Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 8 страница



 

1045. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Күнделікті оқылған бес уақыт намаз және әр аптада оқылған жұма намазы, осылардың арасында жасалған кішігірім күнәләрдің кешірілуіне себеп болады, әрин егер олардың арасында ауыр күнәләр болмаса. Муслим.

 

1046. Хабар бойынша,Осман бин Аффан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Парыз намаздың уақыты кірісімен дұрыстап дәрет алып, ал намаз кезінде дұрыс бой ұсынып және барлық бүгілуді (рукух) дұрыстап орындаса, бұл намаз кез келген мұсылман үшін оған дейін жасалған күнәләрдің кешірілуіне себеп болады, (әрине) егер олардың ішінде ауыр күнәлірдің бірі болмаса болды, және бұл әруақытта солай болады. Муслим.

ТАРАУ

Таң және екінді намаздарының

қасиеттері жайлы.

 

1047. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жәннәтқа салқын уақытта екі намаз оқыған кірді[582]. Аль-Бухари, Муслим.

1048. Хабар бойынша,Абу Зухайр Омар бин Рууайба, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

“Күн шыққанша және кұн батқанша намаз оқыған ешқашан Отқа кірмейді“, - деп, таң және екінді намаздарын нұсқады. Муслим.

 

1049. Хабар бойынша,Жундуба бин Суфйан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Таң намазын орындаушы[583] Аллаһтың қорғанында болады, Аллаһ Өзінің қорғаны үшін ешнәрсе талап етпесін, абайла , иә Адам баласы![584] Муслим.

1050. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендердің араларыңда күндіз болатын періштелер, сендердің араларыңда түнде болатын періштелерді бір-бірімен таң және екінді намаздары кезінде кездесіп, ауыстырады. Осыдан кейін сендермен түнді өткізген періштелер көкке көтеріледі, сонда Өзінің құлдарының жағдайын жақсы білетін Аллаһ періштелерден: “Секндер менің құлдарымды қандай күйде қалдырдыңдар?”, - деп сұрайды да, олар: “Біз оларды намаз оқып жатқан кездерінде қалдырдық, ал біз оларға оралған кезде де олар намаздарын оқып жатты. Аль-Бухари, Муслим.

 

1051. Хабар бойынша,Жәрир бин Абдуллаһ аль-Баджали, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз түнде Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге болған кезімізде, ол толық айға қарады да: “Расында, сендер Раббыларыңды мына айды көргендей көресіңдер, және Оған назар салуды ренжітілмейсіңдер! Егер сендер күн шығар алдындағы және күн батар алдындағы намаздарды орындауға еш нәрсенің кедергі болмауына қол жеткізе алсаңдар, онда оны істеңдер. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің басқа нұсқасында Жәрирдің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

…ол айға (сол айдың) он төртінші түнінде қарады…

1052. Хабар бойынша,Бурайда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Екінді намазын оқымағанның істері пайдасыз болып қалады. Аль-Бухари.

ТАРАУ

Мешітке жайау барудің қаситтері жайлы.

 

1053. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мешітке барушыға не болмаса ол жерден оралушыға Аллаһ Жәннәтта оған тамақ дайындайды. Аль-Бухари, Муслим.

 

1054. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім үйінде тазаланып[585], сосын Аллаһтың үйлерінің бірінен Аллаһтың парыздаған амалдарының бірін орындау үшін баратын болса, оның жасаған қадамдарының бірі үшін оның күнәләрәнің жазасы түседі, ал басқасы үшін жоғарылайды. Муслим.

 

1055. Хабар бойынша,Убайй бин Қаъб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ансарлардың арасынан бір адам болатын, мен мешіттен, ол адамнан алыс тұратын адамды білмейтінмін. Бірақ ол соған қарамай ол мешітте жамағатпен оқылатын бірде-бір намазды жібермейтін. Бірде мен оған: «Сен өзіңе түнде жүруің үшін және ыстық жермен жүрмеуің үшін бір есек алсаң еді!», - дедім. Сонда ол маған жауап ретінде: «Менің үйім мешіттің жанында болса, мен оған қуанбас едім. Расында, менің үйден мешітке және мешіттен үйге жүргенімнің жазылуын қалаймын!», - деді. Сол кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ саған (сауабыңды) толығымен жинап қойды!», - деді. Муслим.

