Здавалка
Главная | Обратная связь

Міндеттілігі жайлы.



 

Аллаһ Тағала айтты:

«Олардың өзара күңкілдерінің көбінен хайыр жоқ. Бірақ, кім бір садақаны, не бір игілікті, немесе адамдардың арасын жарастыруды әмір етсе, ол хайырлы…» «Ниса» сүресі, 114 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Сондай-ақ жарасу жақсы…»«Ниса» сүресі, 128 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Аллаһтан қорқып араларыңды жарастырыңдар…» «Әнфал» сүресі, 1 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Шын мәнінде мүминдер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар.» «Хұжрат» сүресі, 10 аят.

 

248. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Күн шыққан, әр-бір күн үшін, адамның денесінде неше буын болса, сонша садақа беру керек: егер екі адамның арасына әділ төрелік жасасаң, бұл сен үшін садақа, егер сен адамды көлігіне мінуіне демеп жіберсең, оны онымен алып жүрсең не болмаса көлікке оның заттарын көтеріп салыссаң, бұл сен үшін садақа, жылы сөз – садақа және намазға қарай жасаған әр бір қадамың, сен үшін садақа және жолдағы адамдарға кедергі болатынды алып тастау, сен үшін садақа. Аль-Бухари, Муслим.

Екі адамның арасына әділ төрелік жасасаң, деген сөз ол екі адамды жарастырсаң, деген сөз.

 

249. Хабар бойынша,Умм Кулсім бинт Укба бинт Абу Муъайт, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Игілік айтып екі адамның арасын жарастырушы өтірікші емес[87]. Аль-Бухари, Муслим.

Муслим риуят еткен хадисінде мыналар қосылған:

Умм Күлсім, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді: «Оның үш түрлі жағдайдан басқа, еш уақытта өтірік айтуды рұқсат еткенін естіген емеспін – ол соғыс кезінде[88], адамдарды жарастыру үшін және әйелі күйеуіне сөйлеген кезде және күйеуінің әйеліне сөйлеген кезінде[89]».

 

250. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің есігінің алдында бір-бірімен ұрсысып, бірі екіншісінен қайырым етіп, қарызының бір бөлігін кешруін сұрап жатқанда, екіншісі оған: «Аллаһтың атымен ант етемін, олай істемеймін!», - деп айтып жатқанын естіп: «Аллаһтың атымен ант етіп, жақсылықты істемеймін деп жатқан қайсысың?», - деп сұрады. Сонда ол адам: «Бұл менмін, иә Аллаһтың елшісі, ал оған оның сұрағаны болсын (яғни оның қарызын кешірдім)», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

251. Хабар бойынша,Абуль-Аббас Сахл Саъд ас-Саъид, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бану амр бин ауф руының адамдары бір-бірімен жанжалдасып қалды дегенін естісімен, жанына бірер сахабаларын ертіп оларды татуластыру үшін, сол жаққа кетті. Онда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірер уақытқа бөгеліп қалды, ал сол уақыттың арасында намаздың уақыты кірді де Билял Абу Бакрге, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын: «Намаз оқитын уақыт келді, сен адамдармен намаз өткізесің бе?», - деп сұрады. Абу Бакр: «Иә, қаласаң өткізейін», - деді. Биляль намаздың басталуын хабарлап қамат түсірді. Абу Бакр алдыға шығып «Аллаһу акбар» деп, адамдар да оны қайталап «Аллуһу акбар» десімен-ақ, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оралып, адамдардың саптарының арасынан өтіп, бірінші сапқа келіп тұра қалды. Оны көрген адамдар алақандарын бір-біріне соғып шапалақтай бастады, бірақ Абу Бакр намаз уақытында жан жағына қарамайтын. Дегенмен, адамдар шапалақтағанын қоймағаннан кейін, ол артына бұрылып Апллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көрді де, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған қолымен ымдап намазды өткізе беруін бұйырды. Бірақ Абу Бакр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, екі қолын жоғары көтеріп Аллаһқа мақтау айтып, артқа қарай жылжып бірінші сапқа келіп тұрды. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алдыға шығып намазды өткізіп болысымен, адамдардан: «Сендермен бір нәрсе болғанда, сендер неге алақандарыңды соға бастадыңдар, намаз кезінде әйелдер ғана алақан соғады, ал сендер «Субанал-Лаһ», деулерің керек, өйткені «Субханал-Лаһ», деп айтқандарыңды естіген (имамдарың) сендерге әлбетте бұрылып қарайды. Иә Абу Бакр, саған мен ымдап белгі бергеннен кейін, саған намазды өткізе беруге не кедергі болды?», - деді. Бұған Абу Бакр: «Аллаһтың елшісі тұрғанда Абу Кухафқа[90] намаз өткізу жараспайды», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Әлсіз, кедей және оларды көбі танымайтын мұсылмандардың абыройы жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет…» «Кеһф» сүресі, 28 аят.

