Здавалка
Главная | Обратная связь

Сауабты істерге ынталандыру



және күнәлі істерден тыйу жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар.» «Әль-Имран» сүресі, 104 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сендер адам баласы үшін игілігті әмір етіп, қарсылықтан тиятын сондай-ақ Аллаһқа сенетін хайырлы бір үммет болып, шығарылдыңдар…» «Әль-Имран» сүресі, 110 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ білместерден бет бұр.» «Ағраф» сүресі, 199 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Мүмин ерлер мен мүмин әйелдер, бір-біріне көмекші. Олар дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосады…» «Тәубе» сүресі, 71 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай Израйл ұрпақтарынан қарсы болғандарға, Дауыт және Марйам ұлы Исаның тілі арқылы лағынет етілген. Ол қарсы келулері, шектен шығуы салдарынан. Олар бір-бірлерін істеген жамандықтарынан тыймайтын болған. Расында олардың істегендері нендей жаман.» «Мәида» сүресі, 78-79 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

««Бұл ақиқат (Құран) Раббыларыңнан», де. Сонда кім қаласа сенсін, кім қаласа қарсы келсін…» «Кеһф» сүресі, 29 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Саған берілген бұйрықты ашық ұқтыр…» «Нахыл» сүресі, 94 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Өздеріне берілген үгітті ұмытқан кезде, жаманшылықтан тосқандарды құтқардық. Сондай зұлымдық қылғандарды; бұзақылық істеулері себепті қатты қинауға ұшыраттық.» «Ағраф» сүресі, 165 аят.

184. Хабар бойынша,Абу Сағид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кім біреудің күнәлі іс істеп жатқанын көрсе, оны қолымен тоқтатсын, ал егер олай істей алмаса, онда оны тілімен (сөзімен) тоқтатсын, ал егер оны да істей алмаса онда оны жүрегімен тоқтатсын (яғни жүрегімен істеген ісін қаламасын), ал бұл (соңғысы) иманның ең әлсізі болып табылады. Муслим.

 

185. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Маған дейін қай бір пайғамбарды Аллаһ қайсы бір елге жібергенде, ол пайғамбарлардың оның сүннетімен және оның бұйырғанымен жүретін сахабалары болған. Ал олардан кейін өздерінің айтқандарын өздері амал етпейтін және амалдары өздеріне айтылғанға сай келмейтіндер келетін. Сондай адамдармен қолдарымен күресетіндер имандылар, және тілдерімен күресетіндер имандылар және жүректерімен күресетіндер имандылар, ал бұның артында дәнектей де иман жоқ. Аль-Бухари, Муслим.

 

186. Хабар бойынша,Абуль-Уалид Убада бин ас-Самит, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Біз Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таршылықта да кеңшілікте де, қиындықта да жеңілдікте де, (басшыларымызды) тыңдап, керек десеңіз олар бізді құр қалдырса да, олар күпірлікке кіргені жайлы Аллаһтан (яғни, Құраннан және Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүннетінен) айқын дәлелдер таппайынша билігінен тайдырмай бағынамыз, деп және де, теріске шығарушының сөгуінен қорықпай, әр уақытта шындықты айтамыз деп, ант бердік. Аль-Бухари, Муслим.

187. Хабар бойынша,Нуъман бин Башир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың харамы мен халалінің арасындағы шекараны күзетушілер мен сол шекараны бұзушыларды, садақтың оғымен жеребе тарту арқылы кеменің үстіңгі қабаты мен төменгі қабатын иемденген адамдармен салыстыруға болады. Кеменің төменгі қабатындағылар су алу үшін, үстіңгі қабаттағы адамдар арқылы өту керек болды да, күндердің күнінде олар: «Біз үстіміздегілерді мазалай бермеу үшін кеменің түбін тесіп суды сол жерден алсақ болмай ма?» - дейді. Егер сонда оларды өз еріктеріне қоя берсе, онда бәрі опат болады, ал егер олардың қолдарынан ұстап райларынан қайтарса, онда өздері де, қалғандары да құтылады. Аль-Бухари.

188. Хабар бойынша,діндарлардың анасы Умм Саляма Хинд бинт Абу Умаййа Хузайфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, сендерге басшылар қойылады, ал сендердің бірің оларды мойындайсыңдар да, ал енді бірің мойындамайсыңдар[50]. Жиреніш білдіргендердің оларға қатысы болмайды және оларды мойындаудан бас тартқандар да, оларды мойындап артынан ергендерден бөлек құтылады. Сонда адамдар: «Иә Аллаһтың елшісі, біз олармен күресуіміз керек пе?» – деп сұрады. Ол: «Жоқ, олар сендердің араларыңда намаз оқып жүргенше (күресуге болмайды)», – деді. Муслим.

Бұл дегеніміз олардың істеріне не қолдарымен, не тілдерімен қарсылық білдіре алмай, бірақ жүрегтерімен келіспей жиреніш білдіргендердің олардың күнәләріна қатысы болмайды және өздерінің міндеттерін орындаған саналады; кім де кім, мүмкіншілігіне қарай өзінің қарсылығын білдірсе ол да оның күнәсінан құтылады. Ал кім де кім олармен келісіп артынан ерсе онда ол күнәға батады.

