Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 11 страница



 

 

ТАРАУ

Түнгі намазды оқығанның қасиеттері жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Түннен оянып өзіңе тән нәпіл (қосымша намаз) оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі» «Исра» сүресі, 79 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Олардың жамбастары төсектерінен ажырап (түнде ұйқыдан тұрып), Раббыларына қорқа-дәмете жалбарынады…» «Сәжде» сүресі, 16 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді» «Зәриат» сүресі, 17 аят.

1160. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Әдетте Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде ұзақ намаз оқитынын соншалық, оның өкшелері жарылып кететін, бірде мен одан: “Сен неге олай істейсің, Аллаһ сенің өткен және болашақтағы күнәләріңді кешпеп пе еді?”, - деп сұрадым. Ол маған: “Мен алғыс айтушы құл болуым керек емес пе?!”, - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим. Ол екеуі де мағынасы жағынан аль-Муғира бин Шуъба жеткізген бірдей хадис келтіреді.

 

1161. Хабар бойынша,Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде менімен Фатимаға келіп: “Сендер намаз оқып жатқан жоқсыңдар ма не?”, - деп сұрады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1162. Хабар бойынша,Салим бин Абдуллаһ бин Омар бин аль-Хаттаб, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Абдуллаһ – тамаша адам, бірақ түндерде намаз оқыса (одан да) жақсы болар еді”, - деді.

Салим сөзін былай жалғастырды:

Осыдан кейін Абдуллаһ түнде аз ұйықтайтын болды.Аль-Бухари, Муслим.

 

1163. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Абдуллаһ, түндерде намаз оқып, сосын онысын қойғандар сияқты болма.Аль-Бухари, Муслим.

1164. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбардың көзінше бір адам туралы біреу: “Ол таң атқанша ұйықтады”, - деп айтты. Бұны естіген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын: “Оның құлағына шайтан зәрін төкті”, - деп айтты.Аль-Бухари, Муслим.

1165. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кез-келгенің ұйқтағанда, шайтан оның желкесіне үш түйін тйіп, әр қайсысына: “Сенің түнің ұзақ болады, ұйықта!”, - деп соғады. Егер адам оянып Аллаһты еске алса, онда бір түйіні шешіледі, ал егер дәрет алса, екінші түйіні шешіледі, ал егер намаз оқыса, онда үшінші түйіні шешіледі де, адам таңертең жақсы көңіл-күйде оянады, ал олай істемесе, онда көңіл күйі нашар болып, шаршап әлсіздік сезінген күйде оянады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1166. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Сәләм, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә адамдар, сәлем таратыңдар, басқаларды тамақтандырыңдар, басқалар ұйықтап жатқан кезде, түнде намаз оқыңдар, сонда жәннәтқа бейбіт кіресіңдер. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

 

1167. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Рамаданнан кейінгі оразаға жақсы ай, Аллаһтың мухаррам айы саналады, ал парыз намазынан кейнгі жақсы намаз болып түнгі намаз саналады. Муслим.

 

1168. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Түнгі намаздың ракат сандары жұп болуы керек, егер сен жақын арада таң атып қалады деп қауіптенсең, онда намазыңды бір ракатпен аяқта. Аль-Бухари, Муслим.

 

1169. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнгі намаздарының ракат сандары әрдайым жұп болатын да, ал соңын бір ракатпен аяқтайтын. Аль-Бухари, Муслим.

1170. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кейбір айларда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көп уақыт ораза ұстамағаны соншалық, біздің енді ол осы айда ораза ұстамайтын шығар деген ойға келген кездеріміз болатын[646], ал кейбір кездері оның ұзақ ораза ұстағаны соншалық, ол енді аузын бұл айда ашпайтын шығар деп те ойлаған кездеріміз болатын. Сондай-ақ егер сен оны түнде намаз оқып жатқан күйде көргің келсе, оны түнгі намаз оқып жатқан күйде көре алатынсың, егер де оны ұйықтап жатқан күйде көргің келсе, оны ұйықтап жатқан күйде көре алатынсың. Аль-Бухари.