1056. Хабар бойынша,Жабір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Кезінде мешіт төңірегіндегі жерлер бос болатын, сонда абу салима руынан адамдар мешітке жақын жерге көшпекші болады. Бұл хабар Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткен кезде ол: «Маған седердің мешіттің жанына көшпекші болып жатқандарың жайлы хабар келді», - деді. Олар: «Иә Аллаһтың елшісі, біз солай істемекшіміз», - деді. Сонда ол: «Иә бану салама, үйлеріңде қала беріңдер, өйткені сендердің басқан іздерің жазылып жатыр, иә бану салама, үйлеріңде қала беріңдер, өйткені сендердің басқан іздерің жазылып жатыр!», - деді, сонда олар: «Біздің көшіміз бізге қуаныш әкелмес еді!», - деді. Бұл хадисті Муслим келтіреді, ал аль-Бухари болса мағынасы жағынан осыған ұқсас Айша арқылы хабарланған осыған ұқсас хадис елтіреді.

 

1057. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, намаз оқығанның көп сауабы, мешітке ұзақ жүруге мәжбүр болғанға жазылады, ал намазды имаммен бірге оқу үшін күткеннің сауабы, намазды оқып одан кейін ұйықтағанның сауабынан артық болады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1058. Хабар бойынша,Бурайда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мешітке қараңғы түнде барушыларды, Ахіреттегі кәміл нұр жайлы хабарлап қуандырыңдар[586]. Абу Дауд, ат-Тирмизи.

 

1059. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларынан: “Сендерге не Арқылы Аллаһ күнәләрді кешіріп, дәрежелерді көтеретінін айтайын ба?”, - деп сұрады. Олар. “Әрина, иә Аллаһтың елшісі!”, - деді. Ол: “Бұл – қиындықтарына қарамай толығымен алынған дәрет[587], мешітке қарай жүрілген көп қадамдар, сондай-ақ намаздан кейін келесі намазды күту, және бұл сендер үшін рибат[588]”, - деді. Муслим.

 

1060. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адамның әрдайым мешітке келіп тұратынын көретін болсаңдар, онда оның иманды екеніне куәлік беріңдер, өйткені Ұлы Аллаһ Тағала: “Аллаһтың мешіттеріне келушілер олар, тек Аллаһқа және Ахірет күніне ….. иман келтіргендер”[589], - деп айтты. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.[590]

 

 

ТАРАУ

Намазды күтудің қасиеттері жайлы.

 

1061. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кез-келгеніңді намаз ұстап тұрғанша намазда саналасыңдар[591], сонда өзінің жанұясына оралуына намаздан басқа оған еш нәрсе кедергі жасамайды. Аль-Бухари, Муслим.

1062. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кез-келгендеріңнің намаз оқыған орындарыңнан дәретін бұзбай отырған барлық уақыт аралығында періштелер: “Иә Аллаһ, оны кешір, иә Аллаһ оған рахым ет!”, - деп дұға айтумен болады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1063. Хабар бойынша,Әнәс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кешкі намазды (құтпан) оқуын түннің жартысына дейін созды, оны оқып болған соң бізге бұрылып: “Басқа адамдар намаздарын оқыды да жатып қалды, ал сендер болсаңдар намаз басталғанша намаз ішінде саналдыңдар[592]”, - деді. Аль-Бухари.

 

 

ТАРАУ

Жамағатпен оқылған намаздың

қасиеттері жайлы.

 

1064. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жамағатпен оқылған намаз, жалғыз оқылған намаздан жиырма жеті саты жоғары.Аль-Бухари, Муслим.

 

1065. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамның жамағатапен оқыған намазы, оның үйде не болмаса базарда оқыған намазынан жиырма бес есе артық, әрине егер ол дәретін дұрыстап алып, сосын мештке тек намаз оқу үшін ғана барса. Сонда ол (мешітке қарай) жүрген әр бір қадамы үшін бір саты жоғарылап және бір кішігірім күнәсінан түсіп отырады, ал ол намаз оқыған кезде және намаз оқыған орындарыңнан дәретін бұзбай отырған барлық уақыт аралығында періштелер: “Иә Аллаһ, оны кешір, иә Аллаһ оған рахым ет!”, - деп дұға айтумен болады, ал ол болса намазды күткенше намаз орындап жатқан есебінде болады. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Аль-Бухаридің нұсқасы беріліп отыр.