 

252. Хабар бойынша, Харис бин Уахб, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерге Жннәттық болғандардан хабар берейін бе? – Ол әр-бір әлсіз және танымсыз[91], бірақ ол бір нәрсемен ант етсе, Аллаһ оның антын орындайды. Сендерге Отта болатындардан хабар берейін бе? – Ол әрбір дөрекі, сараң және өр-көкірек. Аль-Бухари, Муслим.

 

253. Хабар бойынша,Абуль-Аббас Сахл Саъд ас-Саъид, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанынан бір (бай) адам өтті де, ол туралы, жанында отырған адамнан: «Сен осы адам туралы, не айтасың?», – деп сұрады. Ол: «Бұл құраметті адамдар қатарында, Аллаһтың атымен ант етемін, егер ол бір әйелге құда түссе, оны ол әйелге үйлендіруге, ал егер ол біреуге болысса (қорғаса), онда оның болысуын қабыл алуға лайық адам», – деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үндемеді, ал бірер уқыттан кейін жанынан басқа бір адам өтті де, ол: «Ал мына адам туралы сен не ойлайсың?», – деп сұрды. Ол: «Бұл – кедей мұсылмандар қатарынан, және оған ол құда түсіп үйленгісі келеген әйеліне үйлендірмеуге, және оның болысуы қабыл болмауға және ол сөйлегенде сөйлегенін тыңдамауға лайық адам», – деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол кедей, барлығы мынау сияқты (байлармен) толтырылған жерден артық!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

254. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісіің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде Тозақ пен Жұмақ бір-бірімен тартысып, Тозақ былай деді: «Менде мейірімсіз және өр-көкірек адамдар болады», ал Жұмақ: «Ал менде - әлсіз және кедейлер», - деді. Сонда Аллаһ Тағала былай деп араларына төрешілік айтты: «Иә Жұмақ, расында сен Менің қалағаныма көрсететін мейірімім боласың, ал сен болсаң, иә Тозақ, Менің қалағаныма көрсететін жазалауым боласың және Мен екуіңді де толтыруым керек болады!» Муслим.

 

255. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Қиямет күні маңғаз сұсты адам келеді де, оның Аллаһ алдында масаның қанатынан да жеңіл екендігі анықталады. Аль-Бухари, Муслим.

 

256. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Кезінде қара жүзді бір әйел мешіттің еденін сыпыратын, бірде ол әйел көрінбей қалғаннан соң Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол туралы сұрады. Сонда оған: “Ол бұл дүниеден өтіп кетті” – деді. Бұны естіген ол: “Маған неге хабар бермедіңдер” – деді. Оның өліміне олар көп мән бермей, олар үшін бұл уақиға кішігірім мәселе көрінген секілді болды. Содан кейін ол: “Маған оның қабірін көрсетіңдер!”, – деді. Оған оның қабірін көрсетіп ол оған жаназа намазын оқыды да: “Расында бұлардың қабірлері қараңғы бір түнек секілді және ондағылардың бәрі соған (түнекке) оранған, расында, енді Аллаһ Тағала менің дұғам арқылы оларға оны нұрландырады”, – деді. Аль-Бухари, Муслим.

257. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бәлкімшашы жалбыраған, үсті шаң болған және адамдардың есігінің алдынан қуылатын адамдардың Аллаһтың атымен айтылып жатқан антын, Аллаһ міндетті түрде орындайды. Муслим.

 

258. Хабар бойынша, Усама, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен Жәннәттің қақпасының алдында тоқтадым да, оған кіргендердің көпшілігі кедейлер екенін байқадым, ал байлар болса (есеп беру үшін) тоқтатылды, бірақ Тозақ тұрғындарын Тозаққа тасталуына әмір етілді. Мен және тозақ алдында да тоқтатылдым, онда түскендірдің көпшілігінің әйелдер екенін байқадым. Аль-Бухари, Муслим.

 

259. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Үшеуден басқа ешкім бесігінде сөйлеген емес, олардың бірі Иса бин Марйам. Ал екіншісі жайлы айтатын болсақ, ол Журайж сөйлескен нәресте. Журайж өзін Аллаһқа құлшылық етуге арнаған адам болатын. Ол өзіне құлшылық ететін үйшік салып алып, сонда құлшылық ететін. Бірде ол намаз оқып жатқан уақытында оған шешесі келіп: «Иә Журайж!», – деді. Ол: «Иә Раббым менің, менің шешем және намазым!»,[92] – деді, де намазын жалғастыра берді, ал шешесі болса кетіп қалды. Келесі күні шешесі ол намаз оқып жатқан кезінде тағы да келіп: «Иә Журайж!», – деді. Ол тағы да: «Иә Раббым менің, менің шешем және намазым!», – деді, де намазын жалғастырып оқи берді. үшінші күні шешесі ол намаз оқып жатқан кезінде тағы да келіп: «Иә Журайж!», – деді. Ол тағы да: «Ия Раббым менің, менің шешем және намазым!», – деді, де намазын жалғастырып оқи берді. Сонда шешесі: «Иә Аллаһ, ол жезөкшелердің жүзіне қарамайынша, оны өлтірме!», – деді. Осыдан кейін Исраил ұрпағының адамдары Журайж жайлы және оның құлшылығы жайлы айта бастады. Олардың ішінде оның әдемілігін әңгіме ететін бір жезөкше болды. Ол әйел: «Қаласаңдар мен оны азғырып жолдан тайдырамын», – дейді де, оған келеді, ал ол болса оған қарамады да. Сонда ол әйел оның бөлмесінде тұратын бір қойшыға келіп оны азғырып жүкті болады да босанған кезінде: «Нәресте Журайждан», – деп жар салады. Сонда адамдар, оған келіп оның төмен түсуін талап етіп, оның құлшылық ететін үйшігін бұзып, ал өзін ұра бастады. Ол олардан: «Сендерге не болған?», – деді. Олар: «Сен мына жезөкше әйелмен ойнас жасадың, ал ол болса сенен бала туды», - дейді. Сонда ол: «Ол бала қайда?», - деп сұрайды да, олар оған баланы алып келеді. Журайдж оларға: «Маған дұға жасауға рұқсат беріңдер», – дейді. Ол дұғасын жасап болған соң баланың ішінен қағып: «Иә балақай, сенің әкең кім?», – деп сұрайды. Нәресте: «Пәленше қойшы», – деп жауап береді. Бұны естіген адамдар, Журайжға келіп оны сүйіп оған қолдарын тигізе бастап былай дейді: «Біз саған алтыннан құлшылық ететін үй салып береміз!». Бірақ ол: «Маған лайдан Өзімнің құлшылық ететін үйімді салып беріңдер!», - дейді, ал олар болса оның айтқанын орындайды.

Ал үшінші нәресте туралы айтатын болсақ, бірде ол шешесінің омырауын еміп жатқан кезінде олардың жанынан тамаша аттың үстінде, әдемі жүзді бір кісі өтіп бара жатып нәрсетенің шешсі: «Иә Аллаһ менің баламды осы аттылы секілді ет!», – деді. Сонда бала еміп жатқан омырауын тастап аттылыға бұрылып қарап: «Иә Аллаһ, мені ол секілді етпе!», – деді де, емуін одан ары жалғастырды.

Абу Хурайра сөзін былай жалғастырды:

Осы әңгімені айтып жатқан Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, осы күнге дейін көз алдымда, ол (баланың емгенін көрсетпекші болып) өзінің сұқ саусағын аузына салып сора бастады. Сосын Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:

Біраз уақыт өтісімен олардың жанынан бір күңге: “Сен зина жасадың! Сен ұрлық қылдың!”, – деп, оны ұрып-соғып алып өтті. Ал ол күң болса: “Маған Аллаһ жеткілікті, Ол тамаша қамқоршы!”, – деп айтып жатты. Осының бәрін көрген ана: “Иә Аллаһ, менің баламды осы күң сияқты ете көрме!”, – деді. Сонда бала тағы да емуін қойып, оған (күңге) қарады да: “Иә Аллаһ, мені сол секілді қыл”, – деді. Сонда олар бір-бірімен сөйлесе бастады да, шешсі баласына: “Сен неге біздің жанымыздан тамаша кейіпті адам өтіп бара жатып мен:«Иә Аллаһ менің баламды осы аттылы секілді ет!», - дегенімде сен: «Иә Аллаһ, мені ол секілді етпе!», - дедің, ал, жанымыздан: «Сен зина жасадың! Сен ұрлық жасадың!», – деп күңді ұрып соғып алып өткенде мен: “Иә Аллаһ, менің баламды осы күң сияқты ете көрме!”, – дегенімде, сен: “Иә Аллаһ, мені сол секілді қыл”, – дедің?” – деп, сұрайды. Сонда нәресте: “Расында, ол адам, жәбірлеуші сондықтан мен: «Иә Аллаһ, мені ол секілді етпе!», - дедім, ал күң жайлы айтатын болсақ, ол туралы: «Сен зина жасадың!», – дейді, ал ол болса оны жасамаған және ол туралы: «Сен ұрлық жасадың!», - дейді, ал ол болса оны да жасамаған, сондықтан мен: “Иә Аллаһ, мені сол секілді қыл”, – дедім”, – деп жауап береді. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Жетімдермен, қыздармен, басқа да әлсіз жарлы және шарасыздармен мейірімді пейілде болу, оларға аяушылық, жұмсақтық танытып және де оларды мойындап, игілік көрсету жайлы.

 

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Мұсылмандарға қанатыңды жай»[93] «Хыжыр» сүресі, 88 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін қалап көзіңді басқаға аударма…» «Кеһф» сүресі, 28 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Ендеше жетімді қорлама. Сұраушыны зекіме.» «Зуха» сүресі, 9-10 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай дінді өтіріксінгенді көрдің бе? Міне сол жетімді қақпайлағанды, Міскінді тамақтандыруға қызықтырмайды.» «Мағұн» сүресі, 1-3 аяттар.

