Здавалка
Главная | Обратная связь

Аль-Бухари, Муслим. 9 страница



Адамдардың екі түрлі қасиетіне ғана қызығуға болада, олар: Аллаһ оған Құран бұйыртып, оны күндіз-түні оқыған және Аллаһ оған көп байлық беріп оны күндіз-түні жұмсағандар. Аль-Бухари, Муслим.

 

573. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мұхаджирлердің ішіндегі кедейлері Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Көп байлық иелері ең жоғары мәртебелерге ие болды және өздеріне мәңгілік бақыт тапты!», - деді. Бұны естіген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Не жайлы айтып жатырсыңдар?», - деп сұрады. Олар: «Олар біз секілді намаз оқиды, біз секілді ораза ұстайды, бірақта олар садақа береді, ал біз болсақ бере алмаймыз, және олар құл босатады, ал біз болсақ бұны істей алмаймыз!», - деді. Бұл сауалдарына Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сендерге өздеріңнен озып кеткендерді қуып жетуге мүмкіншілік беретін, бір амалды үйретейін бе, сонда оны орындасаңдар сендерді ешкім қуып жете алмайды, ал қуып жететіндер, тек сол амалды орындағандар ғана болады?», - деді. Олар: «Әрине, иә Аллаһтың елшісі!», - деді. Сонда ол: «Әр намаздан кейін отыз үш реттен Субхана-Аллаһ (Аллаһ пәк) Әлхамду лил-Лаһ (Аллаһқа мақтау, шүкіршілік), Аллаһу Акбар (Аллаһ Ұлы), деп қайталау», – деді. (Арада біраз уақыт өткен соң) кедейлер тағы да: «Біздің бай бауырларымыз, біздің істеп жүрген амалдарымызды есітіп, олар да соны істейтін болды!», - деп келді. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл, Аллаһтың қалағанына беретін ілтипаты…[333]», - деді.

 

 

ТАРАУ

­Өлімді әрдайым есте сақтау және болашаққа көп үміт артпау жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Әркім өлімді татады. Шын мәнінде Қиямет күні ақыларың толық төленеді. Сонда кім оттан құтқарылып Жұмаққа кіргізілсе, рас құтылады. Негізінде дүние тіршілігі алданыштың ғана нәрсесі.» «Аль-Имран» сүресі, 185 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Ешкім ертең не істейтінін білмейді әрі ешкім қай жерде өлетінін білмейді…» «Лұқман» сүресі, 34 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Ал қашан олардың мерзімі келсе, олар оны бір сәтке кейіндете алмайды да, ілгерілете алмайды.» «Нахыл» сүресі, 61 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер, сендерді малдарың, балаларың Аллаһты еске алудан тоспасын. Әлде кім бұны істесе, міне солар зиян тартушылар. Сендерден біреулеріңе өлім келіп: «Раббым, мені бір жақын мерзімге дейін кешіктірсең садақа беріп, ізгіліерден болсам», - деуден бұрын, өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар. Қашан біреудің ажалы келсе, Аллаһ оны әсте кешіктірмейді және Аллаһ, істегендеріңді толық біледі.» «Мұнафиқұн» сүресі, 9 - 11 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

