Здавалка
Главная | Обратная связь

Кету керектігі жайында. 6 страница



ТАРАУ

Көлгірсуге(такяллюф)[961]тыйым екендігі жайында, ал дәлірек айтатын болсақ пайдасы жоқ айтуға ауыр сөздерді сөйлеуге, не болмаса жасауға ауыр істерді жасауға болмайтындығы жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

«(Мухаммад) Оларға: «Сендерден оған ақы сұрамаймын[962]. Өз ойымнан шығарушылардан емеспін[963]», - де.» «Сад» сүресі, 86 аят.

1655. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бізге көлгірсуге тыйым салынатын. Аль-Бухари.

 

1656. Хабар бойынша,Масрук, ол былай деді:

Бір жолы біз Абдуллаһ бин Масуъдқа, оған ризашылығы болсын, кіргенде ол бізге мынаны айтты: «Иә адамдар, сендерден қайсысың бір нәрсе білсең ғана ол жайлы айтыңдар, ал білмегендерің: «Аллаһ бұл жайлы жақсырақ біледі», - десін, өйткені білмегенің жайлы: «Аллаһ бұл жайлы жақсырақ біледі», - десең, онда бұл білімділіктің көрінісі болады, ал Аллаһ Тағала Өзінің пайғамбарына: «Оларға: «Сендерден оған ақы сұрамаймын. Өз ойымнан шығарушылардан емеспін», - де»[964], - деді.» аль-Бухари.

ТАРАУ

Өлген адамның артынан айғайлап жылауға, өзін беттен ұруға, үстіндегі киімін жұлуға, шашын жұлуға, сондай-ақ қыруға және өзіне қарғыс айтып, опат тілеуге болмайтындығы жайлы.

1657. Хабар бойынша,Омара бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мәйіт оның артынан жоқтап жылағаны үшін қабірінде азапқа салынады.

Бұл хадистің басқа бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

...оның артынан жоқтаған уақытында[965]. Аль-Бухари.

 

1658. Хабар бойынша,Ибн Мас'уд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Беттерін ұрушылар, үстіндегі көйлегін жыртушылар не болмаса Аллаһқа Жәһілет заманындағыдай шақыратындар бізден емес[966]! Аль-Бухари, Муслим.

 

1659. Хабар бойынша,Абу Бурда былай деді:

Бірде қатты ауырып басы өзінің жанұясындағы бір әйелдің[967] тізесінде жатқан Абу Муса[968] есінен танып қалғанда, ол әйел айқайлап жылай бастады да, ал ол болса сол уақытта оған ештеңе айта алмай, сосын есі кірген кезде: «Мен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алыстағандардан алыстаймын, ал ол болса, айғайлаушы, қырынушы және жыртушы әйелдерден алсытаған! Аль-Бухари, Муслим.

«Айғайлаушы әйел», ол айғайлап жоқтап жылаушы, «қырынушы әйел», ол өзіне қайғы келгенде басын қырушы әйел, «жыртушы әйел», ол үстіндегі киімін жыртушы әйел.

 

1660. Хабар бойынша,аль-Мугира бин Шу'ба, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында артынан айқайлап жылаған, Ахіретте азапталады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1661. Хабар бойынша,Умм 'Атыйй Нусайб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізден[969] ант алғанда, жоқтап жыламайтындығымыз жайлы уәде алды. Аль-Бухари, Муслим.

 

1662. Хабар бойынша,ан-Ну'ман бин Башир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Абдуллаһ бин Рауаһа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, есінен танып, оның апасы (не қарындасы): «Иә тау секілді[970], иә пәленше-де пәленше!», - деп оның жақсы жақтарын айта бастады. Ссын ол өзіне келісімен: «Сен не айтсаң да менен: «Сен шынымен-ақ сондайсың ба не?[971]», - деп сұрап жатты», - деді. Аль-Бухари.

 

1663. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Саъад бин Убада[972] ауырып қалған кезде, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның көңілін сұрау үшін Абд ар-Рахман бин Ауфпен, Сард бин Абу Ваккаспен және Абдуллаһ бин Маc'удпен, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын бірге келді. Кеселдіге кіріп, оның есінен танғанын көріп Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол қайтыс болып қалды ма?», - деп сұрады. Ол: «Жоқ, иә Аллаһтың елшісі», - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәемі болсын, жылап жіберді, пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жылағанын көрген жанындағылар да жылап қоя берді, Сосын ол: «Сендер естіп жатқан жоқсыңдар ма? Расында, Аллаһ не (көзден аққан) жас үшін, не жүректегі қайғы үшін азапқа салмайды, бірақ-та Ол мынау үшін азапқа салады», - деп тілін көрсетіп: «Және осы үшін рахым етед![973]», - деді.Аль-Бухари, Муслим.