 

1066. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, соқыр адам келіп: “Иә Аллаһтың елшісі, мені мешітке апаратын жетектеушім жоқ!”, - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған үйде намаз оқуға рұқсат берді де, ол қайта орала бастаған кезде, Пайғамбар оған: “Сен азан даусын естисің бе?”, - деп сұрады. Ол: “Иә”, - деді, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Онда оған жауап бер!”, - деді. Муслим.

 

1067. Хабар бойынша,азаншы Ибн Умм Мақтум, деген атымен танымал Абдуллаһ (және оны бин Амр бин Қайс, деп те атаған дейді), оған Аллаһтың ризашылығы болсын,

бірде ол Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһтың елшісі, расында, Мединада улы құрт-құмырсқалар мен жабайы аңдар көп”[593], - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Егер сен: “Намазға асығыңдар! Құтылу жолына асығыңдар!”, - деген сөздерді естісең, онда намазға кел!”, - деді. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1068. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, менің, адамдарға отын жинауға әмір беріп, сосын намаз оқуға азан айттырып, сосын біреуді имам етіп тағайындап, ал өзім намазға келмеген адамдарға барып, олардың үйлерінің түгін қалдырмай жағып жібергім келген кездерім болды! Аль-Бухари, Муслим.

 

1069. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Сендерден кім ертең Аллаһты мұсылман болып кездестіргісі келсе, онда намазды ол туралы хабарлаған жерде[594] оқысын, Расында, Аллаһ сендердің Пайғамбарларыңа, оған Аллаһтың игілігі мен сәлмі болсын, дұрыс жолдың ғұрыпын (яғни сүннетті) көрсетіп (бекітіп) берді, расында, бұл намаздар дұрыс жолдың ғұрыпына жатады, егер сендер өз үйінде қалған адам секілді, өз үйлеріңде намаз оқитын болсаңдар, онда бұларың Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінен ауытқыған болып саналады, ал егер сендер Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүннетінен бас тартсаңдар, онда дұрыс жолдан адасасыңдар. Ал біз жайлы айтатын болсақ, намазды өзінің екіжүзділігімен белгілі болғандардан басақаларының бәрі жамағатпен оқылған намазды қалдырмайтын, сонда адамды намазға ол саптан өзінің орнына тұруы үшін, екі адам қолтықтап алып келетін кездер де болған. Муслим.

Бұл хадистің басқа бір нұсқасында былай делінеді:

Расында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге дұрыс жол ғұрыптарын үйрететін, ал олардың қатарына азан айтылатын мешітте оқылатын намаз жатады.

 

1070. Хабар бойынша,Абу Дарда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: “Шөлде не ауылда тұратын үш адам бірігіп намаз оқымаса, онда шайтан оларды өзіне бағындырады, өйткені қасқыр тек отардан бөлінген қойды ғана жейді. Бұл хадист Абу Дауд жақсы иснадпен келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Жамағатпен оқылатын таң және құтпан намаздарына талпындыру жайлы.

 

1071. Хабар бойынша,Осман бин Аффан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Құтпан намазын жамағатпен оқыған, түннің жартысын намаз оқып өткізген секілді, ал таң намазын жамағатпен оқыған, түнімен намаз оқыған секілді. Муслим.

Бұл хадистің Осман бин Аффанның айтуымен, ат-Тирмизидің келтірген нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын хабарланады:

Жамағатпен оқылған құтпан намзына қатысқанға түннің жартысын намазбен өткізген есебіндей (сауап) жазылады, ал басқа адамамдармен бірге құтпан намазын да, таң намазын да оқығанға, бүкіл түнді намазбен өткізген есебіндей (сауап) жазылады. Ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис” деді.

 

1072. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер олар таң намазы мен құтпан намазын жамағатпен оқығанның сауабын білсе еді, онда олар мешітке (ол намаздарды жамағатпен) оқу үшін еңбектеп болса да келер еді! Аль-Бухари Муслим.

Бұл хадмис толығымен бұның алдында келтірілген болатын. (№ 1033)

 

1073. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Екіжүзділер үшін таң намазы мен құтпан намазынан ауыр намаз жоқ, ал егер олар осы екі намазды орындағаннан қандай сауап бар екенін білсе еді, онда олар осы намаздарды орындау үшін мешітке еңбектеп болса да келер еді! аль-Бухари, Муслим.