 

1171. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнгі намазды он бір ракат оқитын. Сонда оның сәждесінің ұзақтығы сендердің елу аят оқитын уақыт аралығындай созылатын да, содан кейін ғана ол басын жерден көтеретін. Сондай-ақ ол таң намазының парызының алдында екі ракат қосымша намаз оқып, сосын азаншы намаздың басталғанын хабарлап (қамат түсіргенше) оң бүйіріне жатып алатын. Аль-Бухари, Муслим.

 

1172. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Рамадан айында болсын, не басқа айларда болсын Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнгі намаздағы ракат сандарын он бірден асырмайтын. Алдымен ол төрт ракатын орындайтын, ал сен болсаң олардың ғажаптығы мен ұзақтығы жайлы менен сұрама, сосын төрт ракатын орындайтын, олар жайлы да менен олардың ғажаптығы мен ұзақтығы жайлы сұрама, осыдан кейін және үш ракатын орындайтын. Бірде мен одан: “Иә Аллаһтың елшісі, үтір намазының алдында сен ұйықтайсың ба?”, - деп сұрадым. Ол маған: “Иә Айша, менің көзім ұйықтайды да, ал жүрегім ұйықтамайды!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1173. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түннің басында ұйықтайтын да, соңында намаз оқуға тұратын.Аль-Бухари, Муслим.

 

1174. Хабар бойынша,бірде Ибн Масъудтың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

«Бірде мен Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде бірге (нафіл) намаз оқығанымда, оның (көп) тұрғаны соншалық, мен бір жағымсыз іс жасай жаздадым». Адамдар одан: “Ол жасай жаздағаның ісің не?”, – деп сұрады. Оларға ол: “Менің оны қалдырып отыра кеткім келді”, – деп жауап берді. Аль-Бухари. Муслим.

 

1175. Хабар бойынша,Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жазғышы ретінде танымал болған, Абу Хузайфа бин аль-Йаман аль-Ансари, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде мен Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде бірге (нафіл) намаз оқыдым. Сонда ол (намаздың бірінші ракағатында) “Бақара” сүресін оқи бастады. Мен өз-өзіме: “Ол (осы сүренің) жүз аятын оқып рукуғқа барады”, – дедім, бірақ ол одан кейін де оқуын жалғастыра берді. Сонда мен өзіме: “Ол (сүрені) (намаздың бірінші ракағатында) толығымен оқып шығады», - дедім. Сосын мен өзіме: «Оны оқып бітірісімен рукуғ жасайды», – деп тұрғанымды, ол «Ниса» сүресін оқып бастап оны толығымен оқып шықты, сосын Аль-Имран» сүресін оқуға кірісті де, оны да толығымен әр әріпін шығарып мәнерлеп оқып бітірді. Сол кезде ол аяттың ішінде Аллаһты мақтау туралы сөздерді оқығанда, ол Аллаһты мақтады, ол аяттың ішінде Аллаһқа дұға жасау туралу аятты оқығанда, дұға жасады, ал Аллаһтан пана сұрау жайлы аятты оқығанда, ол Аллаһтан пана сұрады, содан соң ол иіліп рукуғқа кетті. Сол кезде: «Менің Ұлы Раббым кемшілік атаулыдан пәк!» /Субхана Раббиль-Азым!/ - деп айта бастады да, оның рукуғы, қыям кезінде қанша тұрса сонша уақытты алды. Сосын ол: «Аллаһ Тағала Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естиді. Раббым саған мақтау!» /Сами Аллаһу лиман хамидаһ. Раббана уалакль-хамд!/, - деп бойын түзеді де, осы күйде рукуғта қанша болса, соншама уақыт аралығында тұрды. Ал сосын ол: «Аса Жоғары Раббым пәк!» /Субхана Роббиль Аъля!/ - деп сәждеге жығылды да, сол қалпында, тік тұрған кезінде қаншама уақыт өткізсе, соншама уақыт болды. Муслим.

 

1176. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Қай намаз ең жақсы саналады?”, - деп сұрағанда, ол: “Адам оны оқығанда ең ұзақ тұратыны”, - деді. Муслим.