«Ақыр олардың әрбіріне өлім келген сәтте: «Раббым, мені дүниеге қайтар!» «Мүмкін мен қалдырған дүниеде жақсы амал істермін.» Әсте олай емес. Рас бұл, оның айтқан бір сөзі. Өйткені олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар. Қашан сүр үрілсе, сол күні олардың араларында туыстық (байланыс) жоғалып, бір-бірін сұраспайды. Ал сол күні, кімнің таразысы ауыр тартса, міне солар құтылушылар. Ал және кімнің таразысы жеңіл тартса, міне олар өздерін зиянға ұшыратқандар. Олар тозақта мүлде қалады. Олардың беттерін от өртеп, олардың онда тістері ақсиып қалады. «Өздеріңе аяттарым оқылғанда оны жасынға шығармадыңдар ма?» Олар: «Раббым, сорымыз жеңіп, адасқан бір ел екенбіз ғой», - дейді. (Олар:) «Раббымыз, бізді бұдан шығар! Сонда егер қайта күнәкәр болсақ, шын залымбыз»(, - дейді). Оларға: «Сонда сіңіп жоғалыңдар! Маған сөйлемеңдер», - дейді. Құлдарымнан бір бөлігі: «Раббымыз, иман келтірдік, бізді жарылқа! Және бізге мархемет ет. Сен мархемет етушілердің ең жақсысысың», - дейтіндер бар еді. Сонда сендер оларды келемежге алып едіңдер. Хатте оларға күлулерің Мені еске алуларыңды мүлде ұмыттырған еді. Рас бүгін Мен оларды сабыр еткендіктері себепті сыйлыққа бөледім. Олар анық мұратқа жеткендер… Аллаһ оларға: «Сендер жер жүзінде қанша тұрдыңдар?», - дейді. Олар: «Бір күн немесе тағы аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра» – дейді. Ол: «Егер білген болсаңдар аз ғана-ақ тұрдыңдар. Расында, Біз сендерді босқа жаратып, Бізге қайтарылмаймыз, деп ойладыңдар ма?!» - дейді.«Мүминун» сүресі, 99 - 115 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

«Иман келтіргендердің жүректері Аллаһтың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен ақиқатқа жібімей ме? Ал енді бұрын өздеріне Кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар.» «Хадид» сүресі, 16 аят.

 

574. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің иығымнан ұстап: “Бұл дүниеде бөтен елдік не болмаса сапардағы адам секілді бол”, - деді.

Бұл хадисті жеткізуші Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп жиі айтатын: “Егер сен кешке дейін тірі болсаң онда таң атқанша өмір сүремін деп ойлама[334], ал таң атқанда тірі болсаң онда күн батқанша өмір сүремін деп ойлама, және деніңнің саулығынан ауруыңа (қажетін) ал, ал өміріңнен - өліміңе (қажетін) ал!”[335] аль-Бухари.

Бұл хадисті түсіндірушілер былай дейтін, бұл дүниеге сенім артпа, оны өзіңнің отаным деп ойлама, және мұнда ұзақ уақытқа қаламын деп қамданба, бұл дүниеге жат елдік кісі қалай үйірленсе сен де солай үйірлен, және үйіне оралуға дайындалған жат елдік шетте не ісетемейтін болса, сен де мұнда оны істеме, ал көмек көрсетуші Аллаһ.

 

575. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұраға қалдыруға тұрарлықтай дүниесі бар мұсылманға өсиет жазбай[336], екі түнді де өткізуге рұқсат жоқ. Аль-Бухари, Муслим, бұл жерде аль-Бухаридің нұсқасы келтіріліп отыр.

Ал бұл хадистің Муслим келтірген хадисінде, Пайғамбар, Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дейді: …үш түн өткізуіне…

Ибн Омар былай дейді:

Мен Аллаһтың елшісінің (осы) сөздерін естігелі бері, жазылмаған өсиетсіз бір түнді де өткізбедім.

 

576. Хабар бойынша,Әнәс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жерде бірнеше түзулер сызып былай деді: «Бұл адамның үміттері, ал мынау оның (өмірінің) мерзімі, ол осындай жағдайда жүрген уақытында[337], оған ойламаған жерден ең жақын сызығы келеді[338]. Аль-Бухари.

 

577. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, төрт бұрыш сызды да, ортасынан оның сыртына шығып тұратын бір түзу сызық жүргізді, одан соң сол ортадағы сызыққа дейін жетіп тоқтайтын кішігірім сызықтар сызды да сосын былай деді: «Бұл – адам; оны жан-жағынан қоршап тұратын – оның мерзімі, ал сызықтың ар жағына шығып тұрған – оның үміті. Ал мына кішігірім сызықтар – ол душар болатын тағдыр тауқыметтері, сонда ол бірінен құтылса екіншісі оны тісімен ауыздайды да, ал екіншісінен құтылса оны біріншісі тісімен ауыздайды. Бұл хадисті төмендегі суретпен аль-Бухари келтіреді:

Мерзімі

                       
           


Үміті

 
 

 


