Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 22 страница



Осы хадисті Жәбір бин Самурадан жетькізуші Абд альМалик бин Умайр, былай деді:

Сосын мен ол адамды кәріліктен қасы көзіне түсіп, ал өзі болса жас қызмиеткер қыздардың жолын бағып, оларды қолдарынан ұстамқшы болған күйінде көрдім. Аль-Бухари, Муслим.

1506. Хабар бойынша,Урв бин аз-Зубайр, ол былай деді:

Кезінде Аруа бинт Аус, Саъид бин Зайд бин Нуфайләға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, қарсы Мурван бин аль-Хакамға Саъид оның жерін хақысыз басып алды деп, шағымданып, тартыс бастайды. Марванның сұрақтарына, Саъид былай дейді: «Мен Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, естіген соң, қалайша оның жерін басып аламын?!», - дейді. Марван: «Ал Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сен не естідің?», - деп сұрайды. Сонда Саъид: «Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ахіретте ақысыз алақан жер алғанның мойнына жеті жерден жиналғаны оралады», - дегенін естідім», - дейді. Марван: «Осыдан кейін мен сенен ешқандай дәлел талап етпеймін», - деді. Сонда Саъид. «Иә Аллаһ, егер ол өтірік айтқан болса, оның жанары сөнбейінше өлтірме және оны, өзінің жерінде өлтір!», - деді.

Урв сөзін былай жалғастырды:

Расында, ол соқыр болғанша өлмеді және бір күні өзінің жерінде келе жатып бір шұңқырға құлап жан тапсырды. Аль-Бухари, Муслим.

Муслим бұл хадистің Мухаммад бин Зайд бин Абдуллаһ бин Омар кеолтірген, мағынасы аз-Зубайрдың жеткізгенімен сәйкес келетін тағы бір нұсқасын келтіреді. Ол нұсқада Мухаммад бин Зубайрдың айтуымен,көзі соқыр болған сол әйел, үйлердің қабырғасымен жылжып отырып, өзі таласқан жердегегі құдықтың жанына келіп, сол құдыққа құлап түсіп, сол құдық оған мола болғандығы баяндалады.

1507. Хабар бойынша,Жәбір бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Ухуд соғысы болардың алдыңғы түнінде мені әкем шақырып алып былай деді: «Мен Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алдыңғы сахабаларының қатарында қаза боламын, деп ойлаймын, сондықтан, расында, менің өлімімнен кейін мен үшін Пайғамбарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, санамағанда, сенен басқа жақын ешкім қалмайды. Менің қарызым бар, оны төлеп таста және саған апаларыңа жақсы қарым қатынас жасауыңды өсиет етемін!». Ал таңертең ол, расында, бірінші қаза болды, алдымен мен оны бір адаммен бірге (бір қабірге) жерледім[813], бірақ оны басқаның жанында қалдыру маған ұнамағандықтан, алты айдан соң оның денесін (мәйітін) қазып алып басқа жерге бөлек жерлегенімде, оның құлағын есептемегенде, денесі сол жерлеген кезімдегі қалпында жатыр екен[814]. Аль-Бухари, Муслим.

 

1508. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларынан екі адам, қараңғы түнде «Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шыққандарында, олардың алдарынан жолдарына сәулесін шашқан шамға ұқсас екі нәрсе жарқырады, ал олар айырылысқанда олардың жарқырауықтары да екіге бөлініп, олар үйлеріне жеткенше (жол көрсетіп) жарқырауларын тоқтатпады. Бұл хадисті аль-Бухари түрлі нұсқалармен келтіреді. Олардың бірінде ол екі адам Усайд бин Худайр мен Аббад бин Бишр делінеді, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын.