 

260. Хабар бойынша, Саъд бин Абу Уаккас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз алтауымыз Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болған кезімізде, көпқұдайшылдар оған: «Бұларды бізге қыр көрсетпеулері үшін жаныңнан қу[94]», - деді. Ал бұл алтаудың ішінде менен басқа Ибн Масъуд, хузайл руынан бір адам, Биляль және тағы мен атын атамай жатқан екі кісі болды. Ал Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ойына келгені Аллаһтың қалағаны болды да, ол өзінің жан дүниесіне үңілді, ал Аллаһ Тағала оған мына аятты түсірді: “Сондай күндіз-түні Раббыларына жалбарынып, Оның дидарын тілегендерді қума…”[95] Муслим.

 

261. Хабар бойынша, Саъд бин Абу Хубайр Аиз бин Амр аль-Музани, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһ риза болған антты бергендердің бірі, ол былай деді:

Абу Суфйан өзімен ілескен бірнеше адммен бірге Сальманға, Билялге және Сухайбке келген кезінде, олар: «Аллаһтың қылышы, Аллаһтың жауларынан өзіне тиесілісін алған жоқ!»[96], - деді. Бұны естіген Абу Бакр: «Сендер бұны құрайыштардың мырзасы мен басшысына айтып жатырсыңдар ма?!», – деді,[97] де Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп болған жайдың бәрін оған айтып берді. Бұны естіген ол: “Иә Абу Бакр, сен оларды ашуландырып алмадың ба? Расында, егер сен оларды ашуландырсаң, онда Раббыңды аушуландырғаның”, – деді. Осыдан кейін Абу Бакр оларға келіп: “Иә бауырларым, мен сендерді ашуландырып алған жоқпын ба?”, – деп сұрады. Олар: “Жоқ, сені Аллаһ кешірсін!”, – деді. Муслим.

 

262. Хабар бойынша, Сахл бин Саъд, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Мен Жәннәтта жетімді асырағанмен мынадай бірге боламын», – деп, сұқ саусағы мен одан кейінгі саусағының арасын ашып көрсетті. Аль-Бухари.

 

263. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Туысқандарының ішінен не болмаса басқа адамдардан жетімді асыраушы, Жәннәтта менімен осы екеуі секілді жақын болады.

Осыны айтып, бұл хадисті жеткізуші Малик бин Анас, сұқ саусағымен одан кейінгі саусағының арасын көрсетті. Муслим.

 

264. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бір-екі құрма не болмаса бірлі-жарым тамақ тиген кедей емес, нағыз кедей ол төзімділік көрсеткендер.»аль-Бухари

 

265. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жетім мен жесірдің қамын ойлаған, Аллаһ Тағаланың жолында соғысқандармен тең.

Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

… және де мен, ол былай айтты деп есептеймін: «… және де ол, түнімен тынымсыз намаз оқып, күнімен үздіксіз ораза ұстағанмен тең.» Аль-Бухари, Муслим.

 

266. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сый-құрмет көрсетіп тамақтандырудың ішіндегі ең жаманы - ол, үйлену тойына барғысы келгендерді шақырмай[98], келуден бас тартатындарды[99] шақыру болып табылады. Ал шақырғаннан бас тартқандар жайлы айтатын болсақ, онда олар Аллаһ пен Оның елшісін тыңдамағандар (бағынбағандар) болып табылады. Муслим.

Бұл хадистің екі «Сахихте» де келтірілген басқа бір нұсқасында, Абу Хурайрадан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Нашар тамақ болып, оған байлар шақырылып, ал кедейлерді шақырудан бас тартылған үйлену тойында берілген тамақ саналады.

 

267. Хабар бойынша,Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Екі қызға бой жеткенше қамқоршы болған адам, Қияметте менімен осындай жақын болады», - деп, ол саусақтарын біріктіріп көрсетті. Муслим.

 

268. Хабар бойынша,Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде қайыр сұрап жүрген бір әйел, өзінің екі қызымен маған кірді. Ал менде оған беретін бір құрмадан басқа еш нәрсе болмағандықтан, оған оны бердім. Ол әйел өзі ол құрманың дәмін де татпай қыздарына бөліп берді де, тұрып шығып кетті. Артынша Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйге келіп, мен оған болған оқғианы айтып бергенімде ол: «Бұл қыздар кімге сынақ ретінде жіберілген болса, оны олар тозақтың отынан қорғайды», - деді. Аль-Бухари, Мслим.

 

269. Хабар бойынша,Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде маған қолына екі қызын көтеріп бір кедей әйел кірді. Мен оған үш құрма бердім, ал ол болса құрманың екуін бір-бірден екі қызына берді де, үшінші құрманы өзі жемекші болып аузына апара бергенде, қыздары тағы да оған қарап тамақ сұрай бастады, сонда ол қолындағы құрманы қыздарына бөліп берді. Мен бұл оқиғаға таңырқап, болған жайды Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқанымды ол: “Расында, бұл үшін Аллаһ оған жәннәтті кәміл етті /немесе: … оны тозақтың отынан босатты/!” Муслим.

270. Хабар бойынша,Абу Шурайха Хувайлид бин Амр аль-ХЪузаъи, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Аллаһ, мен екі әлсіздің: жетім мен әйелдің ақысына қысымшылық көрсетуге тыйым саламын. Ан-Насай жақсы иснадпен, «Жақсы хадис» деп келтіреді.

