Здавалка
Главная | Обратная связь

Кету керектігі жайында. 3 страница



Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Сендерден кім діннен шықса, Аллаһ жедел бір қауым әкеледі; Аллаһ оларды жақсы көреді және олар да Аллаһты жақсы көреді. Мүминдерге қарсы жұмсақ, кәпірлерге қарсы қатал, Аллаһ жолында соғысады...» «Мәида» сүресі, 54 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Мухаммад, Аллаһтың елшісі. Онымен бірге болғандар, кәпірлерге қатаңырақ, өзара мейірімді...» «Фатх» сүресі, 29 аят.

 

1567. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Бір-біріңе деген жеккөрушіліктен бас тартыңдар, бір-біріңді күндемеңдер, бір-біріңе сырт көрсетпеңдер, бір-біріңмен қарым-қатынасты үзбеңдер, иә Аллаһтың құлдары! Мұсылманға бауырын үш күннен артық уақытқа тастап кетуіне[883] болмайды!» аль-Бухари, Муслим.

 

1568. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жәннәтің қақпалары әр бейсенбі мен дүйсенбі күндері ашылады және Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпеген, сондай-ақ өзінің бауырымен арасын жеккөрушілік үзбеген адамнан басқа барлық құлдың күнәләрі кешіріледі және сонда: «Осы екеуімен олар татуласқанша күте тұрыңдар! Осы екеуімен олар татуласқанша күте тұрыңдар!», - деген сөздер айтылады. Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында, Пайғамбардың , оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

«Әр бір дүйсенбі мен бейсенбі күндері адамдардың амалдары жеткізіледі», - делініп сосын жоғарыдағыға ұқсас сөздер келтіріледі.

 

 

ТАРАУ

Көреалмаушылық көрсетуге болмайтындығы жайында.

 

Көреалмаушылық, дегеніміз – ол дүние тұрғыда болсын, не діни тұрғыда болсын игілік нәсіп етелген адамға сол игілігінен айырылуын тілеу.

Аллаһ Тағала айтты:

«Немесе олар[884], Аллаһтың өз кеңшілігімен оларға[885] бергенін қызғана ма?...» «Ахзап» сүресі, 58 аят.

Бұл жайлы бұның алдындағы тарауда келтірілген Анастың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келтірген хадисінде айтылады.

1569. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Көреалмаушылықтан сақтаныңдар, өйткені, расында, көреалмаушылық жақсы амалдарды от ағашты (не: ...шөпті) жегендей жейді! Абу Дауд.[886]

ТАРАУ

Аңдуға және адамның қалауынсыз оның әңгмесін құпия тыңдауға болмайтындығы жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«…сыр тексермеңдер…» «Хұжрат» сүресі, 12 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай мүмин ер, мүмин әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар; жала жауып, ашық күнә жүктеп алды.» «Ахзап» сүресі, 58 аят.

 

1570. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

(Адамдар) жайлы жаман ойдан[887] сақтаныңдар, өйткені, расында, жаман ой – ол ең жалған сөздер, сондай-ақ сұрастырмаңдар[888], аңдыспаңдар, бір-біріңмен бәсекелеспеңдер, бір-біріңнен қызғанбаңдар, бір-біріңе деген жеккөрушіліктен бас тартыңдар, бір-біріңе сырт беріспеңдер иә Аллаһтың құлдары, сондай-ақ бір-біріңе Ол айтқандай бауыр болыңдар! Мұсылман мұсылманға бауыр, сондықтан ол оған қысымшылық көрсетпеу керек, оны қолдаусыз қалдырмауы керек, сондай-ақ оған менсінбей қарамауы керек, ал тақуалық мыны жерде, ал тақуалық мына жерде! (Сосын Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолымен кеудесін[889] көрсетіп былай деді:) Адамға Исламдағы бауырын менсінбегені зұлымдықта жеткілікті болып саналады[890].Әр мұсылман үшін басқа мұсылманның өмірі, абыройы және дүниесі қасиетті саналуға тиісті. Расында, Аллаһ сендердің денелеріңе, кейіптеріңе қарамайды, бірақта Ол сендердің жүректеріңе және амалдарыңа қарайды.[891]

Бұл хадистің тағы бір нұсқасында, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

...бір-біріңе көреалмаушылық танытпаңдар, бір-біріңе деген жеккеөрушіліктен бас тартыңдар, сұраспаңдар, аңдыспаңдар, бәсекелеспеңдер, бағаларыңды тым көтермеңдер[892] және (бір-біріңе) бауыр болыңдар, иә Аллаһтың құлдары!

