Здавалка
Главная | Обратная связь

Аль-Бухари, Муслим. 4 страница



 

 

91 ТАРАУ

Насихатта орташалықты[400] ұстану жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“Адамдарды Раббыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр…” “Нахыл” сүресі, 125 аят.

699. Хабар бойынша,Абу Уайл Шакик бин Салам, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Ибн Масъудттың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, әр бейсенбі күндері адамдарға уағыз айтатын әдеті болатын. Бірде оған бір адам: “Иә Абу Абд ар-Рахман, сенің бізге күнде уағыз айтуыңды қалаймыз!”, - деді. Сонда Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Расында, мен сендерді жалықтырып жіберуді қаламаймын, мен сендерге насихатты жалықтырып жіберуден сақтанатын Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, насихатындай уағыздаймын”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

700. Хабар бойынша,Абуль-Йакзан Аммар бин Йасир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, адамның уағызын қысқартып, ал намазын ұзартуы, оның білімінің көрсеткіші, сондықтан намаздарыңды ұзартып уағыздарыңды қысқартыңдар. Муслим.

 

701. Хабар бойынша,Муъавиа бин аль-Хакам ас-Сулами, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге намаз оқығанымда, (сапта тұрғандардың) бірі түшкірді де мен: “Аллаһ саған рахым етсін!”, - дедім. Сонда маған адамдар айыптаушы көздерімен қарай бастады да мен: “Менен менің шешем айрылсын! Неге маған бұлай қарап жатырсыңдар?”, - дедім. (Осыны айтуым мұң екен) олар қолдарымен сандарын соға бастады да, мен олардың менен тынышталуды талап етіп жатқандарын түсінгенімде, оларға ашулы болсам да, сөйлегенімді қойдым. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің әкем мен шешем оған құтқару ақысы болғыр, намазын оқып болысымен, менімен сөйлесті, ал мен болсам бұрын-соңды ондай ақылшыны кездестірмедім! Аллаһтың атымен ант етемін, ол маған айқайламастан, мені ұрмастан және ұрыспастан жәй ғана: “Расында, бұл намаз уақытында адамдардың жәйда айтатын сөздерін сөйлеуге болмайды! Намаз – бұл тек қана Аллаһқты мақтап, мадақтау мен Құран оқу ғана!”, - деді, не болмаса осыған ұқсас сөздерді айтты. Содан соң мен оған: “Иә Аллаһтың елшісі жақында ғана мен пұтқа табынушылардан едім, ал артынан Аллаһ бізге Исламды сыйлады, бірақта әлі күнге дейін біздің арамызда көріпкелдерге баратындар бар”, - дедім. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ал сен оларға барма”, - деді. Мен тағы да: “Және біздің арамызда жаман ырымдарға сенетіндер де бар”, - дедім. Бұған ол: “Олар соған ұқсасты жүректерімен ғана сезінеді, бірақта бұл оларды тоқтатпау керек[401]”, - деді.

 

702. Хабар бойынша,аль-ЪИрбад ин Сарийа, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге уағыз айтып, оның сөздерінен біздің жүрегімізге қорқыныш ұялады, ал көздерімізге жас толды… Артынан бұл хадисті, “Сүннәтті әрдайым ұстану жайлы” тарауда, жеткізушінің аяғына дейін айтқанын келтіргенбіз. Бұл халисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

 

92 ТАРАУ

Абыройлық пен сыпайылық жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

“Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: “Сәлеметшілік”, деп дұрыс жауап береді”. “Фұрқан” сүресі, 63 аят.

 

703. Хабар бойынша,Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тамағындағы тілшігі көрінгенше аузын ашып күлгенін көрген емеспін. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

93 ТАРАУ

Намаз оқу үшін, білім алу үшін шақыру және осыған ұқсас құлшылық етуді абыроймен және сабырлы (асықпай) орындау жайлы.

 

704. Хабар бойынша,Абу Хурайры, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Намаздың басталуы жарияланып, (қамат түсірлгеннен кейін) оған жүгіріп келмеңдер, бірақта оған әдеттегі жүрістеріңмен келіңдер де, тыныштық сақтап (үлгерген ракағаттарыңнан бастап) намаз оқыңдар, ал үлгермегендеріңді артынан толтырасыңдар. Аль-Бухари, Муслим.

