Здавалка
Главная | Обратная связь

Кету керектігі жайында. 1 страница



 

Аллаһ Тағала айтты:

«Қашан олар бос сөз естісе, одан бет бұрып: «Біздің ісіміз өзімізге сендердің істерің өздеріңе тән. Сендерге сәлем. Надандарды қаламаймыз», дейді» «Қасас» сүресі, 55 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Шынында, иман келтіргендер құтылады. Олар сондай мүминдер намаздарында іштей жалбарынады. Олар бос (сөздерден) нәрселерден аулақ болады» «Мүминун» сүресі, 1-3 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

«Өзің білмеген бір нәрсенің соңынан түспе. Расында құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады» «Ісра» сүресі, 36 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Аяттарымыз турасында олардың ажыуаға[835] кіріскенін көрген сәтте, басқа сөзге кіріскендеріне шейін олардан бет бұр. Егер шайтан саған ұмыттырса[836], есіңе түскеннен кейін залымдар тобымен бірге отырма!» «Әнғам» сүресі, 68 аят.

 

1528. Хабар бойынша,Абу-Дарда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бауырының намысын қорғағанның жүзін, Ахірет күні Аллаһ оттан қорғайды. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1529. Бұның алдында «Үміт жайлы» тарауда келтірілген ұзын хадисте Ъитбан бин Маликтің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Намазға тұрып Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын:«Мен мұнда көрмей тұрған Мәлік бин ад-Духшум қайда?», - деп сұрады. Бір адам: «Ол – Аллаһ пен Аллаһтың елшісін жақтырмайтын екіжүзді», - деді. Бұны естіген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Олай деме! Ол сенің көзіңше Аллаһтың дидарына талпынып: «Аллаһтан басқа құдай жоқ!», - деп айтпап па еді? Расында, Аллаһ, «Аллаһтан басқа құдай жоқ!», деп Аллаһтың дидарынан үміттеніп[837], айтқан әр бір адамды, Отқа харам (тигізбейтін) етті!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1530. Бұның алдында «Тәубе жайлы» тарауда келтірілген ұзын хадисте[838] Қаъб бин Маликтің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жайлы айтатын болсақ, онда ол Табукқа жетпейінше мені есіне алмады. Ал ол сол жерге жетіп адамдардың арасында отырғанда: "Ал Қаъб бин Малик не істеп жүр?", - деп сұрады. Бану салим руынан бір адам: "Иә Аллаһтың елшісі, оны онда екі киімі мен тәкәппарлығы ұстап қалды", - деді. Сол кезде Муъиз бин Жабал, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: "Сен нендей жаман сөз айттың! Аллаһтың атымен ант етемін, иә Аллаһтың елшісі, біз оның тек жақсылықтарын білеміз!", - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үндемеді. Аль-Бухари, Муслим.

ТАРАУ

Ғайбат (жаман) сөздердің қайсысын(не болмаса қай кезде)айтуға болтындығы жайында.

Ғайбат сөздерді айтудан басқа амал қалмаған кезде тек жақсылық үшін, сондай-ақ Шариғаттың үкімдеріне қарсы келмейтін жағдайларда ғайбат сөздер айтуға болатынын біл. Оған алты себеп болуы мүмкін:

БІРІНШІСІ: арыз беріп шағымданғанда. Басшыға, төрешіге, сондай-ақ басқа да билігі бар адамдарға не болмаса өзін ренжіткен адаммен төрелік жасап бере алатын адамға шағымдануға болады. Осындайда жәбірленуші: «Пәленше мені осындай сөздер айтып ренжітті», - деп айтуына болады.

ЕКІНШІСІ: Дұрыс емес істі орнына келтіру үшін не болмаса адасушыны ақиқат жолына салу үшін, осыны өзгертуге көмек көрсете алатын адамға: «Пәленше осылай істеп жатыр, оны тоқтат», - деген сияқты сөздерді айту жатады. Мұндайда айтушы адамның ниеті тек қана сол істі тоқтату үшін болу керек, ал олай болмаған жағдайда ондай сөздерді айтуға болмайды.