 

189. Хабар бойынша,діндарлардың анасы Умм аль-Хакам Зайнаб бинт Жахш, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, айтуымен:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біздің үйге үрейленіп кіріп: «Аллаһтан басқа Құдай жоқ! Жақындап қалған бәледен арабтарға қайғы төніп тұр! Бүгін Йаджуж бен Маджуж қамалған қапаста мынандай тесік пайда болды», - деп бас бармағы мен сұқ саусағын қосып көрсетті. Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, біздің арамызда діндарлар болса да, бәріміз өлеміз бе?», – дедім. Ол: «Иә, егер бұзықтық көбейсе!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

190. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Сендерге еш уақытта жол бойында отыруға болмайды!» Адамдар: «Иә Аллаһтың елшісі, біз жол бойында жиналуға мәжбүрміз, өйткені онда біз бір- бірімізбен сұхбаттасамыз!», – деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Егер сендер онда жиналуға мәжбүр болсаңдар, онда жолдың ақысын өтеңдер!», – деді. Адамдар: «Иә Аллаһтың елшісі, жолдың ақысы деген не?», – деді. Ол: «Бұл дегеніміз адамдарға сұқтанып қарамау және оларға зиян тигізбеу, сәлем бергенге жауап беру, жақсылыққа ынталандыру және жамандықтан қайтару», - деді. Аль-Бухари, Муслим..

 

191. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір (ер) адамның қолында алтын сақинаны көріп, оны қолынан шешіп жұлып алып жерге лақтырды да: «Сендерден біреуің тозақтың шоғына тырмысып, оны өзінің қолына алады!», – деді. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол жерден кеткенде, бір адам оған: «Сақинаңды ал да оны керегіңе жарат», – деді. Оған ол: «Аллаһтың атымен ант етемін, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзі алып тастағандықтан оны мен ешқашан қайта алмаймын!», – деді. Муслим.

 

192. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Хасана аль-Басри айтуымен:

Бірде Ъаиз бин Амр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Убайдуллаһ бин Зайдқа келіп былай деді: «Иә балам, мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бақташылардың ең жаманы қаттылары (мейірімсіздері)», – деп айтқанын естідім, сондықтан солардың бірі болудан сақтан». Убайдуллаһ оған: «Отыр, сен Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының арасындағы қалдығысың ғой», - деді. Сонда Ъаиз: «Олардың арасында қалдықтар болып па еді? Расында, қалдықтар олардың кезінде емес, олардан кейін пайда болды!» – деді. Муслим.

 

193. Хабар бойынша,Хузейфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, сендер міндетті түрде жақсылыққа шақырып жамандықтан тыйуларың керек, олай істемесеңдер Аллаһ сендерді міндетті түрде Өзінің жазасына алады, содан кейін сендер Одан сұрайсыңдар, бірақ дұғаларыңа жауап ала алмайсыңдар!. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис” деп келтіреді.

 

194. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жихадтың ең жақсысы болып, әділетсіз басшының көзінше әділ сөздерді айту, болып табылады.Бұл хадисті ат-Тирмизи және Абу Дауд “Жақсы хадис” деп келтіреді.

 

195. Хабар бойынша,Абу Абдуллаһ Тарик бин Шихаб аль-Баджали аль-Ахмаси, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде (жорыққа аттанғалы тұрған) бір адам, аяғын үзеңгігіе салып, Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Қайсы жихад ең жақсы болып табылады?”, – деп сұрады. Сонда ол: “Әділетсіз басшының көзінше айтылған ақиқат сөз”, - деді. Бұл хадисті ан-Насаи сенімді иснаддтармен келтіреді.

196. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Исраил ұрпақтарының діні мына кезден бастап құлдырай бастаған: бір адам бір адамды кездестіргенде: «Әй пәленше, Аллаһтан қорық және істеп жатқан ісіңді қой, өйткені оны істеуге саған рұқсат жоқ», - деп, ал ертеңіне оның, сол ісін жалғастырып жатқанын көре тұра, оның бұл ісі оған жайбарақат тамақ ішіп, ұйықтап өмір сүруіне кедергі болмаған.

Одан кейін Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына аяттарды оқыды:

«Сондай Израйл ұрпақтарынан қарсы болғандарға, Дауыт және Марйам ұлы Исаның тілі арқылы лағынет етілген. Ол қарсы келулері шектен шығуы салдарынан. Олар бір-бірлерін істеген жамандықтарынан тыймайтын болған. Расында, олардың істегендері нендей жаман. Олардан көбінің кәпірлерді дос тұтқанын көресің. Аллаһтың ашуына жолығып, азапта мәңгі қалатындықтан ол олардың ілгері жіберген нәрселері нендей жаман. Егер олар Аллаһқа, Пайғамбарға, Құранға иман келтірген болса, оларды дос тұтпас еді. Бірақ олардың көбі бұзақылар.» («Мәида» сүресі, 78-81 аяттар.)

Одан соң Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:

Жоқ, Аллаһтың атымен ант етемін, сендер әлбетте дұрыстыққа бұрып, терістіктен тосуларың керек, жәбірлеушінің қолынан қағып оны ақиқатқа баулуларың керек, және ақиқат мөлшерінде ауыздықтауларың қажет. Ал олай істемесеңдер Аллаһ сендердің жүректеріңді бір-біріңе қағыстырып қояды да, артынан сендерді оларды қарғағандай қарғайды!» Бұл хадисті ат-Тирмизи және Абу Дауд “Жақсы хадис” деп келтіреді[51].

Бұл жерде Абу Дауыдтың нұсқасы келтіріледі, ал ат-Тирмизидің нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны хабарланады:

Исрайл ұрпақтарынан күнәлі істер істеушілер шыға бастағанда, араларындағы білім иелері оларға олай істеуге тыйым салды, бірақ олар істеп жатқан істерінен қайтпаса да, білгерлері олармен араласуын, яғни олармен бірге ішіп-жеп жиналыстарда бірге болуын жалғастыра берді. Сонда Аллаһ олардың жүректеріне ұрыс керісті салып және олар бағынбаған салдарынан Даудтың және Марйам ұлы Исаның тілімен қарғысқа ұшыратты.

