Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 19 страница



 

1434. Хабар бойынша,Абу Мусы аль-Аш'ари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзінің Раббын еске алушы мен өзінің Раббын еске алмаушы тірі мен өлі секілді. Аль-Бухари.

Бұл хадистің Муслим келтірген басқа нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Аллаһты еске алушы үй мен Аллаһты еске алмайтын үй тірі мен өлі секілді.

 

1435. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала айтты: Мен туралы Менің құлым қалай ойласа, сондай боламын[753], Сондай-ақ ол Мені еске алған уақытта онымен біргемін[754], егер ол Мені іштей еске алса, онда Мен де оны іштей еске аламын, ал егер ол мені басқа адамдардың қауымында еске алса, онда Мен оны, олардан жақсырақ (қауымның) арасында еске аламын[755]. Аль-Бухари, Муслим.

 

1436. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аль-муффарридуна озып кетті», - деді. Адамдар. «Кім ол «Аль-муффарридуна», деген?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл Аллаһты жиі еске алушы еркектер мен әйелдер», - деді. Муслим.

 

1437. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Еске алудың (зікірдің) жақсысына: «Лә иләһә иллә-Ллаһу» сөздері жатады. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1438. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Буср, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам: «Иә Аллаһтың елшісі, расында Исламның үкімдері мен үшін көп[756], маған мен бекем ұстана алатын бір нәрсе айтшы», - деп сұрады. Оған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сенің тілің тыным таппастан Аллаһты еске алумен шұғылдансын», - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1439. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім: «Аллаһқа мадақ және Оған Мақтау» /Субхана-Ллаһи ва би-хамди-һи/, - деп айтса, оған Жәннәтта пальма отырғызылады. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1440. Хабар бойынша,Ибн Мас'уд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзімнің миғраж сапарымда Ибраһимді кездестіріп, ол: «Иә Мухаммад, өзіңнің үмметіңе менің сәлемімді айтып, Жәннәттә жердің - игілікті, ал судың – тәтті, сондай-ақ Жәннәттің - жазық дала, ал онда отырғызылған өсімдіктердің «Субхана-Ллаһи», «Әль-хамду ли-Ллахи», «Ля иляха илля-Ллаһу» және «Аллаху Акбар)», екендігін жеткізе бар», - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1441. Хабар бойынша,Абу Дарда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардан: «Сендерге сендердің Қожайындарыңның (Раббыларыңның) алдында ең жақсы және ең таза, сондай-ақ ол арқылы сендер ең көп жоғарылайтын, сондай-ақ сендер үшін алтын мен күміс таратқаннан жақсы болатын, сондай-ақ олар сендердің бастарыңды, ал сендер олардың бастарын шабатын дұшпандарыңмен кездескеннен де жақсы саналаты амалдарың жайлы айтайын ба?[757]», - деп сұрады. Олар: «Әрине!», - деді, сонда ол: «Бұл Аллаһ Тағаланы еске алу (зікір ету)», - деді. Бұл хадимсті ат-Тирмизи келтіреді, ал аль-Хким Абу Абдуллаһ: «Хадистің иснады сенімді», - деді.

1442. Хабар бойынша,Саъад бин Абу Уаққас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде ол Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алдында жатқан (жемістің) сүйектерімен[758] Аллаһқа мақтаулар айтып отырған әйелге кірдік. Бұны көрген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мен саған бұдан жеңіліне (жақсысына) нұсқаймын: «Аллаһқа Оның көктегі жаратылыстарының санындай мадақ, сондай-ақ Аллаһқа Оның жердегі жаратылыстарының санындай мадақ, сондай-ақ Аллаһқа Оның жер мен көктің арасындағы жаратылыстарының санындай мадақ, сондай-ақ Аллаһқа Оның жаратқан және жарататын жаратылыстарының санындай мадақ» /Субхана-Ллаһи 'адада ма халяқа фи-с-сама'и, ва субхана-Ллаһи 'адада ма халяқа фи-ль-арди, ва субхана-Ллаһи 'адада ма байна заликя, ва субхана-Ллаһи 'адада ма хува Халиқун/, - де – сондай-ақ мына сөздер туралы да соны айт: «АллаҺу Акбар», «Әль-хамду ли-ЛлаҺи», «Ля иляһа илля-Ллаһу», «Аллаһтың күш қуатына жететін күш-қуат жоқ» /Ля хауля ва ля қувватта илля би-Ллаһи/ және Аллаһқа Оның жаратқан және жарататындарының санындай мадақ», - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1443. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: «Саған Жәнәттің қазыналарының біріне нұсқайын ба?», - деді. Мен: «Әрине, иә Аллаһтың елшісі!», - дедім. Сонда ол маған: «Бұл: «Аллаһтың күш-қутына жететін күш-қөуат жоқ» /Лә хәулу уә лә қуата иллә би-Ллаһи/, - деген сөздер», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Аллаһты тұрып, отырып, жатып, сондай-ақ дәретсіз және ғұсылсыз және де қайыз (етеккір) уақытында, Құран оқымай, еске алу жайында, өйткені Құранды ғұсылсыз жүніп жағдайда және қайыз уақытында оқуға болмайды.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Шексіз көктердің және жердің жаратылуында түннің және күндіздің өзгеруінде әлбетте ақыл иелері үшін дәлелдер бер. Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып Аллаһты еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: “Раббымыз, Сен бұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді Өз азабыңнан сақта!”» «Аль-Имран» сүресі, 190-191 аяттар.