 

1509. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, басшысы етіп Асим бин Сәбит аль-Ансариді, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, тағайындап, тыңшылыққа он адамды жорыққа аттандырады. Олар жолға шығып Усфан мен Меккенің арасындағы аль-Худата атты жерге жеткенде олар жайлы бану лихйан, деп атайтын хузайл руының адамдарына белгілі болады, сонда олардың ізімен жүз шақты садақшы мен сақпаншы аттанады[815]. Оларды байқасымен Асим мен оның жолдастары бір төбешікке бекінеді, ал ол адамдар оларды қоршап: «Түсіңдер де, беріліңдер, ал біз болсақ сендерді өлтірмейтінімізге уәде береміз!, - дейді. Бұған Асим бин Сәбит: «Өзім жайлы айтатын болсам, онда мен түспеймін де және кәпірдің рахымына берілмеймін! Иә Аллаһ, біз жайлы Өзіңнің Пайғамбарыңа хабарла!, - дейді. Сонда олар садақтарынан оларды атқылап Асимді өлтіреді, ал олардың үшеуі Хубайб, Зайд бин ад-Дасина және біреуі, олардың уәделеріне сеніп төмен түседі. Олар кәпірлердің қолына түскен соң, кәпірлер садақтарының адырнасын (жібін) шешіп алып, оларды байлап тастайды, сонда олардың арасындағы үшіншісі: «Бұл – бірінші опасыздық! Аллаһтың атымен ант етемін, мен сендерге қосылмаймын, өйткені мына өлтірілгендер мен үшін жақсы үлгі»!, - деді. Сонда кәпірлер оны күштеп сүйреп оны өздерне бағындырмақшы болды, ал ол олармен жүруге бағынбаған кезде, олар оны өлтіреді. Хубайб пен Зайд ад-Дасин жайлы айтатын болсақ, оларды Меккеге апарып құлдыққа сатып жібереді, бұл оқиға Бадр соғысынан кейін болған болатын. Хубйбты Бадр соғысында, Хубайбтың өзі өлтірген аль-Харис бин Амир бин Нуфаль бин Манафтың балалары сатып алады да, олар оны өлтіруге бел буғанша, аз уақыт тұтқын ретінде болады. Бұл туралы білген Хубайб денесінің түгін қыру үшін аль-Харситің қыздарының бірінен ұстара ала тұрады. Осы арада ұстара берген әйелдің кішкентай баласы ойнап жүріп, ол әйел байқамай қалған кезде Хубайбтың жанын келеді. Ол әйел баласын, қолына ұстара ұстаған Хубайб тізесне отырғызып алғанын көріп шошынғаны соншалық, Хубайб оны байқап қалады да: «Сен мені оны өлтіреді, деп қорқасың ба? Мен олай істемеймін!», - дейді. Сонда ол әйел: «Аллаһтың атымен ант етемін, мен Хубабтан жақсы тұтқын көрген емеспін! Сондай-ақ, Аллаһтың атымен ант етемін, бірде мен ол кісенге тұсауланған кезінде оның қолына бір шоқ жүзім ұстап жеп (отырғанын) көрдім, ал ол уақытта Меккеде ешкімде жүзім болмаған болатын!», - деді. Сондай-ақ ол әйел былай деді: «Расында, бұл – Аллаһтың Хубайбқа берген ризығы». Ал олар оны өлтіру үшін, харамның жерінен, өлтіруге болатын қашықтыққа алып шыққанда[816] Хубайб оларға: «Маған екі ракат намаз оқуға мүмкіншілік беріңдер», - дейді. Олар оған оны орындауға мүмкіншілік береді де, ол екі ракат намаз оқып болған соң: «Иә Аллаһ, егер мені қорқып жатыр, деп есептемегенінде, мен міндетті түрде қосар едім![817] Иә Аллаһ, олардың санын есепте де, оларды бірінен кейін бірін құрт және олардан ешкімді қалдырма!», - деді. Сосын ол: «Егер мен мұсылмен болып өлсем мен үшін Аллаһ жолында қалай өлсем де бәрі бір. Бұл – Аллаһ үшін, егер Ол қаласа, быт-шыт болған дененің буындарын игіліктейді», - деді. Сонымен, шыдамдық танытып және өлімінің алдында екі ракат намаз оқыған Хубайб, өлім жазасы күтіп тұрған әр-бір адам үшін орындайтын, екі ракат намаз оқу салтының алдын бастады. Ал Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болса, олар апатқа ұшыраған күні-ақ, олар жайлы өзінің сахабаларына хабарлады[818]. Ал кейбір құрайштар жайлы айтатын болсақ, олар Асим бин Сәбиттің өлімі жайлы естігеннен кейін оның өлген жеріне, оны нақ сол екенін көріп тану үшін, оның денесінен бір нәрсесін (кесіп) алып келулеріне әмір беріп, өздерінің адамдарын жібереді, өйткені Амир бұрын құрайыштардың белгілі адамдарының бірін өлтірген болатын, бірақ Аллаһ Асимнің денесіне ара секілді бір нәрсенің бұлтын жіберіп, ол (бұлт) оның денесінен қай бір нәрсені кесіп алуға бөгет жасайды. Аль-Бухари.