Осы тұсқа келгенде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шынтағына жантайып жатқан кейіпін өзгертіп отырды да былай деді:

Жоқ, жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, сендердің істерің, оларды ақиқатқа бұрмайынша дұрысталмайды.

 

197. Хабар бойынша,Абу Бакр Сыддық, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Иә халайық, расында сендер мына аятты оқыңдар: «Әй мүминдер! Сендер өздеріңді түзетулерің керек. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды…» («Мәида» сүресі, 105 аят) – ал біз болсақ Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідік: «Расында, сендер жәбрлеушіні көрсеңдер, оны қолдарыңмен тоқтатпайынша, олар Аллаһтың жазасына жақын болады. Бұл хадисті ат-Тирмизи, ан-Насаи және Абу Дауд сенімді иснадтармен келтіреді.

 

 

24 ТАРАУ

Өздері сауабты істерге шақырып және күнәлі істерден тыйып, бірақ сөздері мен амалдарының арасында айырмашылығы барларға қатты азап бары жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

«Елді игілікке бұйырып. өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқисыңдар ойламайсыңдар ма?» «Бақара» сүресі, 44 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер істемейтін істеріңді неге айтасыңдар? Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Аллаһтың қасында зор ашуға себеп болады.» «Саф» сүресі, 2-3 аяттар.

Аллаһ Тағала Шұғайыптың былай деп айтқанын айтты:

«…сендерді тыйған нәрсемді өзім істеп, сендерге қарсы келуді қаламаймын…» «Худ» сүресі, 88 аят.

 

198. Хабар бойынша,Абу Зайд Усама бин Зайд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ақірет күні бір адамды алып келіп отқа тастайды да, оның ішек-қарны сыртқа ақтарылып, ол ішектернеесек, диірменнің тасын айналған сияқты, орала бастайды. Оның жанына Тозаққа түсірілгендер жиналып: «Саған не болған? Сен бізді жақсылыққа шақырып, жамандықтан тоспап па едің?!», - дейді. Сонда ол: «Иә мен сендерді жақсылыққа шақыратынмын, бірақ оны өзім орындамадым және сендерді жамандықтан тостым, бірақ оны өзім жасайтынмын!», - дейді. Аль-Бухари.

 

 

25 ТАРАУ

Сеніп тапсырылған затты қайтару жайлы.

(аманатты орындау)

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Негізінен Аллаһ сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді…» «Ниса» сүрес, 58 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Рас аманатты (дінді), көктер мен жерге және тауларға ұсындық; сонда олар оны жүктелуден бас тартып, одан қорықты. Оны адам баласы (өз мойнына) жүктеді. Өйткені ол өте залым, тым білімсіз…» «Ахзап» сүресі, 72 аят.

 

199. Хабар бойынша,Абу Хурайры, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Екі жүздіні үш белгісімен айыруға болады: ол бір нәрсе айтса - өтірік айтады; бір нәрсе уәде етсе – оны орындамайды; ал оған сеніп тапсырылса - ол опасыздық етеді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің басқа нұсқасында былай делінеді:

…керек десеңіз ол ораза ұстап, намаз оқып және өзін мұсылманмын, деп есептесе де.

 

200. Хабар бойынша,Хузейфа бин аль-Йаман, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге екі нәрсе туралы хабар берді, олардың бірін артынан мен өз көзіммен көрдім, ал енді екіншісін көруді күтіп жүрмін. Ол бізге аманаттың жүректердің ең негізіне түсірілгенін хабарлады, ал артынын Құран түсірілді, адамдар болса бұны Құраннан және Сүннеттен білді. Одан кейін ол бізге аманаттың қалай алынатынын, былай деп айтып берді: “Адам кішкене уақытқа қалғып кетеді де оның жүрегінен аманат алынады, сонда оның жүрегінде аманаттың тек қана жеңіл ізі қалады. Содан соң ол тағы да аз уақытқа ұйықтап оның жүрегінен аманаттың қалған бөлігі алынады, сонда оның жүрегінде күлдіреген із ғана қалады. Бұл аяғыңа қызып тұрған шоқ түсіп, оның орнында іші қуыс кішкене ісіктің пайда болғанын көргенің секілді” – осыны айтып тұрып ол аяғына бір тасты алып, түсірді де: «Сонда адамдар бір-бірімен шарттасады да, бірақ олардың еш қайсысының, ойында мойындарына алған аманатты орындауға ниеттері болмайды! Керек десеңіз іс: “Пәленше рудың ішінде сенімді адам бар!”, – деуге дейін барады. Адам жайлы, оның жүрегінде өсімдіктің дәніндей де дін бомағанына қарамастан: “Бұдан артық мықты, ақылды және турашылды табу мүмкін емес”, – дейтін болады!»

Хузейфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

Мен кіммен сауда ісін жүргізетініме қам жемейтін уақытқа дейін өмір сүріп жеттім, өйткені егер ол мұсылман болса аманатын оның діні қайтаратын, ал егер христиан не иудей болса аманатын оның басшылары қайтаратын[52]. Ал бүгін мен пәленше мен пәленшеден басқа ешкіммен шарттаса алмаймын! Аль-Бухари, Муслим.