Тыйым саламын (ухариджу) деген сөз, ол осы екеуінің хақысына қысымшылық көрсеткендерді күнә жасады деп айыптаймын және ондай іс істеуден өздерін ұстауға шақырамын, дегені.

 

271. Хабар бойынша,Мусъаб бин Съад бин Абу Ваккас, олардың екеуіне де Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Саъд өзін басқалардан жақсы санайтын[100]. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сендерге әлсіздеріңнің арқасында жеңіс пен ризықтарың сыйланады емес пе?[101]”, – деді. Аль-Бухари.

 

272. Хабар бойынша,Абу Дарда, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Маған әлсіздерді іздеңдер, өйткені сендерге көмек пен ризық, сол араларыңдағы әлсіздеріңнің арқасында беріледі. Бұл хадисті Абу Дауд жақсы иснадпен келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Әйелдерге жақсы қарым-қатынас

көрсету жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«…Сондай-ақ олармен жақсы шығысыңдар…» «Ниса» сүресі, 19 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Қаншалық тырыссаңдар да әйелдердің арасына әсте әділдік істей алмайсыңдар. Ендеше (біреуіне) мүлде ауып кетіп. өзгесін жіпсіз байлағандай етіп қоймаңдар. (күйеусіз әйелге ұқсатып, дел-салда жүрмесін) Егер түзеліп сақсынсаңдар, негізінен Аллаһ тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.» «Ниса» сүресі, 129 аят.

 

273. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар, өйткені, расында, әйел (Адам атаның) қабырғасынан жаралған, ал оның ең қисық жері жоғарғы жағында[102], егер сен қабырғаны түзеткің келсе, онда оны сындырасың, ал егер оны өз жөніне қойсаң, онда ол сол қисайған күйінде қала береді[103], сондықтан әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар. Аль-Бухари және Муслим.

Бұл хадистің «Сахихтердің» екеуінде де келтірілген тағы бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Әйел қабырға секілді: егер оны түзеткің келсе, онда сындырасың, ал егер одан ләззәт алғың келсе (оны жақсы көргің келсе), онда оның қисықтығына қарамай ләззәттана бер (жақсы көре бер)

Ал бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Расында, әйел қабырғадан жаратылған, ол сен үшін ешқашан түзу болмайды, сондықтан егер сен оны жақсы көргің келсе, оның қисықтығына қарамай жақсы көре бер. Ал егер оны түзеткің келсе, онда оны сындырасың, (ал) сындыру дегеніміз онымен ажырасу.

 

274. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Замаъа, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға хұтпасы кезінде түйе жайлы және оның сіңірін кескен адам жайлы айтып өтіп, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала айтты: «Оның ең жауызы қарсы шыққанда». Бұл дегеніміз, адамдардың ішінде аз кездесетін, бой бермейтін, өз халқының қорғанышында болған бір адам, түйеге қарай, оны өлтірмек ниетте бет бұрды.

Содан соң ол әйелдер жайлы айтып, олар туралы хұтпасында былай деді:

Сендердің араларыңдағы кейбіреулерің әйелдеріңді құлдарың секілді ұрасыңдар, ал содан кейін, түнде олармен бір төсекке жататын шығарсыңдар.

Содан соң ол оларға, араларындағы біреулері жел шығарып, оған бәрі күлетіндігі жайлы айтып былай деді:

Сендерден кейбіреулерің неге өздерің жасайтын іске күлесіңдер? Аль-Бухари, Муслим.

«Бой бермейтін» (ъарим) – залым, жамандықты жаюшы.

 

275. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мүмин еркек, мүмин әйелді жек көрмеу керек, өйткені оның мінезінің бір көрінісіне қапа болса, онда басқа-бір көрінісіне риза болады. Муслим.

 

276. Хабар бойынша,Амр бин аль-Ахвас аль-Джушам, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қоштасу хажылығы кезінде бірінші Аллаһ Тағалаға мақтаулар айтып Оған шүкірліктер айтып болған соң былай деп айтқанын естіген:

Әйелдеріңмен әр қашан жақсы қарым-қатынаста болыңдар, өйткені, расында, олар сендердің – тұтқындарың. Сендер оларға, айтарлықтай ұятсыз іс жасамаса, тисулеріңе хақыларың жоқ. Ал егер олар сондай бір жаман іс жасаса онда оларды төсектеріңнен алыстатыңдар да, оларды ақырын ұрыңдар. Сонда сендерге бағынса, онда оларға қарсы еш нәрсе жасамаңдар. Расында, сендердің әйелдеріңде хақыларың бар және әйелдеріңнің сендерде хақылары бар. Сендер олардан, жақтырмаған адамдарыңды төсектеріңе отырғызбауларын талап етулеріңе және сендердің көргілерің келмеген адамдарды (үйлеріңе) кіргізбеулерін талап етулеріңе хақыларың бар. Ал әйелдерің сендерден өздеріне жақсы тамақ пен жақсы киім талап етулеріне хақылары бар. Ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис» деп келтіреді.

