Здавалка
Главная | Обратная связь

модельдерге есептер



 

1-есеп. Ауыл шаруашылығы машиналарын шығаратын зауыт-та бірінен кейін біріне өтетін үш цехта соқаның үш түрлі модель құрастырылады. Цехтардың бір тоқсандық қуаттары, сәйкесінше: 300, 250 және 200 адам-күн құрайды. Бірінші цехта бір соқаны жинауға әрбір тоқсанда, олардың модельдеріне сәйкесінше: 6; 4 және 2 адам-күн жұмсалса, екінші цехта, сәйкесінше: 3; 4 және 5 адам-күн, ал үшінші цехта соқаның әрбір моделін жинау үшін 3 адам-күн қажет. Соққаның әрбір моделінен зауытқа түсетін пайда, сәйкесінше: 15; 13 және 10 мың доллар құрайды.

Зауытқа оңтайлы жоспар құрып, есептің шешімін талдаңыз.

2-есеп.Ауылшаруашылығының бір ірі кәсіпорны өндірген өнімдерін нарықта өткізетін, 7 қалада сату орындарын ашқан. Менеджердің жіберген қателігіне байланысты кәсіпорынның экономикалық жағдайы нашарлап баражатқаны байқалып, кәсіп-орынға еріксіз 65 млн. теңге несие алуға тура келді. Соңында, алынған несиесін уақтылы жабу үшін, кәсіпорынға, қалалардағы өнімдерін нарықта өткізетін орындарының бірәзін тез арада сату керек болды.

Бағалау комиссиясының шешімі бойынша қалалардың реттік нөмірлеріне сәйкес, оларды мынадай: 26,0; 24,5; 22,5; 18,0; 17,0; 16,0 және 15,5 млн. теңге бағаларға сатуға болатыны анықталды. Бірақ, өнімдерді өткізетін орындарды сату, біршама адамдарды жұмыссыз қалдырады, олардың саны қалалардың нөмірлерінің реттері бойынша: 200, 190, 180, 170, 150, 130 және 110 жұмысшы құрайды.

Кәсіпорнының мақсаты жұмыстан шығарылатын жұмысшы-лар саны минимальды болатын, қандай қалалардағы өнімдерді өткізетін орындарды сату тиімді екенін анықтайтын жоспар құру керек.

Ескерту: Есептің оңтайлы шешімін табу үшін бульдік айнымалылар қолданылады.

3-есеп.Ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыру зауыт-тының әкімшілігі, өндірісті жетілдіру мақсатында, онда біршама техникалық-ұйымдастыру жұмыстарын жүргізбекші. Осы жасалы-натын жұмыстар өдіріс аудандарын, еңбек және қаржы шығын-дарын төмендегі кестеде келтірліген мөлшерде қажет етеді.

Барлық жұмыстарды жүргізу үшін зауыт: 1300 адам-күн еңбек қорын, 50 млн. теңге қаржы және 700 м2 өндіріс аудандарын бөлмекші.

Осы бөлінген қорлар деңгейінде, зауыттың өндірісін жетілдіру мақсаттта, қандай жұмыстарды орындағанда, оның жалпы эконо-микалық тиімділігі максималды болатынын анықтаңыз.

 

Жұмыстар Еңбек қорлары, адам-күн Қаржы қорлары, мың теңге Өндіріс ау-дандары, м2 Экономикалық тиімділігі, мың теңге
Станоктар сатып алу
Ағымдағы жөндеу
Монтаж жасау
Крандарды орналастыру
Сапалық бақылау
Өндіріске автоматтық жүйені енгізу

4-есеп.Сут зауытында үш түрлі малдың сүті (түйенің, жыл-қының және сиырдың) төрт түрлі (25, 30, 35 және 40 тонналық) арнайы сиымдықтарда сақталынады. Зауытқа пайдалы жұмыс істеу үшін, күніне жиналатын, аталған малдардың сүттері сәйкесінше: 20, 40 және 60 т кем болмауға тиіс. 1 т түйенің сүтін сақтау шығыны жылқының сүтіне қарағанда 20%, ал сиырдың сүтінен 10% жоғары. Сүттерді бірге бір сиымдыққа сақтаға бол-майды.