 

1177. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ үшін ең жақсы намаз болып Дауд (пайғамбардың) намазы саналады және Аллаһ үшін ең жақсы ораза болып Дауд (пайғамбардың) оразасы саналады. Ол намазды түннің жартысын ұйықтап, сосын үштен бірін намазбен өткізетін, ал оразаны күнәрә ұстайтын. Аль-Бухари, Муслим.

 

1178. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: “Расында, түнде сондай бір уақыт бар, сол уақытта Аллаһ Тағаланың Ислам дініндегі құлы, Одан осы дүниенің не мәңгілік дүниенің игіліктерінің бірін сұрап дұға жасаса, ол адамға міндетті түрде сұрағанын береді және бұл (сәт, не уақыт) әр түнде болады”. Муслим.

 

1179. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кім түнде намаз оқуға тұрса, онда намазын екі жеңіл ракат оқумен бастасын. Муслим.

 

1180. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде намазға тұрған уақытында, намаз оқуын жеңіл екі ракаттан бастайтын.Муслим.

 

1181. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, егер де түнгі намазын ауырып, не болмаса басқа да жағдайлармен (оқымай) өткізіп алған болса, онда күндіз он екі ракат намаз оқитын. Муслим.

 

1182. Хабар бойынша,Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам Құраннан күнделікті түнде оқитынын, не болмаса оқитынының бөлігін оқымай ұйықтап қалса, ал сосын таң намазы мен бесін намазының арасында оқымағанының орнын толтырса, онда ол түнде оқығанның есебінде болады[647].Муслим.

 

1183. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Түнде тұрып намаз оқып, сосын әйелін намаз оқуға оятқан, ал егер әйелі намаз оқуға тұрмаса бетіне су сепкен еркеті Аллаһ Тағала рахым етсін! Түнде тұрып намаз оқып, сосын ерін намаз оқуға оятқан, ал егер ері намаз оқуға тұрмаса бетіне су сепкен әйелді Аллаһ Тағала рахым етсін! Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1184. Хабар бойынша,Абу Хурайра және Абу Саъид, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам түнде өзінің әйелін оятып, сосын бірге намаз оқыса /не: …онымен бірге екі ракат намаз оқыса/, олар Аллаһты еске алушы еркектер мен әйелдердің қатарында жазылады. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1185. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер сендерден қайсысың түнгі намаз уақытында қалғи бастасаң, онда тыныққанша жатып ұйықтап алсын, өйткені, расында, егер ол қалғып отырып намаз оқитын болса, онда ол Аллаһтан кешірім сұраудың орнына өзіне қарғыс айтуы мүмкін.Аль-Бухари, Муслим.

1186. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер сендерден кім түнде тұрып, оған Құран оқу қиын болғаны анықталып, ал өзі не айтып жатқанын түсінбесе, онда тағы да ұйықтап алуға жатсын. Муслим.

 

ТАРАУ

Рамадан кезінде қосымша түнгі намаздарды оқу жайында.

 

1187. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім Рамадан кезінде Аллаһтың сауабынан үміт етіп және сенім артып намаз оқыса оның алдыңғы күнәләрі кешіріледі. Аль-Бухари, Муслим.

 

1188. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарды Рамадан кезінде қосмша түнгі намаздарды оқуға талпындыратын, бірақта оны қатаң бұйырмай тек: “Кім Рамадан кезінде Аллаһтың сауабынан үміт етіп және сенім артып түнде намаз оқыса, оның алдыңғы күнәләрі кешіріледі”, - дейтін. Аль-Бухари, Муслим.

 

ТАРАУ

Қадір түнінде намаз оқудың қасиеті және оның Рамаданның қай түні болу мүмкіндігі көбірек екендігі жайлы түсінік.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Негізінде Құранды Қадір түнінде тұсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың айдан қадірлі. Періштелер мен Жебірейіл ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік кеші таң рауандағанға дейін жалғасады» «Қадір» сүресі, 1-5 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

«Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында, біз ескертушіміз. Ол кеште барлық хикметті істер айырылады. Бұл Өз жанымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз» «Дұхан» сүресі, 3-5 аяттар.

