаһқа) ғана бой ұсынушымыз”, - деңдер[615]”, - деген аятты оқитын, ал екінші ракатында: “…біздер Аллаһқа иман келтірдік, куә бол шынайы мұсылманбыз…[616]”, - деген сөздері бар аятты оқитын.

Ал бұл хадситің басқа нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, екі ракатт “Аль-Имран” сүресінен: “”Әй Кітап иелері, Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаһқа құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Аллаһтан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық”, - деп айт[617]. “, - деген аятты оқитын. Бұл хадистің екі ұсқасын да Муслим келтіреді.

1108. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң намазының қосымша екі ракат намазында: “Айт: “Әй кәпірлер!”[618], - дегенді, сондай-ақ: “Айт: “Ол Аллаһ, біреу…”[619], - дегенді оқитын. Муслим.

1109. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен бүтін бір ай Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бақыладым, сонда ол таң намазының парызының алдында оқылатын екі ракатта: “Айт: “Әй кәпірлер!”[620], - дегенді, сондай-ақ: “Айт: “Ол Аллаһ, біреу…”[621], - дегенді оқыды. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

ТАРАУ

Қосымша оқылған екі ракат таң намазынан кейін оң бүйірінде жата тұру керектігі, сондай-ақ адам түнде намаз оқығандығына, не оқымағандығына қарамастан осыған (оң бүйіріне жата тұруға) талпыдыру жайлы.

 

1110. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң ертең қосымша ек ракат намаз оқып болған соң оң бүйіріне жататын. Аль-Бухари.

 

1111. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Құтпан намазы мен таң намазының арасында Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әрбір екі ракаттың арасында сәлем беріп және соңынын бір ракат намаз қосып, бас аяғы он бір ракат намаз оқитын. Азаншы таңның арайланып келе жатқанын көріп, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, азан шақыратын, ол орнынан тұрып екі ракат жеңіл намаз оқып, сосын азаншы қамат түсіргенше оң бүйіріне жатып алатын. Муслим.

1112. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден қайсысың таң намазының қосымша екі ракат намазын оқып болса, оң бүйіріне жатсын. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд және ат-Тирмизи келтіреді. Ат-Тирмизи: “Жақсы хадис”, - деді.

 

 

ТАРАУ

Бесін намазының алдында және одан кейін қандай намаздар оқылатындығы жайлы.

 

1113. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Менің Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге бесін намазына дейін және одан кейін екі ракат намаз оқыған кездерім болды. Аль-Бухари, Муслим.

 

1114. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бесін намазының парызының алдында бұлжытпай төрт ракат намаз оқитын. Аль-Бухари.

 

1115. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бесін намазының парызына дейін менің үйіме[622] келіп төрт ракаттын тұратын намазды жиі оқитын, сосын мешітке шығып адамдармен бірге бесін намазының парызын оқитын, ал сосын қайтадан кіріп екі ракаттан тұратын намаз оқитын. Сондай-ақ ол адамдармен бірге ақшам намазын оқитын, ал сосын маған кіріп екі ракат намаз оқитын, сондай-ақ ол адамдармен бірге құтпан намазын оқитын, ал сосын менің үйіме кіріп екі ракаттан тұратын намаз оқитын. Муслим.

 

1116. Хабар бойынша,Умм Хабиба, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім бесін намазына дейін және одан кейін төрт ракат намаз оқитын болса, оны Аллаһ Отқа харам етеді.Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд және ат-Тирмизи келтіреді. Ат-Тирмизи: “Жақсы хадис”, - деді.

 

1117. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Саъид, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Әдетте, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бесін намазының парызының алдында төрт ракат намаз оқитын, күн, батысқа қарай жылжысымен: “Расында, бұл көктердің қақпалары ашылатын уақыт, сондықтан мен осы уақытта менің игі амалым сол қақапаларға көтерілуін қалаймын”, - деп айтатын. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

1118. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Егер Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын төрт ракат намазды бесін намазының парызының алдында оқымаса, онда ол оны әрқашан одан кейін оқитын.Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Екінді (аср) намазына дейін қандай қосымша намаз оқылатындығы жайында.

 

1119. Хабар бойынша,Али бин Абу Талиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Екінді намазына дейін, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, періштелерге және өзінің артынан ерген мұсылмандар мен иман келтіргендерге арналған, арасын: “Ас-сәләму алейкум уә рахмату-Ллаһи”, - деген сөздермен бөлетін төрт ракат намаз оқитын.Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

1120. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ, екінді намазының алдында төрт ракат намаз оқығанды, рахым етсін! Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, - деп келтіреді.

 

1121. Хабар бойынша,Али ибн Абу Талиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, екінді намазының алдында әдетте екі ракаттан тұратын намаз оқитын. Бұл хадисті Абу Дауд жақсы иснадпен келтіреді.

ТАРАУ

Ақшам (мағриб)намазынан кейін және

оның алдында қандай намаздар оқылатындығы жайлы.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.