 

1444. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ Тағаланы әр дайым есіне алатын[759]. Муслим.

 

1445. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер сендерден кім әйелімен қосылмақшы болып: «Аллаһтың атымен, иә Аллаһ, бізді шайтаннан алыстат және шайтанды бізге нәсіп еткеніңнен алыстат» / Би-сми-Ллаһи, Аллаһумма, джанниб-на-ш-шайтана ва джанниби-ш-шайтана ма разақта-на!/[760]», - десе, егерде сендерге (осы түнде) перзентті болу нәсіп етілсе, онда шайтан оған тиісе алмайды. Аль-Бухари, Муслим.

 

ТАРАУ

Ұйықтар алдында және жатар алдында не деу керектігі жайында.

 

1446. Хабар бойынша,Хузайфа мен Абу Зарр, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ұйықтар алдында: «Сенің есіміңмен, иә Аллаһ, мен өлемін[761] және тірілемін» /Би-сми-кя, Аллаһумма, амуту уа ахйа/[762], - дейтін де, ал оянғанда: «Бізді өлтірген соң қайта тірілткен Аллаһқа шүкір, сондай-ақ біз Оған ораламыз!» /Әль-хамду ли-Ллаһи аллязи ахйа-на ба'да ма амата-на ва иляй-һи-н-нушуру/[763], - дейтін. Аль-Бухари.

 

ТАРАУ

Аллаһты еске алатын жиылыстардың қасиеті және олардан себепсіз кетіп қалуға болмайтындығы жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғындармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін қалап көзіңді басқаға аударма…» «Қеһф» сүресі, 28 аят.

1447. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһтың, көшелерде Аллаһты еске алумен шұғылданып жатқан адамдарды іздейтін, періштелері бар, олар Ұлы Аллаһ Тағалыны еске алып жатқан адамдарды табысымен, бір біріне: «Іздеп жатқандарыңа келіңдер!», - дейді. Сосын олар ондай адамдарды қанаттарымен қоршап төменгі көке дейін жоғарылайды, ал адамдар Аллаһты еске алуды аяқтасымен жоғары көтеріледі, сонда олардың, олардан бәрін жақсы Білуші Раббы: «Менің құлдарым не деп жатыр?», - деп сұрайды. Періштелер: «Олар Сені мадақтап және Саған мақтаулар айтып жатыр», - дейді. Сонда Аллаһ: «Ал олар Мені көріп пе?», - деп сұрайды. Періштелер: «Жоқ, Аллаһтың атымен ант етеміз, олар Сені көрмеді!», - деп жауап береді. «Ал олар Мені көрсе не болар еді?», - деп сұрайды. Періштелер: «Егер олар Сені көрсе, онда Саған одан да адал ынталы құлшылық етер еді және Саған мадақ, мақтауларын көбейтіп, шүкірліктерін жиілетер еді», - деп жауап береді. Сонда Аллаһ. «Олар Менен не сұрап жатыр?», - деп сұрайды. Періштелер. «Олар Сенен Жәннәт сұрап жатыр», - деп жауап береді. Аллаһ: «Ал олар оны көріп пе?», - деп сұрайды. Періштелер: «Жоқ, Аллаһтың атымен ант етеміз, иә Раббым, олар оны көрмеді!», - деп жауап береді. Аллаһ: «Ал егер олар, оны көрсе не болар еді?», - деп сұрайды. Періштелер: «Егер олар оны көрсе, онда оған бұдан да қатты тырмысар еді және оған бұдан да қатты талпынар еді, сондай-ақ оны бұдан да қатты қалар еді», - дейді. Аллаһ: «Ал олар неден қорған сұрайды?», - деп сұрайды. Періштелер: «Тозақтың отынан», - дейді. Аллаһ: «Ал олар оны көріп пе?», - деп сұрайды. Періштелер: «Жоқ Аллаһтың атымен ант етеміз, Иә Раббым, олар оны көрмеді!», - дейді. Аллаһ: «Ал егер олар оны көрген болса не болар еді?», - деп сұрайды. Періштелер: «Егер олар оны көрсе, онда оған түспеуге одан қатты тырысар еді және одан, одан да қатты қорқар еді», - дейді. Сонда Аллаһ: «Оларды кешіргенім жайында, сендерді куәлікке шақырамын!», - дейді. Сонда періштелердің бірі: «Олардың ішінде оларға қатысы жоқ біреу бар, ол өзінің шаруасымен ғана келген», - дейді. Сонда Аллаһ: «Олар – жолдастары қапыға душар болмайтын адамдар!», - дейді.Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, арқылы Муслим келтірген нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