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйелді ерінің билігінде болған тұтқынға теңеп жатыр. Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «…оларға қарсы еш нәрсе жасамаңдар» – дегені, ол олар туралы жамандықты тіміскілеп, оларды ренжітпеңдер, - дегені. Ал, Аллаһ бұл жайлы жақсырақ біледі.

 

277. Хабар бойынша,Муъавийа бин Хайда, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, біздің әр қайсысымызда, әйелдеріміздің қандай хақысы бар?», – деп сұрадым. Ол: «Сен өзің тамақ ішсең оны тамақтандыруың керек, өзің киінсең оны киіндіруің керек және де сен оны жүзінен ұруыңа, жаман сөздер айтуыңа, үйден тыс жерде (сұрағына жауап бермей) одан теріс айналып кетуіңе болмайды. Абу Дауд бұны «Жақсы хадис» деп, жаман сөз айтуға болмайды дегеніміз, ол: «Аллаһ сенің түріңді бұзсын!», - деп айту, дейді.

 

278. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иманы толық мүмин болып, мінезі көркем мүмин саналады, ал мінезі көркем мүмин болып, әйелімен жақсы қарым-қатынаста болған мүмин саналады. Ат-Тирмизи бұл хадисті «Жақсы әрі сенімді хадис» деп келтіреді.

 

279. Хабар бойынша,Иййас бин Абдуллаһ бин Абу Зубаб, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһтың әйел құлдарын ұрмаңдар!», – деді. Біраз уақыт өтісімен, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келді де: «Әйелдер шектен шығып барады», – деді, сонда ол әйелдерді ұруға рұқсат берді. Осыдан кейін көптеген әйелдер Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдеріне келіп, өздерінің күйеулеріне шағымдана бастады. Сонда ол: «Мухаммадтың үйіндегі әйелдерге көптеген әйелдер өздерінің күйеулеріне шағымданып келді, олар (сол еркектер) сендердің араларыңдағы жақсыларың емес!», - деді. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

280. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бұл дүние сендерге уақытша бір қолдануларыңа берілген, сол берілгеннің ішіндегі сендер үшін ең хайырлысы діндар әйел. Муслим.

ТАРАУ

Еркектің әйелге хақысы жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені Аллаһ, бірін-бірінен артық қылды. Сондай-ақ олар, малдарынан да пайдаландырады. Ал енді жақсы әйелдер, бой ұсынушылар, Аллаһ қоруға берген көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар…» «Ниса» сүресі, 34 аят.

 

281. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер еркек өзінің әйелін төсекке шақырып, ал ол болса келмей, күйеуі оған ашуланып ұйықтаса, онда першіте оны таң атқанша қарғап шығады. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің «Сахихтердің» екеуінде де келтірілген тағы бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Егер әйел ерінің төсегінен бөлек жерде түн өткізсе, онда оны періштелер таң атқанша қарғап шығады.

Ал бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, егер еркектің бірі, әйелін төсегіне шақырып, ал әйелі оған келмесе, ол әйелдің күйеуі әйеліне риза болмайынша, онда көктегі болған[104], ол әйелге ашулы болады!

 

282. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әйел адамға күйеуінің рұқсатынсыз, оның жанында ораза ұстауына болмайды[105] және оның үйіне оның рұқсатынсыз ешкімді кіргізуіне болмайды. Аль-Бухари, Муслим, мұнда Муслимнің нұсқасы беріліп тұр.

283. Хабар бойынша,Ибн Омар, олардың екеуіне де Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендердің әр-қайсыларың бақташысыңдар және сендердің әр-қайсыларың баққандарыңа жауап бересіңдер: әмірші бақташы саналады, еркек өзінің жанұясының бақташысы, әйел да күйеуінің үйі мен балаларының бақташысы саналады. Сонымен әр- қайсысың бақташысыңдар және әр-қайсысың баққандарыңа жауапкерсіңдер. Аль-Бухари, Муслим.

284. Хабар бойынша,Абу АлиТалька бин Али, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер еркек өзінің әйелін, бір қажеті үшін шақырса, әйелі пештің жанында тұрса да ерінің шақыруына келуі керек. Ат-Тирмизи және ан-Насай келтіреді. Ат-Тирмизи бұл хадисті «Жақсы хадис» дейді.

 

285. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер мен, біреудің біреуге сәжде жасауына әмір беруіме мәжбүр болған болсам, онда мен әйелдің күйеуіне сәжде жасауына әмір берген болар едім![106] Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақса сенімді хадис» деп келтіреді.

 

286. Хабар бойынша,Умм Салам, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кез келген әйел[107], күйеуі риза болып өлген болса, ол жәннәтқа кіреді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді[108].

 

287. Хабар бойынша,Муъаз бин Жабал, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Осы дүниеде әйел өз еріне қысмшылық көрсеткен сайын, оның (жәннәттағы) хор қыздарының ішіндегі әйелдерінің бірі әлбетте: «Аллаһ сені жойғыр, қинама оны! Ол жақын бір күндері сені тастап бізге аттанатын, сенің қонағың ғана ғой!», – дейді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді.