Бұл хадистің үшінші нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Бір-біріңмен (қарым-қатынасты) үзбеңдер, бір-біріңе сырт бермеңдер, бір-біріңе деген жаккөрушіліктен бас тартыңдар, бір-бірңе көреалмаушылық танытпаңдар және бір-біріңе бауыр болыңдар, иә Аллаһтың құлдары!

Бұл хадистің төртінші нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, балй деп айтқаны келтіріледі:

Бір-біріңді тастап кетпеңдер және бірің біріңнің саудасын бұзбасын![893] Муслим бұл нұсқалардың бәрін, ал аль-Бухари көпшілігін келтіреді.


1571. Хабар бойынша,Муъауия, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, егер сен мұсылмандардың кемшілігін іздестіре бастасаң, онда оларды бұзасың не болмаса бұзуға жақын боласың. Сенімді әрі сенімді иснадпен бұл хадисті Абу Дауд келтіреді.

 

1572. Хабар бойынша, бірде Ибн Масъудқа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бір адамды алып келіп:

«Бұл – пәленше және оның сақалынан шарап тамып тұр!», - деді. Бұған ол: «Расында, аңдуға біз үшін тыйым салынатын, бірақ біз үшін бір нәрсе айқындалса, онда біз ол үшін жазалаймыз!», - деді. Аль-Бухари мен Муслимнің қанағаттандыратын шартына сәйкес сенімді саналытын әрі сенімді иснадпен бұл хадисті Абу Дауд келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Мұсылмандар жайлы жаман ойлауға болмайтындығы жайында (әрине олай істеуге мәжбүрлемесе).

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Күмәннің көбінен сақтаныңдар. Өйткені күмәннің кейбірі күнә...» «Хұжрат» сүресі, 12 аят.

 

1573. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдар жайлы жаман ойдан сақтаныңдар, өйткені, расында, жаман ойлар – ол ең жаман өтірік сөздер. Аль-Бухари, Муслим.

ТАРАУ

Мұсылмандарға менсінбеушілік көрсетуге болмайтындығы жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Бір ел бір елді тәлкек қылмасын. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер әйелдерді келемеждемесін. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді міндемеңдер, жаман ат тағыспаңдар. Иман келтіргеннен кейін сүркей ат нендей жаман. Ал кім тәубе қылмаса, міне солар злымдар.» «Хұжрат» сүресі, 11 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Бүкіл қорлаушы өсекшіге нендей өкініш!» «Һумәзә» сүресі, 1 аят.

 

1574. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамға Исламдағы бауырын менсінбегені зұлымдықта жеткілікті болып саналады. Муслим.

1575. Хабар бойынша,Ибн Мас'уд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жүрегінде тозаңның түйіріндей тәкәппарлығы болған Жәннәтқа кірмейді», - деді. Бұны естіген бір адам: «Бірақ адам өзінің киімі мен аяқ киімінің әдемі болғанын қалайды ғой!», - деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, Аллаһ әдемі және де Ол әдемілікті жақсы көреді, ал тәкәппарлық жайлы айтатын болсақ, ол ақиқатты қабылдамау және адамдарды менсінбеу[894]», - деді. Муслим.

1576. Хабар бойынша,Джундуб бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бір адам: «Аллаһтың атымен ант етемін, Аллаһ пәленшені кешірмейді», - деді, сонда Ұллық және Құдіретті: «Мен пәленшені кешірметіндігіме, Менің атыммен кім ант беріп жатыр? Расында, Мен оны кешіріп, сенің амалдарыды бос қылдым![895]», - деді. Муслим.

ТАРАУ

Ашықтан-ашық мұсылмандарды табалауға[896] тыйым екендігі жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Шын мәнінде мүминдер туыс қой...» «Хұжрат» сүресі, 10 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Расында, сондай мүминдердің ішінде арсыздық жайлауын[897] жақсы көргендерге; дүние ахіретте күйзелтуші азап бар...» «Нұр» сүресі, 19 аят.