Бұл тарауға қатысты көптеген хадистерді осы кітаптың басқа тарауларында келтірдік, мысалыға, бақсы мен машайыққа барып жүрген жігіт туралы хадис[819], Журайдж жайлы хадис[820], үңгірдің ішінде аузын тас басып қамалып қалған адамдар жайлы[821] және бұлттың ішінен: «Пәленшенің бағын суғар», деген дауыс естіген адам жайлы хадис[822]. Сондай-ақ бұл тарауға байланысы көптеген меңзеулер бар, ал жетістікке тек Аллаһ әкеледі.

 

1510. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Омардың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бір нәрсе жайлы: «Расында, мен осылай болады», - деп айтқанын естісем, артынша шынымен-ақ ол қалай ойласа, дәл солай болатын. Аль-Бухари.

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН АМАЛДАР ЖАЙЛЫ КІТАП

 

ТАРАУ

Ғайбат (жаман) сөздерді айтуға болмайтындығы және тілге ие болу керектігі жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«...Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көреді ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында, Аллаһ тәубені қабыл Етуші, Мейірімді» «Хұжрат» сүресі, 12 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

Өзің білмеген нәрсенің соңынан түспе: расында, құлақ көз және жүрек олардың барлығы олардан сұралады» «Ісра» сүресі, 36 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы[823] дайын» «Қаф» сүресі, 50 аят.

Әр-бір ақыл-есі дұрыс адам, пайдасы айқын нәрселерден басқаның бәрінен, өзінің тілін ұстау керектігін біл. Ал айтылатын сөздердің пайдасы болмайтын болса, онда Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүннеті бойынша, ондай сөздерден өз-өзін ұстау керек, өйткені рұқсат етілген сөздердің өзі жаман рұқсат етілмеген сөдер болып шығуы мүмкін, ал өз-өзін күнәдән сақтаудан жақсы ешнәрсе жоқ.

1511. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім Аллаһқа және Ахіретке иман келтірген болса, (тек) жақсылықты сөйлесін не үндемесін[824]. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадис сөйлегенде тек оның игілігі болса ғана сөйлеуге болатындығы жайлы айтылып тұр, яғни – сөйлейтін сөздің пайдасы айқын болса, ал егер айтылатын сөздің пайдасы жайында күмәндар болса, онда сөйлеудің қажеті жоқ.

 

1512. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, мұсылмандардың ішіндегеі ең жақсысы кім?», - деп сұрадым. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Өзінің тілімен және қолымен басқаларға зиянын тигізбейтіні», - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.


1513. Хабар бойынша,Сахл бин Са'д, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім маған жағының арасындағысы[825] мен аяғының арасындағысына кепілдік берсе, мен оның Жәннәтқа кіретіндігіне кепілдік беремін[826]. Аль-Бухари, Муслим.

1515. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһтың құлы ойланбай айтқан сөзінің салдарынан, тайып құлап Тозақтың отына түсуіі (мүмкін), сонда оның құлаған жерінен Тозақтың шетіне дейінгі ара қашықтық шығыс пен батыстың ара қашықтығындай болады. Аль-Бухари, Муслим.