 

201. Хабар бойынша,Хузейфа мен Абу Хурайраның, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұлы Аллаһ Тағала Ақыретте адамдарды жинайды, ал адамдар өздеріне Жәннәт жақындатылғанша тұрады. Сонда олар Адамға, оған Аллаһтың игілігі болсын, келіп: «Иә біздің атамыз, Жәннәттің бізге ашылуын сұрашы!», - дейді. Сонда ол: «Сендердің Жәннәттан қуылуларыңа себепші болған сендердің Аталарың (яғни мен) емес пе?! Бұл менің қолымнан келмейді, сендер менің ұлым (яғни ұрпағым) Ибраһимге барыңдар, ол Аллаһтың сүйікті досы!», - деді. Сосын олар Ибраһимге келеді, ал ол болса: «Бұл менің қолымнан келмейді, мен Аллаһпен соншалық жақын болған жоқпын! Аллаһпен сөйлескен Мұсаға барыңдар!», – дейді. Сонда олар Мұсаға келеді, ол: «Бұл менің қолымнан келмейді, Аллаһтың сөзі және рухы болған Исаға барыңдар!», – дейді. Иса: «Бұл менің қолымнан келмейді!» – дейді. Сонда олар Мухаммадқа, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келеді. Ол (Аллаһтың күрсісінің алдында) тұрады да, оған рұқсат беріледі. Содан кейін Сират көпірінің екі жағына аманат пен туысқандық қарым-қатынас келіп тұрады. Сонда сендерден алғашқыларың көпірден найзағайдай өтеді.

Мен: «Менің әкем мен шешем сен үшін төлем болсын, найзағайдай деген не?», – деп сұрадым. Ол: «Сендер оның көз-қағым сәтте жылдам көрініп жоғалатынын көрмеп пе едіңдер?», – деді.

Содан соң Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:

Одан кейінгілер жел сияқты өтеді, одан кейінгілер құс сияқы өтеді, Сираттан тез өткендердің бәрін олардың амалдары алып өтеді[53]. Ал сендердің Пайғамбарларың жайлы айтатын болсақ, ол Сиратта тұрып: «Менің Раббым, құтқар, құтқар!» – деп, кезек амалдары әлсіз адамдарға жеткенше және ең соңғы адам бауырымен жорғалап өткенге дейін қайталаумен болады. Ал Сираттың екі жағында, өздеріне ұста, деп әмір берілген әркімді ұстаған ілгіштер болады. Сонда жай тырналғандар құтылады да, ал құлағандары Тозаққа түседі!»

Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын сөзін былай жалғастырды:

Абу Хурайраның жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, Тозақтың түбіне жету үшін жетпіс жыл керек!» Муслим.

 

202. Хабар бойынша,Абу Хубайб Абдуллаһ бин аз-Зубайр бин аль-Аууам аль-Кураши аль-Асади, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аз-Зубайр «Бура соғысы» болған күні, саптағы өзінің орнына тұрып жатып, мені өзіне шақырды да: «Иә балам, расында бүгін жәбірлеуші, не жәбірленуші қаза болады және, расында мен бүгін әлбетте әділетсіз түрде өлтірілетін сияқтымын, дегенмен мені қазір көбірек мазалайтын менің қарыздарым! Сен қалай ойлайсың біз қарыздарымызды өтеп болған соң, дүниемізден бір нәрсе қалар ма екен?» – деді. Артынан: «Біздегі бар нәрсенің бәрін сат та, менің бүкіл қарызымды бер!» – деді.

Содан соң қалғанының үштен бірінің үштен бірін балаларына өсиет етіп қалдырды.

Аз-Зубайр: «Қарыздарды өтеп болған соң одан бір нәрсе қалса, оның үштен бірін – сенің балаларыңа» – деді.

Абдуллаһ бин аз-Зубайр сөзін былай жалғастырды:

Осыдан кейін ол өзінің қарыздары жайлы маған үкімдерін айтып былай деді: «Иә балам, егерде менің қарызымның қай бір бөлігін өтей алмай жатсаң менің Қамқоршымнан көмек сұра деді». Аллаһтың атымен ант етемін, мен одан: «Әкетайым, сенің қамқоршың кім?», – деп сұрамайынша түсінбедім. Бұл сұрағыма ол: «Аллаһ», – деп жауап берді.

Абдуллаһ сөзін былай жалғастырды:

Аллаһтың атымен ант етемін, осы қарыздарды өтеп жүрген кезде үмітсізденіп қажи бастасам: «Иә аз-Зубайырдың Қамқоршысы, оның қарызын ол үшін Өзің өте!», – дейтін болдым. Ал сол кезде, Ол (Аллаһ) түрлі-түрлі жағдайлармен қарыздарды төлеп отырды.

Абдуллаһ сөзін былай жалғастырды:

Аз-Зубайр (өлгеннен кейін өзінің) артынан жер бөліктерін қалдырды, оның ішінде Габадағы жер бөлігін және Мединада он бір үй, Басрда екі үй, Куфада екі үй, Мысырда екі ұй қалдырды, ал бұдан басқа оның не динары, не дирхемы болмады. Ал оның қарыздары жайлы айтатын болсақ, олардың пайда болу себебі мынада: адамдар оған, менің ақшамды сақтап бер деп жиі келетін, ал ол болса оларға: «Бұны мен қарызға алған болайын, әйтпесем оларды құрып кетеді ме, деп қорқамын!»[54], – деп, алуға келісетін. Оның қаржысына келетін болсақ, ол еш уақытта не басшы, не салық жинаушы, не салық таратушы болып істеген емес, ондағы бар дүниенің бәрін ол жорықтарда, алдымен Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, артынан Абу Бакрмен, Омармен, Османмен, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, қатысқан кездегі өзіне бөлінген олжалар болатын.

Абдуллаһ сөзін былай жалғастырды:

Сонымен есептей келе оның екі миллион екі жүз мың дирхем қарыз екенін білдім.