ҮШІНШІСІ: адамның мүфтиге: «Мені осындай істе әкем (не: ...ағам, не: ...жұбайым) ренжітті. Оның осыған хақысы бар ма? Осыдан қалай құтылып, менің ақым орнына келтіріледі және қасымшылықтан қалай құтыламын?», - деп, не болмаса осыған ұқсас сөздерді айтып, діни-хұқықты мәселеде пәтуә шығырып беруін өтіну. Қажет болған жағдайда осылай айтуға рұқсат, дегенмен: «Сен адамның (не болмаса: жұбайдың) осылай істегеніне не дер едің?», - деп айту дұрысырақ. Осылай айтып ешкімнің есімін атамастан-ақ мақсатқа жетуге болады, дегенмен жәбірлеушіні айтуға да болады, ол жайында Аллаһ Тағала жазса Хиндтің жеткізген хадисін айтып ораламыз.

ТӨРТІНШІСІ: Мұсылмандарды зұлымдықтан қорғау және оларға дұрыс ақыл айту үшін көптеген жағдайларда айтуға болады:

- хадистерді жеткізушілердің, сондай-ақ куәгерлердің сөзінде күмән болса, ондайларға тойтарыс беру керек болса. Барлық мұсылмандардың ойы бойынша, бұндай жағдайда айту парыз саналады;

- біреуге үйлену үшін, не болмаса онымен істес болу үшін, не болмаса, оған аманат тапсыру үшін, не болмаса онымен басқа да істер жүргізу үшін ақыл сұрағанда, ақыл айтушы тек қана игі ниетпен, ол адам жайлы еш нәрсесін жасырмай барлық кемшілітерін айтып беруі керек;

- шариғат заңдарын оқып жүрген адамның, таза емес адамға не болмаса дінге жаңалық енгізуші адамға барып, одан дін амалдарын үйреніп жүргенін көрсе; бұндай жағдайда ол оған жақсы ақыл айтып ол адамдардың жағдайын түсіндіру керек; бұл жерде оның ниеті шынымен-ақ жақсы ақыл айтуға ұмтұлуы тиісті, мұндай жағдайда қателік жасап алу қиын емес, өйткені айтып жатқан адамды көреалмушылық, не шайтан итермелеп, оған істеп жатқан ісін жақсы амал ретінде көрсетуі мүмкін, сондықтан ол ісін өзіне айқындап алсын;

- қолында билігі бар адам, ол орынға таза болмағанынан, не ақылы кем болғанының салдарынан, не болмаса басқа да себептермен лайық болмаған соң билігімен дұрыс үкім жүргізбесе; оны орнынан алып ол жерге басқа адамды тағайындау үшін, не болмаса ең азы оның қандай адам екендігін біліп оның айтқанына көніп алданып қалмас үшін, сондай-ақ оны дұрыс жолға салу үшін, не болмаса орнынан алып тастауы үшін айтуға болады;

БЕСІНШІСІ: біреу ашық түрде тыйым салынған амалдарды не болмаса дінде жоқ амалдарды орындап жатса, мысалыға, іс ашық шарап ішу жайында, адамдарға түрлі ауыртпалықтар салу жайында, заңсыз сауда салықтарын салу жайында, біреудің дүниесіне заңсыз қол салу жайында және басқа да жағымсыз істер жайында болса, осының бәрін ашық түрде жасап жатса айтуға болады, дегенмен бұған қатысы жоқ басқа кемшіліктері жайында айтуға болмайды.

АЛТЫНШЫСЫ: таныстыру; егер адам қай-бір лақап атымен белгілі болса, мысалыға, Соқыр, Ақсақ, Керең деген сияқты, онда оны осылай атауға болады, бірақ оны кемсіту үшін айтуға болмайды, сондықтан оны басқаша атауға болатын болса, солай атаған дұрысырақ.

Осы алты принципті, ғалымдардың көпшілігі бір ауыздан дұрыс санаған, ал осы принциптердің дұрыстығын растайтын хадистер жайлы айтатын болсақ олар белгілі. Олардың қатарына мына хадистер жатады:


1531. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам, Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кіруге рұқсат сұрағанда былай деді: «Кіргізіңдер оны, бірақ ол рулас ретінде нашар (адам)!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

Аль-Бухари бұл хадисті нашар және күмәнді нәрселер жайлы айтуға болатындығына дәлел ретінде келтіреді.

 

1532. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен пәленше мен пәленшенің біздің дінімізден бір нәрсені біледі, деп ойламаймын. Аль-Бухари.

Бұл хадисті деткізушілердің бірі болған Аль-Ляйс бин Саъд, былай деген: «Ол айтылған екі адам екіжүзділерден болатын».