1515. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһтың құлы, оған өзі мән бермей, Аллаһ Тағала риза болатын сөздерді айтуы мүмкін, ал Аллаһ ол сөздер үшін оны көп сатыға жоғарылатады. Сондай-ақ, расында, Аллаһтың құлы, оған өзі мән бермей, Аллаһ Тағаланың қаһарын туғызатын сөздерді айтуы мүмкін, сонда ол сөздер үшін ол Тозаққа тасталынады. Аль-Бухари.

 

1516. Хабар бойынша,Абу Абд ар-Рахман Билял бин аль-Харис аль-Музани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, кей кездері адам Аллаһқа ұнамды сөздер айтады, сонда ол сөздерінің қандай дәрежеге көтерілгененін сезбейді де, ал Аллаһ болса оны сол айтқандары үшін, Өзімен кездесетін Күнге дейін Өзінің мейірімін көрсететіндердің қатарына жазады! Сондай-ақ, расында, кей кездері адам Аллаһтың қаһарын тудыратын сөздер айтады, сонда ол сөздерінің неге жеткенін сезбейді де, ал Аллаһ болса оны сол айтқандары үшін, Өзімен кездесетін Күнге дейін Өзінің қаһарында болатындардың қатарына жазады! Бұл хадисті Малик «Аль-Мууаттада» келтіреді және ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1517. Хабар бойынша,Суфйан бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, мен ұстанатын бір нірсе айтшы», - дедім, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: ««Менің Раббым – Аллаһ», - де, сосын туралықты ұстан[827]», - деді. Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, сен мен үшін ең көп қауіптенетінің не?», - дедім, сонда ол өзінің тілін ұстап: «Мынадан», - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

1518. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһты еске алудан басқа тұрғыда көп сөзділікіті ұстанбаңдар, өйткені Аллаһ Тағаланы еске алудан басқадағы көп сөзділік жүректің қатыгездігінің белгісі, ал қатігез болса, расында, Аллаһтан адамдардың ішіндегі ең алысындағылардан болады[828]! Ат-Тирмизи.


1519. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жәннәтқа, Аллаһ оның екі жағы мен аяғының арасындағының зұлымдығынан сақтаған кіреді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1520. Хабар бойынша,Укба бин Амир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, құтылуға не алып келеді?», - деп сұрадым, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Айтқан сөздерің өзіңе қарсы шықпас үшін тіліңді ұста, үйіңді өзің үшін кең сана[829], және күнәләрің үшін жыла», - деді.Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1521. Хабар бойынша,Абу Са'ид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адам баласы таң ертең ұйқыдан тұрғанда, оның денсінің мүшелері тіліне өздерінің бағаныштылығын білдіріп былай дейді: «Біз үшін Аллаһтан қорық, өйткені біз саған тәуелдіміз, егер сен туралықты ұстансаң, онда біз де түзу боламыз, ал егер сен қисайсаң, онда біз де қисайамыз». Ат-Тирмизи.

 

1522. Хабар бойынша,Му'аз, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, айтшы, қандай амал мені Оттан алыстатып Жәннәтқа кіруіме себеп болады?», - деп сұрадвм. Жауап ретінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен үлкен (маңызды) нәрсе жайлы сұрадың, расында, кімге Аллаһ Тағала оны жеңілдетсе, ол жеңіл болады: Аллаһқа құлшылық етіп Одан басқа ешкімге құлшылық етпе, намаз оқы, зекет төле, Рамадан кезінде ораза ұста және Үйге[830] Қажылық жаса», - деді. Сосын Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мен саған игілік қақпаларын нұсқайын ба? Ораза – қалқан, су отты сөндіргендей, садақа күнәләрді сөндіреді, сондай-ақ – адамның түн ішінде оқыған намазы», - деп сосын мына аяттарды оқыды: «Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, (түнде ұйқыдан тұрып) Раббыларын қорқа дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. Ешкім қылмысы жаққандықтан (істеген ісі үшін) өздерне көмес (ғайып) сақтаулы қуанышты сыйлықты білмейді[831]» Сосын Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Саған бұл істің ең бастысы оның тіректері мен шыңы жайлы хабарлайын ба?, - деді. Мен: «Әриә, иә Аллаһтың елшісі», - дедім, сонда ол: «Бұл істің ең бастысы Ислам, оның тірегі намаз да, ал шыңы – Жихад», - деді. Сосын ол: «Саған осының бәрінің негізінда не жатқанын хабарлайын ба?», - деді. Мен: «Әриә, иә Аллаһтың елшісі», - дедім, сонда Өзінің тілін көрсетіп: «Мынаны ұста (шекте)», - деді. Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, шынымен ақ біз сөйлегеніміз үшін де сұраламыз ба не?», - деп сұрадым. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сенен сенің анаң айрылғыр! Адамдар беттерімен тозаққа, жала жапқан сөздерінен (не өсектерінен) басқа істері үшін тасталынады ма екен?!», - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