Расында, Аллаһтың жер бетін кезіп, Аллаһты еске алушы жиындарды іздейтін періштелері бар, сонда олар адамдар Аллаһты еске алушы жиындарды табысымен, олардың арасына отырады да бір бірін қанаттарымен жер мен төменгі көктің арасын толтырғанша қоршайды. Ал олар тараған кезде періштелер жоғарылап көкке көтеріледі, ал бәрін періштелерден жақсы білуші Құдіретті Ұлы Аллаһ, олардан: «Сендер қайдан келдіңдер?», - деп сұрайды. Сонда олар: «Біз Сенің жердегі Сені мадақтаушы, сондай-ақ Сені мәртебелеуші және Сенен басқа құдай жоқ, деп куәлік беріп , сондай-ақ Саған мақтауларын айтып және Сенен тілек сұраушы, құлдарыңнан келдік», - дейді. Аллаһ: «Олар Менен не сұрап жатыр?», - дейді. Періштелер: «Олар Сенен Сенің Жәннәтіңді сұрап жатыр», - дейді. Аллаһ: «Ал олар Менің Жәннәтімді көрді ме?», - деп сұрайды. Періштелер: «Жоқ, иә Раббым менің», - дейді. Аллаһ: «Ал егер олар Менің Жәннәтімді көрсе не болар еді?», - деп сұрайды. Періштелер: «Сондай-ақ олар Сенен қорған сұрайды», - дейді. Аллаһ: «Олар Менен неден қорған сұрайды», - дейді. Періштелер: «Сенің Тозағыңның отынан», - деді. Аллаһ: «Ал олар Менің Тозағымды көрді ме?», - деп сұрайды. Періштелер: «Жоқ», - дейді. Аллаһ: «Ал егер олар Менің Тозағымды көрсе не болар еді?», - деп сұрайды. Періштелер: «Сондай-ақ Олар Сенен кешірім сұрайды», - дейді. Сонда Аллаһ: «Мен оларды кешірдім және оларға сұрағандарын бердім және оларды сұрағандарынан қорғадым!», - дейді. Осы кезде періштелер: «Раббым менің, олардың арасында Сенің күнәһәр, олардың жанынан жәй өтіп бара жатып отыра кеткен құлың бар», - дейді, сонда Аллаһ: «Мен оны да кешірдім өйткені олар – жолдастары да қайғыға ұшырамайтын адамдар!», - дейді.

 

1448. Хабар бойынша,Абу Хурайра, мен Абу Саһид оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдар Құдіретті Ұлы Аллаһты еске алып қай-бір жерде жиналмасын, оларды міндетті түрде періштелер қоршайды да, оларды мейірім жауып, оларға тыныштық түседі және оларды Аллаһ Өзінің жанындағылардың арасында еске алады. Муслим.