Сүттерді тиімді сақтау үшін қанша және қандай көлемдегі сиымдықтар қолданылатынын анықтаңыз.

 

5-есеп.Өндіріс орны үш түрлі бұйымдарды жасау үшін үш түрлі қорларды, мөлшерлері сәйкесінше 10, 11 және 123 өлшем бірліктей пайдаланады. Әрбір бұйымдардың бір данасына керекті қорлар шығындары және олардың бір данасынан түсетін пайда төмендегі кестеде келтірілген.

Қорлар мөлшері Бұйымдардың бір данасына кететін шығын
1-бұйым 2-бұйым 3-бұйым
Пайда, а.б.

 

Өндіріске максималды пайда келтіретін жоспар құрыңыз және есептің шешімін талдаңыз.

6-есеп. Кәсіпорын 100 мың теңгеге, өндірістік ауданы 38 м2 жерге орналастыру үшін екі түрлі жабдық сатып алмақшы. А типті жабдықтың 1 данасының бағасы 25 мың теңге, бір жұмыс күні 7 мың бірліктей өнім өндіреді және оны өндірістік ауданы 8 м2 құрайтын жерге орналастыруға болады, ал Б типті жабдықтың 1 данасының бағасы 10 мың теңге, бір жұмыс күні 3 мың бірліктей өнім өндіреді және оны оналастыруға керекті өндірістік аудан 4 м2 құрайды.

Өндірістік ауданның күнделікті өндіретін өнімінің максимал-ды болуын қамтамасыз ететін жабдықтарды сатып алудың оңтай-лы нұсқасын анықтаңыз.

 

 

7.5 Қаржылық модельдерге есептер

1-есеп.Бие сүтінен қымыз жасап сатуға маманданғанкәсіп-орны, сиымдықта тұрған бие сүтін автоматты түрде араластырып, бісетін бір жабдық сатып алмақшы. Жабдықтың бағасы 4500 мың теңге. Жабдықты сатып алу үшін кәсіпкер алдынала сатушымен келсім шартқа отырды. Келсім шарт бойынша, жабдық сатып алынысымен 1000 мың теңгені екі айдан кейін, ал қалған соманы, 3500 мың теңгені, жабдық толық орналастырып, жұмысқа қосқан-нан кейін (бұл жұмыс алты айға дейін созылуы мүмкін) төлеу керек.

Жабдық құнын толық дер кезінде төлеп біту үшін, кәсіпкерге мақсаттық қор құру қажет және ол қорды біреуге инвестицияға берген дұрыс. Өйткені ақша босқа жатуға тиіс емес. Уақыт – ол ақша. Кәсіпкер мақсаттық қор мөлшері 4500 мың теңгеден кем болу керектігін жақсы біледі. Бірақ, инвестиция жасауға бар мүмкін-шілікпен осы қор мөлшері қандай байланыста екені белгісіз.

Кәсіпкердің инвестиция жасауға 12 түрлі мүмкіншілігі бар. Сондықтан ол осы мүмкіншіліктер ішінен ең тиімдісін таңдамақ-шы.

Қаржылық жоспарлау есебі үшін мәліметтер және әрбір салым үшін ақшаны қайтару тәуекелділігіне эксперттердің берген бағасы төменгі кестеде берілген.

 

Салым түрлері Салым қанша уақытқа салын-ған, ай Салым салу кезеңдері (айлар басы) Салым пайызы, % Тәукелдік индексі
А 1, 2, 3, 4, 5, 6 1,7
В 1, 3, 5 3,5
С 1, 4 5,5
D 10,5

Көрсетілген төлемдерді уақтылы төлеу үшін және мақсаттық қордың мәні минимальды болатын жоспар құрыңыз.

2-есеп.Кәсіпкер 250 мың теңге ақшасын инвестицияға сал-мақшы. Инвестиция басынан есептегенде алты ай өткенен кейін қолына түсетін ақша максимальды болуы керек. Мүмкін болаала-тын инвестициялау түрлері және әрбір салым үшін ақшаны қайтару тәуекелділігіне эксперттердің берген бағасы төмендегі кестеде берілген.