 

1523. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сендер ғайбаттаудың не екенін білесіңдер ме?», - деп сұрады. Адамдар: «Аллаһ пен Оның елшісі бұл жөннінде жақсырақ біледі», - деді. Пайғамбар: «Өзіңнің бауырың естісе ұнамайтындай сөздерді айтуың», - деді. Одан: «Ал егер менің бауырым сол айтылғанға сәйкес болса ше?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлекмі болсын: «Егер сенің айтқандырыңа сәйкес болса, онда сен оны ғайбаттап жатырсың, ал егер сәйкес болмаса, онда жала жауып жатырсың», - деді. Муслим.

1524. Хабар бойынша,Абу Бакр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Минада қоштасу қажылығы кезінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, сенедердің осы күндерің, осы айларыңда, осы елдеріңде қандай қасиетті болса, сендердің өмірлерің, сендердің дүниелерің және намыстарың да, (бір-бірлеріңе) сондай қасиетті болуы керек! Мен сендерге осыны жеткіздім бе?[832]», -деді. аль-Бухари.

 

1525. Хабар бойынша,Аиша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Саған Софияның[833] осындай да- осындай болғаны жеткілікті!», - дедім. Бұл хадисті жеткізушілердің бірі: «Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оның бойының кішкентайлығын меңзеген», дейді. Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Бұны естіген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, сен сондай сөз айттың, егер сол айтқандарыңды теңізге қосса, онда бүтін теңізді ластар еді!», - деді.

Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Бірде мен оның алдында бір адамды мазақтап суреттей бастадым[834], сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Маған анау да мыну да берілетін болса, мен алдымда біреуді суреттегенін (бейнелегенін) қаламаймын!» Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд «Сенімді әрі жақсы хадис», деп келтіреді.

«Бүтін теңізді ластар еді», деген сөздің мағынасы, егер сол айтылған сөздер теңіздің суымен араласса, онда сол сөздің сасықтығы мен жиіркеніштілігінен, теңіздің суының дәмі өзгерер еді, дегені. Бұл айтылған Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ғайбат сөздер жайлы шешендікпен айтқандарының бірі. Ал Аллаһ Тағала былай деді:

«Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» «Нәжім» сүресі, 3-4 аяттар.

1526. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен көкке көтерілгенімде, онда өздерінің беттерін мен кеуделерін тырнап жатқан жез тырнақты адамдардың жанынан өттім, сонда мен: «Бұлар кімдер, иә Жебірейіл?», - деп сұрадым. Ол: «Бұл – адамдардың етін жеп оларды масқараушылар», - деді. Абу Дауд.


1527. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әр-бір мұсылман үшін басқа мұсылманның өмірі, дүниесі және намысы қасиетті саналады. Муслим.

 

ТАРАУ

Ғайбат (жаман) сөздерді тыңдауға болмайтындығы, сондай-ақ мұндай

сөздерді естіген адамға ондай сөздерді тоқтатып өзінің келіспейтіндігін білдіру керектігі, ал егер олай істей алмаса не болмаса оның сөздері тыңдаусыз қалады, деп ойласа, онда ондай жиылыстардан







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.