Здавалка
Главная | Обратная связь

Аль-Бухари, Муслим. 10 страница



Расында, Аллаһ ізгіниетті, мұңсыз[352] және байқалмайтын[353] құлын жақсы көреді. Муслим.

598. Хабар бойынша,Абу Саъид аль Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бір адам Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһтың елшісі, адамдардың ішіндегі ең жақсысы кім болады?”, - деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Аллаһ жолында өзін де, дүниесін де аямай күрескен мүмин”, - деп жауап берді. Ол адам: “Ал одан соң ше?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Одан кейін – таудың бір шатқалында өзінің Раббына құлшылық ететін мүмин[354]”, - деп жауап берді.

Бұл хадистің басқа бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

…Аллаһтан қорқып[355] және адамдарды өзінің көрсете алатын жамандығынан босатып[356]. Аль-Бухари, Муслим.

599. Хабар бойынша,Абу Саъид аль Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жақын арада, дініне зиян тиуден қорқып таудың жаңбырлы сайларында қойын бағып жүретін мұсылман үшін, қой ең жақсы дүние болатын заман келеді. Аль-Бухари.

 

600. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

“Аллаһ қай бір пайғамбарды жібермесін, ол әлбетте қой баққандардан болатын.” Сонда одан сахабалары: “Ал сен ше?”, - деп сұрағанда, ол: “Иә, мен де оны меккеліктер үшін бірнеше каратқа баққанмын[357]”, - деді. Бухари.

 

601. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өмір сүрудің жақсы үлгісі болып, Аллаһ жолында атының тізгінін бекем ұстап, қай жерден жан түршігерлік шу шықса[358] сол жерге қарай соғыс іздеп не болмаса өлімді табатын жерінен өлім іздеп[359], ұшатын (яғни шабатын) адамның өмірі жатады. Не болмас (жақсы өмір үлгісіне), өзінің азын-аулақ қойларымен сол биіктіктерде немесе жазықтықтарда, өзінің намазын оқып, зекетін төлеп, өзінің Раббына өлім келгенше құлшылық етіп, ал адамдармен тек қана игілікті істерімен ғана араласатын адамның өмірі жатады. Муслим.

ТАРАУ

Адамдармен араласқанның, олардың жұма

және басқа да жамағатпен оқылатын

намаздарға және білім беретін және Аллаһты еске алатын мерекелерге және жиналыстарға қатысуы, аурулардан көңіл сұрау, жерлеу рәсімдеріне қатынасу, оларыдың ішіндегі мұқтаждарға көмектесу, олардың ішіндегі қараңғыларына тура жолды көрсету және адамдардың мүддесіне қатысты басқа да жақсы амалдарды орындау, дұрыс жолға шақырып, бұрыс жолдан қайтаратын адамдардың өздерінің басқа адамдарға жамандық көрсетпеулері және оларға жасалған әділетсіздікте шыдаудың дәрежесі жайлы.

Жоғарыда айтылған қарым-қатынасты ұстану, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және басқа пайғамбарладың да, оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және де діндар халифтердің, басқа да сахабалардың, ізбасарлардың, мұсылман ғалымдарының және мұсылмандар арсындағы жақсыларының, жоғары дәрежелі жолы болып табылатындығын біл. Бұндай өмір салтын ізбсарлар және одан кейін келгендер ұстанған және оның міндеттілігін имам аш-Шафиъи және имам Ахмад, және басқа да фақихтер (ғұламалар) нұсқаған, олардың бәріне Аллаһтың ризашылығы болсын.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер…» «Мәида» сүресі, 2 аят.

Менің айтқандарыма қатысты басқа да көптеген аяттар бар.

 

ТАРАУ

Мойындаушылық және адамдарға қатысты жұмсақтық көрсету жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“Мүминдерден саған ергендерге қанатыңды жай” “Щұғара” сүресі, 215 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Әй мүминдер! Сендерден кім діннен шықса, Аллаһ жедел бір қауым әкеледі, Аллаһ оларды жақсы көреді және олар да Аллаһты жақсы көреді. Мүминдерге байланысты жұмсақ, кәпірлерге қарсы қатал…” “Мәидә” сүресі, 54 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ бір-бірлеріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында, Аллаһтың қасында ең жақсыларың, тақуаларың…” “Хұжрат” сүресі, 13 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“…Сондықтан өздеріңді өздерің ақтамаңдар. Ол кім тақуа екенін жақсы біледі.” “Нәжім” сүресі, 32 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Ағрафтағылар (бөгеудегілер) тозақтағы түрлерінен танығандарға: “Сендерге көптіктерің және менмендіктерің пайда бермеді ме?”, - деп айғайлайды. (Оларға Жәннәттағыларды көрсетіп): “Бұларға Аллаһтың рахметі тимеді, деп ант ішкен адамдарың емес пе? Жәннәтқа кіріңдер. Сендерге қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар”(, - делінеді.)” “Ағраф” сүресі, 48-49 аяттар.

602. Хабар бойынша,ЪИйада ьин Химар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, ешкім ешкімнің алдында мақтанбауы үшін және ешкім ешкімді жәбірлемес үшін, бой ұсынушылық ұстануы қажет екендігі жөнінде маған Аллаһтан аян келді. Муслим.

 

603. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Садақа еш уақытта байлықты азайтпайды, өзгелерді кешірушіге Аллаһ даңтан басқа еш нәрсе қоспайды, және Аллаһ үшін бой ұсынып (кішірейгенді), Ұлы Аллаһ Тағала әлбетте жоғарылатады. Муслим.

604. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын.

Бірде көшеде жиналған балалардың жанынан өтіп бара жатып сәлем берді де, сосын былай деді: “Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әрдайым осылай істейтін”.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.