 

1449. Хабар бойынша,Хузайфа мен Абу Зарр, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар былай деді:

Бірде Ааллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдармен мешітте отырған кезінде, онда үш адам келді. Олардың екеуі Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанына келді де, біреуі кетіп қалды. Ол екеуі Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанында тұрды, олардың бірі бос орын көрді де сонда барып отырды, ал екіншісі оның артынан отырды, ал үшіншісі болса кетіп қалды. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол адамдармен сөйлеп болған соң: «Сендерге осы үшеулер жалы айтайын ба? Олардың бірі Аллаһтан пана іздеді де, Аллаһ оған пана берді[764], ал басқасы жайлы айтатын болсақ ол ұялды да, Аллаһ та одан ұялды[765], Ал үшінші болса бұрылып кетті де, Аллаһ та одан бұрылды», - деп айтты. Аль-Бухари, Муслим.

 

1450. Хабар бойынша,Саъид аль-Худри, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар былай деді:

Бірде Муъауийа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, мешітте жиылып отырған адамдарға келіп: «Сендерді бұл жерде отырыуға не мәжбүрлеп жатыр?», - деп сұрады. Олар: «Біз Аллаһты еске алу үшін жиналдық?», - деді. Муъауийа: «Сонда сендер осы жерде Аллаһты еске алу үшін ған отырмыз, деп ант бере алсыңдар ма?», - деп сұрады. Олар: «Бізді шынымен-ақ бұл жерде отыруға одан басқа ештеңке тоқтатпайды!», - деді. Муъауийа: «Расында мені сендрге ант беруді өтінгенім, сендерді басқа іспен айналысып жатыр, деп күдіктенгенім емес. Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанында мен сияқты орын алғандардың ішінде, ол туралы адамдарға менен аз ешкім айтпаған[766], дегенмен қазір сендерге (мынаны айтып бермекшімін), бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің сахабаларының жиылысына келіп. «Сендерді бұл жерде отыруға не мәжбүрлеп жатыр?», - деп сұрады. Олар: «Біз Аллаһты еске алып, Оның бізді Исламға кіргізгеніміз үшін мақтаулар айту үшін жиналдық», - деді. Ол: «Сонда сендер, осында сол үшін ған отырғандарыңа ант бере аласыңдар ма?», - деп сұрады. Олар: «Аллаһтың атымен ант етеміз, бұл жерге жиналғанымыздың себебі, тек сол ғана!», - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, менің сендердің ант берулеріңе, сендерді басқа бір істі (жасауға жиналғандарыңа) күдіктенгенмнен емес, бірақ маған Жебірейіл келіп, Аллаһ сендерді періштелердің алдында мақтан тұтады», - деді. Муслим.

 

 

ТАРАУ

Аллаһты таң ертең және кешке еске алу жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыңа ішіңнен жалбарына қорыққан түрде бәсең сөзбен ертелі-кеш зікір ет. Сондай-ақ қаперсіздерден болма» «Ағраф» сүресі, 205 аят.

Араб тілінің білгірлері: «асаль» сөзі «асыль» (кеш, ымырт, қас қарайған кез) сөзінің көпше түрі болып табылады, сондай-ақ бұл – асыр намазы мен ақшам намазының арасындағы уақыт, дейді.

Аллаһ Тағала айтты:

«Күн шығудан бұрын да, батудан бұрын да Раббыңды мақтай пәкте» «Та ха» сүресі, 130 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Ертелі-кеш күніңнің жарылқауын тіле. Раббыңды дәріптеп мақта.» «Ғафыр» сүресі, 55 аят.

Араб тілінің білгірлері: «аль-'аши» (кеш) сөзі, күн батуға еңкейіп ол батқанша созылатын уақыт аралығы, дейді.

Аллаһ Тағала айтты:

«(Бұл нұр) Аллаһтың жоғары бағаланып, ішінде Өз атының зікір етілуіне бұйырған үйлерде болады. Онда ертелі-кеш Оны дәріптейді. Өздерін сауда-саттық, Аллаһты зікір етуден (еске алудан) намазды орындаудан, зекет беруден тоспайтын адамдар бар…» «Нұр» сүресі, 36-37 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

«Рас, оған[767] тауларды бағындардық. Олар онымен бірге іңірде әрі сәскеде Аллаһты дәріптейтін еді.» «Сад» сүресі, 18 аят.