 

1533. Хабар бойынша,Фатима бинт Кайс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын келіп: «Маған Абуль-Жаһм мен Муъауийа құда түсті (мені айттырды)», - дегенімде, ол: «Муъауия жайлы айтатын болсақ, ол – еш дүниесі жоқ кедей, ал Абуль-Жаъм жайлы айтатын болсақ, ол иығынан таяғын түсірмейді», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:«...Абуль-Жаһм жайлы айтатын болсақ, ол әйелдерді ұрады». Бұл айтылған сөздер Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын:«...ол иығынан таяғын түсірмейді», - деген сөздерінің түсіндірмесі болып табылады. (Дегенмен) бұл сөздер: ол көп сапарда болады, деген мағынаны да білдереді, деген де ойлар бар.

 

1534. Хабар бойынша,Зайд бин Аркам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға көп қиыншылықтар көруге мәжбүр болған жорықта[839], бірге болдық, сонда мен Абдуллаһ бин Убайдың[840]: «Аллаһтың елшісімен бірге болғандарға, олар оның жанынан қашып кеткенше еш нәрсе жұмсамаңдар!», - деп айтқанын және: «Расында, біз Мединаға оралсақ, ондағы мықтылары жексұрындарын қуып шығады![841]», - дегенін естідім. Осыдан кейін мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, болған жайдың бәрін хабарладым да, ол Абдуллаһ Ибн Убайға кісі жіберді, ал ол болса, олай айтқан жоқпын, деп ант бере бастады. Сонда адамдар: «Зайд Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алдады!», - деді. Осыдан кейін, Аллаһ Тағала былай деп басталатын сүре жібергенше, мен қайғыда болдым: «Саған екіжүзділер келген кезде: «Сені анық Пайғамбар, деп айғақ боламыз», - дейді. Сенің хақ Пайғамбар екеніңді Аллаһ біледі. Сондай-ақ Аллаһ, расында, екіжүзділердің мүлде суайт екендігіне куәлік етеді». Осы аяттар менің шыншылдығымды дәлелдеді. Сосын Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оларды, олар үшін Аллаһтан кешірім сұрау үшін шақырды, бірақ олар бұрылып кетті[842]. Аль-Бухари, Муслим.

1535. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Абу Суфианның әйелі Хинд, Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, Абу Суфиан – сараң адам, сондықтан мен одан оның рұқсатынсыз алмасам, маған мен үшін және менің балам үшін жетерліктей бермейді», - дегенінде, ол: «Әдетіңше[843], өзің үшін және балаң үшін жетерліктей ал», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

ТАРАУ

Бір адамның сөздерін екінші адамға олардың арасына от салу үшін жеткізіп өсек айтуға болмайтындығы жайында.

Аллаһ Тағала айтты:

«Әр-бір көп ант ішкен ынжықтарға бой ұсынба; Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да» «Қалам» сүресі, 10-11 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

«Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын[844]» «Қаф» сүресі, 18 аят.

 

1536. Хабар бойынша,Хузейфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өсекші жәннәтқа кірмейді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1537. Хабар бойынша,ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, екі қабірдің жанынан өтіп бара жатып, былай деп айтқанын естіген:

Расында, бұларды, үлкен күнәләр жасағандары үшін азаптап жатқан жоқ, дегенмен бұлардың әр-қайсысының күнәләрі ауыр: бұлардың бірі өсек тасыған болса, ал екіншісі өзінің несебінен сақтанбаған[845]. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде аль-Бухаридің нұсқаларының бірі беріліп тұр.

Ғалымдар былай деген:

«...бұларды үлкен күнәләр жасағандары үшін азаптап жатқан жоқ...», - деген сөздердің мағынасы, ол адамдар істеген істеріне немғұрйлы қарап, үлкен күнә санамаған.

Сондай-ақ оның үлкендігі - ол бұл істің оларға көрсеткен әсері саналады, делінеді[846].

1538. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерге «аль-ъадхтың» не екенін айтайын ба? Ол адамдардың арасында айтылатын өсек сөздер. Муслим.

«Аль-ъадх» - өтірік сөз, жала жабу.

 

 

ТАРАУ

Кесірлі істер мен соған ұқсас істердің адамдар арасында тарайтындығынан қорыққан істің басқасында, адамдардың сөздері мен әңгімелерін өкімет басшыларына[847] жеткізуге болмайтындығы жайында.