Біраз уақыт өтісімен Абдуллаһ бин аз-Зубайрды Хакам бин Хазим кездестіріп одан: «Ия ағамның баласы менің ағам қанша берешек екен?», – деп сұрады.

Абдуллаһ сөзін былай жалғастырды:

Мен одан шындықты жасырып: «Жүз мың», - деген кезімде Хакам: «Аллаһтың атымен ант етемін, бұны өтеуге сендердің дүниелерің жетпейді, деп ойлаймын», – деді. Сонда мен: «Ал екі миллион екі жүз мың болса не дейсің!?», – дедім. Ол: «Сендерді (осының бәрін) өтей алады, деп ойламаймын, бірақ осының бірін өтей алмасаңдар, менен көмек сұраңдар», – деді.

Кезіндегі аз-Зубайр Габудағы жерін жүз мың дирхемге сатып алған болатын, ал Абдуллаһ болса, оны бір миллион алты жүз мыңға сатты[55], артынан ол: «Бізге Габаға, аз-Зубайр кімге берешек болса сол келсін», - деп жариалады. Оған, өзіне төрт жүз мың тиесілі болған Абдуллаһ бин Жаффар келіп Абдуллаһқа: «Егер қаласаңдар мен бұл ақшаны сендерде қалдыра аламын[56]», - деді. Абдуллаһ: «Жоқ!» – деді. Ол: «Егер қаласаңдар қарыздың уақытын қазір өтей алмағандықтан шегере аламын», - деді. Абдуллаһ: «Жоқ!», – деді. Ол: «Онда бұл жердің бір бөлігін маған бөліңдер», - деді. Абдуллаһ: «Сенің жер бөліктеріңнің шекарасы мынау», - деді. Сонымен Абдуллаһ Габаны сатып, қарыздардан толығымен құтылды. Осыдан кейін де Габада оның он алты бөліктен әлі төрт бөлігі қалды. Біраз уақыт өтісімен ол Муъавийймен[57] оның жанында, Амр бин Усман[58], аль Мунзир бин аз-Зубайр[59] және ибн Замъа болған кезде келді. Муъавиййа одан: «Габты қаншадан саттың?», – деп сұрады. Ол: «Бөлігіне жүз мыңнан», – деді. Ол: «Енді қаншасы қалды?», – деп сұрады. Ол: «Төрт жарым бөлігі», – деп жауап берді. Сонда, аль Мунзир бин аз-Зубайр: «Мен сенен бір бөлігін жүз мыңға алдым», - деді. Амр бин Усман да: «Мен сенен бір бөлігін жүз мыңға алдым», - деді. Осыны Ибн Замаъа да айтты. Сол кезде Муавййа: «Енді қаншасы қалды?», – деп сұрады. Абдуллаһ: «Бір жарым бөлігі», – деді. Сонда Муавййа: «Мен оны жүз елу мыңға алдым», – деді. Біраз уақыт өтісімен Муавййа мен Абдуллаһ бин Жаффар өздерінің Габадағы бөліктерін алты жүз мың дирхемге сатты. Абдуллаһ бүкіл қарыздарынан құтылғаннан кейін, оған балалары келіп: «Біздің мұрамызды бөліп бер», – деді. Бірақ, Абдуллаһ оларға: «Аллаһтың атымен ант етемін, мен төрт жыл ішінде Хаж уақытында: «Кімге аз-Зубайр берешек болса, бізге келіңдер, біз оның бүкіл қарызын толығымен өтейміз», - деп жариялағаннан кейін оны сендерге бөліп беремін», – деді. Шынымен-ақ ол төрт жыл қатарынан айтқанын орындады, да одан кейін аз-Зубайырдың өсиет еткен, үштен бір бөлігін балаларына бөліп берді. Аз-Зубайрдың артынан қалған төрт әйелі бір миллион екі жүз мыңнан (өздерінің мұрадан бөліктерін) алған. Ал бас аяғы барлығы елу миллион екі жүз мың дирхемге дүниесі болған[60].Аль-Бухари.

 

 

26 ТАРАУ

Әділсіздкті тыйу және хақысыз алынған нәрсені қайтару жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«…Залымдарға дос та, көмекші де жоқ.» «Шура» сүресі, 8 аят.

 

203. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әділсіздіктен қорқыңдар, өйткені әділсіздік Қияметте қараңғы түнек болып келеді және сараңдықтан қорқыңдар, өйткені сендерге дейін өмір сүргендерді сараңдық, бірі-бірінің қанын төгуге және тыйым салынған нәрселерді орындауға түрткі болып, құртқан.Муслим.

 

204. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қйяметте әр бір хақы бардың хақы орындалады, керек десеңіз мүйізсіз қойдың (тоқал), мүйізді қойдың алдындағы хақысы орындалады (алынып беріледі). Муслим.

 

205. Хабар бойынша,ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біздің арамызда болған кезде, біз қоштасу қажылығы жайлы, оның мәнін білмей айта бастадық[61]. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алдымен Аллаһты мақтап, ардақтады да содан кейін масих Дәжәл туралы былай деп көп әңгіме айтып, солардың ішінде мынаны айтты: «Адамдарға Аллаһ жіберген әр бір елші, ол туралы өзінің үмметін ескертіп мәлімдеген: ол туралы Нұһ және одан кейінгілер де ескерткен. Расында, егер ол сендердің араларыңда пайда болса, ол сендердің көздеріңнен таса бола алмайды, өйткені сендердің Раббыларың қисық емес, ал Дәжәл болса бір көзге қисық, және көзі жүзім секілді томпайған[62]. Расында Аллаһ сендердің қандарыңды және дүниелеріңді бір-біріңе, осы күндерің осы қалада осы айда[63] қандай қасиетті болса сондай қасиетті етті. Мен осыны сендерге жеткіздім бе?» Адамдар: «Иә!» – деп жауап берді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә Аллаһ Сені куәлікке шақырамын! Қайғы сендерге (сақ болыңдар), менен кейін бір-бірінің басын шапқан кәпірлерден болмаңдар!» Аль-Бухари бұл хадисті толығымен келтіреді, ал Муслим болса – бір бөлігін ғана.