1577. Хабар бойынша,Василя бин аль-Аска', оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бауырыңның басына келген сәтсіздікке ашықтан-ашық шаттанба, олай істесең Аллаһ оған меірім етіп сені сынаққа алады!» Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.[898]

Бұл тарауға Абу Хурайрадан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізілген «Аңдуға тыйым жайлы» тараудағы хадисті келтіруге болады. Онда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дейді:

Әр мұсылман үшін басқа мұсылманның өмірі, абыройы және дүниесі қасиетті саналуға тиісті[899].

 

 

ТАРАУ

Шариғат бойынша расталған адамның тегін қорлауға болмайтындығы жайлы[900].

Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай мүмин ер, мүмин әйелдерді жазықсыз кейітпеңдер, әрине олар; жала жауып, ашық күнә жүктеп алды.» «Ахзап» сүресі, 58 аят. аят.

 

1578. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдардың жасаған істерінің екеуі имансыздықтың белгісі болып табылады олар: біреудің шыққан тегін қорлау және өлген адамды айқайлап жоқтау. Муслим.

ТАРАУ

Алаяқтық пен өтірік айтуға рұқсаттың жоқтығы жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай мүмин ер, мүмин әйелдерді жазықсыз кейітекендер, әрине олар; жала жауып, ашық күнә жүктеп алды.» «Ахзап» сүресі, 58 аят.

 

1579. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бізге қару көтерген бізден емес және бізді алдаған да бізден емес. Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында былай делінеді:

Бірде сатуға қойылған бидәйдің жанынан өтіп бара жатып оның ішіне қолын салды да оның ылғал екенін байқап: «Бұл не, иә сатушы?», - деп сұрады. Ол: «Оны бүлдірген аспан[901], иә Аллаһтың елшісі», - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен неге суланғанын адамдар көру үшін үстіне салмадың?! Бізді алдаған бізден емес!», - деді.

1580. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бағаны шарқтатпаңдар[902]. Аль-Бухари, Муслим.

 

1581. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдейілеп баға көтергенге тыйым салатын. Аль-Бухари, Муслим.

1582. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, саудада оны бір адам алдайтындығын айтты, сонда Аллаһтың елшісі оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Саудаласатын адамыңа: «Алдама!» (Лә хыләба!)[903], - деп айт», - деді.

1583. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдардан әйелін, не болмаса құлын алдағаны бізден емес. Абу Дауд.

ТАРАУ

Опасыздыққа тыйым жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Уәделеріңді орындаңдар.» «Ахзап» сүресі, 58 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сертті орындаңдар. Сөз жоқ, уәде сұралады.» «Ісра» сүресі, 34 аят.

1584. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Төрт түрлі белгісімен ерекшеленетіндер (толығымен) екі жүзді есептеледі, ал кімнің бойында осылардың бірі болса, ол одан құтылмайынша оның бойында екі жүзділіктің бір белгісі болады. Бұндай белгілер мына адамдарда болады: оған сеніп тапсырылса опасыздық жасайды, әңгіме айтса өтірік айтады, шарттасса шартын орындамайды, ал егер біреумен бір істе ортақ шешім таппаса заңсыз түрде шектен шығады[904]. Аль-Бухари, Муслим.


1585. Хабар бойынша,Ибн Мас'уд, Ибн Умар және Анас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахіретте әр опасыздың жанында жалау болып, былай делінеді: «Бұл – пәленшенің опасыздығы». Аль-Бухари, Муслим.

 

1586. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахіретте әр опасыздың жамбасының жанында опасыздығының дәрежесіне қарай көтерілетін жалау болады, сондай-ақ, расында, адамдармен басқарғандардан артық ешкім опасыздық жасамайды. Муслим.

 

1587. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала былай деді: «Ахіретте Мен, үш түрлі адамға қас боламын: Менің атымнан уәде беріп сосын опасыздық жасаған адамға, сондай-ақ басы бос адамды құлдыққа сатып, сосын ол ақшаны жеген адамға, сонда-ақ адамды жұмысқа жалдап, оған жұмысты толығымен істетіп, бірақ ақысын бермеген адамға. Аль-Бухари.

 

ТАРАУ

Сыйлықпен және осыған ұқсас басқа да істермен міндетсінуге болмайтыдығы жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Аллаһқа, Ақірет күніне сенбей, адамдарға көрсету үшін мал сарып қылған кісідей, садақаларыңды міндет қылу, ренжітумен жоймаңдар…» «Бақара» сүресі, 164 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай хайыр істегендер, бергендеріне міндетсіну ренжіту араластырмаса оларға Раббыларының хұзырынды сыйлық бар….» «Бақара» сүресі, 162 аят.