 

288. Хабар бойынша,Усама бин Зайд, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен өзімнен кейін ерлерге, әйелден артық зиян келтіретін нәпсі қалдырмаймын. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Өзінің қарамағындағы асырап жатқан адамдарына қаржы жұмсау жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«…Ананың тиісті керегі мен киімі, баланың әкесіне міндет…» «Бақара» сүресі, 233 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Кеңшілік иесі бай кісі, өзіне Аллаһтың бергені бойынша нафақа берсін. Аллаһ біреуге оған бергенінен артық жүктемейді. Аллаһ ауыршылықтан кейін жеңілдік береді. «Талақ» сүресі, 7 аят.

289. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ жолына динар жұмсасаң[109], құл (азат) етуге динар жұмсасаң, кедейге садақа ретінде динар жұмсасаң және жанұяңның керегіне динар жұмсасаң, сонда сол жұмсаған динарларыңның ішіндегі ең сауабтысы - ол жанұяң үшін жұмсаған динарың.Муслим.

 

290. Хабар бойынша,Абу Абдуллаһ Саубана бин Будждуда, Аллаһтың елшісінің оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, азат еткен құлы, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамның жұмсаған динарларының ішіндегі ең жақсысы болып: өзінің асырап жатқан адамдарына жұсаған динары, Аллаһ жолында мініп жүрген көлігіне жұмсаған динары және Аллаһ жолындағы жолдастарына жұмсаған динарлары жатады. Муслим.

 

291. Хабар бойынша,Умм Салам, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, менің Абу Саламның баларына, оларды осындай да, осындай жағдайда қалдырмай жұмсағанымнан, олар менің балаларым болса да маған тиетін сауабы бар ма?[110]», – деп сұрадым. Бұл сұрағыма жауап ретінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Иә, сенің оларға жұмсағаныңнан, саған сауап бар». Аль-Бухари, Муслим.

292.Бірінші кітабтың басында келтірілген Саъд бин Абу Ваккас келтірген ұзын хадисте (№6), Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Расында, сен Аллаһ жолында жұмсағаныңның барлығы үшін сауаб табасың, керек десең, әйеліңнің аузына салғаның үшін сауап бар. Аль-Бухари, Муслим.

 

293. Хабар бойынша,Абу Масъуд аль-Бадри, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам Аллаһтың сауабынан үміттеніп өзінің жанұясына қаржы жұмсаса, онда ол оған садақа ретінде жазылады. Аль-Бухари, Муслим.

 

294. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам қол астындағы асырауына тиістілі жандарын өлтіріп алса, онда бұл ісі ол үшін күнәсінда жетіп асады. Абу Дауд және басқа мухаддистер.

Муслим өзінің «Сахихінде» осыған ұқсас хадис келтіреді. Онда Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Егер адам қол астындағы асырауына тиістілі жандарына тамақ беруін тоқтатса, онда бұл ісі ол үшін күнәсінда жетіп асады.

 

295. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әр күні, Аллаһтың құлдары оянатын уақытында, көктен екі періште түсіп, оладың бірі: «Иә Аллаһ, ақшасын (сауабты істерге) жұмсағандардың ақшасын толықтыр!», – десе, екіншісі: «Иә Аллаһ, сараңның ісін опат қыл!», – дейді. Аль-Бухари, Муслим.

 

296. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Төмендегі қолдан жоғарыдағы қол жақсырақ[111]. Беруді өзіңнің қол астыңдағы асырауға тиістілеріңнен баста, ал садақаның ең жақсысы өзінде мол болған кезде берген садақа. Ұстамдылыққа (төзімділікке) талпынғанды, Аллаһ ұстамдылыққа (төзімділікке) алып келеді, ал кімде-кім өзінің күшімен ғана[112] әрекет ететін болса, ондай адамды Аллаһ адамдарға мұқтаж болудан сақтайды. Аль-Бухари.

ТАРАУ

Өзінің жақсы көрген нәрсесінен беру.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Сүйген нәрселеріңді Аллаһ жолында жұсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар…» «Әль-Имран» сүресі, 92 аят

Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Табыстарыңның және сендер үшін жерден шығарған нәрселеріміздің жақсылықтарынан, тиісті орынға жұмсаңдар. Ал және өздерің көздеріңді жұмып әрең ғана алатын сапасыз нәрсені Аллаһ жолында беруді ойламаңдар…» «Бақара» сүресі, 267 аят.

297. Хабар бойынша,Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Ансарлардың ішінде пальма ағаштарын ең көп иемденген Абу Тальха болатын, ал дүниелерінің ішіндегі оған ең қатты ұнайтыны мешіттің алдында орналасқан Байрақа (атты пальмалы тоғай) болатын. (Ол тоғайға) Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таза суынан ішуге жиі келіп тұратын.