Аллаһ Тағала айтты:

«...Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер...» «Мәида» сүресі, 2 аят.

Бұл тарауға алдыңғы тарауда келтірілген хадистер де жатад

 

1539. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Менің сахабаларымнан маған олардың бірі (өздері) туралы еш нәрсе жеткізбесін[848], өйткені мен сендердің араларыңа тыныш жүрекпен шыққым келеді. Абу Дауд, ат-Тирмизи.

ТАРАУ

Екіжүзділікті айыптау жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Олар адамнан жасырса да, Аллаһтан жасыра алмайды. Аллаһ, олар түнделетіп, разы болмайтын сөз қылғанда[849] олармен бірге еді. Аллаһ олардың не істегенін бұлжытпай біледі.» «Ниса» сүресі, 108 аят.

1540. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендер адамдардың қазбалар[850] секілді екендігін көресіңдер, сонда олардың арсындағы жәһіл заманында жақсылары Исламда да жақсы болып дінде білушілердің қатарында болады. Сонда сендер, бұл тарапында, олардың арасындағы ең жақсылары бұны[851] жек көретінін көресіңдер, сондай-ақ адамдардың ең нашары бір бетімен, ал екіншісіне басқа бетімен көрінетін екі жүзділер екені аңғарасыңдар. Аль-Бухари, Муслим.

1541. Хабар бойынша,Мухаммад бин Зайдтың жеткізуімен:

Адамдар менің атам Абдуллаһ бин Омарға, оларға Аллаһтың ризвшылығы болсын: «Расында, біз басшыларымызға кіргенде, оларға айтатынымыз, олардан шыққан кездегі айтатынымздан өзгеше болады», - деді. Сонда ол: «Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кезінде біз мұндай істі екіжүзділік санайтынбыз!», - деді. Аль-Бухари.

 

ТАРАУ

Өтірікшілікке тыйым жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Өзің білмеген бір нәрсенің соңынан түспе…» «Ісра» сүресі, 36 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын.» «Қаф» сүресі, 18 аят.

 

1542. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, шыншылдық ізгілікке апарады, ал ізгілік Жәннәтқа апарады. Адам тек қана шындықты сөйлеп, соңында Аллаһ алдында шыншыл деп жазылады. Шындығында өтірікшілік күнәһарлыққа апарады, ал күнәһарлық тозаққа апарады. Адам өтірік сөйлеген сайын, соңында Аллаһ алдында суайт өтірікші деп жазылады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1543. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Анық екіжүздінің төрт белгісі болады, ал осы белгілердің бір болған, сол белгіден айырылмайынша екіжүзділіктің бір сипатымен белгіленген саналады. Ол белгілермен айқындалатындар, оған сеніп тапсырылғанда опасыздық танытады, сөйлегенде өтірік айтады, шарттасқанда шартты бұзады және жауласқанда күнә жасайды[852]. Аль-Бухари, Муслим.


1544. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

О дүниеде, көрмеген түсін көрдім, деп айтқанға екі дәннен түйін жасауға әмір беріледі де, ол оны орындай алмайды[853], Ахіретте адамдардың сөздерін, олар естуін қаламағанына қарамастан, жасырын тыңдағанның құлағына балқытылған қорғасын құйылады, ал (тірі жанды) бейнелеушіге, оған жан беруі міндеттеледі(, ал ол оны орындай алмайды.) аль-Бухари.

 

1545. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, түсінде көрмегенін көрдім, деп (көрмеген түсін) айтып беру, өтірік айтудың ең жаман түрлерінің біріне жатады. Аль-Бухари.

 

1546. Хабар бойынша,Самура бин Жундуб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің сахабаларынан: «Сендерден кім түс көрді?», - деп жиі сұрайтын да, оған Аллаһтың қалағанын айтып беретін де, бір күні таң ертең ол былай деді:

Расында, бүгін түнде маған екеу келіп: «Жүр!», - деді. Мен олармен бірге жүрдім де, біраз уақыттан кейін жерде жатқан бір адамға жолықтық. Ол адамның үстінен қолында тас ұстаған бір адам сол таспен басын соғып жарды да, басқа тиіп шетке домалаған тасты ұрушы қайта алып келгенше, тас басына тиіп, жарылғанның басы, баяғы қалпына келіп үлгереді, ал ұрушы қайтадан оның басынан ұрып, алғашқы істегенін қайталап жатты.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:

Мен: «Субхана-Ллаһи![854] Бұл екеуі кімдер?», - деп сұрадым, сонда олар: «Жүр, жүр!», - деді де, біз ары қарай кеттік. Біраз уақыттан кейін етбетімен жатқан адамға жолықтық. Ол адамның үстінде бір адам қолындағы ілгішімен аузының, танауының және көзінің бір шетінен іліп желкесіне дейін жиырып жатты. Сосын бетінің екінші жағына шығып бірінші жағында істегенін қайталап бетінің екінші шетін желкесне жиырып жатты. Екінші бетін жиыруын аяқтамастан бетінің бірінші бөлігі бәз баяғы қалпына оралып ол сол бетке қайта оралып алғаш жасағанын қайталады.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:

Мен: «Субхана-Ллаһи! Бұл екеуі кімдер?», - деп сұрадым, сонда ол: «Жүр, жүр!», - деді де, біз ары қарай кеттік. Біраз уақыттан соң пеш сияқты бір нәрсеге жолықтық.

(Осы жерде) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтты деп ойлаймын[855]: Оның ішінен айқай-шу естіліп жатты. Біз оның ішіне қарағанымызда, астарынан от жағылған жалаңаш әйелдер мен еркектерді көрдік, сонда астарындағы от оларға көтерілгенде олар айқайлап жатты. Мен: «Бұл адамдар кімдер?», - деп сұрадым, сонда ол: «Жүр, жүр!», - деді де, біз ары қарай кеттік. Біраз уақыттан соң бір өзенге келіп тоқтадық...

(Осы жерде) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтты деп ойлаймын:

...оның суы қан тәрізді қызыл болды. Бұл өзенде бір адам жүзіп жүрді, ал оның жағасында алдына жинаған тастарын үйіп қойған бір адам тұрды. Жүзіп жүрген адам бірер уақыт жүзіп жүрді де, сосын оған жанында тас жинап алған адам келді, сонда суда жүзіп жүрген оған аузын ашып, жағадағы оның аузына тас атқылады. Осының бәрінен кейін судағы тағы жүзе бастады. Сосын ол тағы да оған оралып, ал ол оралған сайын оның ашқан аузын таспен толтырып отырды. Мен: «Бұл адамдар кімдер?», - деп сұрадым, сонда ол: «Жүр, жүр!», - деді де, біз ары қарай кеттік. Біраз уақыттан соң, ұсқыны жиіркенішті (не: ...түрі одан жиіркенішті адамды сен кездестірген емессің) бір адамға келдік. Оның жанында от жанып жатты, ал ол болса сол отты айнала желпіп жүрді. Мен: «Бұл адамдар кімдер?», - деп сұрадым, сонда ол: «Жүр, жүр!», - деді де, біз ары қарай кеттік. Біраз уақыттан соң, көп ағаш және көктем гүлдерінің түгелі өскен бір баққа келдік. Бұл бақта басын көктердің арасынан әзер көрінетін үлкен бойлы адам бар екен, ал оның айналасына балалардың жиналғаны соншалық, мен бұрын соңды мұнша баланы көрген емес едім. Мен: «Бұл адамдар кімдер?», - деп сұрадым, сонда ол: «Жүр, жүр!», - деді де, біз ары қарай кеттік. Біраз уақыттан соң үлкен бір ағаштың жанына келдік, ол ағаштың үлкендігі мен әдемілігіндей ағашты мен бұрын соңды көрмеппін. Олар маған: «Көтеріл!», - деді де, біз ол ағаштың үстімен ғимраттары алтын мен күміс қыштан қаланған бір қалаға жеткенше көтерілдік. Біз ол қаланың қақпаларына келдік те, оның ашылуын сұрадық. Бізге қапалар ашылып ішіне кірдік. Онда бізге денелерінің жартысы адам көрмеген сымбатты болса, денелерінің екінші жартысы еш бір адам көрмеген ұсқынсыз болған адамдар жолықты. Менің серіктерім оларға: «Барыңдар да мына өзенге түсіңдер!», - деді. Ол қаланың ортасында суы аппақ болған өзен бар екен де, ол адамдар сол суға түсіп жатты. Суға түсіп болған соң ұсқынсыз жартылары әдеміленіп бізге оралды.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.