Салым түрлері Салым қанша уақыт-қа салынған, ай Салым салу кезеңдері (айлар басы) Салым пайызы, % Тәукелдік индексі
А 1, 2, 3, 4, 5, 6 1,7
В 1, 2 3,5
С 3, 4 6,5
D 11,5

 

Кәсіпкерге жарты жылдан кейін максимальды табыс алу үшін 250 мың теңге ақшасын инвестицияға қалай салғаны тиімді, анық-таңыз және есептің шешімін талдаңыз.

 

 

7.6 Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар

1. Оңтайлы шешім деген не?

2. Оңтайластыру есептері қалай жіктелінеді?

3. Оңтайлы шешімдер қабылдаудағы жасалынатын жұмыстардың орындалу ретін түсіндіріңіз.

4. Математикалық моделі сызықтық программалау әдісімен құрылған, мұнай өңдеу заудтың жұмысын жоспарлау есебі қарастырылуда. Оңтайлау критериі–минималды шығын. Есепті шығару нәтижесінде мұнай өңдейтін жабдықтың қуаты (өлшем бірлігі, тонна) тапшы екені байқалды. Осы шектеудің қосалқы бағасы қандай өлшем бірлікпен өлшенеді? Жауабы: 1) т/теңге; 2) теңге/сағат; 3) сағ/теңге; 4) теңге/т; 5) т.

5. Өндірістік бағдарламаны оңтайластыру есебі қарастырылу-да. Оңтайлау критериі–максиалды пайда. Есепті шешу нәтижесінде критериінің оңталы мәні 100 ақша бірлігіне жетті (а.б.). Шектеулер бойынша қосалқы бағалар тең: 0,5 (еңбек қоры); 1,5 (өндіріс көлемі). Егер жалпы еңбек қорының көлемі 10 бірлікке азайса, онда максималды пайданың мәні қанша болады? Жауабы: 1) 85; 2) 90; 3) 95; 4) 100; 5) 110.

6. Электрондық кестемен жасалатын жұмыс ретін түсіндіріңіз.

7. Электрондық кестеге модельдегі алғашқы деректер қалай енгізіледі және қалай форматталынады?

8. Электрондық кестеде көшіру және басқа кестеге ауыстыру қалай жүреді?

9. Поиск решения құралы туралы түсінік және онымен жасалынатын жұмыс реттерін түсіндріңіз.

10. Транспорттық есеп қандай есептің жекеленген түріне жатады? Жауабы: 1) Сызықтық программалау; 2) Регрессиялық; 3) Статистикалық; 4) Кейіптік; 5) Тағайындау.

11. Транспорттық есептің мақсат функциясының өлшем бірлігі – мың теңге, ал тасылған жүктің өлшем бірлігі –тонна болса, онда тасмалдау тарфінің өлшембірлігі қандай болуға тиіс? Жауабы: 1) теңге; 2)теңге/т; 3) т/теңге; 4) т; 5) өлшем бірліксіз шама.

12. Ашық таранспорттық есепте: Жауабы: 1) Ұсыныстар сомасы сұраныстар сомасынан көп; 2) Ұсыныстар сомасы сұраныстар сомасынан аз; 3) Ұсыныстар сомасы сұраныстар сомасына тең; 4) Ұсыныстар сомасы мен сұраныстар сомасы тең емес; 5) Бір жауап қате қалғанының бәрі де дұрыс.

13. Тағайындау есебі қандай есептер классына жатады: Жауабы: 1) Сызықтық программалау; 2) Регрессиялық; 3) Статистикалық; 4) Кейіптік; 5) Эконометрикалық.

14. Тағайындау есебінің оңтайлы жоспары қандай түрде құрылады? Жауабы: 1) Әрбір жолда бір бірлік тұратын квадратты матрица; 2) Әрбір бағанада бір бірлік тұратын квадратты матрица; 3) Әрбір жолда және әрбір бағанада бір ғана бірлік тұратын квадратты матрица; 4) Әрбір жолда кем дегенде бір ғана бірлік тұратын квадратты матрица; 5) Әрбір бағанада кем дегенде бір ғана бірлік тұратын квадратты матрица.