 

206. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қарыс жерді хақысыз алғанның мойнына Қияметте жеті жердің үстіндегі оралады (жүктеледі). Аль-Бухари, Муслим.

 

207. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ әділсізге (тәубеге келуге) уақыт береді, ал бірақ оны бір қолға алса жібермейді[64].

Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай сөзін жалғастырды:

Одан кейін ол мына аятты оқып шықты: «Раббың қолға алғанда, кенттердің залым халқын өстіп қолға алады; күдіксіз Оның соққысы қатты күйзелтеді.»[65] Аль-Бухари, Муслим.

 

208. Хабар бойынша,Муъаз, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі мені Иеменге жіберіп жатып былай деді: «Расында, сен адамдардың ішіндегі Кітап түсірілгендерге барасың, оларды Аллаһтан басқа Құдай жоқ екендігіне және менің – Аллаһтың елшісі екендігіме шақыр, егер олар осыған бой ұсынса, оларға Аллаһ, күндіз түні бес уақыт намаз орындауды жүктегенін хабарла. Егер олар бұған да бой ұсынса, онда оларға Аллаһ араларындағы байларының, кедейлерге садақа беруін міндеттегенін хабарла. Ал егер олар осыған да бой ұсынса, онда олардың дүниелерінің ең қымбатына тиіспе (яғни зекет ретінде алма) және жәбір көргеннің қарғысынан сақтан (қорық), расында онымен Аллаһтың алдында перде болмайды!», Аль-Бухари, Муслим.

 

209. Хабар бойынша,Абу Хумайд Абд ар-Рахман бин Саъд ас-Саъид, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Ибн аль-Лютбийа деген аль-азд руынан бір адамға, садақа жинау ісін тапсырған. Ол (садақа жинаудан) оралып: «Мынау - сендерге, ал мынаны маған сыйлады», – деді. Бұны естіген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мінберге шығып, алдымен Аллаһты мадақтап және Оны ардақтап, сосын былай деді: «Осыдан кейін, расында, сендердің кейбіреулеріңе мен, маған Аллаһ тапсырған істі тапсырамын, ал ол болса келіп: «Мынау – сендерге, ал мынаны маған сыйлық ретінде берді!», - дейді. Егер ол шындықты айтса, онда ол әкесінің не шешесінің үйінде осы сыйлықты күтіп неге жатпайды?! Аллаһтың атымен ант етемін, егер кімде-кім, өзіне хақысыз бір нәрсе алатын болса, Қиямет күні ол міндетті түрде Аллаһты, оны (алған нәрсесін) көтеріп кездестіреді! Расында, Қияметте Аллаһты өкірген түйені, мөңіреген сиырды, маңыраған қойды көтеріп кездестіргенді мен мойындамаймын (жақтамаймын)!», - осыдан кейін Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолын аспанға көтергені соншалық, оның қолтығының ағы көрінді, сосын: «Иә Аллаһ, мен (бұларға) хабарламадым ба?» – деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

210. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзінің бауырының ары не болмаса одан да басқа бір нәрсесіне әділетсіздік жасаған, динарлар мен дирхемдер жоғалғанша[66], одан құтылсын[67]. (Егер олай істемесе) оның жасаған зұлымдығының көлеміне қарай сауабтары алынады, ал егер сауабтары болмаса (не жетпей қалса), онда жәбірленгеннің күнәлі істері алынып, оның (яғни жәбірлеушінің) мойнына артылады. Аль-Бухари.

 

211. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылман деп, оның тілінен және қолынан басқа мұсылмандар жәбір көрмеген адамды айтамыз, ал мухаджир дегеніміз – ол Аллаһтың тыйым салған нәрселерін тастағандар (яғни оған жоламағандар). Аль-Бухари, Муслим.

 

212. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Каркира атты, оның жан ұясының шаруашылығын жүргізген қызметшісі болған. Ал ол өлген кезде, Аллаһтың елшісі оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол Отта», - деді. Адамдар оған барып қараған кезде, үйінде(олжадағы бөліс кезінде) жасырып қалған тері шапанды тапты. Аль-Бухари.

 