Ал бұл хадистің Муслим ғана келтірген нұсқасында, ол келесі сөздермен толықтырады:

…өйткені кез-келгендерің намазға қарай жүрген уақыттарыңнан бастап намазда саналасыңдар[402].

 

705. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Арафаттан бірге оралып келе жатқанымызда артымыздан айқау-шу, гүрсілдер мен түйенің өкіргенін естідік. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қамшысымен белгі берді де: “Иә адамдар, сендерге сабыр сақтау керек, өйткені игілік (тақуалық) асықпаушылықта аңғарылады. Бұл хадисті аль-Бухари толығымен келтірсе, Муслим бір бөлігін ғана келтіреді.

94 ТАРАУ

Қонаққа сый-құрмет көрсету жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Саған Ибраһимнің ардақты қонақтарының әңгімесі келді ме? Олар Ибраһимге кіргенде «Сәлем» десті. Ибраһим де оларға: «Сәлем бөгде қауым», - деді. Дереу үйіне барып семіз бір бұзау әкелді. Оны оларға жақындатып: «Жемейсіңдер ме?», - деді.» «Зәрят» сүресі, 24-27 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

“Қауымы оған жүгірісіп келді. Сондай-ақ олар бұрыннан да жаман істер істейтін еді. (Лұт:) “Иә халқым! Міне қыздарым, олар сендер үшін тағы таза. Енді Аллаһтан қорқыңдар! Қонақтарым жайында мені қорламаңдар. Іштеріңде бір де есті кісі жоқ па?”, - деді.” “Һұд” сүресі, 78 аят.

 

706. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кімАллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда қонағын жақсылап күтсін. Кімде-кімАллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда туысқандарымен қарым-қатынасын үзбесін. Кімде-кімАллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда жақсылықты сөйлесін не болмаса үндемесін. Муслим, аль-Бухари.

 

707. Хабар бойынша,Абу Шурайх Хувайлид бин Амр аль-Хузаъи, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

“Кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда сый ретінде қонағына құрмет көрсетсін.” Сонда адамдар: “Иә Аллаһтың елшісі, оның сыйының көлемі қандай болу керек?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Күн мен түн[403], ал қонақжайлықты үш күн ішінде көрсетуге болады, ал бұдан артығы ол үшін садақа саналады[404]”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

Ал бұл хадистің Муслим ғана келтірген нұсқасында Аллаһтың елшісінің оғн Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

“Мұсылманға өзінің бауырының үйінде, оны күнәғә апаратындай ұзақ қалуына болмайды”, - деді. Сонда адамдар: “Иә Аллаһтың елшісі, ол оны қалайша күнәғә апарады?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың иілігі мен сәлемі болсын: “Егер ол үй иесінің беруіне (қонақты күтуіне) ешнәрсесі қалмайынша қала берсе”, - деді.

 

 

95 ТАРАУ

Қуанышты хабар жеткізу

мен құттықтаудың керектігі жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“…сондай-ақ Аллаһқа ынтамен бой ұсынғандар, олар үшін қуаныш бар, сонда құлдарымды сүйіншіле. Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілестіңдер, міне солар, Аллаһ өздерін тура жолға салғандар…» «Зүмәр» сүресі, 16-17 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

“Оларды Раббылары өзінің мәрхеметімен және ризалығымен сондай-ақ тұрақты нығметке ие жәннәттәрімен қуантады.” “Тәубе” сүресі, 21 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Оны өте мүләйім бір ұлмен қуанттық” “Саффат” сүресі, 101 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Расында Ибраһимге елшілеріміз хош хабармен сәлем берді.“Худ” сүресі, 69 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Оның түрегеп тұрған әйелі күліп жіберді. Сонда оны Исхақ және артынан Яқұппен қуандырдық”“Худ” сүресі, 71 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Ол хұжырада намаз оқып тұрғанда, періштелер оған: “Расында, Аллаһ саған, Аллаһтан болған әмірді растаушы, ел ағасы, нәпсісіне ие, игілерден бір пайғамбар болатын Яхьямен қуанышқа бөлейді, - деп дуыстады.” “Әль Имран” сресі, 39 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Сол уақытта періштелер: “Иә Мериәм! Расында, Аллаһ сені өз тарапынан бір сөзбен қуантады; оның аты Мәсих…” “Әль Имран” сресі, 45 аят.