Тағдыр тауқыметтері

 

578. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерге жеті түрлі бәле келмей тұрып сауабты істеріңді орындап алыңдар. Сендер бәрін ұмыттыратын кедейліктен, не болмаса азғырушы байлықтан, не болмаса қапыда қалдыратын аурудан, не болмаса сөздеріңнің дәмін кетіретін қаусаған кәріліктен, не болмаса кенеттен келген ажалдан, не болмаса залымдықтың ішіндегі ең сорақысы Дажалдан, не болмаса дүниенің бәрінен де ауыр әрі ащысы Ақіреттен басқаны күте аласыңдар ма?» Бұны ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.[339]

579. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өлім жайлы былай деп айтқанын жеткізді:

Рахатты тоқтатушыны көбірек еске алыңдар. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

580. Хабар бойынша,Убайй бин Қаъб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Түннің үштен бір бөлігі өткен уақытында Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ұйқысынан тұрып: «Иә адамдар, Аллаһты естеріңе алыңдар! Бірінші сүрдің үрілетін уақыты келді, оның артынан екінші сүрдің уақыты келеді! Өзіне тән қасиеттерімен ажал келді, өзіне тән қасиеттерімен ажал келді![340]», - деді.

Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, мен сен үшін дұға жасаймын, бірақта оның қаншасын саған бағыштауым керек?» – деп сұрадым. Ол: «Қалағаныңша», - деп жауап берді. Мен: «Төрттен бірін бе?», - деп сұрадым. Ол: «Өзің білесің, бірақ қоссаң сен үшін жақсырақ», - деді. Мен: «Жартысын ше?», - дедім. Ол: «Өзің білесің, бірақ қоссаң сен үшін жақсырақ», - деді. Мен: «Үштен екісін ше?», - дедім. Ол: «Өзің білесің, бірақ қоссаң сен үшін жақсырақ», - деді. Мен: «Онда мен дұғамның бәрінде, тек сен үшін Аллаһтан сұраймын!», - дедім. Бұған ол: «Онда сен бүкіл уайымнан арыласың және сенің бүкіл күнәләрің кешіріледі!», - деді.Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

 

ТАРАУ

­Ер кісілерге мазарды[341] зиярат етудің тиімділігі және ол жерге келген адамның не айту керектігі жайлы.

 

581. Хабар бойынша,Бурайда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бұдан бұрын мен сендерге мазарларды зиярат етуге тыйым салатынмын, енді оны істеуге рұқсат етемін! Муслим.

 

582. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің үйімде өткізген әр түнінде аль-Бакиге[342] шығып, былай дейтін: “Сендерге сәлем, иә имандылардың мекендерінде тұрақтаушылар, сендерге уәде етілген орындалды, расында, ертең мерзіміміз жетісімен Аллаһ жазса, біз де сендерге қосыламыз. Иә Аллаһ, Баки аль-Гаркадтта жатқандарды кешір! /Ассаламу ъалекум, ахдаддияри мин аль-муминина уаль-муслимина! Уа инна ин шаъа-Ллаһу бикум ляхикуна, асъалю-Ллаһу ляна уалякум ляхыкуна, асъалю-Ллаха ляна уа лякумаль-ъафийата!/[343] Муслим

 

583. Хабар бойынша,Бурайда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бізге Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мазардың жанынан өтетін болсақ, былай деп айтуды үйрететін:

«Иә осында жатқан мүмин мұсылмандар, сендерге сәлем! Расында, Аллаһ қаласа біз де сендерге қосыламыз, Аллаһ сендер үшін және біз үшін құтқаруды сұраймын!» /Ас-саләму 'аляй-кум, ахля-д-дийари мин аль-му'минина ва-лъ-муслимина! Уа инна ин ша'а-Ллаху би-кум ляхы-куна, ас'алю-Ллаха ля-на ва ля-кум аль-'афийата!/ Муслим.