213. Хабар бойынша,Абу Бакр Нуфайъ бин Аль-Харис, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Уақыт өзінің бәз баяғы, Аллаһ жер мен көкті жаратқандағы, қалпына келді. Жыл, төртеуі тыйым салынған[68], он екі айдан тұрады. Оның үшеуі – зуль-қаъда, зуль-хиджжа және мухаррам – бірінің артынан бірі келеді, ал төртіншісі жумада сани мен шаъбанның ортасынан орын алған раджаб мудара. Осыдан кейін Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Бұл неғылған ай?” – деп сұрады. Біз: “Аллаһ пен оның елшісі жақсырақ біледі”, - дедік. Осыдан кейін оның үндемей отырғаны соншалық, біз ол айды басқаша атайды ма екен деп қалдық, бірақ ол бізден: “Бұл зуль хиджа емес пе?”, – деп сұрады. Біз: “Иә” – дедік. Сонда ол: “Ал ол неғылған қала?”, – деді. Біз: “Аллаһ пен оның елшісі жақсырақ біледі”, - дедік. Осыдан кейін оның үндемей отырғаны соншалық, біз ол қаланы басқаша атайды ма екен деп қалдық, бірақ ол бізден: “Бұл қасиетті қала емес пе?”, – деп сұрады. Біз: “Иә” – дедік. Сонда ол: “Ал ол неғылған күн?”, – деп сұрады. Біз: “Аллаһ пен оның елшісі жақсырақ біледі”, - дедік. Осыдан кейін оның үндемей отырғаны соншалық, біз ол күнді басқаша атайды ма екен деп қалдық, бірақ ол бізден: “Бұл құрбан шалатын күн емес пе?”, – деді. Осының бәрінен кейін ол: “Расында, сендердің жандарың, дүниелерің, арларың, осы қаладағы осы айдағы осы күн секілді сендерге қасиетті. Сендер әлбетте Раббыларыңды кездестіресіңдер де, Ол сендердің амалдарың жайлы сұрайды! Абай болыңдар, менен кейін бір-бірінің басын шапқан кәпірлер секілді болмаңдар! (Қазір айтылғанды) осында барларың, жоқтарыңа хабарласын, кім біледі бәлкім айтылғанды өзінің құлағымен естіген жеткізушіден, сендерден естіген жақсырақ түсінер”, – деді де: “Мен сендерге жеткіздім бе? Мен сендерге жеткіздім бе?”, – деп сұрады. Біз: “Иә” – дедік. Сонда ол: “Иә Аллаһ куә бол!” – деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

214. Хабар бойынша,Абу Умама бин Саъляб аль-Хариси, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім хақысыз басқа бір мұсылманның дүниесін жалған антпен иемденсе, онда оны Аллаһ тозаққа тастайды және оған Жәннәтті харам етеді. Осы кезде біреу: «Иә Аллаһтың елшісі, егер де оның (иемденген нәрсесі) түкке тұрмайтын болсада ма?», – деп сұрағанда, ол: «Керек десең, ол арака талының шыбығы болса да», – деді. Муслим.

 

215. Хабар бойынша,Ади бин Амир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер біз араларыңнан біреуіңе бір істі тапсырсақ, ал ол болса бізден бір инені, не болмаса одан басқа бағалырақ бір нәрсені жасырса, ол оған Қияметте кісен болып оралады. Бәрі тура қазір көз алдымда болып жатқандай (елестейді), (Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осыны айтқаннан кейін ансарлардың ішінен қара жүзді бір адам келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, менен, бұйырып тапсырғаныңды ал!», – деді. Ол: «Саған не болған?» – деп сұрады. Адам: «Мен сенің осылай да осылай айтқаныңды естідім», – дейді. Сонда ол: «Мен және қайталаймын: біз кімге қай бір істі тапсырсақ ол үлкенін де кішісін де алып келсін[69], ол (біз өзіне) бергенді алсын да, ал харам нәрселерден өзін ұстасын!» Муслим.

216. Хабар бойынша,Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Хайбар шайқасы кезінде, сахабалардың бірнешеуі, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: “Пәленше шаһид болды және пәленше шаһид болды”, - деп айтып жатып бір адам туралы: “Пәленше шаһид болды”, - деген кезде, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Әсте олай емес! Расында, мен оны Отта, жымқырған шапанын киіп тұрғынын көрдім!”, – деді. Муслим.

217. Хабар бойынша,Абу Катада аль-Харис бин Рибъи, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біздің алдымызда ең жақсы амалдар - ол Аллаһ жолындағы күрес және Аллаһқа иман екендігін құтпасының арасында айтып өтті. Бұны естіген бір адам: «Иә Аллаһтың елшісі, айтшы, егер мені Аллаһ жолында өлтірсе, бұл менің күнәләрімнің кешірілуіне себеп болады ма?», – деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә, егер сен сабыр сақтап, Аллаһтың сыйынан үміт етіп және артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Аллаһтың жолында өлген болсаң», - деді. Біраз уақыт өткеннен кейін, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әлгі адамнан: «Сен не дедің?», – деп сұрады. Ол тағы да: : «Ия Аллаһтың елшісі, айтшы, егер мені Аллаһ жолында өлтірсе, бұл менің күнәләрімнің кешірілуіне себеп болады ма?», – деді. Бұл жолы Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә, егер сен сабыр сақтап, Аллаһтың сыйынан үміт етіп және артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Аллаһтың жолында өлген болсаң, бірақта сенің қарызың болмау керек, расында бұл жөнінде маған Жабірейіл хабар берді», - деді. Муслим.

 

218. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардан: «Сендер кімнің жарлы екенін білесіңдер ме?», – деп сұрады. Олар: «Біздің арамызда жарлы деп, не ақшасы жоқ, не дүниесі жоқ адамды айтады», – деді. Сонда ол: «Расында, менің үмметімнен жарлы боп табылатын адам Қиямет күнінде білінеді. Ол өзімен бірге оқыған намаздарын, тұтқан оразаларын, берген зекеттерін Есеп күніне алып барады, бірақ онда оның біреуге қорлық көрсеткені, біреуді ғайбаттағаны, кісі ақысын жегені, адам қанын мойнына жүктегені, әлдекімді ұрып-соққаны анықталады да, олардың әрқайсысына жиған сауаптарын үлестіруге мәжбүр болады. Егер өзі ренжіткен адамдармен есептескен кезінде жиған-терген сауабы таусылып қалатын болса, онда ол сол адамдардың күнәләрінің бір бөлігін өз мойнына жүктейді де тозаққа итеріледі»[70]. Муслим.