15. Төрт түрлі тыңайтқышты қандай көлемде даярлау керектігін анықтау қажет. Тыңайтқыштар 3 түрлі ингредиенттерден жасалмақшы. Ингредиенттер көлемі шектеулі және олардың құрамдарында әртүрлі мөлшерде 3 түрлі химиялық элементтер (азот, фосфор және натрий) бар. Аталған химиялық элементтер тыңайтқыштарда әртүрлі керекті нормада болуға тиіс. Тыңайтқыштар көлеміне сұраныс шектелмеген. Есептің мақсаты-тыңайтқыштарды сату арқылы алынатын пайданы максималдау. Қоспа есебі қанша айнымалылардан және қанша шектеулерден құралады? Жауабы: 1) 4 айнымалы-лардан және 3 шектеулерден; 2) 3 айнымалылардан және 4 шектеулерден; 3) 3 айнымалылардан және 2 шектеулерден; 4) 12 айнымалылардан және 3 шектеулерден; 5) 12 айнымалылардан және 4 шектеулерден.

16. Қоспа есебінде алғашқы деректер, яғни ингредиенттер: А, В және С маркалы бензиндер болсын: Бензиндердегі октандық сан, сәйкесінше: 75, 93 және 98. Қоспа бензиндегі октандық сан 93 кем болмауға тиіс. Егер қоспадағы берілген А, В және С маркалы бензиндердің оңтайлы мөлшерлерін, сәкесінше: х1, х2 және х3 деп белгілесек, онда қандай теңсіздік есептің шартын дұрыс көрсетеді? Жауабы: 1) 76х1+93х2+98х3≥93; 2) 76х1+93х2+98х3≤93; 3)3–17ро х1≥0; 4) 17х1–5х3≤0; 5) 76х1+98х3≤93.

17. Бүтін санды модельдерді MS Excel-де шешу ерекшелік-терін түсіндіріңіз.

18. Бүтін санды модельдерді MS Excel-де шешу нәтижесін талдау тәсілдерінің маңызы.

19. Бульдік айнымалы есептер және оларды тәжірибелік есептерде қолдану тәртіптері.

20. Дискретті программалау есептерінің ерешеліктері.

21. Сызықты емес модельдерді MS Excel-де шешу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

22. Сызықты емес модельдердің деректерін MS Excel-ге енгізу алгоритмі.

23. Сызықты емес модельдерді MS Excel-де шешу барысында «Орнықтылық бойынша есеп беру» алгоритмі.

24. Бүтін санды сызықты емес модельдерді MS Excel-де шешу алгоритмі.

25. Параметрлік талдау жүргізу үшін MS Excel-де график құру әдістері.

26. Шығынсыздықты талдау моделінің ерешеліктері қалай түсіндіріледі?

27. Инвестициялық жобаларды таңдау есебінің маңызды-лығы.

28. Инвестициялық жобаларды таңдау есебіндегі екілік айнымалылар қалай аталады? Жауабы: 1) Бульдік; 2) Екілік; 3) Бірінші типтегі айнымалылар; 4) Екінші типтегі айнымалылар; 5) Бірінші және екінші типтегі екілік айнымалылар.

29. Қаржылық қорларды активтендіру үшін инвестициялық жобаларды таңдау модельдерін шешу әдістері.

30. Мақсаттық қорды құру моделіндегі ерекшеліктер.

31. Банктің несие беру саясатын модельдеу есебіндегі қосалқы бағалардың маңыздылығы.

32. Шешімдер қабылдау теориясында, болып жатқан ситуацияны бақылайтын, шешім қабылдайтын жағдай қалай аталады? Жауабы: 1) шешімдер ағашы; 2) ортаның қалпы; 3) анықталмаған жағдайда шешу; 4) альтернативтік; 5) шешімдер кестесі.