Ал хадистер жайлы айтатын болсақ олар көп және “Сахихтерден” белгілі. Олардың қатарына төмендегі хадистер жатады:

708. Хабар бойынша,Абу Ибраһим Абдуллаһ бин абу Ауф (сондай-ақ оның лақаб аты – Абу Мухаммад және Абу Муъайвиа, делінеді) , оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Хадишаны, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Жәннәттағы інжуден жасалған сараймен қуандырғанын жеткізді. Аль-Бухари, Муслим.

 

709. Хабар бойынша,Абу Муса аль-Ашъари, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен өз үйімде дәрет алып болысымен өз-өзіме: “Мен бүгін Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қызмет етіп күні бойы жанында боламын!”, - дедім. Сосын мен мешітке келіп, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жайлы сұрадым, ал адамдар маған: “Ол мына бағытта кетті”, - деді.

Абу Муса аль-Ашъари, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол сөзін былай жалғастырды:

Сосын мен ол туралы адамдардан сұрастырып, оның Бир Арис[405] деген жерде екендігін білгенше, оның артынан жүріп отырдым. Сонда мен қақпаның жанында Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің табиғи қажетін қанағаттандырып және дәрет алып болғанша күттім. Сосын мен оған қарай жылжыдам, келсем ол киімінің етегін тізесіне дейін көтеріп, аяғын құдыққа салып Арис құдығының жиегінің ортасында отыр екен. Мен Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, амандасып қайтадан қақпаның жанына келіп өз-өзіме: “Расында, мен бүгін Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қақпашысы болмын”, - дедім. Арада біраз уақыт өтісімен Абу Бакр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келіп қақпаны итерді. Мен: “Кім ол?”, -деп сұрадым. Ол: “Абу Бакр”, - деді. Мен: “Күте тұр”, - дедім де, өзім Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, барып: “Иә Аллаһтың елшісі, Абу Бакр кіруге рұқсат сұрап жатыр”, - дедім. Ол: “Кіргіз де, оны Жәннәт күтіп тұрғаны жайлы хабармен қуант!”, - деді. Сонда мен қайта оралып Абу Бакрге: “Кір және Аллаһтың елшісі сені Жәннәт жайлы қуанышты хабармен қуандырып жатқанын біл!”, - дедім. Абу Бакр кірді де, құдықтың сол жиегіне келіп Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оң жағынан дәл Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, секілді киімінің етегін тізесіне дейін көтеріп, аяғын құдыққа салып отырды, ал мен болсам қақпаға қайта оралып сол жерге келіп отырдым. Ал менімен ергісі келіп, бірақ ол дәрет алып жатқан уақытта айырылысқан менің бауырым жайлы айтатын болсам, ол туралы: “Егер Аллаһ пәленшеге игілік қаласа, онда ол оны осында алып келеді“, - деп, ойлап тұрғанымда бір адам келіп қақпаны итерді. Мен: “Кім ол?”, - деп сұрадым. Келген адам: “Омар бин аль-Хаттаб”, - деп жауап берді. Мен: “Күте тұр”, - дедім де, өзім Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: “Иә Аллаһтың елшісі, Омар кіруге рұқсат сұрап жатыр”, - дедім. Ол: “Кіргіз де, оны Жәннәт күтіп тұрғаны жайлы хабармен қуант!”, - деді. Сонда мен қайта оралып Омарға: “Кір және Аллаһтың елшісі сені Жәннәт жайлы қуанышты хабармен қуандырып жатқанын біл!”, - дедім. Омар кірді де, құдықтың сол жиегіне келіп Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сол жағынан аяғын құдыққа салып отырды, ал мен болсам қақпаға қайта оралып сол жерге келіп отырдым. Сонда мен тағы да өз-өзіме: “Егер Аллаһ пәленшеге игілік қаласа, онда Ол оны осында алып келеді“, - дедім. Арада біраз уақыт өтісімен бір адам келіп қақпаны итерді. Мен: “Кім ол?”, - деп сұрадым. Келген адам: “Осман бин Аффан”, - деп жауап берді. Мен: “Күте тұр”, - дедім де, өзім Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: “Иә Аллаһтың елшісі, Осман кіруге рұқсат сұрап жатыр”, - дедім. Ол: “Кіргіз де, оны ол қайғыға ұрынғаннан кейін, Жәннәтқа кіретіндігі жайлы айтып қуандыр!”, - деді. Сонда мен қайта оралып Османға: “Кір және Аллаһтың елшісі сені сен қайғыға ұрынғаннан кейін Жәннәтқа кіретіндігің жайлы қуанышты хабармен қуандырып жатқанын біл!”, - дедім. Сосын Осман кірді де құдықтың олар отырған жиегінде орынның жоғын көріп, оларға қарама-қарсы басқа жиегінен отырды.