 

1451. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Таң ертең және кешкежүз реттен: «Аллаһқа мадақ пен Оған мақтаулар» /Субхана-Ллаһи ва би-хамди-һи!/[768], - деген, Ахірет күні өзімен бірге, ол сияқты айтқандарды, не соған бір нәсре косып айтқандарды есептемегенде, ешкім одан артық ешнәрсе алып келе алмаған балады. Муслим.

 

1452. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бір адам Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, кеше түнде мені шаққан шаяннан, менің қалай қиналғанымды білсең ғой!», - деді. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, егер сен жатар алдында: «Аллаһтың кәміл сөздеріне, Оның жаратылыстарынан сыйынамын» /А'узу би-кялимати-Лллаһи-т-таммати мин шарри ма халәқа/[769], - десең, ол саған зиян келтірмес еді!», - деді. Муслим.


1453. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң ертең әдетте былай деп айтатынын жеткізді:

«Иә Аллаһ, Сенің көмегіңмен таң атқанша өмір сүрдік, сондай-ақ Сенің көмегіңмен кеш батқанша өмір сүрдік, Сенің көмегіңмен өмір сүреміз, сондай-ақ Сен біздің өмірімізді аласың және Саған ораламыз»/Аллаһумма, би-кя асбахна, уә би-кя амсайна, уә би-кя нахйа, уә би-кя намуту ва иляй-кя-н-нушу-ру/,ал кешке жақын былай дейтін: «Иә Аллаһ, Сенің көмегіңмен кеш батқанша өмір сүрдік, Сенің көмегіңмен өмір сүреміз, сондай-ақ Сен біздің өмірімізді аласың және Саған ораламыз» /Аллаһумма, би-кя амсайна, ва би-кя нахйа, ва би-кя намуту уә иляй-кә-н-нушуру/[770]. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1454. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Абу Бакр ас-Сиддиқ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Иә Аллаһтың елшісі, маған таң ертең және кешке қандай сөздер айту керек, соны айтшы», - деді. Пайғамбар, Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: ««Иә Аллаһ, жер мен көктің Жаратушысы, ғайып пен анықты білуші, бәрінің Раббы мен Қожасы, Сенен басқа құдай жоқ, деп куәлік беремін, сондай-ақ Өзіңе өзімнің нәпсәмнен және шайтанның зұлымдығы мен тұзағынан Сыйынамын» /Аллаһумма, Фатыра-с-самаууати уа-ль-арди, 'Алима-ль-ғайби уа-ш-шахадати, Рабба кулли шай'ин уа Малика-һу, ашһаду аллә иляһа иллә Анта, а'узу би-кя мин шарри нафси уә шарри--ш-шайтани ва ширки-һи/[771], - де», - деді. Сосын Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл сөздерді таң ертең, кешке және төсекке жатарде айт», - деді.Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

1455. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кеш түсісімен әдетте былай дейтін: “Бізге және Аллаһтың иелігіндегі барлығына кеш түсті, Аллаһқа мақтау, серігі болмаған бір Аллаһтан басқа құдай жоқ!” /Амсайна уә амса-ль-мульку ли-Ллаһи, уә-ль-хамду ли-Ллаһи, лә иләһа иллә Ллаһу уахда-һу ля шәрикә лә-һу!/

Бұл хадисті жеткізуші былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл сөздермен қоса және былай айтты деп ойлаймын: "«Ол билік иесі, Оған Мадақ, және Ол бәрін істей алады. Раббым менің, мен Сенен осы түнде болатынның және осы түннен кейін болатынның игілігін сұраймын, сондай-ақ Саған осы түнде болатынның және осы түннен кейін болатынның зұлымдығынан сыйынамын! Раббым менің, Саған ықылассыздықтан және қаусаған кәрілкке (түсуден) сыйынамын. Раббым менің, Өзіңе Тозақ оты мен қабір азабынан сыйынамын!» /Ля-һу-ль-мульку, уә ля-һу-ль-хамду ва һууа 'аля кулли шай'ин қадирун. Рабби, ас'алю-кя хайра ма фи һазиһи-ль-ляйляти, уә хайра ма ба'да-һа! Рабби, а'узу би-кя мин аль-кәсәли, ва су'и-ль-кибари, Рабби, a'зу би-кя мин 'азабин фи-н-нари, уә 'азабин фи-ль-қабри!/ Сондай-ақ таң атқанда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дейтін: «Бізге және Аллаһтың иелігіндегі барлығына таң атты…” /Асбахна уә асбаха-ль--мульку ли-Ллаһи…/[772] Муслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.