33. Анықталмаған жағдайда шешімдер қабылдау критериінің дұрыс аталуын көрсетіңіз: Жауабы: 1) minmax↔«оптимизм критериі»; 2) maxmin↔«пессимзм критериі»; 3) minmin↔«пессимзм критериі»; 4) maxmin↔«талғаусыз критериі»; 5) maxmax↔«талғаусыз критериі».

 

Әдебиеттер

1. Афанасьев М.Ю., Суворов Б.П. Исследование операций в экономике. – М.: ИНФРА-М, 2003. – 444 с.

2. Бережная Е.В., Бережной В.И. Математические методы моделирования экономических систем. – М.: Финансы и статистика, 2001.– 368 с.

3. Бажин И.И. Информационные системы менеджмента. – М.: ГУ-ВШЭ, 2000. – 688 с.

4. Дубина А.Г., Орлова С.С., Шцубина И.Ю., Хромов А.В. Excel для экономистов и менеджеров. – СПб.:Питер, 2004. –295 с.

5. Гельман В.Я. Решение математических задач средствами Excel. Практикум/ – СПб.: Питер, 2003. – 240 с.

6. Гринберг А.С., Шестаков В.М. Информационные технологии моделирования процессов управления экономикой. Учебное пособие для вузов. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. – 399 с.

7. Курицкий Б.Я. Поиск оптимальных решений средствами Excel 7.0. – СПб.:BHV – Санкт-Петербург, 1997. –384 с.

8. Минько А.А. Принятие решений с помощью Excel. Просто как дважды два/ А.А. Минько. –М.:Эксмо, 2007. – 240 с.

9. Леоненков А.В. Решение задач оптимизации в среде MS Excel. – СПб.: БХВ – Петербург, 2005. – 704 с.

10. Шелобаев С.И. Математические методы и модели. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000. – 367 с.

11. Эддоус М., Стэнсфилд Р. Методы принятия решений/Пер. с англ. под ред. Член-корр. РАН И.И. Елисеевой. –М.:Аудит, ЮНИТИ, 1997. –590 с.

12. Ахметов Қ.А. Менеджментте математикалық әдістер. Оқулық, Алматы: ЖШС “Эверо” баспаханасы, 2005.– 516 б.

13. Ахметов Қ.А., Имашева А.О. Параметрлік және бөлшек-сызықты программалау. Оқу құралы. – Алматы:«Агроуниверситет» баспасы, 2000. – 129 б.

14. Әбділдин С.Ә., Әбділдина Л.И., Ахметов Қ.А. және т.б. Агробизнесті ұйымдастыру. Оқулық. – Алматы: ҚазҰАУ, 2001. – 472 б.

15. Сапарбаев Ә.Ж., Ахметов Қ.А., Мақұлова А.Т. Экономикалық-математикалық әдістер мен модельдер. Оқулық, 2-басылымы. Алматы: Қазақстан Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, “Ғылым” ғылыми баспа орталығы, 2005. – 400 б.

16. Сапарбаев Ә.Ж., Ахметов Қ.А., Мақұлова А.Т. Математикалық программалау. Оқу құралы, Алматы: “LEM” баспаханасы, 2001. – 324 б.

17. Ахметова Г.Қ., Ахметов Д.Қ. Моделирование политики кредитования банками аграрного сектора. Ежемесячный финансовый журнал «Банки Казахстана». №9, Алматы: «Комплекс», 2008.

18. Ахметов Д.К. Нақтылы кәсіпорын мен қаржылық институт арасындағы несие-лік байланыс сызығын модельдеу нәтижесі // Исследования,результаты. №4. Алматы: «Агроуниверситет», 2007.

19. Ахметов Қ.А. Чалғынбаева Г.Қ. Сызықтық программалау есептерін компьютерде шешу технологиялары. Несиелік жүйеде оқуда СӨЖ орындау үшін әдістемелік нұсқаулар. – Алматы:"Агроуниверситет" баспасы, 2004 ж. – 28 б.

20. Ахметов Қ.А. MS Excel көмегімен агробизнесте шешімдер қабылдау//Оқу құралы. – Алматы:"Агроуниверситет" баспасы, 2009 ж. – 313 б

 

 

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.