1664. Хабар бойынша,Абу Малика аль-Аш'ари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер мәйіттің артынан аиғайлап жылаған әйел тәубеге келмесе, онда Ахіретте ол әйел сұйық шайырдан киім, қабыршықтан сауыт киіп тірілтіледі. Муслим.

 

1665. Хабар бойынша,табиғиндардың[974]бірі болған Усайд бин Абу Усайд ол Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ант берген әйелдердің бірінің былай дегенін жеткізді:

Біздің Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, уәдемізде тұрамыз, деп уәде бергендеріміздің ішінде, бетімізді тырнамауға, өзімізге опат (қарғыс) шақырмауға, үстіміздегі киімді жыртпауға және басымыздағы шашымызды жұлмауға берген уәдеміз болды. Бұл хадисті жақы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1666. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Артынан: «Иә тауға ұқсаған! Иә адамдардың мырзасы!», - деп, осыған ұқсас басқа да сөздер айтып жоқтау айтылған кез-келген мәйітке, екі періште қасына қойылып, олар оған: «Сен шынымен-ақ сондай болдыңба?», - деп, жұдырықтарымен түйгіштейді. Бұл хадисті ат-тирмизи «Жақсы хадис! Деп келтіреді.

 

1667. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдардың жасайтын екі амалы олардың имансыздықтарының белгісі болып табылады: басқаны шыққан тегімен сөгу және мәйітті айқайлап жоқтау. Муслим.

ТАРАУ

Көріпкелдерге(куххан)[975], жұлдызбен бал ашушыларға, сондай-ақ жәй бал ашушылар мен құммен, майда таспен, арпамен және басқа да заттармен бал ашушыларға баруға болмайтындығы жайлы.

1668. Хабар бойынша,Аиша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көріпкелдердің айтқан сөздері жайлы сұрады, сонда ол: «Олардың сөзінде ештеңе жоқ[976]», - деді. Олар: « Иә Аллаһтың елшісі, кей-кездері олар бізге бір нәрсе айтып, сол айтқаны шын болып жатады!», - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл - ақиқатқа қатысы бар сөз, оны алдымен жын ұрлап алып сосын оны өзінің досының құлағына[977] жеткізеді, ал олар[978] оған жүз жалған сөз қосады», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің аль-Бухари келтірген тағы бір нұсқасында Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын келтіреді:

Расында, бұлттарға түсіп көктегі амалдар жайлы әңгіме қылған періштелердің айтқанын шайтандар ұрлықпен тыңдап, оны көріп-келдің жүрегіне сіңіреді, ал олар болса содан кейін шайтаннан келгендерге өзінен жүз өтірік қосып айтады.

 

1669. Хабар бойынша,Сафийа бинт Абу Убайд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдерінің бірінің былай деп айтқанын жеткізді:

Көріпкелге барып, одан бір нәрсе сұрап, оның айтқанына сенген адамның қырық күн ішіндегі намазы қабыл болмайды. Муслим.

 

1670. Хабар бойынша,Кабиса бин аль-Мухарик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Құстың ұшуымен бал ашу және олардың ұшуымен бір нәрсені болжау әдеті (тарк) имансыздықтың белгісі болып табылады (джибт). Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіріп былай дейді:[979]

«Тарк» бұл құстың ұшуымен жақсы не жаман алдын ала болжау әдеті, егер құс оң жаққа ұшса жақсылыққа жорыған, ал сол жаққа ұшса жамандыққа жорыған. Аль-Жухари «ас-Сахихте» «джибт» сөзімен бұтты, көріп-келді, бақсыны айтады, дейді.

1671. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аспандағы жұлдыздарды болжап білім алушы[980] бақсылықтың бір түрімен айналысып жатыр және ол солай неғұрлым көп білім алса, бақсылыққа[981] соғұрлым еніп жатыр.Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

1672. Хабар бойынша,Му'ауийа бин аль-Хакам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Осыдан кейін мен: «Иә Аллаһтың елшісі, жақында ғана мен пұтқа табынушы болатынмын, ал одан кейін Аллаһ бізге Ислам нәсіп етті, бірақта біздің арамызда әлі де көріп-келдерге баратындар бар», - дедім. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. «Ал сен болсаң оларға барма», - деді. Сосын мен: «Біздің арамызда жаман ырымға сенетін адамдар бар», - дедім, сонда ол бұған: «Олар бұны жүректерінде ғана сезінеді, бірақта бұл оларды тоқтатпау керек[982]», - деді. Мен: «Сондай-ақ біздің арамызда, сызық сызушылар да бар[983]», - дедім. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Пайғамбардардың арасында сызықтар сызғаны болған, кім дәл солай істей алатын болса істесін[984]», - деді. Муслим.