 

1189. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім Қадір түнін, Аллаһтың сауабынан үміт етіп және оған сенім артып намазбен өткізсе, оның алдыңғы күнәләрі кешіріледі. Аль-Бухари, Муслим.

 

1190. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларынан бірнешеуіне бір мезгілде түстеріне, Қадір түні Рамадан айының соңғы жеті түндерінің бірінде түсетіндігі жайлы аян келеді, расында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын: “Мен сендердің түстеріңдегі (аянның) Рамаданның соңғы жеті түніне тірелетінін көріп тұрмын, сондықтан кім Қадір түнінің түсуін күтсе оны Рамаданның соңғы жеті түнінің ішінде күтсін”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1191. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Рамаданның соңғы он күнін Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үздіксіз мешітте өткізетін және ол: “Қадір түнін Рамаданның соңғы он түнінің ішінде күтіңдер”, - дейтін. Аль-Бухари, Муслим.

 

1192. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қадір түнін Рамаданның соңғы он күнінің ішндегі тақ күндерінің бірінде күтіңдер. Аль-Бухари.

 

1193. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Рамаданның соңғы он күні болған кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, түндерді намазбен өткзіп жанұя мүшелерін оятатын, құлшылықта ерекше ынталық танытатын және изарын бекем байлайтын. Аль-Бухари, Муслим.

 

1194. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Рамаданда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, басқа айларға қарағанда құлшылықта көбірек ынталық білдіретін, ал Рамаданның соңғы он күнінде Рамаданның басқа күндеріне қарағанда құлшылықтағы ынталылығын одан да көбейте түсетін. Муслим.

 

1195. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен: “Иә Аллаһтың елшісі, егер мен Қадір түнінің түскенін білсем, не айтуым керек?”, - деп сұрадым. Ол былай деп айт деді : “Иә Аллаһ, расында, Сен - Кешірушісің, Сен кешіргенді жақсы көресің, кешір мені!” /Аллаһумма, иннәкә ъАфуан тухиббуль ъафуа, фаъфуанни!/ Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Тіс тазалағышты(мисуақ)қолдану және табиғатынан айқын нәрселер жайлы.

 

1196. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер менің үмметіме ауыр болады деп ойламасам еді, онда әр намаздың алдында тістерін тазалауды міндетті түрде бұйырар едім. Аль-Бухари, Муслим.

 

1197. Хабар бойынша,Абу Хузейфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ұйқысынан тұрғанда, ол әрдайым аузын тіс тазалағышпен тазалайтын. Аль-Бухари, Муслим.

 

1198. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Әдетте біз Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тіс тазалағыш пен дәрет алуға су дайындайтынбыз, ал Аллаһ оны Өзінің қалаған уақытында ұйқысынан оятатын да, ол сол тіс тазалағышты қолданып тісін тазалап, дәрет алып намаз оқуға кірісетін. Муслим.

 

1199. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен сендерге тіз тазалағышты қолдану жайлы көп айтқанмын. Аль-Бухари.

1200. Хабар бойынша,Шурайх бин Хани былай деді:

Бірде мен Айшадан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте ең алдымен үйге кірісімен не істеуші еді”, - деп сұрадым. Ол: “Ол ең алдымен тіс тазалағышты алатын”, - деді. Муслим.

 

1201. Хабар бойынша,Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кіргенімде оның аузынан тіс тазалағыштың ұшын байқадым. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Муслимнің нұсқасы беріліп отыр.

 

1202. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Тіс тазалағыш ауыз тазалау үшін қолданылады және Алаһқа ұнайтын іс болып табылады. Бұл хадисті сенімді иснадпен ан-Насаъи және Ибн Хузайма өзінің “Сахихінде” келтіреді.

 

1203. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Табиғатында үйреншікті болып бес нәрсе саналады: сүндеттеу (баланы сүндеттеу), шатты қыру, тырнақты алу, қолтықтың қылын жұлу және мұртты басу. Аль-Бухари, Муслим.

 

1204. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.