Саъд бин аль-Мусайб былай деді:

Олардың құдықты жағалап отыруларының мәнісін, олардың қаза болғанынан кейін мазарда да қабырлері солай орналасады, деп жорыдым[406]. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің тек қана аль-Бухари келтірген нұсқасында Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын былай дейді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын маған қақпаларды (күзетуімді) бұйырды.

Және де хадистің осы нұсқасында Османды, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Жәннәтпен қуандырғанда ол, Аллаһқа мақтаулар айтып:“Жәрдемді тек қана Аллаһтан сұрау керек”, - деді, дегені келтіріледі.

 

710. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз арамызда Абу Бакр мен Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, бірнеше адамдармен отырған кезімізде, кенеттен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, орнынан тұрды да бізді тастап кетіп қалды. Ол бізге көп уақыт ішінде қайта оралмады да, біз не болып қалды екен деп уайымдай бастадық. Одан кейін бізді үрей биледі де, орнымыздан тұрдық. Мен болсам қорқып, бірінші болып оны іздеп шығып, ансарлардың бірінің бағының дуалына кезіккенімше жүрдім. Мен бақтың қақпаларын таба алмай дуалды айналып шыққанымда, бақтан тысқары жердегі құдықтан аққан жылғаның (баққа кіріп) дуалдың артында көрінбей кететінін байқадым. Сонда мен түлкі секілді бір уыс болып бүктеліп (сол тесіктен) бақтың ішіне кірсем Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сонда екен. Ол маған: “Абу Хурайра?”, - деді. Мен: “(Менмін), иә Аллаһтың елшісі”, - дедім. Ол: “Не болып қалды?”, - деп сұрады. Мен: “Сен біздің арамызда болдың да, сосын бізді тастап кетіп қалдың және көпке дейін оралмадың, ал біз болсақ саған не болып қалды деп, қорқа бастадық, ал мен бірінші болып қорқа бастадым. Сосын мен осы баққа кіріп түлкі секілді бүктеліп (ішіне кірдім), ал басқалары менің артымнан келе жатыр”, - дедім. Сонда ол: “Ия Абу Хурайра”, - деп маған өзінің сандалын беріп: “Менің сандалымды ал да барып осы бақтың сыртында кезіктірген кез келген, Аллаһтан басқа құдай жоқ, деп жүрегімен нық сеніп куәлік берген адамға, Жұмақты хабарлап қуандыр!”, - деді. Соңынан бұл хадисті (Абу Хурайра) аяғына дейін айтып келтірді[407]. Муслим.

 

711. Хабар бойынша,Ибн Шумаса, ол былай деді:

Біз Амр бин аль-Аспен[408], оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол жан тапсырар алдында бірге болдық. Оның дуалға бұрылып көп жылағаны соншалық, оның баласы оған: «Ия әкетай, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сені қуанышты хабармен қуандырмап па еді? Ия әкетай, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сені қуанышты хабармен қуандырмап па еді?», - дей бастады. Сонда ол бізге бұрылып былай деді: «Расында, (адамның Ахіретке) жинаған қорының ішіндегі ең жақсысы, Алаһтан басқа Құдай жоқ және Мухаммад – Аллаһтың елшісі, деген куәлік жатады. Расында, мен (өмірімнің) үш түрлі сатысынан өттім: (алдымен) мен менен артық Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаек көретін және ұстап алып оны өлтіруді қалайтын адам жоқ шығар, деп ойлайтынмын, ал егерде осындай күйде өлген болсам, онда мен Тозақ отының тұрғындарының ішінде болған болар едім. Аллаһ менің жүрегіме исламға деген махабатты кіргізген кезде, мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлмі болсын, келдім де: «Мен саған ант беруім үшін оң қолыңды бер!», - дедім. Сонда ол маған қолын созды да, ал мен болсам оған қолымды бермедім, сонда ол: «Саған не болды, иә Амр?», - деп сұрады. Мен: «Менің қойғым келетін шартым бар», - дедім. Ол: «Қандай шарт?», - деп сұрады. Мен: «Менің күнәләрімнің кешірілуі», - дедім. Сонда ол: «Ислам бүкіл алдыңғы күнәләрді, хижра алдыңғы күнәләрді, қажылық алдыңғы күнәләрді өшіретіндігі, саған мәлім емес пе?», - деді. Осыдан кейін мен үшін Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, артық жақсы көретін және одан жоғары қоятын адам болған жоқ. Менің оған деген құрметімнің тереңдігі соншалық, мен оның көзіне қарауға дәтім бармайтын, ал егер маған оны сүйреттеп берші десе, мен оны істей аламас едім, неге десең мен оған ешқашан тесіліп қараған емеспін, ал егер мен осындай күйде өлген болсам, онда Жәннәт тұрғындарынан болуға үміттенер едім. Ал одан кейін бізге берілген тапсырмаларының көптігі сонша, солардың кесірінен өзімнің қандай күйде екендігімді білмеймін! Ал мен өлгеннен кейін мені (мазараға) не (жоқтап) жылаушы, не от шығарып салмасын, ал мені жерлеген уақытта топырақты аз-аздан тастап көміңдер де, одан кейін менің қабырымның жанында түйені сойып оның етін таратуға қанша уақыт кететін болса сонша уақыт мен сендерге қуанып және Раббымның елшілеріне на жауап беретінімді көруім үшін тұра тұрыңдар[409]. Муслим.

 

 

96 ТАРАУ

Жолдастарыңмен қоштасу және онымен

ол сапарға аттанып қоштасқанда не болмаса басқа жағдайларда оған кеңес беру

және ол үшін Аллаһтан сұрап дұға жасау

және оның да сен үшін Аллаһтан сұрап дұға жасауы жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“Ибраһим бұны ұлдарына өсиет етті және Яқұп та: “Иә ұлдарым! Әрине Аллаһ сендер үшін осы дінді ұнатты, сондықтан сендер нағыз мұсылман болып өліңдер”, - деді. Яқұпқа өлім келген сәтте, балаларына: “Неменеге құлшылық қыласыңдар?”, - дегенде, бар ма едіңдер? Сонда олар: “Сенің Құдайына, аталарыңның Құдайына: Исмаил, Исхақтың бр-ақ Құдайына құлшылық қыламыз. Сондай-ақ Соған бой ұсынамыз”, - деген еді.” “Бақара” сүресі 132-133 аяттар.

 

Ал хадистер жайлы айтатын болсақ, оларға келесі хадистер жатады:

 

712. Зайд бин Аркамның, оған Аллаһтың ризашылығ болсын, «Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанұясына құрметтеу жайлы тарауында», хабарлаған хадисте, Аль-Аркамның былай дегені келтіріледі:

Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Меке мен Мединаның арасындағы судың бастауы Хумда болған уақытта, ол орнынан тұрды да бізге хұтпа айта бастады. Ол Аллаһқа мақтау айтып, оған шүкірлік айтып болған соң, адамдарға уағыз айтып естеріне сала бастады![410] Сосын ол былай деді: «Содан соң: «Иә адамдар, расында, мен - тек адам ғанамын, жақын бір күндерде маған менің Раббымның елшісі келеді де мен оны қабыл аламын![411] Сендерге артымнан екі асылды қалдырамын. Олардың біріншісі өзіне басшылық пен нұрды сіңірген Аллаһтың Кітабы, сондықтан оның айтқанымен жүріңдер және оны мықты ұстаныңдар!», - деді де, адамдарды Аллаһтың Кітабымен жүруге шақырып, оларды оған ынталандыра бастады. Содан соң ол: «Ал екінші асыл ол, менің жанұямның мүшелері болып табылады, мен сендерге Аллаһтың, менің жан ұямның мүшелеріне қатысты айтқан әмірлерін естеріңе саламын, мен сендерге Аллаһтың, менің жан ұямның мүшелеріне қатысты айтқан әмірлерін естеріңе саламын![412]», - деді. Муслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.