 

1673. Хабар бойынша,Абу Мас'уд аль-Бадри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі ит үшін ақша алуды, жеңіл (жаман) жүріспен тапқан ақшаны алуды, сондай-ақ көріпкелдің тапқан ақшасын алуды тыйым салатын. Аль-Бухари, Муслим.

 

ТАРАУ

Құстың ұшуымен бал ашуға тыйым екендігі жайында.

Бұл тарауға бұның алдындағы тарауда келтірілген хадистердің де қатысы бар.

 

1674. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Жұқпалы ауру Аллаһтың қалауысыз жұқпайды, сондай-ақ құстың ұшуы жаман ырымға жатпайды, дегенмен жақсы ырым маған ұнайды», - деді. Адамдар: «Ал жақсы ырым, дегеніміз не?», - деп сұрады. Сонда ол: «Жақсы сөз», - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1675. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жұқпалы ауру Аллаһтың қалауысыз жұқпайды, сондай-ақ құстың ұшуы жаман ырымға жатпайды, ал егер бір нәрсенің қырсығы болатын болса, онда ол үй, әйел және (міністі) ат[985]. Аль-Бухари, Муслим.

 

1676. Хабар бойынша,Бурайда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаман ырымға ешқашан көңіл бөлмейтін.Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

1677. Хабар бойынша,Урва бин 'Амир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көзінше жақсы және жаман ырым жайлы айтып өтты, сонда ол: «Бұлардың ішіндегі жақсысы жақсы ырым, бірақ жаман ырым адамды көздеген мақсатынан тайдырмау керек, ал егер сендерден қайсысың өзіне ұнамайтын бір нәрсе көрсең онда былай деп айтыңдар: «Иә Аллаһ, Сенен басқа ешкім игілік бермейді және Сенен басқа ешкім жамандықты алыстатпайды, сондай-ақ Сенен басқа ешкімде күш қуат жоқ![986]» /Аллаһумма, ля йа'ти би-ль-хасанати иллә Анта, уа лә йадфа'у-с-са'иайти иллә Анта, уа ля хауля ва лә куууата иллә би-кә!/[987], - деді.Бұл сенімді хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд елтіреді.[988]

 

ТАРАУ

Кілемге, не тасқа, не киімге, не дирхемге, не динарға, не жастыққа не басқа да заттарға тірі жанды бейнелеуге болмайтындығы, сондай-ақ тірі жанда қабырғаға, төбеге, пердеге, сәлдеге, киімге және осы сияқты заттарға салуға болмайтындығы, сондай-ақ бейнелерді өшіру керектігі жайында.

1678. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, осы суреттерді салушыны Аллаһ Ахіретте: «Салғандарыңды тірілтіңдер!», - деп қинайды. Аль-Бухари, Муслим.

1679. Хабар бойынша,Аиша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Мединаға жорықтарының бірінен оралған болатын, ал мен болсам өзімнің зат қоятын бөлмеме (сахва) сурет[989] салынған жұқа перде іліп қойған болатынмын, сонда салынған суретті көрген Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түсі өзгеріп: «Иә Айша, Ахіретте Аллаһ алдында қатаң азапқа салынатындар жаратуда Аллаһқа ұқсағысы келгендер болады», - деді.

Айша айтты:

Содан соң біз оны жыртып жастық қылдық (...не екі жастық қылдық). Аль-Бухари, Муслим.

 

1680. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әр бір бейне жасаушы, оны онда әр бір жасаған бейнесі үшін азаптайтын біреу жаратылатын Оттан орын алады.

Ибн Аббас айтты:[990]

Егр оны істеуге мұқтаж болсаң, онда ағаштар және жаны жоқ нәрселерді сал. Аль-Бухари, Муслим.

 

1681. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Осы дүниеде қай-бір бейне салғанға, Ахіретте оған жан үрлеу міндеті жүктеледі, ал ол болса оны ешқашан істей алмайды![991]» аль-Бухари, Муслим.

 

1682. Хабар бойынша,Ибн Мас'уд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Ахіретте ең ауыр азапқа салынатындар бейне салушылар болады! Аль-Бухари, Муслим.

1683. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллкаһ Тағала айтты: Менің жаратқаныма ұқсасты жасағысы келгеннен артық әділетсіз бар ма? Олар құмырсқаны жасасыншы, не болмаса олар бидайдың дәнін жасасыншы не арпаның дәнін жасасыншы!» аль-Бухари, Муслим.