 

584. Хабар бойынша,Ибн Аббастың, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Мединадағы мазардың жанынан өтіп бара жатып, бетін сонда бұрып былай деді: “Иә мазарда жатқандар, сендерге сәлем! Сендер бізден ерте кеттіңдер, біздер сендердің соңдарыңнан барамыз! /Ассаляму ъалейкуи, иа ахляль-кубури! Йағфири-Ллаһу ляна уа лякум! Антум сляфуна, уа нахну биль-асари./ Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.[344]

 

 

ТАРАУ

­Қиыншылыққа душар болғаннан (өзіне) өлім тілемеу, бірақта діннен шығып кетуден қорқып өлім тілегеннің зияны жоқтығы жайлы.

 

585. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден еш қайсысың өзіне өлім тілемесін, егер ол игілікті істер жасап жатса бәлкім оны көбейтер, ал егер бір жамандық (күнә) жасап жатса бәлкім тәубесіне келер.Аль- Бухари, Муслим. Бұл жарде аль-Бухаридің нұсқасы беріліп тұр. Ал бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Сендерден ешкім өзіне өлім тілемесін және ол (өлім) өзі келмейінше шақырмасын. Расында егер ол өлсе оның бүкіл амалдары тоқтайды, ал имандының өмірі тек игілік әкеледі.

 

586. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден ешкім оған келген қайғыдан өзіне өлім тілемесін, ал егер оның одан басқа шарасы қалмаса былай десін: “Иә Аллаһ, менің өмірім мен үшін қайырлы болса, онда оны ұзарт, ал егер мен үшін өлім қайырлы болса онда маған өлім жібер!” /Аллаһумма, ахййини ма қянат аль-хаййату хайран ли, уа таууафани иза кянат аль-уафату хайран ли/ аль-Бухари, Муслим.

587. Хабар бойынша, Хайз бин Абу Хазим, былай деді:

Бірде біз ауырып жатқан Хаббаб бин аль-Арраттың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, көңілін сұрауға кірдік. Оның денесіне жеті жерінен емдік күйдіру жасапты да ол бізге былай деді: “Бізден бұрын кеткен жолдастарымыздан, бұл дүние еш нәрселерін ала алмады[345], ал біз жайлы айтатын болсақ, расында бізге тиесілі болған байлықтың көптігі соншалық оған жердің астынан басқа орын таппадық[346]! Егер Пайғамбар өлім тілеуді харам етпесе еді, онда мен, расында, оны тілеген болар едім!” Ал сосын біз оған ол дуал соғып жатқан уақытында келіп, ол мынаны айтты: “Расында, мұсылманға жерге көміп тастағанынан басқа, бүкіл жұмсан дүниесі үшін сауаб бар!” аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде аль-Бухаридің нұсқасы келтіріліп тұр.

ТАРАУ

­Ізгілік жайлы және күмәнді нәрселерден

бас тарту жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«…оны жеңілге санадыңдар. Ал Аллаһтың жанында зор іс еді.» «Нұр» сүресі, 15 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы.» «Фәжір» сүресі, 14 аят.

 

588. Хабар бойынша,ан-Нуъман бин Башир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, рұқсат етілген нәрселер анық және тыйым салынған нәрселер анық, ал осы екеуінің арасында көп адамдар біле бермейтін күмәнді нәрселер бар. Күмәнді нәрселерден сақтанғандар, діні үшін және абыройы үшін одан өзін тазартады, ал күмәнді істермен айналысатын, малын қорықтың[347] жанында бағатын бақташы секілді. Бақташының малы қорыққа түсуге қандай жақын тұрса, күмәнді істермен айналысушы да, тыйым салынған нәрселерге ұрынуға сондай жақын тұрады. Расында, кез-келген әміршінің өзінің қоритын жері бар, Ал Аллаһтың қорығы, Оның тыйым салғандары. Расында, адамның денесінде жұдырықтай ет бар, егер ол жақсы болса, онда оның бүкіл денесі жақсы болғаны, ал егер ол жарамсыз күйге келсе, онда ол бүкіл денені бүлдіреді, расында, ол (ет) – жүрек. Бұл хадисті аль-Бухари мен Муслим түрлі-түрлі нұсқалрмен келтіреді.