 

ТАРАУ

Парыз намаздарын әрдайым орындауға бұйыру және бұл намаздардан бас тартуға тыйым салу, сондай-ақ бұл намаздарды орындамағандарға үлкен қатердің бар екендігі жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Намаздарға сондай-ақ орта намазға сақтық істеңдер…» «Бақара» сүресі, 238 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Сонда егер олар, тәубе қылса, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олардың жолын бос қойыңдар…» «Тәубе» сүресі, 5 аят.

 

1074. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшсінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Қандай амал жоғары бағаланады”, - деп сұрадым. Ол: “Белгіленген (өз) уақытында оқылған намаз”, - деді. Мен: «Ал бұдан кейін не?», - деп сұрадым. Ол: «Ата-анаға көрсетілген құрмет», - деді. Мен: «Ал бұдан кейін не?», - деп сұрадым. Ол: «Аллаһ жолындағы күрес», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1075. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ислам бес діңгектен тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – Аллаһтың елшісі, деп куәлік беру, намаз оқу, зекет төлеу, Аллаһтың үйіне Қажылық жасау және Рамадан айында ораза ұстау. Аль-Бухари, Муслим.

1076. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Маған адамдармен, олар, Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – Аллһтың елшісі, деп куәлік бергенше, сондай-ақ намаз оқып зекет төлегенше, күресу әмірленді, ал егер олар осылардың бәрін орындаса, онда менен, бұдан былай тек Исламның хақысымен ғана алына алатын, өмірлері мен дүниелерін қорғап қалады, сол кезде олардан есебті тек қана Аллаһ талап ете алады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1077. Хабар бойынша,Муъаз, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мені Иеменге аттандырып жатып[595], Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, сен Кітап иелері халықтарының біріне келесің, оларды Аллаһтан басқа құдай жоқ және мені – Аллаһтың елшісі, деп куәлік берулеріне шақыр, сонда егер олар бұған бағынса, Аллаһтың оларға күніне бес уақыт намаз парыздағанын мәлімде, егер олар бұған да бағынса, Аллаһтың оларға байларынан алып кедейлеріне бергіздіретін, садақа төлеулерін парыздағанын мәлімде, ал егер олар осыған да бағынса, онда олардың дүниелерінің ең қымбатына тиіспе (яғни зекет ретінде алма) және жәбір көргеннің қарғысынан сақтан (қорық), расында, онымен Аллаһтың арасында оның өтінішін естуге кедргі болатын перде болмайды!», Аль-Бухари, Муслим.

 

1078. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, көпқұдайшылық пен имансыздықтан, адамды, намаздан бас тарту айырады. Муслим.

 

1079. Хабар бойынша,Бурайда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Біз бен олардың (не сендердің) арамыздағы келісім шарттың негізіне намаз оқу жатады, кім бұдан бас тартса күпірлікке кіреді. Бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді” деп, ат-Тирмизи келтіреді.

 

1080. Хабар бойынша,сенімділігі көптің арасында танымал, Шакик бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың рахымы жаусын, былай деді:

Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары намаздан бас тартққаннан басқа ешнәрсені күпірлік санамайтын. Ат-Тирмизи сенімді иснадпен “Иман” кітбында келтіреді.

 

1081. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Ахіретте Аллаһтың құлының есебі алдымен намазы үшін алынада, егер сонда намаздары жақсы болса, онда ол табысқа иеленіп көздеген мақсатына жетеді, ал егер намаздары жарамсыз болса, онда ол өкініп қасіретке тап болады. Егер оның осы парызының кемшіліктері болса, онда Ұлы Аллаһ Тағала: “Қараңдаршы[596], Менің құлымның парыздарының кемшіліктерінің орынын толтыру үшін, оның өз еркімен жасаған амалдары[597] бар ма екен”, - дейді – ал осыдан кейін оның барлық амалдарымен осылай істелінеді. Бұл хадисті “Жақсы хадис” деп, ат-Тирмизи келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Бірінші саптың қасиеті және бірінші сапты толтырып бір-бірімен (иық тіресіп) тығыз тұру керектігі жайлы.

 

1082. Хабар бойынша,Жәбір бин Самура, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: “Сендер неге саптарыңда, өздерінің Раббыларының алданда тұрған періштелер сияқты тұрмайсыңдар?”, - деді. Біз: “Иә Аллаһтың елшісі, періштелер өздерінің Раббыларының алдында қалай сапқа тұрады?”, - деп сұрадық. Сонда ол: “Олар бірінші саптарды толтырады және сапта бір-бірімен тығыз тұрады”, - деді. Мслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.