Анас сөзін былай жалғастырды:

Ал мына аят түскен кезде: «Сүйген нәрселеріңді Аллаһ жолында жұсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар…», - Абу Тальха, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, Ұлы Аллаһ Тағала: «Сүйген нәрселеріңді Аллаһ жолында жұсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар…», - деді», – ал менің ең сүйген нәрсем, ол Байраха, сондықтан ол Аллаһ жолындағы берген садақам болсын, ал мен болсам онымен жақсылыққа жетіп, о дүниеге дайындаған сауабым болсын деп үміттенемін», – деді. Бұған Аллаһтың елшісі, Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Тамаша! Бұл дүние табыс әкеледі, әлбетте табыс әкеледі! Мен сенің айтқан сөздеріңді естідім, расында, мен оны туысқандарың мен жақындарыңа беруің керек, деп ойлаймын», – деді. Осыдан кейін ол оны туысқандары мен әкесімен (не шешесімен) ағайындас ағасының баларына бөліп берді. Аль-Бухари, Муслим.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «…саған табыс әкеледі…», - дегені, ол міңгілік өмірде оның саған пайдасы тиеді, дегені.

 

 

ТАРАУ

Мұсылманның өзінің әйеліне, кәмілетке жеткен балаларына және үй ішіндегі барлық асырап отырған адамдарына, Аллаһқа бағынуды әмір етуінің міндеттілігі және оларға Аллаһтың әміріне қарсы келуге тыйым салу, оларды тәрбиелеу және де харам нәрселерді жасаудан ұстау жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Үй ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл…» «Та-ха» сүресі, 132 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Өздеріңді әрі үй іштеріңді отыны адамдар мен тастар болған оттан қорғаңдар…» «Тахрим» сүресі, 6 аят.

 

298. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде аль-Хасан бин Али[113], оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, садақа ретінде жиылған құрманың бірін аузына алған кезінде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Болмайды, болмайды, таста оны! Сен біздің садақадан жиналғанды жемейтінімізді білмеймісің?[114]», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің басқа бір нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны хабарланады:

…расында, садақа бізге рұқсат етілмеген.

 

299. Хабар бойынша,Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өгей ұлы Абу Хафс Умар бин Абу салам Абдуллаһ бин Абд аль-Асад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дейді:

Мен кішкентай кезімде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, асырауында болдым. Ас ішкен уақытта мен қолымды тамақтың әр шетіне созатынмын, бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «(Тамақ жердің алдында): «Аллаһтың атымен!», – деп айт та, өзіңнің жаныңдағысынан ғана оң қолыңмен же», - деді, содан бері мен тек қана солай жейтін болдым. Аль-Бухари, Муслим.

 

300. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Сендердің әр-қайсыларың бақташысыңдар және сендердің әр-қайсыларың баққандарыңа жауап бересіңдер: әмірші бақташы саналады және өзінің баққанына жауапкер, еркек өзінің жанұясының бақташысы және өзінің баққанына жауапкер, әйел де күйеуінің үйі мен балаларының бақташысы саналады және өзінің баққанына жауапкер, қызметші өзінің иесінің дүнесінің бақташысы және өзінің баққанына жауапкер. Сонымен әр-қайсысың бақташысыңдар және әр- қайсысың баққандарыңа жауапкерсіңдер. Аль-Бухари, Муслим.

301. Хабар бойынша,Амр бин Шуъайб өзінің әкесінен атасының былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Балаларыңа намаз оқуды жеті жасынан әмір етіңдер және сол үшін он жасынан бастап ұрыңдар (жазалаңдар)[115] және оларды ұйқыға бөлек жатқызыңдар. Жақсы хадис, жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

302. Хабар бойынша,Абу Сурайа Сабр бин Малик аль-Жухани, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұл баланы намазға жеті жасынан тұрғызыңдар да, оны ол үшін он жасынан орындамаса ұрыңдар. Абу Дауд, ат-Тирмизи “Жақсы хадис” деп келтіреді.

Бұл хадистің Абу Дауд келтірген нұсқаында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізіледі:

Ұл балаға жетіге толғанда, оған намаз оқуды бұйырыңдар.

 

ТАРАУ

Көрші хақысы жайлы және соған байланысты үкімдер[116] жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және ата-анаға, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар…» «Ниса» сүресі, 36 аят.

 

303. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жебірейіл маған көршімен жақсы қарым-қатынаста болу керектігі жайлы өсиет айтқаны сонша, мен керек десеңіз көршіге мұра қалдыру керек пе, деп қалдым. Аль-Бухари, Муслим.

 

304. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: «Иә Абу Зарр, ет пісірген кезде, көршіліеріңнің қамын ойлап көбірек су қос», – деді. Муслим.

Бұл хадистің Мүслим келтірген тағы да бір нұсқасында, Абу Заррдың былай деп айтқаны келтіріледі:

Менің сүйікті досым, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған былай деп өсиет етті: «Ет пісірген уақытыңда көбірек су қос та, одан кейін көршілеріңе барып оларды өзінің ретінше үлестіріп бер.».

 

305. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Аллаһтың атымен ант етемін, иман келтірмейді, Аллаһтың атымен ант етемін, иман келтірмейді, Аллаһтың атымен ант етемін, иман келтірмейді!» Одан: «Кім, иә Аллаһтың елшісі!» – деп сұрады. Ол: «К







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.