1588. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахіретте Аллаһ үш түрлі адаммен сөйлеспейді, оларға қарамайды және оларды тазартпайды, сондай-ақ оларға жан түршігерлік азап бар!

Абу Зарр былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл сөздерін үш рет қайталады:

Абу Зарр айтты:«Олар сәтсіздікке ұшырап зияндық табады! Бұлар кімдер, иә Аллаһтың елшісі?» Ол: «Киімінің шетін жерге дейін түсіруші, өзінің игі істерін адамдарға міндетсінуші және заттарын өтірік антпен сатушы», - деп жауап берді. Муслим.

Бұл хадистің тағы бір нұсқасында Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дейді:

«...өзінің изарын түсіруші...»

Бұл дегеніміз изарын не болмаса басқа да киімін тәкәппарлықтан тобығынан төмен түсірушілер.

ТАРАУ

Тәкәппарлық пен қуғын көрсетуге тыйым жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«...Сондықтан өздеріңді-өздерің ақтамаңдар. Ол, кім тақуа екенін жақсы біледі.» «Нәжім» сүресі, 32 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Әлбетте біреу зұлымдық көргеннен кейін өшін алса, сонда оларға сын жоқ. Шынында сөгіс, адамдарға зұлымдық қылып, жер жүзінде орынсыз шектен шыққандарға лайық. Міне солар үшін жан түршігерлік азап бар.» «Шура» сүресі, 41-42 аяттар.

 

1589. Хабар бойынша,Ийад бин Химар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ Тағала сендерге, бойұсынуларың керектігі жайында, біріңді-бірің қуғындамауларың және бірібіріңнің алдыңда мақтанбауларың жайында маған аят етті. Муслим.

 

1590. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам: «Бүл адамдар құрыды[905]», - десе, демек ол өзі олардан да артық құрыды[906]. Муслим.

Демек, мұндай сөздерді тәкәппарлықтан, сондай-ақ өзінің ол адамдарға байланысты менсінбеушілігін көрсету үшін айтуға болмайды, -өйткені олай істеу дұрыс емес. Ал адамдардың, діни мәселеде қателескенін көріп, өзінің оны жақтырмайтындығын таныту үшін айтса, бұл жағдайда онда тұрған ештеңке жоқ. Осылай ғалымдар бұл хадисті түсіндереді. Ал олардың арасындағы ең атақтыларына Малик бин Анас, аль-Хаттаби, аль-Хумайди жатады, бұл жайлы мен «Аль-Азкяр» кітакбында тоқталдым.

 

 

ТАРАУ

Мұсылманға өзінің бауырын үш күннен артық мерзімге тастап кетуіне болмайтындығы жайлы, тек оған себеп - хабарласпаған бауырының Исламға түрлі жаңалықтар енгізумен, не болмаса осындай пасық істермен шұғылданғаны белгілі болмаса.

Аллаһ Тағала айтты:

«Шын мәнінде мүминдер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар…» «Хұжрат» сүресі, 10 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«...Күнәғә және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер...» «Мәидә» сүресі, 2 аят.

 

1591. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Бір-біріңе деген жеккөрушіліктен бас тартыңдар, бір-біріңді күндемеңдер, бір-біріңе сырт көрсетпеңдер, бір-біріңмен қарым-қатынасты үзбеңдер, иә Аллаһтың құлдары! Мұсылманға бауырын үш күннен артық уақытқа тастап кетуіне[907] болмайды!» аль-Бухари, Муслим.

 

1592. Хабар бойынша,Абу Айуб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылманға бауырын үш күннен артық мерзімге сырт беріп араласпауына болмайды, олардың жақсысы болып, бірінші сәлем бергені есептеледі. Аль-Бухари, Муслим.

 

1593. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдардың амалдары әрбір дүйсенбі, бейсенбі күндері Аллаһқа тапсырылады және Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпеген, сондай-ақ өзінің бауырымен арасын жеккөрушілік үзбеген адамнан басқа барлық құлдың күнәләрі кешіріледі және сонда: «Осы екеуімен олар татуласқанша күте тұрыңдар!», - деген сөздер айтылады. Муслим.

 

1594. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, шайтан, Арабияда намаз оқушылардың[908], өзіне құлшылық жасауынан күдерін үзді, дегенмен ол әлі де болса оардың арасына алауыздық салудан үміткер. Муслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.