 

219. Хабар бойынша,Умм Салама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, мен – тек қана адаммын, ал сендер болсаңдар маған дауларыңмен келесіңдер. Бәлкім біреулеріңнің дәлелдерің мен үшін сенімдірек көрініп, мен оның пайдасына дауды шешуім мүмкін, бірақ дау өз пайдасына шешілгеннің, шын мәнінде бұйымтайы оның бауырына тиесілі болса, онда оған, тозақтан от бергенімді білсін. Аль-Бухари, Муслим.

220. Хабар бойынша,Ибн Омар, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мүмин өзінің дінінде қысымшылық көрмейді[71], егер тыйым салынған қанды төкпесе[72]. Аль-Бухари.

 

221. Хабар бойынша,Хамзаның әйелі, Хауля бин Самир аль-Ансарийа, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, адамдардың арасында, Аллаһтың байлығын[73] дұрыс қолданбайтындар бар, бірақ Ахіретте оларға От бұйырады! Аль-Бухари.

27 ТАРАУ

Мұсылмандардың тәуелсіздігін

құрметтеу, олардың хақыларын

түсіндіру және оларға аяушылық, рахымшылық көрсету жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«..,кім Аллаһтың ардақтағандарын жоғары бағаласа; сонда оған Раббыларының қасында хайырлы…» «Хаж» сүресі, 30 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Кім Аллаһтың белгілерін ұлықтаса; күдіксіз ол жүректің тақуалығынан.»«Хаж» сүресі, 32 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Мұсылмандарға қанатыңды жай[74].» «Хыжыр» сүресі, 88 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең деп жаздық.» «Мәида» сүресі, 32 аят.

 

222. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, мүминдер бір-бірін байланысымен мықтаған бүтін құрылыс секілді, - деп екі қолының саусақтарын бір біріне кіргізіп айқастырды. Аль-Бухари, Муслим.

 

223. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім біздің мешіттерге, базарларға өзімен бірге садақ оғын алып келетін болса, онда біреуді жаралап алмас үшін, оғының (жебесінің) ұшынан ұстап жүрсін. Аль-Бухари, Муслим.

224. Хабар бойынша,ан-Нуъман бин Башир, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мүмин бір-біріне жан ашырлығымен және рахымшылығымен бір дене секілді: егер дененің бір жері ауырса, онда бүкіл дене онымен бірге ыстығы көтеріліп, ұйқыдан қалып мазасызданады. Аль-Бухари, Муслим.

 

225. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын аль-Акраъаның көзінше (немересі) аль-Хасан бин Алиді сүйді, сонда аль-Акраъа: «Расында, менің он балам бар, бірақ мен олардың ешқайсысын сүйген емеспін», - деді. Сол кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсан оған қарап: «Өзі рахымшылық көрсетпегенге рахымшылық болмайды!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

226. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бадауилердің ішінен Аллаһтың елшісіне келген адамдар: «Сендер өздеріңнің балаларыңды сүйесіңдер ме?», – деп сұрады. Оларға: «Иә», - деп жауап берді. Олар: «Аллаһтың атымен ант етеміз, біз болсақ оларды сүймейміз», - деді. Бұл сөзді естіген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Егер Аллаһ сендердің жүректеріңе мейірімділік бермесе, мен оны сендерге қалай ендіре аламын?!», – деді. Аль-Бухари, Муслим.

227. Хабар бойынша,Жарир бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзгелерге рахымшылық етпегендерге, Аллаһ та рахымшылық етпейді. Аль-Бухари, Муслим.

 

228. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кім намаз кезінде имам болатын болса, онда намазды жеңіл оқысын, өйткені (жамағаттың) ішінде әлсіздер, аурулар, қарттар, болуы мүмкін. Ал егер жалғыз болса, онда қанша ұзақ оқығысы келсе, сонша оқысын. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің басқа бір нұсқасында былай делінеді:

…және шаруасы барлар…

 

229. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі сауабты істерді жасауды жақсы көрсе де, оларды орындаудан бас тартатын[75]. Өйткені ол істерді басқалар да орындап, ол оларға парыз болып қалады ма деп қорқатын[76]. Аль-Бухари, Муслим.

 

230. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілі мен сәлемі болсын, рахымшылық көрсетіп адамдарға үздіксіз ораза ұстауға тыйым салғанда, олар: «Бірақ сен өзің солай істейсің ғой!», – дегенде, ол: «Расында, мен сендер секілді емеспін, мені менің Раббым тамақтандырады және сусындатады!», – деді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл дегеніміз: маған тамақ және су арқылы жеткілікті күш береді, дегені.

 

231. Хабар бойынша,Абу Катада аль-Харис бин Рабъи, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, намазға тұрғанда мен оны ұзақ өткізгім келеді, бірақ баланың жылағанын естісем, оның шешесіне, қиындық туғызбас үшін намзды қысқартып (тезінен аяқтауға тырысамын). Аль-Бухари.

 

232. Хабар бойынша,Жундуб бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Таң намазын орындаушы[77] Аллаһтың қорғанында болады және Аллаһ Өзінің қорғаны үшін сендерден еш нәрсе талап етпейді. Егер Ол Өзінің қорғаны үшін бір нәрсе талап ететін болса, Ол жібереді де, одан кейін оны тозақтың отына етбетімен тастайды! Муслим.

 

233. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылман мұсылманның бауыры және олар бір- біріне қысымшылық және сатқындық жасамау керек. Кім өзінің бауырына ол мұқтаж болған кезде көмек көрсетсе, Аллаһ ол мұқтаж болған кезде көмектеседі. Ал кім мұсылманды қайғысынан құтқарса, Аллаһ оны Қияметтің бір қайғысынан құтқарады. Ал кім мұсылманды бүркесе (қорғ







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.