 

589. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жол бойында құрма тауып алып: “Егер мен мұны садақаның бір бөлігі ме деп, қорықпағанымда, онда оны әлбетте жеп қояр едім”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

590. Хабар бойынша,Ан-Наууас бин Симъан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ізгілік дегеніміз әдептілік, ал күнә дегеніміз, сенің жан дүниеңді мазалап және оны басқаларға білдірткің келмейтін нәрсе. Муслим.

 

591. Хабар бойынша,Убис бин Маъбад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, ол менен: “Сен ізгілік жайлы сұрайын, деп келдің бе?”, - деді. Мен: “Иә”, - дедім. Сонда ол былай деп айтты: “Ол туралы өзіңнің жүрегіңнен сұра. Сенің жүрегің мен жан дүниеңнің сенімділік сезінгені ізгілік болып саналады, ал күнә дегеніміз, ол саған адамдар рұқсат десе де, жан-дүниеңді қозғап жүрегіңді мазалайтын іс.” Ахмад пен Ад-Дарими өздерінің “Муснадтарында” жақсы хадис ретінде келтіреді.

 

592. Хабар бойынша,Абу Саруаъа Укба бин аль-Харис, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Абу Йхаб бин Азиздің қызына үйленген кезінде, оған бір әйел келіп:

“Расында, мен Укбаны және оның үйленген әйелін емізгенмін![348]”, - деді. Оған Укба: “Сен мені емізгеніңді білмедім және бұл жайында маған айтпаған едің!”, - деді. Мұны естіген Укба көлігіне мініп, Мединадағы Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп осы жайға байланысты сұрақтарын қояды. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ол сенің сүттес қарындасың болғаны жайлы айтылғаннан кейін , ол қалайша сенің әйелің бол алады?!”, - деді. Осыдан кейін Укба онымен айырылысып, ал ол әйел басқаға тұрмысқа шықты. Аль-Бухари.

 

593. Хабар бойынша, Аль-Хасан бин Али, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын былай деді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөздерінен мен мыналарды есімде сақтап қалдым: «Бүкіл күмән келтіретін нәрселерді таста да, күмән келтірмейтін нәрселерге бұрыл.» Ат-Тирмизи «Жақсы хадис деп келтіреді.

594. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Абу Бакр ас-Сыддықтың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, құлы болатын. Алым ретінде, ол құлдың алып келгенін жейтін. Бірде сол құл бір нәрсе алып келді де, Абу Бакр оны жеді, ал содан кейін ол: “Сен бұның не екенін білесің бе?”, - деді. Абу Бакр: “Бұл не?”, - деді. Ол: “Жахил заман кезінде, нашар балшы болсам да, бір адамға бал ашып оны алдайтынмын, сол адаммен кездесіп ол сенің жегеніңді берді”, - дегенде, Абу Бакр қолын аузына салып ішіндегінің бәрін құсып тастады[349]. Аль-Бухари.

 

595. Хабар бойынша,Нафиъаның айтуымен:

Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, мухажирлерге төрт мың дирхемнен тағайындағанда, өзінің ұлыны үшжарым мың дирхем тағайндайды, сонда одан: “Сен неге оның табысын азайттың, ол да алғашқы мухажилерден емес пе?”, - деп сұрады. Сонда ол: “Ол хижраны ата-анасымен бірге жасады, сондықтан хижраны өз күшімен жасағандармен теңесе алмайды”, – деп жауап берді. Аль-Бухари.

 

596. Хабар бойынша,Атыйа бин Урва ас-Саъди, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың құлы қайғы әкелер, деп жаман емес[350] нәрседен басын тртпайынша, тақуалардан болған дәрежеге жете алмайды. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы хадис”, деп келтіреді[351].

ТАРАУ

Адамдардың арасында бұзақылық көбейгенде және өнегеліктің төмендеген уақытында не болмаса харам, күмәнді істерге арбалудан және тағы басқаларынан діні үшін қорқып бөлектенудің тиімділігі жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«(Мухаммад, оларға:) Аллаһ жаққа жүгіріңдер. Сөссіз мен, оның тарапынан ашық ескертушімін, де» «Зәрят» сүресі, 50 аят.

 

597. Хабар бойынша,Саъд бин Абу Уаққас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.