1684. Хабар бойынша,Абу Тальа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Періштелер иті не болмаса суреті бар үйге кірмейді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1685. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Жебірейіл Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келемін деді де, бірақ (көп) уақытқа бөгелді. Аллаһтың елшшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, күтіп шаршаған соң, үйінен шығып Жебірейілді сырттан кездестірді де оған кешіккендігі жайлы айтқанда ол: «Расында, біз ішінде сурет пен иті бар үйге кірмейміз!», - деді. Аль-Бухари.

 

1686. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Жебірейіл Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, белгілі бір уақытта келемін, деп уәде берді, бірақ белгіленген уақыты келгенде келмеді.

Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, айтты:

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолында таяқ болды, ол оны: «Аллаһ та, оның елшілері де уәделерін бұзбайды!», - деп шетке тастады, сосын бұрылып өзінің тақтасының астынан күшікті көріп: «Мына ит қашан кірген?!», - деп сұрады. Мен: «Аллаһтың атымен ант етемін, ол жайында мен ештеңе білмеймін!», - дедім. Сосын оның әмірімен күшікті (үйден) шығарды да, артынша оған Жебірейіл, оған Аллаһтың сәлемі болсын, келді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған: «Сен маған уәде бердің де мен сені күтіп отырдым, ал сен болсаң келмедің!», - деді. Бұған Жебірейіл: «Маған мұны істеуіге сенің үйіңдегі итің бөгет болды, өйткені, расында, біз ішінде ит немесе суреті бар үйлерге кірмейміз!», - деді. Муслим.

 

1687. Хабар бойынша,Абу-т-Таййах Хаййан бин Хусайн былай деді:

Бірде Али бин Абу Талиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, маған былай деді: «Сені маған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, талпындырғанға бағыттайын ба? Сен бірде-бір бейнені қалдырмай өшіруің керек, сондай-ақ ешбір көтерілген (мазар, моланы) жермен тегістемей қалдырмауың керек. Муслим.

 

 

ТАРАУ

Аң аулағанға не болмаса үйді қорғағанға болмаса, ит ұстауға болмайтындығы жайында.

1688. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ит ұстағанның сауабы күніне екі каратқа кеміп отырады, егерде ол оны аң аулау үшін немесе малын күзету үшін ұстамаса. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің басқа нұсқасында:...(бір) каратқа..., делінеді.

 

1689. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, ит ұстағанның сауабы күнде екі каратқа кеміп отырады, егер де ол ит егістікті не малды қорғау үшін қолданылмаса. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Былай дегені келтіріледі:

Итті аң және жер мен малды қорғаудан басқаға ұстағанның сауабы әр күні екі караттан кеміп отырады.

 

ТАРАУ

Түйенің және басқа да малдың мойнына қоңырау тағудың жақсы емес екендігі, сондай-ақ жолға ит пен қоңырау алып шыққанның жақсы емес екендігі жайлы.

1690. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иті не болмаса қоңырауы бар топпен бірге періштелер жүрмейді.Муслим.

 

1691. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қоңырау шайтанның сыбызғысы болып табылады.Муслим.

ТАРАУ

Тезек жейтін түйеге мінудің жақсы еместігі, ал егер де олар таза жем жесе оның етін жеуге де және мінуге де болатындығы жайлы.

1692. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қай-бір нәжіс нәрселерді жейтін түйелерге отыруға тыйым салатын. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

ТАРАУ

Мешітте түкіруге болмайтындығы, егер де онда түкірік көрсең алып тасту керектігі және мешітті кір (қоқыстан) тазарту керектігі жайлы.

1693. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мешітте түкіру күнә, ал ол күнәнің өтемі түкірікті көму болу керек. Аль-Бухари, Муслим.

Әрине бұл жерде түкірікті көміп еденде жасыру үкімі, егер еден топырықтан, не болмаса құмнан болса ғана жүреді. Абу-ль-Махасин ар-Руйани өзінің «Аль-Бахр» кітабінде, «көму» дегеннің мағынасы, ол түкірікті ол жерден алып тастау, дегенді білдіреді, дейді. Егер мешіттің едені таспен не гипспен (не тақтаймен) жабылған болса, онда оны кейбір білімсіздер секілді аяқ киіммен не болмаса басқа нәрсемен ысқылап сүрту олардың күнәсін көбейтіп мешітті одан ары ластайды, ондай әрекет жасаған не ол жерді өзінің киіміміен, не қолымен, не болмаса тағы басқа бір затпен сүрткені абзал, не ол жероді жуған жөн.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.